Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет15/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

45 

 

көркем әдебиет шығармалар көлемі кеңейтіліп, олар мазмұн жа-



ғынан баланың даму 

ерекшеліктеріне лайықты

 таңдалып,2-7 жас-

қа дейінгі топтарды қамтыған.  

Еліміздегі осы саладағы ғылыми зерттеулер мен алдың-

ғы  қатарлы  іс-тәжірибелерді  пайдалану  негізінде  жаңа  талап-

тарды ескере отырып 1971, 1987, 1988, 1989 жылдары бағдарла-

малар қайта өңделіп, толықтырылды. Бұл өңдеу барысында ба-

лаларды дамыту, тіл байлығын молайту мәселелеріне баса көңіл 

бөлінді. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды 

өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстыру қарас-

тырылып  аспан  әлемі  (күн,  ай,  жұлдыз);  табиғи  құбылыстар 

(күннің  шығуы  мен  батуы);  су  үні,  күйі  (қар,  бу,  мұз);  қатты 

денелер  мен  (құм,  саз,  тас,  т.б.)  олардың  қасиеттері;  ауа,  оның 

қозғалысы, желдің бағыты және күші, электр және жарық құбы-

лыстары (найзағай, күннің күркіреуі, кемпірқосақ); қар, бұршақ 

жаңбыр,  боран,  үскірік,  сең  жүру,  найзағай  жарқылдау,  тұман, 

шық түсу тәрізді табиғат құбылыстарымен таныстыру, т.с.с ма-

териалдар енгізілді.  

Мұндай  қоршаған  ортадан  берілетін  түсініктер  мен 

ұғымдарды қалыптастыруда сөздің маңызы зор. Балалардың сөз-

дік  қорының  молаюы  және  оның  ана  тілін  меңгеруі  табиғатты 

сезім мүшелері арқылы қабылдауымен біртұтас байланыста жү-

зеге асады. Сондықтан да бағдарламада табиғатпен танысу және 

тіл дамыту жөніндегі материал біріктіріліп беріліп, ең алдымен, 

балаларды  күнделікті  өздерін  қоршаған  табиғатпен  таныстыру 

міндеті  қойылады.  Оларға  қандай  ұғым  берілсе  де  тіл  дамыту 

мақсатымен,  табиғат  көрінісі  және  объектілерін  таныстырумен 

байланыста жүргізіледі. Себебі, қоғам дамуы табиғатпен тікелей 

байланысты болса, ал адам да табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол 

табиғаттан керегін алады, оны өзгертеді және қорғайды. Табиғат 

пен  қоғамның  осы  байланысын  балаларға  ғылыми  тұрғыдан 

жеңіл түрде ұғындыру әрбір табиғи құбылысты, заттарды көзде-

ріне көрсете отырып түсіндіру барысында іске асады. 

Қазақстан  Республикасының  егемендік  алуы  болашақ 

ұрпақ  тәрбиесіне  жаңаша  көзқараспен  қарау  міндетін  жүктеді. 

“Білім беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (18 қаң-



46 

 

тар  1992  жылы)  қабылданды.  Аталған  құжатта  еліміздегі  білім 



беру жүйесін жетілдірудің негізгі қағидалары айқын көрсетілді. 

Осы құжаттың “Жалпы ережелер” атты бөлімінің 2-бабында бі-

лім  беру  жүйесінің  міндеттері  туралы  айта  келіп  мына  мәселе-

лерді қамтиды:  



–  жеке  адамның  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін 

ашу,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының берік  негізде-

рін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау 

жолымен оның зердесін  байыту; 



–  азаматтың,  үйелменнің,  халықтың,  қоғамның  және 

мемлекеттің  алдындағы  жеке  адамның  құқылары  мен  міндет-

терін  ұғынуды,  сондай-ақ,  республиканың  мәдени,  қоғамдық, 

экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; 



– қазақ  халқының  мәдениеті  мен  дәстүр-салтын  оқып-

үйрену үшін жағдайлар жасау; 



– республика  тұрғындарына  жалпы  және  кәсіптік  білім 

алу үшін мүмкіндіктер жасау; 



– жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эсте-

тикалық тәрбие беруді дамыту. 

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында “Үздіксіз тәр-

бие  беру  тұжырымдамасы”  (1992  жылы)  жасалды.  Бұл  тұжы-

рымдаманың “Мектепке дейінгі мекемелеріндегі тәрбиенің маз-

мұны, түрлері” атты 5-бөлімінде: “Балабақшада жаңа бағыттағы 

тәрбие жүйесін іске асыру жолдары: Халықтық педагогикаға не-

гізделген  тәрбие  бағдарламасын  жасау”  деп  көрсетілген  бола-

тын.  Мектепке  дейінгі  мекемелердегі  тәрбиені  түбегейлі  өзгер-

туде,  жаңа  қоғам  мүддесіне  лайықты  ұлттық  санасы  қалыптас-

қан,  ұлттық  менталитеті  жоғары  азамат  тәрбиелеу  мақсатында 

республикамызда  тұңғыш  төл  “Балбөбек”  бағдарламасы  жасал-

ды.  Бағдарламаның  басты  жаңалықтарының  бірі:  экологиялық 

тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін қалыптастыру жайын-

да  мағлұматтардың  берілуі,  бағдарлама  мазмұнының  тақырып-

тық  жүйеде  ұсынылуы,  балалардың  білім  мен  тәрбиесіне  жыл 

аяғында қойылатын талаптардың нақты көрсетілуі; балабақшада 

өтілетін  тәлім-тәрбие  мазмұны  халықтық  педагогика  негізінде 

жаңартылуы, тағы да басқа өзекті мәселелер қамтылды.  



47 

 

Экологиялық  тәрбиенің  алғашқы  қарапайым  негіздерін 



қалыптастыруды бағдарламада “Жыл мезгілдері” тақырыптары-

мен біртұтастықта қарастырады. Сондықтан да табиғатты бақы-

лауды жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіп, табиғи құбылыс-

тарды бақылау, саябаққа, орманға саяхатқа шығу, мақсатты топ 

саяхаттар  ұйымдастыру,  серуенге  шығу,  т.б.  арқылы  қоршаған 

орта өзгерістерін көзімен көріп, олар жайлы түсініктерін бекіту, 

табиғат  бұрышындағы  өсімдіктер  мен  гүлдерді  күтіп-баптау, 

олардың  өзгерістерін  байқау  сияқты  талаптар  атап  көрсетіледі. 

Сонымен  қатар  ауа  райының  өзгеруіне  байланысты  халық  бол-

жамдарын пайдалануды ұсынады. Осы бақылауларды ұйымдас-

тыру  барысында  түрлі  ойын  және  еңбек  түрлерін  қамтып,  ба-

лалардың  ізденушілігін  (табиғат  бұрышындағы  және  алаңдағы, 

ауладағы) дамыту көзделеді. 

Бағдарламада  экологиялық  тәрбиенің,  яғни  қоршаған 

орта мен табиғатпен таныстырудың міндетін талдай келіп, таби-

ғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, өсіп-өне-

тін мекені екенін ұғындыру, оларды қорғау туралы  нақты түсі-

ніктер  мен  ұғымдар  қалыптастыру  мақсаты  да  қарастырылады. 

Бұл балалардың жалпы білімін, сөздік қорын байытып қана қой-

май,  сонымен  қатар  туған  өлкеге  деген  сүйіспеншілігін  қалып-

тастыруға жағдай жасайды. Бақылау нәтижесінде балалар өсім-

діктер үшін құнарлы топырақ, су, жылу, жарық қажеттігін ұғып 

біледі. Табиғи материалдармен таныстыруда олардың кейбір қа-

сиеттерін біліп, 

өздігінен анықтап, ой

 тұжырымын жасайды. Мә-

селен, топырақтың түр-түсін, оның қасиетін біліп, одан әр түрлі 

пішіндегі заттар жасауға болатыны туралы, т.б. түсінік алады. 

Бағдарламалар  мазмұнын  талдау  барысында  мына  жағ-

дайлар байқалады: 

2000  жылғы  “Балбөбек”  бағдарламасында  экологиялық 

тәрбиенің  қарапайым  негіздерін  қалыптастыруға  біршама  тал-

пыныс жасалып, оның мазмұнында халықтық педагогикаға баса 

көңіл  бөлінген.  Бұл  балаларға  қоршаған  ортадан  білім  беруге 

байланысты  тіл  дамыту  мәселесінің  де  жетіле  түскенін  көрсе-

теді.  Дегенмен,  бағдарламада  экологиялық  тәрбиеге  баса  назар 

аударылып,  айналамен  таныстыру  үстірт  қаралып,  тіпті  назар-



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау