48
8. Мектептегі Қамқоршылық немесе Байқау кеңестер
Қазіргі таңда жұртшылық барлық шараларға, мемлекеттік басқарманың барлық
кезеңдеріне, барлық түрлі деңгейлеріне және білім беру саласына қатысуы керек. Білім
берудің дамуына Қамқоршылық немесе Байқау кеңестері арқылы жұртшылықтың қатысу
механизмін «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жасау болжанып отыр. Білім беру
ұйымдарында басқарудың бірлескен түрі құрылады (2015 жылы – 45%, 2020 жылы – 60%).
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны
сайлау тәртібінің үлгілік ережелерімен» реттеледі
24
. Бүгінгі таңда Үлгілік ережелер күн
тәртібіне сай келмейді, Қамқоршылық кеңес дегеніміз не, ол қалай әрекет етуі керек
жөнінде көбісі біле бермейді. Нұсқаулық авторлары заңнамалар аясында білім беру
мекемелерінде басқарманың бірлескен органы ретінде Қамқоршылық кеңесті қолданудың
мүмкіндіктерін ашуға тырысты.
Білім саласында шаруашылықты жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорында басқарудың
бірлескен түрі Байқау кеңестері арқылы енгізіледі (8.3 бөлімді қараңыз). Шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің басқару ерекшеліктері
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңымен реттеледі.
25
8.1
Мектеп директорларының лауазымдық міндеттері және қаржы
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық
актілерге сәйкес басқарады
26
:
Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден
кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім
беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті
жағдай жасайды.
Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану
және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау
жүргізеді.
Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына
басшылық етеді.
Жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі
және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын
және толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды
жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін,
лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай
жасайды.
24
Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығы
25
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV заңы
26
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік
сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13
шілдедегі № 338 бұйрығы
49
Білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық
актілермен қатар:
менеджмент негіздерін,
қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,
еңбек туралы,
еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері
мен нормаларын,
санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
«Білім туралы» Заңның 45-бабына сәйкес білім беру ұйымының басшысы қаржы-
шаруашылық қызметтің жағдайына, сонымен қатар материалдық және ақша қаражатын
мақсатсыз қолдануға жауапты.
Алайда, қаржылық-шаруашылық мәселелер жөніндегі мектеп басшысының білімі шамалы.
Ақшаны дұрыс жұмсай білу – басшының жетістігі. Бұл жағдайда қамқоршылық кеңестер
мәселенің шешімі болар еді.
8.2. Қамқоршылық кеңес – жұртшылықтың білім беру мекемелерін басқаруға
қатысу формасы
Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: білім беру ұйымына оның жарғылық
қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету, білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске
асыруды қадағалау, бюджет қаражатын қолдануды бақылау, жұртшылықпен байланыс
орнату. Қамқоршылық кеңестер – бұл мектеп ішілік басқарманың бір бөлігі, ол білім беру
жүйесінің ашықтығын, мектептің дамуына және мәселелерді шешуге мүдделі жақтардың
белсенді ат салысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Үлгілік ережелерге сәйкес қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары мен негізгі
бағыттары:
Қамқоршылық кеңес
Ттің мақсаты
1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге
асыруға ықпал ету;
2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру
мақсатында
білім
беру
ұйымының
оқушылары
мен
педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-
техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
4)
білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып
табылады.
Негізгі бағыттар
1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және
дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;
2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты
орнату мен дамытуға ықпал ету;
3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-
техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
Достарыңызбен бөлісу: |