Сабынды қалай қайнаттым?
Үлкен және кішкентай екі ыдыс алдым. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойдым. Кіші ыдысты үлкенінің ішіне саламын – осылайша су моншасын жасаймын.
Енді сабынды ұсақ үккіштен өткіземін (оны алдын ала жылытып алуға да болады).
Үлкен ыдыстағы су қатты қызғанда, кішкентай ыдысқа аздап зәйтүн майын құйдым – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық май қажет. Май бірден ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себемін. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырамын.
Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосамын. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосамын.
Қоспаны қалыптарға құямын.
Достарыңызбен бөлісу: |