37
шешіп, оны біздің асханамыздың жөндеу жұмысына жібере ала ма? Әдетте мен
үнемдеуді қалдыруын өтініп, өтінім жазамын – олар оны алып тастайды».
Жоқ, алып тастауға құқығы жоқ. Қаржыны үнемдеу жөнінде өтінім жазбау керек.
Қалған 1,5 миллион теңге үшін басқа шарт жасауға болады (киім-кешек, кеңсе
тауарлары). Егер бұл ақша мектепке қажет болса, оларды қорғау керек.
5. «Аз қамтылған балаларға тамақ жалпы білім беру қорының қаржысынан болған
жағдайда мемлекеттік сатып алу процедурасын жүргізу керек пе? Тағамға ма, әлде
жалға алушыға жүргізуім керек пе?»
Сіз жалға алушыға да және тамақтану өнімдеріне де мемлекеттік сатып алуды жүргізе
аласыз, яғни мемлекеттік сатып алу процедурасы міндетті. Жалпы білім беру қоры
бойынша тамақтану өнімдеріне мемлекеттік сатып алуды жүргізуге болады. Асхана үшін
арнайы шот ашып, жүргізуге болады. Арнайы шот арқылы сіз аспазшыға ақша төлейсіз.
Тамақтану өнімдеріне конкурс жарияланады.
38
6. Материалдық активтерді басқару
6.1
Түгендеу ұғымы мен түрлері
Түгендеу – мекемелердің мүліктерін іс жүзінде қолда барын түгендеу және оның жағдайын
бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру. Бұл мүлік құндылықтары мен құралдарды
сақтауды бақылаудың негізгі тәсілі. Мұндай түгендеу жұмысты жақсарту жөніндегі
шараларды қабылдау, сонымен қатар бухгалтерлік есептің деректерін нақтылау үшін қажет.
Бухгалтерлік есеп тауарлық-материалдық қорлардың табиғи кемуіне, олардың жоғалуына,
ұрлануына, жетіспеушілігіне және т.с.с. назар аудара алмайтыны белгілі. Мұндай шығыстар
тек түгендеу арқылы қалпына келтіріледі.
Сондықтанда түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
ұзақ мерзімді
активтердің,
қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс
жүзінде қолда
барын айқындау;
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс
жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;
тозығы жеткендіктен немесе табиғи тозудан жарамсыз болып кеткен
пайдаланылмайтын материалдық құндылықтарды айқындау;
материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағидалары мен
шарттарының сақталуын тексеру;
есепте дебиторлық және кредиторлық берешекті,
қаржы инвестицияларын және
бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.
Активтер мен міндеттемелерді тексерудің қамту дәрежесіне байланысты
толық, ішінара
және іріктеп түгендеу деп бөледі. Толық түгендеу кәсіпорынның барлық активтерін
күрделі тексерістен өткізеді, ол жылдық қаржылық есепті жасар алдында жүргізіледі.
Ішінара түгендеу белгілі бір топты немесе активтердің жеке түрін (құралдарды) тексеруді
қамтиды, мысалы қоймалардың біріндегі материалдық құндылықтар.
Тексеру уақыты мен оны ұйымдастыруына байланысты түгендеу
жоспарлы (бекітілген
мерзімдерде) және
жоспардан тыс (қажеттілік бойынша) деп бөлінеді. Жоспарлы түгендеу
материалдық-жауапты тұлғаны бақылау мақсатында және есептіліктің көрсеткішін арттыру
үшін мерзімді түрде жүргізіледі. Жоспардан тыс түгендеу материалдық-жауапты тұлға
үшін дереу және күтпеген кезде активтердің сақталуын тексеру, яғни ұрлау немесе теріс
пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде, материалдық-жауапты
адамдарды ауыстыру кезінде, сондай-ақ өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенше
жағдайлар болған жағдайда жүргізіледі.
Демек түгендеу:
жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында;
материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде (қабылдап алу-тапсыру күніне);
ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде;
өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенше жағдайлар болған жағдайда;
мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған (қосу
және біріктіру, бөлу, бөліп беру және қайта құру) кезде жүргізіледі.
39
Түгендеуді жүргізу «Мемлекеттік мекемеде түгендеуді жүргізу қағидасымен» 22.08.2011ж.
№423 (одан әрі - Қағида) реттеледі.
Түгендеуді жүргізу мерзімі Қағидалармен анықталады (2-тарау). Айталық, машиналар мен
жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-
саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде
бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей түгендеу керек және т.б.
6.2
Түгендеуді жүргізудің тәртібі
Түгендеу жүргізу үшін келесілер қажет:
1. түгендейтін комиссия құру, түгендеу жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері
белгіленген бұйрық шығару;
2. міндеттері мен кестесі көрсетілген жұмыс жоспарын (күнтізбелік жоспар) жасау;
3. қосалқы бөлмелерді, жер асты қоймаларын, кіретін және шығатын жеке есіктері бар
құндылықтар сақталатын басқа да орындарды мөрлеп бекіту, салмақ өлшейтін
барлық аспаптардың дұрыстығын тексеру, түгендеу сәтіне материалдық
құндылықтар мен ақшаның қозғалысы туралы соңғы есептерді алуды жүргізу;
4. түгендеу басталғанға дейінгі күні құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша
барлық құжаттарды өңдеу аяқталуы тиіс, талдамалы есеп карточкаларында
(кітаптарында) тиісті жазбалар жүргізілуі және қалдықтар шығарылуы тиіс;
5. материалдық жауапты тұлғалар, түгендеу бастағанға дейін түгендеу басына
құндылықтардың кірісі мен шығысына жатқызылатын барлық құжаттардың және
олардың жауаптылықпен сақтауына келіп түскен барлық құндылықтардың
бухгалтерлік қызметке тапсырылғаны, ал есептен шығарылғандарының шығысқа
жатқызылғаны
туралы қолхат береді;
6. мүліктерді түгендеуге дайындау (сұрыптау, түгендеу нөмерін тексеру, құжаттарды
салыстыру);
7. түгендеу комиссиясына түгендеу ережесінің жинағын – нұсқаулықты жасау.
Орталық түгендеу комиссиясын құру, орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін
мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу, түгендеу жүргізудің күнтізбелік жоспарын
бекіту, сондай-ақ түгендеу комиссияларына қатысуы үшін қызметшілерді бөлу мемлекеттік
мекеме
басшысының
бұйрығымен
бекітіледі.
Осы
бұйрықтың
негізінде
орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары
өздерінің түгендеу комиссияларын тағайындайды.
Сонымен, түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты
жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері
белгіленеді. Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мемлекеттік мекеме
қызметкерлерінің арасынан кемінде 3 адам құрамында құрылады.
Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары
басқарады. Түгендеу комиссиясы түгендеуді толық құрамда ғана жүргізеді.
Комиссияның жұмысына мыналар жатады:
есеп объектісінің нақты санын анықтау;