Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет10/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

29 

 

тануға деген ынта пайда болады. Сөйтіп, баланың таңырқауы та-



нымның бастамасы қызметін атқарды, оның белсенді ой қызме-

тіне  жағдай  жасады.  Бұл  сияқты  сабақтарда  мектеп  жасына 

дейінгілер  сырттай қараудан  абстракты ойлауға дейінгі жолдан 

өтті.  Бұл  сабақтар  шынайы  өмірде  қоршаған  заттар  мен  құбы-

лыстар  арасында  бар  қарым-қатынастарды  абстракциялау  қабі-

летін дамытуға, олардың мәнін анықтауға айтарлықтай көмекте-

седі. Сонымен бірге бала білімді дайын факті түрінде емес, қыз-

мет,  іс-әрекет  үрдісінде  қол  жеткізген  нәтиже  ретінде  алып,  өз 

ойларын жүйелі түрде баяндап әңгімелеп бере біледі. 

Мұндай  эксперимент  балаға  тек  жаңа  білімді  хабарлау 

кезінде ғана емес, бұрынғы білімдерін тұжырымдау барысында 

да  қолданылады.  Осының  нәтижесінде  бұрын  бала  ескермеген 

заттың  жаңа  қасиеттері  ендігі  жерде  ол  үшін  бірінші  қатарға 

шығады. Бала әрбір құбылысты көрінекілік арқылы  ажыратып, 

белгілерін  анықтай  алады.  Мұндай  жағдайда  баланың  ойлау 

қабілетінің  қалыптасуы  артады.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-  әре-

кеті барысында төмендегідей проблемалық жағдайларды пайда-

лануға болады. 

 -  Қыста  қармен  ойнаған  Ербол  көктемнің  келгеніне 

қуанған жоқ.  Қардың  ерігенін көріп, қарды ыдысқа  салып  үйге 

таси бастады. Ыдыстағы қар суға айналды. Мұны көрген Ербол 

не істерін білмей састы. Қар неге еріді? Суды қыздырғанда нені 

байқадыңдар? 

-  Жаңбыр  жауып  болған  соң  сендер  серуенге  шықтың-

дар.  Айнала  су,  сазды  жер  балшық,  ал  құмды  жер  құрғақтау. 

Ойынға  қандай  жерді  таңдар  едіңдер?  Неге?  Сазды  жер  неге 

балшық? Құмды жерге жауған жаңбыр суы қайда кетті? 

Далада аяз, жер 

көктайғақ. Ақан сыртқа

 шығып құлап, 

қо-

лын ауыртып алды. Ақан неге құлады? Мұздың басты қасиетін айт? 



-  Аулаға  достарыңмен  ойнауға  шығып,  құмнан  әдемі 

“Қалашық”  жасап  тұрғыздыңдар.  Көшелер  жасап,  онымен  ма-

шиналар жүргіздіңдер.  Біреуің  шофер,  біреуің  сатушы  болдың-

дар. Ойынның қызығына кірісіп кетіп, күннің бұлттанғанын бай-

қамадыңдар.  Күн  бұлттанған  соң,  арты  бұзылады.  “Қалашық” 

аман тұруды ойладыңдар. Не істейсіңдер? 




30 

 

- Таңертеңгі тамағын ішіп болған Асқар ойынға қажетті 



құм  салған  шелегін,  кішкене  күрекшесін  алып  есіктің  алдына 

шықты. Күн енді ғана төбеге көтеріліп келеді екен. Шелегіндегі 

суды құмға және екінші жердегі сазға құйды. Су топырақ бетін-

де тұрып алды, ал құм бетіне құйылған су тез сіңіп кетті. Асқар 

ойынның қызығына түсіп кетті. Құмнан әдемі етіп, үй тұрғызды, 

үсті  құм  болды,  оны  қағып  жіберіп  еді,  құм  тез  көйлегіне  жа-

быспай түсіп қалды. Құмдағы ойыннан жалыққан соң топыраққа 

су құйып, ойынға кірісті. Аз уақыт өте қойған жоқ, үсті лай бо-

лып былғанды. Қаға қойып еді, кетіре алмады. Одан сайын лас-

танды. Асқар не істерін білмеді. Сендер не істер едіңдер? Неге 

топырақ лайланады? Құм неге лайланбайды? 

Мұндай  сұрақтар  мен  тапсырмалардың  шешімін  өздігі-

нен табу кезінде балалардың көпшілігі қате пікірлер айтуы мүм-

кін. Тәрбиешінің өздігінен шешуі үшін баланың бұл туралы бұ-

рыннан  алған  түсініктері  болу  керек.  Әдейі  ұйымдастырылған 

жағдаятын  мектеп  жасына  дейінгілер  өздігінен  ізденіс  жүргізу 

барысында шешуіне мүмкіндік берілуі қажет. 

Табиғат құбылыстарының заңдылықтары мен өзара бай-

ланыстарын айқындау баланың ақыл ойын дамытуға үлкен мүм-

кіндік береді. Баланың табиғат құбылысының мәнін түсінуі тек 

қана  ол  туралы  білімді  меңгеру  үрдісі  емес,  оның  ойлағыштық 

қызметінің жолдарын дамыту, сонымен қатар, бұл -жеке бастың 

белгілі  бір  сапаларын  қалыптастырудың  күрделі  үлестері,  пси-

хикалық  дамудың  үрдістері  әрі  оның  сезімдерін  байыту,  бала-

ның рухани дүниесін қалыптастыру және қызығушылығын арт-

тыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету  болып табылады. 

Даярлық тобында балаларды өлі табиғат заттарымен: су-

мен, оның күйінің өзгеруімен (қату, қар және мұздың еруі, буға 

айналуы); қатты денелермен (құм, саз, тас); олардың қасиеттері-

мен; ауамен, оның қозғалысымен; желдің бағытымен және күші-

мен;  электрлік  және  жарықтық  құбылыстарымен  (электр  тоғы-

ның,  кемпірқосақтың  жасалуы,  түрлі-түсті  жолақтардың  үлгісі 

мен орналасуы); магнитпен және оның қасиеттерімен танысты-

руға болады. 




31 

 

Табиғаттың  құбылыстарымен  таныстыру  барысындағы 



сабақтарды  өткізгенде  зерттелетін  заттар  мен  құбылыстардың 

балаларға көрінетін және оның сезілетін болуы, балалар зертте-

лініп отырған әрекетте болуы немесе зерттелініп отырған құбы-

лысты  бақылауы  керек.  Сонымен  бірге  баланың  байқап  көру 

әрекеті өріс алады, бұл әрекеттерге жасалынатын талдау жетіл-

діріледі, баланың өзіндік қызметі, тілі дамиды. Балалардың бай-

ланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруда  модульдік  тапсырмалар 

орындатудың маңызы зор. 

Модуль  –  латынша

  термин,ол“өлшем”,“шама”,“мөлшер” 

деген мағынаны білдіреді.  

Ғалым  З.Б.Бейсембаева:  “Модуль  –  іріленген  мазмұнды 

дидактикалық бірлік” деп қарастырады да, “онда әр модуль ма-

териалды  графикалық  түсіндіріп,  мәліметтермен  қамтамасыз 

етіп,  білімнің  мазмұнын  ашатын  әдістермен  сипатталады”  деп 

қорытынды  жасайды.  Сондықтан  біз  модульді  әдіс  ретінде  қа-

растырдық. 

Балалардың  өздерінің  ой  қорытындысы,  кезектегі  әңгі-

мелер,  тәрбиешінің  қорытындылары,  балалардың  құбылысты 

сипаттап айтуы – сирек те болса сурет түрінде тәжірибелер нә-

тижелерін белгіліп отыруы қажет.  Балаларда өлі табиғат құбы-

лыстары  туралы  дұрыс  ұғымдар  қалыптастыру  үшін  модульдік 

тапсырмалар әзірлеуге болады.  

№ 1 модульдік тапсырма: “Термометрмен” таныстыру. 

Бағдарламалық  мазмұн:  балаларды  ауаның  температу-

расын (қызуын) өлшеуге көмектесетін аспаппен таныстыру. Ауа 

температурасы және жауын-шашын

; температура және өсімдіктер 

арасындағы байланысты белгілеуге жеткізу; температураны бел-

гілей білуге үйрету (графикалық үлгісінде болған оңтайлы) мек-

теп жасына дейінгілерді табиғатпен қалай таныстыруға болады?   



№ 2 модульдік тапсырма: “Ауаны қысу”, “Ауаның салмағы”. 

Бағдарламалық  мазмұн:  ауаның  серпінді  екенін,  белгілі 

бір көлемге  ие болатынын  (сабынның  жел көбігін  үрлеп  шыға-

руы, шарларды ауамен толтыру), қозғалыс, жел, ауаның өзі қоз-

ғалу арқылы басқа заттарды араластыра алатынын көрсету, ауа-

ның салмағы барлығына көз жеткізу. 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау