ADMIN · ИЮН 25TH, 2014 · 0 COMMENT
Қостанай облысы,Аманкелді ауданы Қарасу ауылы Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің математика пән мұғалімі: Ахмедиярова Мая
Тақырыбы: «Жас математиктер»
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.
Көрнекілігі: Ойын түрлері,
Барысы: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі біздін сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.
1. « Қас-қағым сәт»
2. « Ойлан тап»
3. « Кім жылдам»
4. «Математикалық жұмбақтар»
5. «Математикалық жаңылтпаштар»
6. «Пингвиндер сайысы»
7. Қорытынды
Жүргізуші: Ойынға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Ортаға 5 «а», 5 «б» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Сайыстарға әділ баға беретін әділқазы алқасын шақырамыз.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайысты біздер бастайық.
1-ші ойыннын шартымен таныстырып өтейін. Бұл ойында бес сұрақ қойылады, қойылған сұрақтарға қас-қағым сәтте жауап беру керек. Кім жылдам жауап берсе, ұпай соныкі.
Тоғайда 10 карға отыр. Аңшы олардың 2-ін атып алды, нешеуі қалды?
Жауабы:_2-і.__Қандай_сан_барлық_сандарға_қалдықсыз_бөлінеді__Жауабы'>Жауабы: 2-і.
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Жауабы: 0
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса неше кг тартады?
Жауабы: 3кг
Елу саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек?
Жауабы: 5 бала
Бір тоннада неше кг бар?
Жауабы: 1000кг
2-бөлім «Ойлан тап!» Әр сыныпқа 5 тест сұрақтары қойылады. Әр топ параққа жауаптарын жазып тапсырады.
1. Алымы бөлімінен үлкен не алымы бөліміне тең бөлшек қандай болшек?
Дұрыс бөлшек
Бұрыс бөлшек
Аралас бөлшек
2. 2+8в+2а қандай өрнек?
Әріпті өрнек
Санды өрнек
Теңдеу
3. S=ав қандай фигураның ауданының формуласы?
Ұшбұрыш
Тік төртбұрыш
Шаршы
4. V=авс қандай фигураның көлемі?
Тік төртбұрыш
Шаршы
Тік параллепипед
5. S=V*t ненің формуласы?
Үшбұрыштың ауданы
Төртбұрыштың ауданы
Жолдың формуласы
3-ші бөлім «Кім жылдым?» Бұл бөлімде екі топқа бірдей сұрақтар қойылады, топтар тез жауап қайтаруға тиісті.
1. 1203 саны нешеге бөлінеді?
3-ке
5-ке
9-ға
2. 67 қандай сан?
Жай сан
Жұп сан
Тақ сан
3. 5-ке, 0-ге аяқталатын нешеге бөлінеді?
9-ға
10-ға
5-ке
4. Қай сан 9-ға бөлінеді?
396
523
701
5. Мына сандардың қайсысы жай сан?
24;62
41;17
80;16
4-ші бөлім Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын білуге
Көкірегінде болсын тез – дей отырып сайысымыздың келесі бөлімін «Математикалық жұмбақтар» бөліміне береміз.
Бұл сайыста әр топқа бір-бір жұмбақ жасырылады.
1-ші топқа: Дүниеде бүтін сан бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар достарым айтындаршы. ( бөлшек сан)
2-ші топқа: Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтындарщы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (натурал сан )
5-ші бөлім: « Математмкалық жаңылтпаштар» Балалардың есте сақтау қабілетін тексеру үшін қойылады.
1-ші топқа: Рационал сан, иррационал сан
Иррационал сан, рационал сан
Біріккен сан болған сон
«Нақты сан» деп аталған сол.
2-ші топқа: Шеңбер, шеңбер доп емес
Доп сияқты доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
6-шы бөлім: «Пингвиндер» сайысы. Бұл сайыста есептер беріледі, топтпн бір бірлеп шығып есептерді шығару керек. Басты қиыншылық аяқтарынызға доп қыстырып шығып есептейсіздер.
1-ші топқа: 5/12*8/9
1/6*3
2.1/3*1.1/5
2-ші топқа: 5/12*4/5
8*3/4
2.1/2*1.3/5
Қорытынды. Жақсы көзге түскен оқушыларды марападтау
Достарыңызбен бөлісу: |