Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі



жүктеу 0,49 Mb.
бет1/5
Дата24.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#24509
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-38.67/03-2014


№ 2 басылым

25.06.2014 ж.



беті беттің






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.67/03-2014




ПОӘК

«Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

_______2015 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі»


«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

43

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


ГЛОССАРИЙ
Зерттеу – жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі.

Проблема – грек сөзі «қиындық», «кедергі» деген мағынаны білдіреді.

Жобалау – ол бір практикалық міндеттің шешімі.

Ақпараттық жоба – кез-келген объект не құбылыс туралы ақпарат.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Шығармашылық жоба нақты құрылымы жоқ, соңғы нәтиженің түрі мен жанрының талабын негізделген жоба

Болжау және қорытынды – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім

Іс-әрекет бағдарламасы – оқушылардың өздері жүргізген іс-шараларын сипаттау, алдағы уақытта жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі.

Бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау.

Суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту.

Өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

Тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Жетекші идея – зерттеудің нақты позициясы немесе концептуалды негізі.

Болжам – бірнеше факторлар негізінде объекті, құбылыстың байланысы немесе себептері туралы қорытынды жасалатын ұсыныс, бұл қорытындыны дәлелді деп айтуға болмайды.

Зерттеу көздері – ғылыми және арнайы әдебиет, мұрағаттық құжаттар мен қызмет өнімдері.

Конференция – тәжірибені жинақтау және зерттеу формасы. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетпен танысады және өздері мен әріптестерінің тәжірибесін талқылайды.

Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі – зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды орнататын тәсіл.

Ғылыми жаңалық – бұрын ешкім зерттемеген алғаш рет алынған нәтижелер.

Зерттеу объектісі – бұл проблемелық жағдай тудыратын құбылыс немесе процесс.

Педагогикалық тәжірибе – белгілі бір әдістің, оның педагогикалық тиімділігін анықтауға арналған жұмыс тәсілінің арнайы дайындалған тексеруі.

Педагогикалық жағдай – адамның қасиеттері туралы, оның сипатталған педагогикалық жағдайдан жол табуын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.

Жобалық әдістеме – жоба нәтижесін психологиялық интерпретация негізінде тұлғаны толығымен зерттеу әдістемесінің жинағы.

Проблема – арнайы тәжірибелік ғылыми зерттеу өткізусіз жауап табу мүмкін емес және шешім табуды талап ететін өмірлік маңызы бар актуалды мәселе.

Қайшылық – дамудың қозғаушы күші; зерттеудегі карама-карсы жақтардың болуы.

Зерттеу заты – бұл объектілер шекарасындағы объектінің нақты қасиеттері, олардың арақатынасы, объектілер мен қасиеттердің белгілі бір жағдайда тәуелділігі.

Библиография – басылымдарды оқырмандардың саяси,ғылыми тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне, аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай болінеді.

Болжам(гипотеза) – құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі

Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция) – заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі.

Ғылыми тәжірибелік конференция – оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі.

Моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зертеу әдісі.

Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.

Эксперимент – белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.

Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуі.

Дедуктив әдіс – жалпы пікірден жеке қорытынды жасау.

Реферат – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны.

Конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар.

Аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнын қысқаша ақпар жазу.

Сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
2 Дәрістер

1МИКРОМОДУЛЬ «ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ»


Тақырып: Кіріспе. Мектеп оқушыларының зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысы деген не, зерттеу жұмысын қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде мағұлымат беру.
Негізгі сұрақтар: Оқушылар іскерлігінің мотивациясы. Оқушыларды курстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Мемлекетіміз елімізді ғылыми көркейтер деген үмітпен жас (дарындарға) ғалымдарға үлкен назар аударуда. Оларға түрлі конкурстар, білім сайыстарын ұйымдастыруда. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстырып, ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың өз бетінше ізденіп білім игеруі, мұнда мұғалім оқытпайды, ізденіс-іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар шығармашылық қабілетіне, ғылыми ойлау дәрежесіне, зерттеу жұмысына икемділігі, шешендік шеберлігіне қарай іріктеп алады.

Оқушылардың жобаны зерттеу іс-әрекеті – білім көтерудің бір құралы.

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология, мұнда:

-мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды;

- білімді пайдалану және жаңа білімді игеру құралы;

-таным қызметі белсенділігінің оқыту құралы.



Жоба әдісінің мақсаттары:

  • шығармашылық ойлауын дамыту;

  • тәжірибе жинақтау үшін жағдай жасау;

  • жеке қасиеттерін қалыптастыру;

  • бірлесіп жұмыс жасау;

  • таңдау мен нәтижеге деген жауапкершілік;

  • талдай білу қабілеті;

  • тұлғаны бағыттау.

Жоба – техникалық термин, нысанды жаңарту.

Жоба жүргізудің алгоритмі (көрсеткіші):

Дайындық кезеңі.



  1. Жоспар жасағанда тақырыпты, бөлімді немесе бірнеше тақырыпты таңдап алу.

  2. Жеке немесе топтық тақырып анықталады.

  3. Нақты мақсат қою, болжаған нәтижені атау.

  4. Әдістемелік ұсыныстар.

  5. Мұғалімнің жобаның сапасына деген талабы қойылады.

  6. Нәтиже бағасының әдістері мен түрлері анықталады (рейтинг, баллдық, алдын-ала келісіліп, кесте құрастырылады).

  7. Жобаның көрсеткішін құру.

Мектеп жағдайында нысанның нақты тақырыбы болады немесе пәннен; интерактивтік (байланыс) (тарихи-әдебиет); факультатив тақырыбы.

Әр кезде оқушы мен мұғалімнің (орны) рөлі әртүрлі.



  1. Дайындық кезеңі.

  2. Жоспарлау (талдау, міндеттерін қою, хабарларды тексеру, идеяларды жинақтау, жоспарлар).

  3. Шешім қабылдау (альтернативаларды талқылау, қажет нұсқауды таңдау).

Жаңа ақпараттарды қабылдау. Қиындығы:

  • әр жолдың мақсаты мен міндеті белгілі;

  • шешу жолдарын іздеу;

  • қажеттісін таңдау.

  1. Жобаны орындаудағы алдағы жұмыстар: проблемалық семинарлар, консультациялар.

  2. Нәтижені тексеру және бағалау.

Бағалау нәтижесі бойыншаөзіне жазба қалдырады, оқушының жеке тұлғасын ескеруге тиіс.

Жобаның орындалу нәтижесін, мақсатқа жетуін талдау.



  1. Қорғау. Нәтижесі қорғау түрі, жұмыстың безендірілуі бағаланады.

Жеке қатысуы мен жобаның үлгеріміне қатысты бағаланады.

Жоба жұмысының бірізділігі

Жұмыс кезеңдері

Жұмыс кезеңдерінің мазмұны

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Дайындық

Тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мұғаліммен кеңеседі және қосымша ақпарат алады, мақсат қояды

Жобаның мәнімен таныстырады, оқушыларға дәлелдеу. Мақсатын құруға көмектеседі.

Жоспарлау

а) ақпаратты іздестіру жолдарын анықтау

ә) ақпаратты талдау және жинақтау тәсілдерін анықтау

б) нәтижені көтеру тәсілдерін анықтау (есеп беру үлгісі)

г) топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беру



Ісіне жоспар құрады

Өз ұсынысын айтады, идеялар ұсынады.

Зерттеу

Мәлімет жинау, кездескен міндеттерді шешу. Негізгі құралдар: интервью, бақылау, тәжіирбе, сауалнама

Кездескен міндеттерді шешу арқылы зерттеу жұмысын орындау

Бақылайды, кеңес береді, жұмысты сырттан басқарды.




Нәтижесі және қорытындысы

Мәліметтерді талдау (ақпарат)

Ақпаратты талдау

Бақылайды және кеңес береді

Жұмысты қорғау немесе есеп беру

Нәтижені көрсету түрлері: ауызша есеп беру, көрнекілікпен ауызша есеп беру, жазбаша есеп

Есеп береді, талқылайды

Көрермен ретінде тыңдайды, сұрақтар қояды.

Нәтижені және үрдісті бағалау




Өзін-өзі бағалау мен ұжымдық талқылау жолымен бағлауға қатысады.

Оқушылардың еңбегін, шығармашылық ойлауын, есеп берудің сапасын, ақпараттарды дұрыс пайдалану сапасын, жалғастыру сұранысын бағалайды.


Зерттеу жұмыстарын қорғау нұсқаулары.

І.Жұмысқа қойылатын талаптар:

1.Жұмыстың сыртқы бетін безендіру.

2.Жұмыс ауқымы 15-20 мин аспауы тиіс.

3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

4.Көрнекіліктері.

5.Зерттеу элементтерінің болуы.

6.Жұмыстың 1 данасын өткізу.

ІІ.Қорғауға қойылатын талаптар:

1.Шешендік шеберлігі.

2.Өзінің жұмысын жақсы білуі (тақырыбы бойынша комиссия сұрақтрына жауап бере алу).

3.Ғылыми ойлау дәрежесі.

4.Зерттеу жұмыстарына икемділігі.

5.Шығармашылық қасиеті.


Бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми зертеу деген не?

2.Жоба әдісінің мақсаттары қандай?

3. Жоба жүргізудің алгоритмін атаңыз.

4. Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін атаңыз.

Тақырып: Физика бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктері. Іргелі және қолданбалы зерттеулер.

Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Іргелі және қолданбалы ұғымдары жайында мағұлыматтар беру.



Негізгі сұрақтар: Ғылыми зерттеу жұмыстары, олардың ерекшеліктері.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр. Инновациялық процестер практик мұғалімдер арасында кең өріс алуда. Соның бірі – оқушыларды зерттеу әдістеріне баулу. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Баланың өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайлы барлығын білгісі келетіні белгілі.

Ол әр нәрсенің жұмыс істеу принципін, неден жасалғанын қолмен ұстап көреді. Оған барлығы қызық. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік бал табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке басының дамуына ықпал етеді. Ал есейе келе ол өзінің қызығушылығын бір бағытқа бұрады, яғни өзін қызықтыратын бір нәрсені зерттейді.

«Зерттеу дегеніміз – жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» -деп түсіндіріледі Үлкен энциклопедияда.

Зерттеу - әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдна отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгертушілік танымдық әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұнда оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талбын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.

Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – «ішсем, жесем, ұйықтасам». Екіншісі: «көрсем, білсем» деп», ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді» - деген ой тұжырымы растайды.

Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен бйланыстырудың маңызы зор.

Педагогтар зерттеу іс-әрекетін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі амытуында маңызды зор деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан келмейтін сияқты үрей тудыратын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы мүмкін. Сөйьіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесіне өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.

Адамдық қасиет күндегі көріп жүрген нәрсеге таңданудан басталады.



Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын іздестіру керек. Осыдн зерттеу тақырыбы шығады.

Проблеманы іздеу деген не?

«Проблема» - деген грек сөзі, аудармасы «қиындық», «кедергі». Ғалымдардың айтуынша проблеманы шешуден, оны табу қиын. Зерттеудің ең басты қабылеті – белгілі нәрсенің белгісіз жағын табу. Басқаларға жеңіл және түсінікті сияқты нәрсенің қиындығын және қарама-қайшылығын көре білу. Проблеманы көре білудің ең жеңіл тәсілі – бір затқа жан-жақты көзқараспен қарау.

Томас Эдисонның айтуы бойынша: адамның миы көзбен көрген нәрсенің мыңнан бірін ғана есте сақтап қалады екен. Мұндай қорытындыны ол өз тәжірибесінен алған.

Оның 27 лаборанты 6 ай бойы күнде бір жолмен лампы цехы арқылы заводқа келіп жүрген. Ал осы жолда шие ағашы өсіп тұрған. 6 айдан кейін Эдисон лаборанттарынан жолда қандай ағаш өсіп тұр деп сұраса, олардың бірде біреуі қандай ағаш өсіп тұрғанын айта алмаған.

Сондықтан да тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады?» деген сұраққа жауап беру керек.

Зерттеу – жаңа білім жинақтау, бір нәрсені жан-жақты танып білу, ол адамның танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Жобалау – латын сөзі, «алға жылжу» - деген мағынаны білдіреді:


  • ол бір ғимаратты салудың сызбасы, құжаты болуы мүмкін;

  • бір құжаттың алдын-ала дайындалған мәтіні болуы мүмкін.

Екеуінің айырмашылығына тоқталатын болсақ:

Зерттеу – ол белгісізді іздеу, жаңа білім ашу.

Жобалау – ол бір практикалық міндеттің шешімі. Зерттеуші көбіне өз зерттегенінің нәтижесі не үшін керек және практика жүзінде не үшін қолданылатынын біле бермейді. Мысалы, Фарадей элеткромагниттік индукция заңын ашқанда, «оның жаңалығы не үшін пайдалы және қайда қолданылады?»-деген сұраққа жауап бере алмаған. Тек ХХ ғасырдың ортасында оның жаңалығы радиоэлектроника және электротехникада пайдаланылған.

Ал, жобалауда адам тек қана жаңалық іздейді, ол бір проблеманы шешеді. Мысалы, американдық ғалым Зворыкин өзінің «иконоскоп» деп аталатын құралын ойша болжаған, ол оның қандай болуы керек екнін білгенімен, оның неден тұратынын білмеген, яғни оның құрамын жасау үшін зерттеу қажет болған. 1923 жылы ол өз ойын жүзеге асырып, лабораториясында дайын болған жобаны электрлік жарық түтікшесі арқылы көрсетіп, «теледидар» - деп ат қойып, оны таратуға патент алған. Ол кездегі ғалымдардың ойынша бұл жоба сол кездегі техниканың мүмкіндігіне қарағанда үлкен жаңалық және жеңіс саналған.



Зерттеу мен жобаның айырмашылығына тоқталсақ: зерттеудің мақсаты нақты бола алмайды, ол зерттеу барысында өзгеріп отырады. Ал жобаның мақсаты нақты болады, өйткені жобаның соңғы нәтижесі қндай болатыны белгілі.

Адамынң айналысын танып, білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зертеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: біріншісі – жаңа өнімге қол жетікзуінде, екіншісі – ізденіс процесінің мәнділігінде. Адама шығармашылық нәтижесіне қанағаттанып қоймай, зерттеу ізденішіліген де ләззәт алады.

Бала балабақшаға, одан мектепке барады. Онда ол әртүрлі бағдарламамен стандарт бойынша жоспарланған бағытта оқып, үйренуге мәжбүр болады. Сондықтан да, өзін қызықтыратын бағытта зерттеу жүргізуге оның уақыты да, күші де жетпейді.

7-8 сыныптарда әртүрлі пәндік олимпиадалар, конференциялар басталады. Осы кезде мұғалімдер оқушыларды зерттеу жұмысына баули бастайды. Ал бұл кезде оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту емес, ояту қажет екенін біле бермейді. Оқушының биік танымдық қабілеті, тұрмыс-*тіршілік сырын ұғуға талпынысы ерте жаста туындайды. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныпта басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқуға, танысуға деген құштарлығы өте жоғары. Бастауыш мектепте оқушының зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын шығармашылық жұмыстарды жоспарлау арқылы сақтап қалуға болады. Мектептерде жұмыстың бұл түрі психологиялық ойындар мен тренингтер арқылы жүзеге асырылады.

Баланы ізденушілікке булу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттер көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайынау керек.

Атақты ғалымдардың бірі, «жер бетінде адамнан қызық еш нәрсе жоқ»-деген екен. Ол рас. Адам өмірін, оның іс-әрекетін, адами қасиеттерін зерттеу, жобаны жүзеге асыру үшін қаншама жаңа тақырып. Мысалы: «Адам бойында мейіріділікті қалай сақтап қалу керек?»-деген тақырыпты алатын болсақ. Ең бірінші ойын түрінде зерттейтін объект анықталды. Ол – адам (топ, сынып) – ал зерттеу пәні – мейірімділік. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттық құндылықтармен бірге қарастырылады. Сонымен қатар, әрбір адам өзінің ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның өмір сүру тәртібі қоғамдық қатынастармен тәрбиеге байланысты жинақталды. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Адам бойындағы қасиеттер туралы зерттеуді әрі қарай осылай жалғастыра беруге болады.

Мектеп оқушыларының шығармашылық жоба жазу мүмкіндігі неге төмен? Әлде олардың толғанысы мен идеялары жоқ па? Жоқ олар не ойлағанын, не үйренгенін жаза алады. Тек мұғалім жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, онда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қлыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарын жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.



Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын артыру, өздігінен білім алу, жобаның тақырыбын дұрыс түсініп, аша білу, сын тұрғысанан ойлау көп дайындықты талап етеді. Бұл әдіс оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне – жеке, оппен, жұппен берілген белгілі бір уақыт арлығында жүргізілетін іс-әрекетке негізделген. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зертеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушыны ақпаратты ала білуге, оны басқалаға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпаратар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету керек. Зерттеу жобасының бірнеше түрі бар:

  • зерттеу жобасы;

  • шығармашылық жоба;

  • қиалға негіделген ойын жобасы;

  • ақпараттық жоба;

  • практикаға бағыталған жоба.

Осы түрлерді жеке-жеке қарастырайық:

Зерттеу жобасындағы ең маңызды мәселе – проблеманы көре білу. Бұл жобаның нақты құрылымы бар. Ол тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу пәні және зерттеу объектісі, мақсаты, болжамы және соған байланысты зерттеу міндеттері, зерттеу тәсілдері, нәтижені талдау, қорытынды және ұсыныстар. Зерттеу жобасы жобалардың ең көп тараған түрі.

Шығармашылық жобаның нақты құрылымы жоқ, өйткені ол соңғы нәтиженің түрі мен жанрының талабын негізделе отырып дамиды. Ол қабырға газеті түрінде, мерекелік сценарий түрінде, бейне фильм түрінде де бола береді.

Қиялға негізделген ойын жобасы көп дайындықты талап етеді. Қорытынды қабылдау ойын әрекеті арқылы жүзеге асады. Қатысушылар өздеріне нақты рөлдерді таңдайды. Мұндай жобаның нәтижесі іс-әрекеттің соңында айқындалады.

Ақпараттық жоба – кез-келген объект не құбылыс туралы ақпарат жинауға негізделеді. Жобаға қатысушы иналған ақпаратты талдап, қорытындылай білуі керек.

Практикаға бағытталған жоба қатысушылардың соңғы нәтижесінің нақтылығымен ерекшеленеді. Нәтиже жобаға қатысушылардың әлеуметтік қызығушылығына бағытталуы тиіс. Бұл жобаның құрылымы нақты болады. Ол сценарий түрінде жасалады да, жобаға қатысушылар нәтижеге жету үшін өз міндетін нақты орындайды және жобаны кезеңдерге бөліп қараған дұрыс.

Жобаны нәтижелі жасау критерийлері:

  • соңғы нәтижеге жету;

  • жобаны ары қарай жалғастыра алтын команда құру;

  • жобаның нәтижесі ұжымның басқа мүшелері де пайдалана алуы;

  • жобаның нәтижесі жайлы ақпаратты жан-жақты тарату;

  • жобаны зерттеу;

  • адам өміріне, табиғатқа, экономикаға байланысты түрлі бағытта жүргізілуі;

  • өз іс-әрекетіне қанағаттану.

Жұмысты жүргізбес бұрын әр жетекші жобның логикалық сызбасын жасап алғаны дұрыс:

  • міндеттері: құру, (ойлап табу) жүргізу, қамтамасыз ету, жұмыслдыру (қатыстыру) дайындау, орындау;

  • іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері;

  • нәтиже.

Жоба жеке оқушымен не топпен орындалады. Топпен жасалған жоба нәтижелі болады. Жобаны жасаған кезде төмендегі талаптарды орындаған дұрыс:

  • рөлдерді дұрыс бөлу;

  • мақсаттың нақтылығы;

  • топ мүшелерінің алдына қойған міндеттерінің келісушілігі;

  • біркелкі жүйелі құндылықтар қалыптастыру;

  • даулы ситуациялардың шешімін дұрыс табу;

  • бір-бірін қолдау және сенімділікпен қарау;

  • жұмыстың тиімді әдісін жетілдіру;

  • мұғалім тарапынан дұрыс бағыт беру;

  • орындалған жұмыстың жеке дамуына көңіл бөлу;

  • бір-бірімен қарым-қатынас жасй білу қабілеттерін қлыптастыру.

Жобаның есебі төмедегі бөлімдерден тұрады:

  • кіріспе бөлімі;

  • жүргізілген зерттеу жұмыстарының есебі;

  • болжау және қорытынды;

  • іс-әрекет бағдарламасы;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе бөлімде – зерттеу жұмысының нақты мақсаты айқындалып, зерттеудің қандй мәселені шешуге бағытталғаны және зерттеу жүргізілген орны, мерзімі, зерттеуге қатысушылардың құрамы көрсетіледі.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының есебі – зерттеу объектісінің сипаттамасы, жұмыс әдісі, нәтижесі. Зерттеудің нәтижесі жүйелі, тақырыптың мақсатына сай: кесте, сызба, диагностика және тезис түрінде болуы мүмкін.

Болжау және қорытынды – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Егер болжам теорияға айналмаса, жлғанға айналады. Болжамдғы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.

Іс-әрекет бағдарламасы – оқушылардың өздері жүргізген іс-шараларын сипаттау, алдағы уақытта жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау.

Пайдалнылған әдебиеттер тізімі – қолданылған барлық әдебиеттер тізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Болжау және қорытынды деген не?

2. Іс-әрекет бағдарламасын қалй түсінесіңдер?

3. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының есебі қалай беріледі?

4. Жобаның есебі қандай бөлімдерден тұрады?

5. Жоба жасау критерийлерін атаңыз.

6. Шығармашылық жоба деген не?

7.Қиялға негізделген ойын жобасы деген не?

8.Ақпараттық жоба деген не?

9.Практикаға бағытталған жоба дегеніміз не?

10. Зерттеу дегеніміз не?

11.Проблеманы іздеу деген не?

12.Жобалау деген не?

13.Зерттеу мен жобаның айырмашылығын көрсетіңіз.



Тақырып: Зерттеу тақырыбының өзектілігі ұғымы. Зерттеу тақырыбын таңдау
Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.

Жоспар:


  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

  2. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

  3. Проблеманы қою және дамыту

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.

Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.

Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:



  • ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;

  • жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;

  • тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;

  • ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.

Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.


  1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.

Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:



  • Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).

  • Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).

  • Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);

  • Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).

  • Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).

  • Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).

Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».

Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.

Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.

Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).


3. Проблеманы қою және дамыту

Тақырыппен жұмыс кезеңдері:



  • педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.

  • Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.

  • Нақты пәндік зерттеуді анықтау.

  • Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.

  • Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.

  • Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.

  • Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.

жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау