Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет20/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37

50 
 
4)
 
білім  беру  ұйымының  әрі  қарай  дамуына  ықпал  ету  болып 
табылады. 
 
Уақыт  өте  келе  бұл  тізім  толығатын  болады,  себебі  Қамқоршылық  кеңестер  ауқымды 
өкілетке ие болуы керек.  
Әзірге қамқоршылық кеңестер кеңесші орган рөлін атқарып отыр. Қамқоршылық кеңестің 
шешімі  кеңес  түрінде  ғана  қалса,  онда  ол  мектептің  ұжымдық  басқару  органы  бола 
алмайды. Олар атқарылатын қызметке басшы болуы тиіс.  Қамқоршылық кеңес тек қолдау 
және  қаржыландыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  мектеп  атынан  үкіметпен  және  азаматтық 
қоғам атынан мектеппен сұхбат жүргізетін орган. 
Қамқоршылық  кеңестің  болуы  мектепке  үстемділік  береді.  Кеңес  тек  бюджеттен  тыс 
қаражатты іздеп ғана қоймайды, сондай-ақ мектептің мүдделерін түрлі деңгейге көтеретін 
адамдарды  тартады.  Бұл  мектепті  ашық,  әрі  айқын  етіп,  мектеп  әкімшілігін  жұртшылық 
алдына есеп беруге тиісті етеді.  
 
«Мектептегі  қамқоршылық  кеңес  қандай  болу  керек?»  деген  сұрақ  көбісін  толғандырады. 
Заңгерлердің,  ата-аналардың,  кәсіпкерлердің  түрлі  пікірлерімен  танысу  үшін  «Ашық 
мектеп» журнал парақтарындағы пікірталас материалдарына көңіл аударуға болады.
27
 
 
Қолданыстағы  ережелерге  сәйкес  Қамқоршылық  кеңес  аталған  білім  беру  ұйымының 
құрылтайшысы  және  білім  алушылардың  ата-аналарының  бастамасы  бойынша  жалпы 
жиналыста құрылуы мүмкін. 
 
Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы 
жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін. 
Қамқоршылық кеңестің құрамына: 
1.  Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы; 
2.  басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері; 
3.  жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер; 
4.  қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері; 
5.  демеушілер кіруі мүмкін. 
Үлгілік  ережеде  Қамқоршылық  кеңес  құрамында  ата-ана  жұртшылығының  өкілі  туралы 
айтылмаған, алайда бұл кеңесте ата-аналардың өкілі болғаны орынды болар. 
  
Қамқоршылық  кеңес  мүшелерінің  өз  қызметтерін  орындауы  өтеусіз  негізде  жүзеге 
асырылады. 
 
Қамқоршылық  кеңестің  отырысында  сайланатын  оның  төрағасы  Қамқоршылық  кеңестің 
басшысы  болып  табылады.  Төраға  Қамқоршылық  кеңестің  атынан  арнайы  өкілеттіксіз 
әрекет  етеді,  оны  білім  беру  ұйымының,  мемлекеттік  органдар  және  басқа  да  тараптар 
алдында  таныстырады.  Төраға  Қамқоршылық  кеңестің  жұмысын  ұйымдастырады  және 
                                                           
27
 №6(97) 2010, №7(98)2010, №8 (99) 2010, №9 (100) 2010, №1 (102) 2011, №2 (103) 2011, 
http://www.open-
school.kz/glavstr/pop_sovet/aktualproblem91.htm
 


51 
 
оның  қызметін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  осы  Ережелерге  сәйкес 
қамтамасыз етеді. 
Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болады, Қамқоршылық кеңес төрағасының 
орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.  
 
Сонымен  қатар  Қамқоршылық  кеңесте  хатшы  бар,    хатшыны  Қамқоршылық  кеңес 
сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді. 
 
Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде  бір 
рет  өткізіледі.  Жоспардан  тыс  отырыстар  қажеттілікке  қарай  Қамқоршылық  кеңес 
төрағасының  шешімімен  немесе  Қамқоршылық  кеңестің  төрттен  бір  мүшелерінің 
талаптары бойынша өткізіледі. 
Қамқоршылық  кеңес  мүшелерінің  кемінде  2/3-сі  отырысқа  қатысса,  шешім  қабылдауға 
құқылы.  Қамқоршылық  кеңестің  шешімі  ашық  дауыс  берумен  оның  қатысып  отырған 
мүшелерінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. 
Қамқоршылық  кеңестің  қызметін  тоқтату,  білім  беру  ұйымын  таратуға  және  қайта 
ұйымдастыруға  байланысты  жұмыстар  құрылтайшының  немесе  Қамқоршылық  кеңестің 
бастамасы бойынша жүзеге асырылады.  
 
8.3.  Байқау кеңесі – мектептегі басқарудың бірлескен формасы 
Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорында  Қамқоршылық  кеңестің 
орнына Байқау кеңесі келеді. Байқау кеңесі құрылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы 
мемлекеттік    кәсіпорындарға  қойылатын талаптар  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
тиісті шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі
28
.  
Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындардағы  байқау  кеңесі 
мүшелерінің  саны  тақ  болуға  және  кемінде  бес  адамнан  құралуға  тиіс.  Байқау  кеңесінің 
басқа  мүшесімен  немесе  мемлекеттік  кәсіпорын  басшысымен  жақын  туыстық  және 
туыстық  қатынастағы  адамды  байқау  кеңесінің  мүшесі  ретінде  сайлауға  болмайды. 
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорын  жұмыскерлерінің  штатына  кірмейді.  Байқау 
кеңесінің төрағасы байқау кеңес мүшелерінің арасынан дауыстың көпшілігімен сайланады. 
Байқау кеңесін құру тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын 
талаптар, сонымен қатар Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың 
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік 
кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасымен»
 
 реттеледі.
29
 
                                                           
28
«Байқау  кеңестері  құрылатын  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындарға  қойылатын 
критерийлерді  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  27  маусымдағы  №712 
Қаулысы 
29
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы №686 қаулысы 
 
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау