Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет12/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

35 

 

орындатып балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естері-



не түсіруіне, яғни табиғат құбылыстарын суреттеуі немесе оқи-

ғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Ба-

лалардың  өткен  тақырыпты  естеріне  түсіруге  және  жаңа  мате-

риалдарды  меңгертуге  мазмұнды  суреттер  беріліп  әңгімелеу 

ұсынылады. 

Эвристикалық  әдістің  көмегімен  байланыстырып  сөй-

леуді қалыптастыруда түрлі жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен 

тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғы-

зылады.  Сондай-ақ  баладан  ойын  жүйелі  құрастыруға  және  то-

лық жеткізуге талап қойылады. Сөздік әдіске жататын баяндау, 

әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері, мек-

тепалды даярлық тобындағы  балалардың ойын,  өрбітіп, байла-

ныстырып сөйлеуін қалыптастыруда өте тиімді. 

Балалардың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруды 

жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін 

қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеру-

ге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекет.  Ойынды  арнайы  сабақ  ретінде 

немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады. 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  ойынды  қолдану-

дың ерекше көңіл бөлетін негізгі шарттары бар. Олар: 

- ойын балалардың алдына тапсырма ретінде қойылады; 

- балалардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады

- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; 

- ойынның нәтижесі бірден қорытылып отырылады. 

Педагог-тәрбиешілер  сабақта  ойын  элементін  қолдану 

барысында мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: 

-  ойынның  мақсатын  айқындау.  Балалар  ойын  кезінде 

қандай іскерлік пен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерек-

шелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын

- ойынға қатысушылардың санын анықтау; 

-  ойын  барысында  қолданылатын  материалдардың  тар-

тымдылығы; 

- ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру; 




36 

 

-  ойынның  қанша  уақытқа  созылатындығы.  Ойынның 



әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәй-

кестігі; 

- балалардың ойынға қатысу белсенділігін бақылауға

-

ойынды қорытындылау, оның нәтижесін хабарлауға тиісті. 



Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  жүйелі  және  орынды 

қолданылған  ойын  элементтері  балалардың  білуге  деген  ынта-

сын  арттырып,  білім  дағдыларын  игеруге  іскерліктерін  шың-

дауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды. 

Зерттеу  кезінде  тәрбиеші-педагогтің  басқаруымен  ойын 

ұйымдастырып, баланың жеке басының ерекшелігіне: мінез-құл-

қы, сана-сезімі, ерік-жігеріне ықпал жасайтындай жағдай туғы-

зып,  тікелей  табиғат  құбылыстарымен,  табиғат  заттарымен  та-

ныстыра  отырып,  олар  туралы  балалардың  саналы  білімін  қа-

лыптастыру мақсатын көздейді.  



Байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  мақсатымен  “Ыстық 

күн”,“Көктемгі жаңбыр”,“Автомобиль”,“Алтын күз бізге не бер-

ді”, “Кімнің қадамы алшақ”, “Кім тез ойлайды”, “Сөз ойла”, т.б. 

ойындар  алдын  ала  дайындалды.  Ойын  кезінде  балалар  рөлге 

бөлінеді. Әр рөлдегілер өз міндетін түсініп алады.  

Ойынның аты – “Ыстық күн”.    

Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарының тіршілікке 

тигізетін пайдасын, ерекшеліктерін түсіндіру. Осының негізінде 

байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген қызы-

ғушылықтарын арттыру. 

Ойын  шарты:  жаз  мезгілі.  Ыстық  күндегі  алма  ағашы-

ның 


көрінісі. Ыстықтан

 шөлдеп тұрған алма ағашына табиғат құ-

былыстарының тигізетін әсері, күн, жел, бұлт, жаңбыр. Табиғат 

құбылыстарының  бір-бірімен  өзара  қарым-қатынасы  және  тірі 

табиғатпен байланысы. Осыларды өз сөздерімен айтып жеткізу. 

Рөлдерде: Алма ағашы – Рауан 

Күн – Мақпал 

Жел – Алмас 

Бұлттар – Олжаc, Қуаныш  

Жаңбыр – Сымбат, Нұржан 

Кемпірқосақ – Жұлдыз. 



37 

 

Керекті  көрнекіліктер:  алма  ағашы  болып  киінген  бала, 



бұлттың, жаңбырдың, кемпірқосақтың суреттерін салған плакаттар. 

Ойын барысы: күн ыстық. Алма ағашы ыстықтан қатты 

шөлдейді. Шөлге шыдай алмаған алма ағашы Күнге: 

–  Күн,  қандай  ыстықсың.  Мен  ыстықтан  қатты  шөлде-

дім, – дейді.  

Күн: Жарайды, онда мен желге бұйырамын, ол бұлттар-

ды айдап келсін. Бұлттан жаңбыр жаусын. 

Күн: Жел, ағаштар шөлдеп кетіпті, бұлттарды қуып кел-

ші, -дейді.  

Жел уілдеп барып бұлтты қуып келеді. 

Бұлт: Жаңбыр, жаңбыр, жауыңдар, Шөлдемесін тіршілік. 

Жаңбыр: Біз тіл алғыш тамшымыз, Айтсаң болды, жауа-

мыз, – дейді. 

Жаңбырдан соң көкте кемпірқосақ көрінеді. Ол күліп: 

– 

Амансыңдар ма, достарым



жаңбырдан нәр алдыңдар

 ма? 

Шөлдеріңді қандырдыңдар ма? 



Алма  ағашы:  Сәлеметсің  бе,  кемпірқосақ,  иә,  шөліміз 

қанып қалды. 

Күн:  Алма ағашы, шөлің қанды ма? 

Алма  ағашы:  –  Ризамын,  Күн,  барлық  тірі  табиғат  жаң-

бырдан нәр алады. Енді сен жарқырап нұрыңды төгіп тұра бер, – 

дейді.  Ойын  соңында  бәрі  “Жауын”  әнін  айтады  (әні  мен  сөзі 

Ж.Мусинанікі). 

Жау, жау, жауын, жау жауын, 

Көктеп кетсін бақ-бауың, 

Бізге керек жеміс-жидек. 

Алма, алмұрт, тәтті қауын

Жау, жау, жауын! Жау жауын! 

Ойынға  топтағы  барлық  бала  қатысады.    Егер,  ойынды 

бірнеше  рет  қайталауды балалар  өтінсе  ,  олардың  тілегін  қана-

ғаттандырған  абзал.  Рөлдерді  әр  бала  өз  қалауларымен  таңдай-

ды. 


Ойын барысында

  балалар белсенділік танытуы мүмкін. Мұн-

дай  ойынды  ұйымдастырудағы  басты  мақсат  табиғат  құбылыс-

тарының  тірі  табиғатқа  ықпалы  зор  екенін,  табиғат  объектіле-

рінің  бір-бірімен  өзара  байланысты  болатындығын  біліп,  олар-



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау