Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет11/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

32 

 

№ 3 модульдік тапсырма: “Қармен” таныстыру. 

Бағдарламалық 

мазмұн:  қардың  түсі,  жабысқақтығы

,  қар-

дың  еріп,  суға  айналуы,  оның  ылғалдылығына  байланысты 



(балалардың  өз  тәжірибесін  пайдалану)  болатыны  туралы  түсі-

нік беру. Балалардың

 бақылағыштығын, логикалық ойлауын тәр-

биелеу. 


№  4 модульдік тапсырма: “Қардың қасиеттерімен” таныстыру. 

Бағдарламалық  мазмұн:  балаларға  қарда  ауа  болатыны 

туралы  түсінік  беру,  оны  қарды  түсіп  тастау  әрекетімен  байла-

ныстыру.  Жылы  су  құйылған  екі  ыдыстың  көмегімен  олардың 

біреуі (қар салынғаны) ашық ауада тұрғанға қарағанда баяу сал-

қындағанын көрсетеді. 



№ 5 модульдік тапсырма: “Кесек қармен” таныстыру. 

Бағдарламалық мазмұн: ауаның температурасына байла-

нысты  қардың  жайы  туралы  білімдерін  тереңдету  (қолғаппен 

және қолғапсыз қарды домалақтау – қолдың жылуынан қар ыл-

ғалдана бастады; қарды бөлмеден алып шығу және бірнеше ми-

нуттан кейін кесек қар жасау. Сенімдерін арттыру үшін балалар 

көшеде және бөлмеде температураны өлшейді). 

№6 модульдік тапсырма:

Жылулық құбылыстармен” таныстыру. 

Бағдарламалық  мазмұн:  бір  күйден  екінші  күйге  ауысу 

қалай  жүзеге  асырылатыны  туралы  білімді  хабарлау  (қаттыдан 

сұйыққа,  сұйықтан  буға  айналуы).  Осының  негізінде  балаларға 

жауын-шашынның (қар, жаңбыр, шық, қырау, тұман) қалай бо-

латыны жайында жеңіл түсінік беру. 

№ 7 модульдік тапсырма: “Кемпірқосақтың жасалуы”. 

Бағдарламалық  мазмұн:  балаларға  кемпірқосақтың  жа-

салуын көрсету; түрлі-түсті жолақтардың үлгісі мен орналасуын 

белгілеу; желпуіш арқылы өтетін шашырандылар жарығы олар-

ды түрлі түске бояйтыны көрсетіледі. 

№ 8 модульдік тапсырма: “Электрмен таныстыру”. 

Бағдарламалық  мазмұн:  балаларға  қарапайым  аспаптың 

көмегімен (батарейкалар мен сымдар, лампалар) электр тоғының 

жасалуын  және  оны  қайнар  көзге,  лампочкаға  беруді  көрсету, 

электр  мен  найзағайдың  жалпы  пайда  болуында  ұқсастық  ба-

рына  толық  түсінік  беру  (найзағай  –  бұл  бұлттар  немесе  бұлт 




33 

 

пен жер арасындағы пайда болатын үлкен электр ұшқыны; күн 



күркіреу – ұшқыннан шыққан шатыр-шұтыр (дауыс); балаларды 

қауіптен  құтылу  үшін  найзағай  ойнаған  кезде  өзін  қалай  ұстай 

білуге үйрету керек). 

Модульдік  тапсырмаларды  ұйымдастыра  отырып  таби-

ғат  құбылыстарын  дұрыс  таңдап  алуға  және  оларды  жыл  мез-

гілдеріне бөліп жүргізуге болады. Сонымен қатар әр модульдік 

тапсырманы төмендегідей сәйкес бөліктерге бөлу керек: 

–  құбылысты  бақылауға  қызығушылығын  және  сезімдік  көңіл 

күйін жасауға, көркем сөз арқылы қалыптастыру

–  үрдісте  нақты  және  дұрыс  түсінік  қалыптасуы  тиіс  құбылыс-

тарды қарастыру; 

– балалардың өзіндік қорытынды жасап, байланыстырып айтуы-

на  ыңғайлы  және  көмектесетін  жеңіл  тәжірибелерді  ұйымдас-

тыру; 


–  қорытынды  әңгіме.  Балалардың  алған  ұғымдарын  қорытын-

дылау. 


Модульдік  тапсырмаларды  жүйелі  бере  отырып,  бала-

ларды табиғатты тануға, өзіне белгісіз әлдебір жаңа және қызық 

құбылыстар мен қасиеттерді аша білуге үйретеміз. 

Табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балаларды 

байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімді әдістерінің бірі – әң-

гімелесу, сауалнама. 

Зерттеуші-педагог  алдына  мақсатты  анық,  дұрыс  қоя 

білсе, әңгімелесу,  сұхбат, сауалнама әдістері арқылы  үлкен же-

тістіктерге жетуіне болады. Бұл үшін негізгі және қосымша сұ-

рақтарды да дәл, мазмұнды ету қажет. Егер де тәрбиеші қажетті 

моральдық-психологиялық  жағдай  туғыза  алса,  әңгіменің,  сұх-

баттың тиімділігі жоғары болады. 

Топ  балаларының  талап-тілегін  білу  үшін  тәрбиеші  са-



уалнама жүргізіп,   онда мыналарға көңіл аударылды:            

1.Сұрақтардың нақтылығы, жауаптың дәл берілуі, жа-

бық сауалнама өткізу (жауаптары шектеулі), ашық жауап алуға 

да болады, бала ойын, көзқарасын айта алады. 

2.Сөздік  әдістерді  (баяндау,  репродуктивті,  эвристика-

лық)  қолдануда  негізгі  көңіл  бөлгеніміз  бала  тілінің  дамуымен 




34 

 

қатар  ойының  жүйелілігін,  байланыстырып  сөйлеуін  дамыту 



болды.  

3.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қол-

данылатын  әдіс  баяндау  әдісі.  Баяндау  кезінде  айтылатын  тір-

кестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен 

берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыра-

тын  төл  сөздерді  де  кірістіруге  болады.  Баяндау  іс-  әрекетінің 

құрылысы төмендегідей болуы тиіс. 

1)  Кіріспе  бөлім.  Балаларды  жаңа  материалды  қабылдауға 

даяарлау. 

2)  Мәтінді  оқып беру.  

3)  Шығарманы балалар есте жақсы сақтау үшін екінші рет оқу.  

4)  Шығарма мазмұнын талдау. 

5)  Талдаудан кейін балалардың шығарма мазмұнын қалай түсін-

генін байқау үшін тағы да шығарманы қайталап оқу.  

6)    Балалар  оқылған  материалды  естеріне  түсіріп  жауап  беруге 

дайындау үшін бірнеше секунд уақыт беру. 

7)   Балалардың баяндауы. 

Кейде мұндай сабаққа жаңа өтілген материалдармен қа-

тар  оларға  бұрыннан  таныс  шығармаларды  да  естеріне  түсіріп, 

қатар баяндату олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Со-

нымен  қатар  әңгімелесу,  баяндау  сабақтары  бір-бірімен  байла-

нысты, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеде өтілуі ке-

рек.  Балаға  үйретілетін  әрбір  жаңа  сөзбен  сол  сөз  бейнелейтін 

зат арасында байланыс болуы қажет. Балабақшадағы оқыту жұ-

мысын  балалардың  шағын  ұжымда  өткізілетін  педагогикалық 

процесс болғандықтан, ол сәбиге берілетін білімнің дәлдігі, са-

палығы, дамыта оқытылды. 

Баяндау әдіс арқылы сабақта балаларға жаңа білім бері-

леді.  Баяндау  әдісін  қолдану  үшін  материалдарды  тәрбиешінің 

өзі жетік те, толық білуі тиіс. Баяндау барысында шығарманың 

басталуы,  өрбуі,  шарықтау  шегі  және  аяқталуын  дауыс  ырғағы 

арқылы  шебер  жеткізіле  отырып,  көркем  шығарманы  баланың 

санасына жеткізуге жағдай жасалады. 



Репродуктивті  әдісті  ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекеті  

қолдану  кезінде  тәрбиеші  түрлі  сұрақтар  қойып,  тапсырмалар 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау