20
Жер үлескіде немесе жақын жердегі табиғат қоршауын-
да бақылау жасау үшін барынша оңтайлы жер таңдап алдық. Ба-
лаларды бәрінің де бақылауына қолайлы болатындай етіп орна-
ластыру қажет.
Бақылаудың алдында, әсіресе, ол бірінші рет жүргізіліп
отырғанда,сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге асықпау керек.
Балалардың өздігінен қарап алуына (1-2 минут) мүмкіндік беріп,
табиғи қызығушылығын қанағаттандыруға болады. Бақылауды
белгілі бір жүйемен жүргізген тиімді. Табиғаттың найзағай се-
кілді құбылысына бақылауларға жетекшілік жасай отырып, на-
зарды бүкіл қоршаған табиғатқа аударған жөн. Содан соң аспан-
ның түсін, найзағай мен күн күркіреуінің жүйелілігін, көшедегі
адамдар мен малдардың сақтануын айқындауға болады.
Мұндай жүйелілік қажет, оның себебі мектеп жасына
дейінгілердің бір нәрсеге назар аударуының орнықтылығы әлі
жеткіліксіз, көп жағдайда еркінен тыс болады. Алайда бақылау-
дың соңында бақылау барысында қалыптасқан ұғымдарды ретке
келтіруге тырысу керек.
Мектепалды даярлық топ балаларын біз табиғаттың
найзағай, көктайғақ, қарлы боран, құмды боран, жауын тасқыны
сияқты құбылыстарымен таныстырумыз қажет. Ол үшін ең
алдымен балаларға осы құбылыстар жайында берілетін білім
мен ережелер көлемін және мазмұнын айқындау қажет. Әрбір
құбылысқа байланысты оның қауіпті жақтарын және сақтану
жолдарын түсіндіруді де мақсат етіп қоямыз. Бұл арқылы бала-
лардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Найзағай
Білім: найзағай көктемде, жазда және күзде болады.
Найзағай болған кезде аспан күңгірттенеді, бұлттар пайда бо-
лады. Күннің көзі көрінбейді. Аспанда найзағай жарқылдайды.
Найзағайдан кейін күн күркірейді. Найзағай соңы жаңбырға ұла-
сады, кейде селге айналады. Жазғы уақытта кейде найзағай ал-
дында күн қатты ысиды, күшті тымырсық болып, ауада қапырық
пайда болады. Халықта мынадай мәтел бар: найзағай боларда
тауық пен үйрек қауырсынын тазалайды.
21
Найзағай кезіндегі сақтану ережелері: найзағай жа-
қындаған кезде бәрінен дұрысы үйде болу, есік, терезелерді жа-
уып
қою. Найзағай басылғанға
дейін көшеге шықпаған жөн. Най-
зағай кезінде металл
заттардың астына (машинаның
) жасыры
ну-ға
болмайды. Ол жерлерде
жай түсуі (найзағай) ықтимал. Найза-
ғайдан қорқуға болмайды, бірақ өзіңді дұрыс ұстай білуің керек.
Көктайғақ (Көк мұз)
Білім: көктайғақ жылдың суық кезінде, әсіресе қыста
болады. Жылы, шуақты күндері жолдардағы қар ериді, ал түнде
ол еріген су қатады да мұз болады. Жаяу және көлік жүретін
жолдар қатып, тайғақ болады.
Сақтану ережелері:
Көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Көктайғақ
кезде жүргізушіге машинаны оқыс тежеу және тоқтату өте
қиын. Мұзда машинаның доңғалақтары сырғанап, оқыс тежеген
кезде аударылып қалуы мүмкін. Осындайда жаяу адамды басып
кетуі немесе апат жасауы мүмкін. Жүретін жолда шаңғымен
жүруге және шанамен сырғанауға болмайды. Жаяу адам жүретін
жолмен жүргенде өте сақ (абай) болу керек. Жолдарды тазалау,
оған құм, арнайы тұз немесе ағаштың күлін себу қажет. Көк-
тайғақ болған кезде кішкентай балалар мен қарттардың көшеден
өтуіне көмектесу керек.
Қарлы боран
Білім: қарлы боран қыста болады. Ол кезде жел кү-
шейеді, күн суытады, қар қалың түседі. Қарлы боран жолдың бә-
рін жауып тастайды, жүру өте қиын болады. Қар көзге жабысып,
айнала қараңғы болады. Мұндай ауа райы кезінде жол табу өте
қиын, оттар да көрінбейді.
Сақтану ережелері:
Қарлы боран кезінде үйден алыстап кетуге болмайды.
Қар жолды басып тастайды. Сыртқа қарлы боран басылғаннан
кейін шыққан жөн.
Құм боран
Білім: құм боран жер бетінде құмды топырақ болған ай-
мақта болып тұрады. Ондайда күшті жел құмды суырып, оны
22
бұрқыратып шаңдатады. Тіпті, күндіздің өзінде дала қараңғы бо-
лады. Жол көрінбейді. Құм суырып, көзіңді аштырмайды.
Сақтану ережелері:
Құм боран жақындағанда үйдің есігі мен терезесін мық-
тап жабу қажет. Үйден жырақ кетсең адасуың мүмкін. Мұндай
ауа райында құм көзіңді жауып, жас ағызып, ештеңені көрсет-
пейді. Тіпті өте таныс жердің өзінде үйге барар жолды табу
қиындық келтіреді. Кейде жел құммен бірге өсімдіктерді және
басқа заттарды аспанға көтереді.
Су тасқыны (Сел)
Білім: ұзаққа созылған жауын суы жерге тез сіңіп кете
алмайды. Ол мол тасқын жасап, жолдар (асфальтқа) мен ойысқа
қарай ағады. Өз жолында ол топырақ, тас, қоқыстарды төмен
ағызады. Мұндай ауа райы кезінде көлік жүре алмайды. Су
тасқыны жүріс-тұрысты қиындатады.
Сақтану ережелері:
Жауын суынан болған тасқын кезінде үйден шықпаған
жөн. Қатты жауынның басылуын күту қажет. Егер су қатты та-
сып жатса, жолдан өтуге болмайды. Аяғың тайып кетеді, өзімен
бірге жолда тастар және басқа заттар домалайды. Олардың де-
нені жаралап кетуі мүмкін.
Осы ұғымдарды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларға
түсіндіре отырып, олардың табиғат құбылыстары туралы толық
мағлұмат алуын және жүйелі байланыстырып сөйлеуге төселуін
қамтамасыз
ету қажет. Бұл мағлұматтарды
сабақ барысында көр-
некіліктерді пайдалана отырып әңгімелеп және оның мазмұнын
өмір тәжірибесімен
байланыстырып тұжырымдау негізінде ұғын-
дырған дұрыс.
Тапсырмалар беруде алуан түрлі тәсілдерді пайдалану-
мен (“Ойлан”, “
Салыстыр”, “Айтып
бер”, “Есіңде сақта”, т.б.) ба-
лаларды бақылағаны туралы жүйелі түрде байланыстырып ай-
тып беруге үйреткен тиімді.
Табиғаттың бір құбылысына бақылау ұйымдастыру және
(мұз сүңгісінің және олардың еріп кетуі) соған тән өзгешелік-
терді белгілеуді, салыстыруды, өзгерістерді анықтайтын жаңа
белгілерді бөліп алуды, өлі табиғаттың бұл құбылысының не
Достарыңызбен бөлісу: |