Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



жүктеу 0,49 Mb.
бет2/5
Дата24.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#24509
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?

  2. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?

  3. Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?

  4. Проблеманы қою және дамыту мәселелері?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2

  3. Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. - Қазақстан мектебі. 2009. -№12. (61-64 бет).

  4. Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005.

  5. Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002

.

Тақырып: Зерттеудің ғылыми аппараты
Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын жайында мағұлымат беру.

Негізгі сұрақтар: Зерттеу тақырыбының өзектілігі ұғымы. Зерттеу тақырыбын таңдау.
Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады.

Кіріспе зерттеудін маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.

Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:


  • зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;

  • сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;

  • зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;

  • зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.

Зерттеу объектісі - мәселелік жағдай туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс. Ғылыми зерттеудің объектісі – зерттелетін құбылыстың қатынасы мен қасиеттерінің немесе іздеудің жалпы шеңберінің байанысының жиынтығы, ол зерттеушінің көз алдында болады.

Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті. Ғылыми зерттеудің объектісі мен пәні арасында бүтін мен оның құрамы арасындағы тәріздес өзара тәуелділік болады, бұнда бүтін ретінде объект танылады, ал оның бөлігі – пәні.



Зерттеудің мақсаты- зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.

Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:



  • кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз аның зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;

  • құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;

  • құбылыстың жаңа табиғатын ашу;

  • жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;

  • құбылыстардың жүйесін құру;

  • әдістемені белгілеу;

  • әдістемені адаптациялау.

Зерттеудің мақсаты зерттеудің тапсырмаларында нақтыланып, қысқа және дәл қалыптасады. Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері бір біріне өзара тәуелділікте болады және олар жұмыс істейтін құбылыстар мен заңдылықтардың табылуынан тұрады.

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық бөлігі ғылым қызметінің маңызды түсінігінің фундаменті ғана емес. Ол құрастырылатын теорияның, жасалатын модельдің болжамдық қызетін де атқарады.

Бастапқыда көптеген ғылым заңдары болжам (грекше һіроіһөвів - негіз, жорамал) формасында көрінеді. Болжамлар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: "егер A жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады", "егер A жэне B арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады" және т.б. Болжамлар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық болжамдар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Мысалы, оған Айдың беткейінің құрылысы, оның минерологиялық және физика-химиялық құрамы туралы көптеген болжамдарды жатқызуға болады. Айға кеңестік автоматты лабораториялар қонып, жерге оның беткейі туралы дәл ақпарат беріп, оның топырағын алып қайта оралғаннан кейін бұл болжамдар анықтығының шамалысы ғана қалды да, олардың өзіне де түзетулер енгізіліп, ал қалғандары теріске шығарылды немесе фальсификацияланды (латынша falsitificaze - қолдан жасау, бұрмалау). Екінші топтағы болжамдарға, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы болжамның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін болжамды ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.

Теориялық болжамдар мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады. Мысалы, Коперниктің әлемнің гелиоцентристік жүйесіне қарағанда, одан ертерек Клавдий Птолемейдің (90-160) Күн және өзге планеталар қозғалмайтын Жерді айналады деген геоцентристік жүйесі адамның тікелей сезімдік бақылауына сәйкес келеді. Коперник өз жүйесін шындыққа жақын болжам ретінде ғана қарастырса, одан шығатын математикалық салдарлар геоцентристік жүйенің салдарымен салыстырғанда өте дәл өлшемділігімен ерекшеленгендіктен бұл болжамды Күн жүйесі планеталарының қозғалысының заңы түріндегі ғылыми ақиқат ретінде қарастыра бастады.

Теориялық болжамдар бастапқыда қызық әрі фантастикалық болып көрінуі мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы болжамдарға байланысты пікір таластар осындай. Алайда болжамдар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің нәтижесінде емес, оның алдындағы "сәтсіз" болжамдар мен көптеген эксперименттік мәліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа болжамдар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа болжамдардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса (латынша verus - ақиқат), онда мұндай болжамды жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да Ф.Энгельс болжамды “жаратылыстаным дамуының формасы” деп атайды.

Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық болжамларды да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғары дәрежеде дәлелденген болжамдар ғана белгілі бір теорияның құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастардың қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлерінің бастапқы, түпкі ұсыныстардан (сөйлемдерден) таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылғандығымен сипатталады. Мұндай түйіннің нәтижесінде алынған пікірлер теорияның салдарлары деп те аталады.

Салдарлар өзінің мазмұны жағынан берілген теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайларды, ақуалдар мен процестерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдарлар туындайтын ұсыныстар, әдетте теорияның постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады. Әрбір жекелеген теориядағы мұндай ұсыныстарды негіздер деп те атауға болады, бірақ олардың өзі өзге кеңірек және тереңірек теориялардың салдарлары болуы да мүмкін.

Болжамды іс-әрекетті жүзеге асыратын тірі танымдық қатынас ретінде қарастыруға болады. Болжаудың классификациялық құрылымында бірнешетипологияны қарастыруға болады:



  1. Ғылымның мәденитарихи деңгейі бойынша – ғылымға дейінгіжәне ғылыми;

  2. Ғылым объектісі бойынша – әлеуметік, саяси, этикалық, эстетикалық, технологиялық, жаратылыстанушылық, экологиялық.

  3. Ғылымның даму типі мен ғылым шеңберін қамту бойынша – экстенсивті, аймақтық, тактикалық, әдіснамалық, және екінші жағынан интенсивті, глобальды, стратегиялық,әдіснамалық;

  4. Болжау субъектісінің типі бойынша – субъективті, тұлғалыщ, жеке, ұжымдық және екінші жағынын объективті, надиндивидуалдық, тұжырымдық;

  5. Объектіні уақыттша бағдары бойынша – ретроспективті, презентивті, прогносткалық, атемпооральды;

  6. Гносеологиялық деңегйі бойынша – логикадан тыс, эмпириалық, ойлық, теориялық;

Логикалық формасы бойынша – дедуктивті және индуктивті, аналитикалық және синтетикалық.
Гипотеза (болжам айту) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы — «егер, онда».

Гипотеза белгілі бір мәселенң шешудің мүмкін құралдары туралы негізделген болжам. Тек зерттелетін құбылыстардың тән ерекшеліктерін зерттеген жағдайда ғана гипотезалық ережелер айтуға болады, ол келесілік тексерулерді қажет етеді. Гипотеза зерттеу процессін ұйымдастырады, оның логикасын және нәтижесін ұйымдастырады. Гипотезаның даму процессі бірнеше сатыдан тұрады:



  • Зерттеу объектісін эмпирикалық және теориялық білімдер жиынтығымен оқу, олардың негізінде ол туралы гипотезалық жаңа білімдер шығады;

  • Қалыптастырылған гипотезаны дәлелдеу үшін зерттеу әдістерін іріктеу;

  • Гипотезаны дәлелдеу немесе жоққа шығару, оны нақтылау және оның шындығына көз жеткізу.

Гипотеза мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: дәлелдік; ғылыми білімдерге сәйкестік; нақтылық пен айқындылық.

Ғылыми жұмыстарда гипотезаның негізгі қызметі:



  • Міндет шеңберін сызу;

  • Зерттеудің ғылыми аппаратының құрамдастарын және оны жүргізу сатыларын жүйелеу ;

  • Ғылыми ізденістің нәтижелерін болжау;

  • Белгілі және жаңа фактілер арасындағы байланысты орнату.

Зерттеудің міндеті- болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына және пәні оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.

Зерттеудің негізгі әдістемесі - қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.

Зерттеудің кезеңдері – зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.

Зерттеудің құрылымы – зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды оның санын көрсетеді.

Ғылыми жаңалық – басқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету. Ғылыми жаңалық – зерттеушінің нәтижеге қатынасын көрсететін субъективті және объективті жағдайларды байланыстыратын түсінік. Ғылыми жаңалықты қалыптастыру ғылыми фактілердің салмақтылғын, деңгейін анықтауды және ғылым мен тәжірибеде бұрын ешқандай сәйкестігі болмаған жаңа білім, тұжырым, әдіснама, ұсынымдардың мәнін қарастырады.

Ғылыми зерттеуде жаңалық әртүрлі қызмет атарады:



  • Талдап тексеру деңгейінде нақтылау;

  • Анықтау деңгейінде толықтырушы;

  • Түрлендіру деңгейінде ашу, ол зерттеушінің креативтік ойлау типіне, мәселені шешу әдісінің эвристикалы әдістеріне сүйенеді.

Іс жүзіндегі маңызы — алынған ұсыныстардың қандай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатындығы.

ҒЗ-дің категориялық аппараты ғылыми ізденістің маңызды негізін құрайды.

Зерттеу тұжырымдамасы өзара байланысты ғылыми ережелердің жүйесі деп түсіндіріледі, оны зерттеуші нәтижеге жету үшін қолданады.
Бақылау сұрақтары:

1. Объект, мақсат, мәселе, гипотеза түсініктеріне анықтама бер.

2. Гипотезаның даму процессі қалай жүреді?

3. Гипотезаның қандай типтері бар?

4. Ғылыми жаңалыққа түсінік бер.
Тақырып: Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау негізі
Мақсаты: Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдері жайлы, библиографиялық деректер көзі мен ғылыми мәтін жайлы жалпы мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтары: Зерттеу жұмысын орындауда қолданылатын әдебиеттерге сілтеме жасау ережесі, каталогтармен жұмыс жасау.

Жоспар:


  1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

  2. Әдеби көздердің библиографиялық деректері.

  3. Ғылыми мәтін.

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:


  1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары – соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан-жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

2. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым-қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері...» [ 5 ].



Бақылау сұрақтары:

    1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?

    2. Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?

    3. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.

    4. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.

    5. Ғылыми мәтіндерге не жатады.

    6. Аннотация дегеніміз не?

    7. Рецензия дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.

3. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

4. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.
Тақырып: Зерттеудің негізгі бағыттарын өңдеу.

Мақсаты: Студенттерді зерттеу жұмысының нәтижелерін безендіру бойынша әдістемелік нұсқаулықпен таныстыру.

Негізгі сұрақтар: Зерттеу тақырыбы бойынша қарастырылатын негізгі бағыттарды анықтау, зерттеу жұмысының нәтижелерін безендіру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.

Қазіргі уақытта оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда оқытудың зерттеушілік әдісінің алатын орны ерекше. Оқушылармен жүргізілетін оқу зерттеуі қажетті ақпаратты еркін іздеу мүмкіндігін жүзеге асырады; күнделікті бақылаулар мен өлшеулер оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеу іскерлігін қалыптастырады; оларды күнделікті әрі сапалы орындауға оқушылардың жауапкершілігін арттырады; физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана алу мүмкіндігін береді. Бірақ көбіне оқушылар зерттеу жұмыстарының нәтижелерін безегдіруде (рәсімдеуде) қиындықтарға кез болады. Сондытан зерттеу жұмысын бастамастан бұрын оқушыларға зерттеу нәтижелерін қалай безендіруге болатынын түсіндіру керек. Солардың кейбіріне тоқталайық.

Кез-келген ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, бөлімдер мен параграфтардф қамтитын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қоланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Көрсетілген бөлімдердің мазмұны мен негізгі міндетіне тоқталайық.

Кіріспеде оқырманды берілетін мәселенің мәнімен немесе оның тарихымен, берілетін осы немесе басқа мәселенің қазіргі күйімен, зерттеудің мақсаты орындалуы үшін қиындықтарды жеңу жолдары көрсетіледі. Сондықтан дәл осы кіріспеде төмендегі мәселелер көрсетілуі керек.


  1. Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделеді;

  2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері тұжырымдалады;

  3. Қандай ғылыми көздер, әдебиеттер қолданылғаны көрсетіледі;

  4. Зерттеуде қолданылған әдістер, жұмыстың құрылымы жазылады.

Кіріспемен танысқан оқырман әрі қарай қандай әңгіме болатынын, мәселенің мәні неде екенін (міндеттері, эксперимент және т.с.с), жұмыстың авторы алдына қандай мақсат қойғанын анық түсінуі керек.

Кірсіпенің көлемі бір беттен кем болмауы керек. Өз ойыңды қысқа әрі мәнімен жеткізе білу – бұл ғылыми қызметкердің маңызды қасиеттерінің бірі. «Кіріспе» бөліміне ешбір иллюстрацияны енгізудің керегі жоқ.

Жұмыстың негізгі мазмұны «кіріспеден» кейінгі бөлімде беріледі. Ол жекелеген бөлімдерден және параграфтардан тұрады. Оның негізін жұмыс басында өзіңіз құрған жоспар құрайды. Негізгі бөлімдегі материал зерттеу жұмысының сипаттамасын көрсетеді. Жұмыстың негізгі мазмұнының тексті 10 беттен аспауы керек. Жұмыс мазмұнында қысқартылған сөздер, сөздерді қысқартып жазуға болмайды.

Негізгі бөлімді жазу процесінде төмендегі ережелер (қағидалар) сақталуы керек:



  1. Мәтін мазмұны анық (түсінікті), жүйелі және жағымды болуы керек.

  2. Қолжазба мазмұны (мәтіні) абзацтарға бөлінуі керек, мұндай бөлу критериі – жазылғандардың мазмұны болып табылады. Әрбір абзац өз бетінше ойды қамтиды.

  3. Баяндау бағалы сипатта болуы керек.

  4. Қолжазбада қолданған ғылыми көздерге, әдебиеттерге жасалған нұсқалар (ссылка) болуы керек.

Қорытынды – зерттеу жұмысының бөлінбейтін құрамды бөлігі. Бұл бөлімде жұмыстың негізгі нәтижелері бекіту түрінде қысқаша тұжырымдалады. Жасалған қорытындылар қысқа және анық (түсінікті) болуы керек. Қорытындының бекіту мазмұнында автордың қорғауға ұсынатын және оны қолдайтын ойы беріледі. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыс авторының дәлелдеуге дайын қорытынды ойы.

Текстке (мәтінге) қойылатын талаптар. Барлық текст А4 форматты ақ қағазды стандартты беттерде орындалады. Текст анық, ашық шрифтермен, бір жарым интервал арқылы басылады. Формулалар қара сиямен (тушпен) немесе баспа қондырғының көмегімен жүзеге асырылады. Барлық машинамен басылған, қолжазба, қолмен жазылған және сызба жұмыстар жақсы, түсінікті оқылуы керек.

Зерттеу жұмысындағы нәтижелерді көркем безендіру зерттеудің (эксперименттің), қаралатын мәселенің мәнін анықтауға, түсінуге, қабылдауға әсер етеді. Сандық мәліметтерді жұмысқа кірістіру (орналастыру) негізінен төмендегідей тәсілдермен жүргізіледі:

1.Ақпараттарды кесте түрінде беру;

2. Ақпараттарды графикалық бейнелердің көмегімен көрсеу (графиктер, диаграммалар, және т.с.с.).

3. Тексті фотосурет, суреттер, чертеждар, схемалар, карталар және т.б. түрінде иллюстрациялармен мүймелдеу (беру).

Кесте – бұл ең басты нәрсені ажырату, бөлу тәсілі; салыстырмалы, тақырыптық, хронологиялық графтар түрінде материалды графикалық бейнелеу. Кесте білімдерді көрсету үшін кеңінен қолданылады. Кестені енгізу, сандық мәліметтерді келтіру ұсынылғанда, мәліметтер тізбесі бар болған жағдайда жүргізіледі. Кестені толтыру графалар бойынша қатаң тәртіппен жүзеге асады. Бұл жағдайда түсті, шрифті өзгерту мүлдем орындалмайды, себебі кестеде келтірілген мәліметтер бір мезетте көзбен талданады.

График - әртүрлі тектегі сандық тәуелділіктерді бейнелеу үшін қолданылады.

Графиктерді қолдану және тұрғызу практикасы үш бағытпен байланысты: зерттелетін құбылыстың немесе процестің өту сипатын және мәнін крнекі көрсету; зерттелетін құбылыстың талдауын жасау; зерттеу нәтижелерін жариялау. График зерттеу жұмысының нәтижелерін «қысылған» түрде көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Графиктерді безендіру кезінде, көкемдік көзқарас тұрғысынан, ең маңыздыларына төмендегі кезеңдер жатады:



  1. графиктердің берілуі (текст ішінде немесе аудиторияда оларды орналастыру) және олардың масштабтарын кішірейту немесе үлкейту;

  2. көрнекілігі және оқылуы, түсті (түрлі түсті) берілуі;

  3. графикті бетке орналастыру (тігінен немесе көлденеңінен).

Графикті құру алгоритмі:

  1. Графикке оның мазмұнын дәл бейнелейтін ат беріңіз.

  2. Графиктерді сызу барысында таңдалған масшабты қолданыңыз, экспозицияның ойына сәйкес түстік кеңейтілуді пайдаланыңыз.

  3. Зерттеуді орындау барысында графиктерді алдымен эскиздер түрінде жасау ұсынылады, содан кейін ғана көркемдік нұсқада орындаңыз.

  4. Графиктің өлшемдері визуальды қабылдаудың адекваттылығы мен жылдамдығы талаптарын қанағаттандыруы керек.

Диаграмма – сызық кесінділер немесе геометриялық фигуралар (жазық және көлемді) түрінде әртүрлі шамалардың арасындағы қатынасты көрнекі көрсететін бейне. Диаграммаларды, гистограммаларды безендіру нәтижелерді көрсету тәсілімен байланысты екенін ескеру керек. Диаграмманың қызметі бір-бірімен сызықты байланысты емес шамаларды салыстыруға негізделген.

Диаграмма құру алгоритмі:

Диаграммаға атау беріңіз. Диаграмманы дәл, көркем етіп салыңыз. MS Excel бағдарламасының мүмкіндігін пайдалныңыз. Анықтылығы үшін көлемдік бейнені қолданыңыз. Түстерді қолдану немесе түстердің үйлесуі зерттеудің басты идеясын (ойын) ашуы қажет. Диаграмманың көркемдік бейнеленуі жұмыс нәтижесін ғылыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Схема – жекелеген бөліктердің байланысын анықтай отырып, оның өзара әрекетін ашатын қандай-да бір жүйенің жалпы бейнесін графиктік бейнелеуден тұрады. Схемалар негізгі ойды шартты элементтердің көмегімен бейнелеуде қолайлы.

Чертеж – деталдардан, және де басқа да мәліметтерден, өлшемдер, масштаб, техникалық талаптардан тұратын графикалық құжат. Чертеж зат жайындағы түсінікті бейнелейтін, ол жайында мағұлымат беретін, оның формасын және кеңістіктегі оның орнын анықтауға мүмкіндік беретін проекциялық бейнелеу болып табылады. Чертеж зерттеудің идеясын ашуға мүмкіндік беретін болса, онда оны оқу қажет процесс болып табылады. Чертеждар зерттеу жұмысына жеке де, қосымша ретіде де берілуі мүмкін. Зерттеулерде чертеждарды қолдануда олар негізделуі керек.



Чертеждарды орындау алгоритмі:

1.Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін талдаңыз. Чертеждар қажет пе, жоқ па анықтаңыз.

2.Заттың формасын, өлшемін, бөлігін түсіну үшін чертеждарды қолданыңыз. Жаңа графикалық ақпараттарды алу үшін чертеждарды пайдаланыңыз.

3.Чертеждарды орындау үшін А4 форматты қағазды қолданыңыз.

4.Макеттерді құруда қабырға газеттерін безендіруде чертеждарды қолданыңыз.
Тақырып: Ғылыми танымның теориялық әдістері

Мақсаты: Ғылыми таным ұғымын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар: Ғылыми танымның әдістері ретінде талдаудың, салыстырудың, индукцияның мәнін қарастыру
Ғылыми әдістің ерекшелігін қарапайым ғана елестетуге болады: бұл ғылыми білім алудың процедурасы, оның жаңғыртуға, тексеруге және басқаларға беруге болады.

Негізінен адамды екі сұрақ қызықтырады: қандай да бір шындық деген не және оған қалай бет бұру керек.

Әдіс – екінші типтегі сұрақтарға жауап және көптеген жағдайларда дәл осы жауаптар шешуші мәнге ие.

Ғылыми танымның құрылымы



Өзінің пайда болғанынан бері 2,5 мың жыл ішінде ғылым нақты қаралған құрылымы бар, күрделі, жүйелі ұйымдастырылған білімге айналды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері:

  • Нақты бекітілген фактілер;

  • Фактілердің топтарын жалпылайтын заңдылықтар;

  • Теориялар;

  • Әлемнің ғылыми көрінісі, ол барлық шындықтың жалпыланған бейнелерін суреттейді.

Ғылым мен әлем тану әдістерінің өзара байланысы

  1. Құрылымдық сұлба



INCLUDEPICTURE "http://www.milogiya2007.ru/23/kse2-3.gif" \* MERGEFORMATINET

Сурет 1
Ғылым мен дүниені танудың келтірілген әдістері сонымен қатар екі жақты болып

                                                             

       


Осы формалардың арасындағы өзара қатынас ғылымда құрылым мен қызметтің бірлігі деген атаумен белгілі. Оған қоса физикада бұл өзара байланыстың бұл формалары корпускулалық-толқындық екі жақтылықпен сипатталады.

       

Бұндай сәйкестік кездейсоқтық емес. Ол ғылым мен дүниені танудың әдістерінің ғаламдық ең іргелі заңдары мен заңдылықтарының терең бірлікте екенін дәлелдейді.

Сұрақтар:


  1. Ғылыми әдіс түсінігіне не кіреді?



Тақырып: Моделдеу ғылыми танымның әдісі ретінде
Мақсаты: Ғылыми таным әдісі моделдеу ұғымын қалыптастыру

Негізгі сұрақтар: Моделдеу, моделдеудің негізгі ұғымдары мен принциптері. Моделдер типі.
Аналогия және модельдеу әдістері

«Аналогия» деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында – математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.

Осылай XVI ғасырда Галилей маятник тербелісінің заңдылықтарын зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды. И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан денелерінің жерге құлауы арасында аналогия түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты табиғатын айқындауға бастап әкелді.

Аналогия бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе – тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады. Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады.

Мұндайда алғашқы зерттелген объект – модель ақпарат аударылған объект – түпнұсқа (оригинал) делінеді. Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде көрінеді, өйткені модель мен түпнұсқа бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің мәні таным субъектісі таным объектісінің түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі айырмашылығы бар моделін зерттей отырып, қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді. Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің бір түрі болып есептеледі. Мұндайда ақпарат кешіру модель мен түпнұсқа ұқсастығының деңгейіне байланысты. Болашақ салынатын ірі құрылыстар мен жасалатын техникалық бұйымдардың қасиеттері мен сипаттамасы алдын ала олардың модельдерінде зерттеледі. Қаржы-экономикалық тұрғыдан бұлар толық ақталады.

Модельдеу әдісін ғалымдар бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Кезінде XV ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи модельдеудің маңызын жақсы түсінген. «Құстың ұшуын барлық бөлшектері бойынша зерттеу өте қиын, - деді ол, бірақ оны жасап шығаруға болады. Судың астында жүзу туралы жазып көр – кұстың ауада ұшқанын аласың». Модельдеу әдісін Галилей, Ньютон және басқа ғалымдар да пайдаланған. Ол кезде: «Модельдеуді зерттеудің ең бастапқы кезінде ғана пайдалануға болады, ол ыждағатты ғылыми зерттеулер жүргізуге жарамайды» деген пікір таралған еді. Мысалы, 1870 жылы Англияда аса ірі бронкеме «Кептен» жасалды. Бұл кемені моделі бойынша сынақтан еткізген инженер Рид бронкемесінің маңызды кемшіліктерін анықтады. Алайда ағылшын билеушілері «ойыншықпен» жасалған тәжірибені назарға алғысы келмеді. Ақыры сол үшін олар жазасын алды, «Кептен» ашық теңізге шыға берісімен суға батып кетті, 500 адамның өмірі үзілді. Қазіргі кезде де модельдеу әдісін жеткілікті бағаламауға немесе оны көзге ілмеуге болмайды.

«Модель» дегенде, әдетте, біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға болады. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: біріншісі – заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі – логикалық немесе идеалдық модельдер.

Заттай модельдер көрнекі формада зерттеу объектісінің материалдық қалпын көрсетеді. Олар күрделі техникалық жүйелерді, қымбат тұратын агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады. Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі әрі ыңғайлы.

Логикалық немесе идеалдық модельдер материалдық түзіліммен байланысты емес. Олар зерттеушінің санасында құрылады. Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады. Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі ақпараттың модельдер жасайды.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады.

Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер.

  2. Модельдеу әдісіне сипаттама беріңіз.

  3. Моделдеу түрлеріне шолу жасаңыз.



Тақырып: Физикалық құбылыстардың теориялық моделдерін құру кезіндегі математикалық әдістердің ролі
Мақсаты: Физикалық құбылыстардың теориялық моделдерін құру кезіндегі математикалық әдістердің ролін көрсету

Негізгі сұрақтар: Физикалық құбылыстардың моделі, математикалық әдістер
Физиканы оқыту барысында оқушылардың таным белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, мұғалім әр сабағын жаңа технологиялық үлгідегі сабақ үлгілерін қолдана отырып, үнемі ізденіспен қызғылықты етіп өткізуі қажет. Біздің басты міндетіміз – оқушыны тұлға етіп шығару. Олай болса, оқушыны өз ойын жинақы, тұжырымды, әрі күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, жүйелі айтуға баулуымыз қажет.

Адамзат ертеден-ақ объектілерді, процестерді, әр түрлі саладағы құбылыстарды зерттеу барысында модельдеу (қасиеттері ұқсас шағын үлгісін, баламасын салу) тәсілін қолданып келеді. Осы зертеулердің нәтижелері, нақты объектілер мсн процестердің қасиеттерін анықтауда, құбылыстардың болу себептерін ашуда, жаңа объектілерді құрастыру мен талдауда маңызды орын алады. Модельдеу адамның өз іс-әрекетін алдын ала  жоспарлап,  дұрыс  шешім   қабылдауына  әсер етеді.

Адам қолымен  жасалған материалды объектілер модель бола алады. Модельді талдау нәтижесінде, нақты күрделі объектіні тереңірек білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын мәніндегі нағыз табиғи объект, яғни нақты объект прототип немесе түпнұсқа деп аталады.

Әрбір адамның күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын, оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады.  Мысалы: жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқуы, т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады. Моделдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип немесе түпнұсқа жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық дейік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау