Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған қоспаны 4-5 сағатқа. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.
Байқағанымдай, сабын дайындау соншалықты қиын емес.
Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған...
ІІІ. Қорытынды.
Қолдан сабын дайындау соншалықты қиын емес, сондай – ақ өте қызықты жұмыс. Мен үйде жасалған сабынды дүкеннен сатып алынған сабынмен салыстырып көріп, қайсысы ең жақсы екенін білу үшін төмендегідей бірнеше тәжірибе өткіздім.
- №1 тәжірибе. Үйде жасалған сабынның бірнеше түрімен күнделікті сабынның сыртқы түрлерін салыстырып көрдім. Қорытынды: үйде қолдан жасалған сабынның сыртқы түрі күнделікті сабыннан әлдеқайда тартымды және алуан - түрлі.
- №2 тәжірибе. Сабындардың иістерін салыстыру. Қорытынды: сабынның екі түрі де жағымды иісті.
- №3 тәжірибе. Қолды жуғаннан кейін сезімді салыстыру. Қорытынды: сезімдер бірдей, қолдың терісі жұмсақ,
- №4 тәжіребе. Көбіктенуін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабынның көбігі аз, бұл оның құрамындағы адам денсаулығы үшін зиян келтіретін ЖБЗ-дың аз мөлшерде болғанын көрсетеді.
- №5 тәжірибе. Сабынның суда жібу деңгейлерін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабын суда болған кездекүнделікті сабыннан анғұрлым аз жібиді.
Жасалған тәжірибелер негізінде, үйде қолдан даярланған сабын иісімен, сезіммен салыстырғанда дес бермейді, ал жібуі мен қауіпсіздігі жағынан жеңеді.
Сабынды үйде даярлаға болады деген болжамым дәлелденді. Сабынды қолдан жасау өте қызықты және қиын емес екеніне көзім жетті және үйренгенімді барлық үйренгісі келгендерімен бөлісуге дайынмын.
Мен өз қолмен жасалған сабын туыстар мен достар үшін ең бағалы сыйлық болатынына сенімдімін.
Сабын жасау тақырыбы мені одан әрі қызықтырды. Сондықтан болашақта үйде сабын жасаудың басқа да жасау түрлері мен үлгілерін үйреннуге жоспарлап отырмын. Мысалы, дәрілік шөптерді қосу, өз рецептерімді жасауға ойластыру.
Қолдан сабын даярлау – бұл тамаша !
Пайдаланған әдебиеттер:
1. “Дала мен қала” газеті №4 2012 жыл
2. “Жұлдыз” журналы №3 1998 жыл
3. “Ақпарат материалдары” (интернет)
Достарыңызбен бөлісу: |