Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет21/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37

52 
 
Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы 
органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы 
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу 
құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу 
қағидасына сәйкес конкурстық тәртіппен сайланатын өзге де тұлғалар кіреді. Шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік 
мерзімі үш жылды құрайды. 
Байқау кеңесінің хатшысы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның 
қызметкері  болып  табылады  және  байқау  кеңесінің  мүшесі  болып  табылмайды.  Байқау 
кеңесінің хатшысы байқау кеңесіне есеп береді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді, 
отырысқа  материалдар  ресімдеуді  қамтамасыз  етеді  және  байқау  кеңесі  мүшелерінің 
отырыстар материалдарына қолжетімді болуын қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді. 
 
Байқау  кеңесі  мүшелерінің  қызметін  бағалау  және  байқау  кеңесінің  мүшелеріне  сыйақы 
төлеу лимитін айқындау тәртібін Ережелерге
 
сәйкес айқындайды.
 30
 
 
Байқау кеңесінің өкілеттіктері  
 
Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  мүлік  туралы»  заңы  149-бабына  сәйкес 
Шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай 
өкілеттіктері бар:  
1)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді; 
2)  даму  жоспарының  орындалуы  туралы  есеп  жобасын  үйлестіреді,  шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  жылдық  қаржы  есептілігін  алдын  ала 
бекітеді; 
3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның 
ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза 
табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды; 
4)  бюджет  қаражаты  мен  қосымша  көздерден  алынған  қаражаттың  нысаналы 
пайдаланылуын  бақылау  үшін  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік 
кәсіпорынның  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  құжаттамасымен  кедергісіз 
танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру 
үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді
5)  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  басшысын 
тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті 
органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын үйлестіреді; 
6)  ұжымдық  шартты  әзірлеуге  қатысады  және  қосымша  қаржы  көздерінен,  даму 
жоспарында  бекітілген  қаражат  шегінде  кәсіпорын  қызметкерлерінің,  басшысының,  оның 
орынбасарларының,  бас  бухгалтерінің  лауазымдық  жалақыларына  үстемеақы  белгілеу, 
сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды; 
                                                           
30
«Байқау  кеңесі  мүшелерінің  қызметін  бағалау  және  байқау  кеңесінің  мүшелеріне  сыйақы  төлеу  лимитін 
айқындау  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  29  шілдедегі  №876 
Қаулысы
 
 


53 
 
7)  байқау  кеңесінің  хатшысын  тағайындайды,  оның  өкілеттік  мерзімін  және 
жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады; 
8)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы ұсыныстар енгізеді; 
9)  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорын  қызметінің  басым 
бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды
10)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  басқа  заңды  тұлғаларға  қатысуы  туралы 
ұсыныстар енгізеді; 
11)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  филиалдарын,  өкілдіктерін  құру  және 
жабу туралы ұсыныстар енгізеді. 
2.  Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  байқау  кеңесі 
мүшесінің  талап  етуі  бойынша  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік 
кәсіпорынның  құрылымдық  бөлімшелері  байқау  кеңесінің  құзыретіне  жататын  мәселелер 
бойынша ақпарат беруге міндетті. 
 
Байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі 
Байқау  кеңесінің  отырыстары  қажет  болуына  қарай,  бірақ  тоқсанына  кемінде  бір  рет 
өткізіледі.  Байқау  кеңесінің  отырысын  оның  төрағасы  өз  бастамасы  бойынша,  тиісті 
саланың уәкілетті органының (білім беру басқармасының), Байқау кеңесі мүшесінің немесе 
шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорын  басшысының  талап  етуі 
бойынша шақыруы мүмкін. 
Байқау кеңесі туралы ережені, Байқау кеңесінің шақыру және өткізу тәртібі тиісті саланың 
уәкілетті органы (білім беру басқармасы) бекітеді. 
Байқау кеңесінің отырысы, егер Байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен 
орны  туралы  хабардар  етілсе  және  отырысқа  Байқау  кеңесі  мүшелерінің  жартысынан 
астамы  қатысса,  заңды  болып  табылады.  Байқау  кеңесінің  мүшесіне  өз  дауысын  байқау 
кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне болмайды. 
Байқау  кеңесінің  әрбір  мүшесі  дауыс  беру  кезінде  бір  дауысқа  ие  болады.  Дауыстар  тең 
болған  жағдайда  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  байқау 
кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. 
Байқау  кеңесінің  шешімдері  жазбаша  нысанда  ресімделеді  және  оларға  байқау  кеңесінің 
барлық мүшелері қол қояды. 
 
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау