10
3. Мектеп ас блогының санитарлық-техникалық сипаттамасы
15. Сумен жабдықталыну сипаттамасы. Сумен жабдықталынудың
түрлі жүйелері мен сипаттамалары бар:
1) суық сумен қамтамасыз етілінуі____________________________
2) ыстық сумен қамтамасыз етілінуі___________________________
3) орталықтандырылған сумен жабдықталыну__________________
4) орталықтандырылмаған сумен жабдықталыну________________
5) тасымалданатын сумен жабдықталыну_______________________
6) ыстық сумен жеткілікті қамтамасыздандыру__________________
7) резервтік су қорының болуы________________________________
8) ұйымның бумен қамтамасыздандырылуы_____________________
16. Қолданылатын судың мөлшері шығын нормасы бойынша өндіріс
мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етуі керек.
17. Су құбыры жоқ елді мекендердегі, шаруашылықтардағы
мектептердің ас блоктарын сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау
көздері санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының
санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде таңдалынуы керек.
Сумен жабдықтау көздері жоқ болған жағдайда тасымалданатын суды
пайдалануға рұқсат етіледі, суды жеткізу үшін қолдануға рұқсат етілген
материалдан жасалынып арнайы таңбаланып белгіленген ыдыстар
пайдаланылады.
18. Ауыз суды таситын жəне сақтайтын ыдыстар кемінде он күнде бір
рет тазаланылып, жуылып, дезинфекцияланып отыруы керек.
19. Дезинфекция Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат
етілген дезинфекциялайтын заттармен олардың тіркелген нұсқаулық
анықтамасына сəйкес жүргізіледі.
20. Суық жəне ыстық су барлық жуғыш ванналар мен раковиналарға,
қажетті технологиялық жабдықтарға араластырғыш қондырғылары
арқылы жеткізілуі тиіс. Қолданылатын араластырғыш қондырғылардың
конструкциялары жуылып болғаннан соң колдың қайта ластануын
болдырмауы керек. Ыстық судың температурасы бөліну нүктесінде
кемінде 65°С болуы керек.
11
21.
Оқушылардың қол жуатын раковиналарын 30 оқушыға бір
раковина есебінен жасауды қарастыру қажет
.
22. Технологиялық жəне шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы жылу
жүйесіндегі ыстық суларды пайдалануға болмайды.
23. Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ететін жағдай
болмаған кезде, жуғыш бөлмелерде қажетті мөлшерде су ысытылатын су
жылыту қондырғыларын орнату керек.
24. Өндірістік жəне шаруашылық-тұрмыстық қалдық суларды
зарарсыздандыру жəне алып кету бекітілген тəртіп бойынша жүргізіледі.
25. Өндірістік жабдықтар мен жуғыш ванналар канализациялық
торларға қабылдағыш шұңқырдың төбесінен кемінде 20 миллиметр (бұдан
əрі – мм) ауалық айрықтармен қосылады. Барлық қалдық суларды
қабылдағыштардың ішкі канализациясы гидравликалық бекіткіштері
(сифондар) болуы керек. Өндірістік жəне шаруашылық-тұрмыстық қалдық
суларды ашық су қоймаларына жəне жақын территорияларға жəне де
жұтқыш құдықтар құрылғыларына жіберуге тиым салынады.
26. Канализация сипаттамасы. Канализациялардың түрлі жүйелері
мен сипаттамалары бар:
1) орталықтандырылған канализация___________________________
2) жергілікті канализация, жергілікті тазалау барысында тазалау мен
дезинфекциялау əдістерін көрсету керек______________________________
3) қалдық суларды əкету жағдайлары___________________________
4) едендердің, траптардың еңкістігінің болуы____________________
5) шұңқыр бар болса, онда барлығын көрсету керек_______________
6) автотранспорттың барлығы_________________________________
7) шұңқырды тазалау периодикасы_____________________________
8) жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау шарты______________
27. Канализациясы жоқ жерден асханалар ашқан кезде, өндірістік
жəне шаруашылық-тұрмыстық қалдық суларды алып кету үшін, жергілікті
өзіндік бөлек канализация құруды ойластыру қажет. Қалдық суларды
қабылдап алу үшін жер астынан су өтпейтін етіп бетондалынған шұңқыр
қазылады. Ауладағы əжетхана мен су өтпейтін бетондалынған шұңқыр
өндірістік үй-жайлардан кемінде 25 м алшақтықта болғаны жөн.
28. Мектеп ас блоктарының шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулар
объектілері үшін жекешеленген канализация құрылады. Шаруашылық-
тұрмыстық қалдық сулардың ішкі канализация жүйесі ішкі аулалық
12
канализация торларына өзіндік жекешеленген шығу мүмкіндігі болуы
керек.
29. Өндірістік жəне шаруашылық-тұрмыстық қалдық суларды
зарарсыздандыру жəне алып кету жұмыстары бекітілген тəртіп бойынша
жүреді.
30. Ішкі канализациялық торларды ас ішетін залдардың, өндірістік
жəне қоймалық үй-жайлардың төбесінен жүргізуге болмайды. Өндірістік
жəне қоймалық үй-жайлардың канализациялық ұстындары ревизиясыз
сыланған қораптарда жүргізіледі.
31. Жылыту сипаттамасы. Жылытудың түрлі жүйелері бар:
1) орталықтандырылған жылыту_______________________________
2) автономдық жылыту_______________________________________
3) пештік жылыту – селолық жерлердегі 200 адамдық
кішікомплектілік бір қабатты мектептерде рұқсат етіледі, от жағу
жұмыстары арнайы жекешеленген есігі бар оқшауланған жайларда
жүреді_________________________________________________________
32. Үй-жайлардың вентиляциясының сипаттамасы, оның
жұмысының тиімділігі
1) Вентиляция (жалпыалмасулық, табиғи), оның жұмысының
тиімділігі ________________________________________________________
2) Мектеп асханаларындағы ауа алмасуы ас бөлмесіндегі
технологиялық жабдықтардан бөлінетін артық шыққан жылуды сіңіріп
алуға есептелінеді.
3) Асбесттік-цементтік ауақұбырларын қолдануға тиым салынады.
4) Ылғалдардың, жылу мен газдардың көзі болып есептелінетін,
жабдықтар мен жуғыш ванналар өзіндік сорғыш жүйелерімен
жабдықталынады.
5) Ас блоктарындағы жылыту жүйелері іс жүзіндегі ҚНжЕ 4.02-42-
2006 «Жылыту, вентиляция жəне кондиционирлендіру» талаптарына
сəйкес болғаны жөн.
6) Барлық жылыту жүйелеріндегі қыздыру құралдары шаңнан оңай
тазартылуға тиіс. Қыздыру құралдарын тоңазытқыш жабдықтарының
жанына жақын қоюға болмайды.
33. Табиғи жəне жасанды жарықтандыру сипаттамасы
1) Жарықтандыру (табиғи, жасанды) __________________________
2) Жарықтандыру арматурасында қорғағыш қорғандардың (торлар),
қорғағыш шынылардың (плафондардың) болғаны талап етіледі_________
Достарыңызбен бөлісу: |