Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет12/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

30 
 
 
Мемлекеттік сатып алу процесі: 
1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;  
2) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;   
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.   
 
Тиісті  бюджеттің  (бизнес-жоспардың,  кірістер  мен  шығыстар  сметасының)  негізінде 
тапсырыс  беруші  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру ережелерінде айқындалған 
тәртіппен  және  нысанда  мемлекеттік  сатып  алудың  жылдық  жоспарын  әзірлейді  және 
бекітеді (Нұсқаулықтың 16-қосымшасы).  
 
Мемлекеттік  сатып  алудың  жылдық  жоспарын  тапсырыс  беруші  тиісті  бюджет  (бизнес 
жоспар,  кірістер  мен  шығыстар  сметасы)  бекітілген  күннен  бастап  он  жұмыс  күні  ішінде 
бекітеді және онда мынадай мәліметтер:  
1)  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  үшін  бөлінген  соманы  қоса  алғанда, 
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы; 
2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі; 
3)  әрбір  қаржы  жылына  бөлінген  және  көзделген  сома  шегінде  кестеге  және  жылдар 
бойынша  бөлуге  сәйкес  тауарларды  берудің,  жұмыстарды  орындаудың,  қызметтерді 
көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс. 
 
Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес 
жұмыс күнi iшiнде оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті. 
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар  енгізу  туралы  шешім  қабылданған  күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде 
енгізілген  өзгерістерді  және  (немесе)  толықтыруларды  мемлекеттік  сатып  алу  веб-
порталында орналастыруға міндетті. 
5.3 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері 
 
«Мемлекеттік  сатып  алу  туралы»    Заңның  12-бабына  сәйкес  мемлекеттік  сатып  алу 
мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: 
1) конкурс тәсілімен; 
2) электрондық аукцион; 
3) баға ұсыныстарын сұрату; 
4) бір көзден алу; 
  
 
Конкурс екі  кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі  мүмкін.  Мемлекеттік сатып 
алу  2012  жылдың  15  мамырында  №623  «Электронды  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізу 
ережелерінде» анықталған тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін
 
 (www.goszakup.gov.kz). 
 
 


31 
 
5.4  Тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  мемлекеттік  сатып 
алуды ұйымдастыру және өткізу 
 
Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастыру  және  өткізу  рәсімін  орындау  үшін  тапсырыс 
беруші  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушыны  өзі  айқындайды.  7-баптың  1,  2,  3 
тармақтарына сәйкес мектепте лауазым иесі – директор. 
а.
 
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
  
Біртекті  болып  табылмайтын  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  конкурс 
тәсілімен  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  кезінде  мемлекеттік  сатып  алуды 
ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле 
отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге 
құқылы.  
 
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік 
сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық 
құжаттамада  біртекті  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді  беру  (орындау, 
көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.  
 
Конкурсқа  қатысуға  өтінімдерді  қарау  қорытындылары  бойынша  айқындалған  біліктілік 
талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық 
комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.  
 
 Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылады егер: 
     1)  конкурстық  комиссия  екіден  кем  әлеуетті  өнім  берушіні  конкурсқа  қатысушы  деп 
таныған; 
    2)  конкурсқа  қатысушылардың  конкурстық  баға  ұсыныстары  қабылданбағаннан  кейін 
конкурсқа  қатысушылардың  екіден  кем  конкурстық  баға  ұсыныстары  бағалануға  және 
салыстыруға жатқызылған; 
       3)  конкурс  жеңімпазы  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  жасасудан  жалтарған 
жағдайлардың бірі болғанда.   
 Конкурстық құжаттама  
 
Конкурстық  құжаттаманы  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  мемлекеттік  сатып 
алуды  жүзеге  асыру қағидаларында айқындалған  үлгілік  конкурстық  құжаттаманың 
негізінде  (Мемлекеттік  сатып  алуды  орындау  ережелерінің  3-қосымшасы)  немесе 
электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  өткізу қағидаларында айқындалған  конкурстық 
құжаттаманың  электрондық  нысаны  негізінде  қазақ  және  орыс  тілдерінде  әзірлейді 
(
www.goszakup.gov.kz
). 
 
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың 
шарттары  туралы  неғұрлым  толық  ақпарат  алуға  мүмкіндік  беретін  басқа  да  қосымша 
мәліметтер қамтылуы тиіс (Заңның 17-бабын қараңыз).  


32 
 
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қағаз жеткізгіште не 
бекiтiлген  конкурстық  құжаттаманы  тапсырыс  берушінiң  интернет-ресурсында  жариялау 
арқылы мүдделi тұлғаларға ұсынады. 
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін мүдделі 
тұлғаларға  олар  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушыға  конкурстық  құжаттаманың 
көшірмесін табыс ету туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті.  
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама  
Мемлекеттiк  сатып  алуды  ұйымдастырушы  конкурстық  құжаттама  бекiтiлген  күннен 
бастап  үш  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей,  бiрақ  әлеуетті  өнім  берушілердің  конкурсқа 
қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын
21

       1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың 
мәтiнiн,  сондай-ақ  бекiтiлген  конкурстық  құжаттаманы  тапсырыс  берушінiң  интернет-
ресурсында жариялауға; 
       2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың 
мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға; 
       3)  тапсырыс  берушінің  интернет-ресурсында  хронологиялық  тәртіппен  конкурстық 
құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары 
туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген 
конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
Конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  кезінде 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 
үш  жұмыс  күнінен  кешіктірмей,  бірақ  әлеуетті  өнім  берушілердің  конкурсқа  қатысуға 
өтінімдер  табыс  етуінің  соңғы  күніне  дейін  кемінде  күнтізбелік  жиырма  күн  бұрын 
конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге  асыру  туралы 
хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті
22

Конкурс  тәсiлiмен  мемлекеттiк  сатып  алуды  қайтадан  жүзеге  асырған  жағдайда 
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап 
үш  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей,  бiрақ  конкурсқа  қатысуға  өтiнiмдер  табыс  етудің  соңғы 
күнiне  дейiн  кемiнде  күнтiзбелiк  он  бес  күн  бұрын  барлық  үш  талаптарды  орындауға 
мiндеттi. 
Конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  қайтадан  жүзеге  асырған 
жағдайда  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  конкурстық  құжаттама  бекітілген 
күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс 
етудің соңғы күніне дейін кемінде күнтiзбелiк он күн бұрын, мемлекеттік сатып алу веб-
порталында  конкурс  тәсілімен  электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  қайтадан  жүзеге 
асыру туралы хабарландыру мәтінін жариялауға міндетті.
23
 
 
                                                           
21
 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңы 
22
  «Электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізу  қағидаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы 
23
«Электрондық  мемлекеттік  сатып  алуды  жүргізу  қағидаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы  


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау