Мектеп гимназия Жұмысты орындаған


Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі



жүктеу 338 Kb.
бет2/9
Дата22.01.2022
өлшемі338 Kb.
#34685
1   2   3   4   5   6   7   8   9
00005c0d-2f838019

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.

Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Кез келген дүкенде сатып ала алатын сабын болса, оны үйде жасаудың қажеттілігі қанша? Міне, осы сұрақтарға жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.

  1. Сабынның шығу тарихы.

Сабын  – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда  Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:

Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас…

Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін



Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), БахиТермез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады.

Сабын – жоғары температурада балқиды, ыстық суда ериді, жуғыш қасиеті бар. Қарапайым сабын – корбон қышқылдарының тұздары. Оны глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады.



Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақарконифольнафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғандаглицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабынмедицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар.

 Қазақтар жануар майын алабота, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан қара сабын жасаған. 


Алабота (лат. Atriplex) — біржылдық шөп текті өсімдік.
Биіктігі 20 — 80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.




  1. жүктеу 338 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау