Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет16/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37

40 
 

 
тізімдемедегі мүліктің ағымдағы жағдайын сипаттау; 

 
тізімдемелердің нәтижелерін тексеру, анықтау және есепте көрсету; 

 
түгендеу туралы есеп беру. 
 
Есеп  объектісінің  іс  жүзінде  болуы  туралы  мәліметтер  түгендеу  тізімдемелерінде 
(салыстырма  ведомостер)  немесе  түгендеу  актілерінде  (бұдан  әрі  мәтін  бойынша 
«тізімдемелер»)  жазылады.  Тізімдемелер  материалдық  құндылықтар  мен  оларды  сақтау 
үшін жауапты материалдық жауапты тұлғалардың орналасқан жері бойынша жеке екі дана 
жасалады.  
Бір  данасы  бухгалтерлік  қызметке  беріледі,  ал  екіншісі  материалдық  жауапты  тұлғада 
қалады. 
Жарамсыз  болып  қалған  құндылықтарға  бөлек  түгендеу  тізімдемесі  жасалады.   Қателерді 
түзету дұрыс емес жазуларды сызып тастау және сызып тасталған деректердің үстіне дұрыс 
жазуды  жазу  жолымен  тізімдеменің  барлық  данасында  жүргізіледі.  Түзетулерді  түгендеу 
комиссиясының барлық мүшелері және материалдық-жауапты тұлғалар келіседі және оған 
қол  қояды.   Тізімдемелерде  толтырылмаған  жолдарды  қалдыруға  болмайды.  Тізімдеменің 
соңғы парақтарындағы толтырылмаған жолдарға сызу сызылады. 
 
Түгендеу  аяқталғаннан  кейін  түгендеу  жүргізудің  дұрыстығын  белгілеу  мақсатында 
бақылап тексерулер жүргізіледі. 
 
Түгендеменің 
бақылау 
мақсатындағы 
тексерулерінің 
нәтижелері 
Қағиданың 1-
қосымшаға сәйкес  актімен  ресімделеді.  Жүргізілетін  бақылау  мақсатындағы  тексерулерді 
есептеуді бухгалтерлік қызмет Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес арнайы кітапта жүргізеді. 
Түгендеу  нәтижелері    Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес  ведомосте  көрсетіледі.  Түгендеу 
комиссиясының жұмысы хаттамамен ресімделеді. 
 
«Қағидада»  негізгі  құралдарды,  инвестициялық  жылжымайтын  және  материалдық  емес 
активтерді,  аяқталмаған  өнідірісті,  малдарды,  өсімдіктерді,  аяқталмаған  құрылысты, 
аяқталмаған ғылыми-зертеу мен конструкторлық жұмыстарды, бағалы металдар мен бағалы 
тастарды, ақша қаражатын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді, дебиторлық және 
кредиторлық қарыздар, қаржы инвестициясын түгендеу толық қарастырылған.   
 
Негізгі  құралдардың  өзге  де  объектілерін  және  материалдық  емес  активтерді  бағалау  іс 
жүзіндегі  техникалық  жағдай  бойынша  белгіленетін  нарықтық  құн  бойынша  жүргізілуі 
тиіс. 
Түгендеу  кезінде  анықталған  мүліктің  нақты  бар  болуының  бухгалтерлік  есепке  алудың 
деректерімен  алшақтықтары  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрінің  2010  жылғы  3 
тамыздағы  №393 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік  мекемелерде  бухгалтерлік  есеп 
жүргізу ережесіне сәйкес реттеледі. 
 
Артық шыққан негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаттары және басқа құндылықтар кіріске 
алынуға  және  қаржылық  нәтижеге  есептелуге  жатады.  Материалдық  құндылықтардың 
жетіспеушілігі,  сондай-ақ  нормадан  артық  табиғи  азаюы  кінәлі  адамдарға  жатқызылады. 
Кінәлі  адамдар  белгіленбеген  немесе  сот  кінәлі  адамдардан  өндіріп  алудан  бас  тартқан 


41 
 
жағдайларда  жетіспеушілік  пен  азаюдан  келетін  залалдар  мемлекеттік  мекеменің 
шығындарына шығарады. 
 
Берілген  түсіндірмелер  мен  түгендеу  материалдарының  негізінде  анықталған 
жетіспеушіліктердің, құндылықтардың бүлінуінен шығындардың, сондай-ақ олардың артық 
шығуларының  сипатын  белгілейді  және  осыған  сәйкес  түгендеудің  деректері  мен 
бухгалтерлік  есепке  алудың  деректері  арасындағы  алшақтықты  реттеу  бойынша  ұсыныс 
енгізеді.  Түгендеу  нәтижелері  түгендеу  аяқталған  айдың  есебінде  және  есептілігінде 
көрсетілуі тиіс. 
 
 


42 
 
7.  Ішкі бақылау 
Ішкі  бақылау  дегеніміз  мекеме  басшысы  ұйымдастырған  және  барлық  жұмыскерлер 
шаруашылық  операцияларды  орындауда  өз  лауазымдық  міндеттерін  тиімді  орындау 
мақсатында  жүзеге  асыратын  шаралар  жүйесін  айтамыз.  Бақылау  -  ұжымның  ортақ  ісі 
болған жағдайда, барлығын қамтитын бақылау жүйесін құру жөн. Қызметтің тиімділігі мен 
ұтымдылығын бағалау ішкі бақылаудың басты міндеті болып табылады.   
 
7.1 Ұйымды басқару жүйесіндегі бақылаудың орны мен рөлі 
Бақылау  бірігетін  кез-келген  шаруашылық  механизмі  үшін  қажет.  Ішкі  бақылаудың 
тиімділігіне  ұйымның  жұмыс  істеу  тиімділігі  тәуелді,  ал  ол  өз  кезегінде  мектептегі  білім 
беру процесінің тиімді болу шарттарының бірі.  
Басқару процесінің кез-келген кезеңінде басқару объектісінің жоспардан тыс ауытқып кетуі 
мүмкін.  Кез-келген  қызмет  ауытқусыз  болмайды.  Ұйымды  басқару  кезіндегі  барлық 
жинақталған  ауытқуларды  белгіленген  бағыттан  алыстайтын  және  оған  жақындайтын  деп 
бөлуге болады. Мұндай ауытқулар мен сапа туралы ақпаратқа ішкі бақылау керек. 
Ұйымның ішкі бақылауы – ұйым субъектілерімен:                     
1.  Ұйымның (бақылау объектісі) нақты жағдайын анықтау; 
2.  Нақты деректерді жоспарланған деректермен салыстыру; 
3.  Анықталған ауытқуларды және олардың ұйымның қызметіне әсер ету деңгейін бағалау; 
4.  Тіркелген ауытқулар себептерін анықтау жұмыстарын жүргізу.  
Ішкі  бақылаудың  мақсаты  –  тиімді  шешім  қабылдау  мүмкіндігін  алу  үшін  басқару 
жүйелерін ақпаратпен қамтамасыз ету.  
7.2  Ішкі бақылаудың сыныптамасы 
 
Ішкі  бақылаудың  формалары  мен  әдістері  алуан  түрлі.  Ішкі  бақылаудың  тиімді  жүйесі 
келесі бағыттарды бақылай алатындай етіп құрылуы керек: 

 
Нормативтік-құқықтық базалардың талаптарын сақтау; 

 
Бухгалтерлік  және  басқару  есептерін  жүргізу  дәлдігі  мен  толықтығы,  қаржылық 
және басқару есептемесін жасау; 

 
Есептемедегі қателіктер мен бұрмалаудың алдын-алу; 

 
Бұйрықтар мен өкімдерді орындау; 

 
Мүліктің сақталуын қамтамасыз еті. 
 
Қазіргі  экономикалық  әдебиетте  ішкі  бақылау  формасына  берілген  анықтама  мен 
көпшілікке танылған формалары, мысалы бухгалтерлік есептерге қарағанда жоқ.  
Мектепте  ішкі  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  ұйымның  ішкі  бақылаудың  құрылымдық-
функционалдық формасын қолдануға болады. Кез-келген басшының лауазымдық міндетіне 
кіретін  бақылауды  жүзеге  асыру  барысында  ол  кез-келген  жауапты  адамның  міндетіне 
қосылуы тиіс.  
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау