7
8) тағамдық өнімдер – адамдар тамақтануға пайдаланатын табиғи
түрдегі немесе өңделген тағамдық өнімдер, оның ішінде балалар тағамы,
бөтелкелердегі сулар, тағамдық қоспалар немесе тағамға биологиялық
белсенді қоспалар;
9) жартылай дайын тағамдар – ыстық өңдеуден өтуге алдын ала
дайындалған шикі тағамдық өнімдер. Олар еттік, балықтық, көкөністік,
ұндық жəне құс еттерінің тағамдарына бөлінеді;
10) еттік жартылай дайын тағамдар – табиғи, шабылған жəне
аунатылған болып бөлінеді:
10.1) табиғи – үлкен кесекті немесе ұсақ кесілген ет кесектері
(кесінділер, рагу, гуляш);
10.2) шабылған – фарш жəне содан жасалған тағамдар
(шницелдер, котлеттер);
11) ұннан жасалынған жартылай дайын тағамдар – түрлі түрдегі
қамырлар жəне ұн тағамдары үшін жартылай дайын тағамдар;
12) көкөністік жартылай дайын тағамдар –тазартылған шикі
көкөністер, котлеттер, шницелдер;
13) құс етінен жартылай дайын тағамдар – тұшасы, филе, тауық
сирақтары, котлеттер, сорпалық жиынтықтар жəне басқалар;
14) балықтық жартылай дайын тағамдар – тазаланған балық тұшасы
жəне кесектелініп кесілген, қайнатуға жəне қуыруға арналған порциялық
балық кесектері, котлеттік жəне кнельдік массалар, олардан жасалған
өнімдер;
15) азық-түлік шикізаттары – тағамдық өнімдерді дайындауға
пайдаланылатын өсімдіктік, жануарлық, микробиологиялық, минералдық,
жасанды тектестер жəне су;
16) тауарлық көршілестік –тауар сапасына əсер ететін олардың
ластануы мен бөтен иістердің сіңуін болдырмау үшін шикі жəне дайын
тағамдық өнімдерді бірге сақтау жəне бірге таратуды болдырмау керек;
17) жылдаммұздатқыш камера – төмен температуралық тəртіптегі
минус 28°С жəне одан да төмен темпаратурадағы үй-жай;
18) тез бұзылатын тағамдық өнімдер – қатаң регламенттелінген уақыт
ішінде арнаулы тасымалдау, сақтау жəне тарату жағдайын талап ететін
тағамдық өнімдер;
19) санитарлық брак – технологиялық операцияларды, тасымалдау
жəне қоймада сақтау ережелерін бұзудан пайда болған өзгерістер,
тағамның түйсіктік жəне тұтыну қасиеттерінің өзгеруіне байланысты оны
тікелей іске пайдалануға болмайтын бұзылыстары;
8
20) санитарлық күн – үй-жайды түбегейлі жалпылама жинауға,
жабдықтар мен құрал-саймандарды жууға, керек болған жағдайда –
дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуге арнайы бекітілген күн
(кемінде айына бір рет);
21) технологиялық жабдықтар – өндіріс жұмысына қажетті
механизмдердің, машиналардың, құрылғылардың, құрал-саймандардың
жинағы;
22) нормативтік құжаттар – тағамдық өнімдердің сапасы мен
қауіпсіздігіне, олармен жанасатын материалдар мен заттардың сапасы мен
қауіпсіздігін қадағалауға, тағамдарды дайындауға, сақтауға, тасымалдауға,
тарату мен пайдалануға, сапасыз немесе қауіпті тағамдық өнімдерді жəне
материалдар мен заттарды жоюға қойылатын талаптарды бекітетін
стандарттар, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық жəне фитосанитарлық
ережелер мен нормалар жəне басқа нормативтік құқұқтық актілер;
23) сақтау мерзімі – бекітілген сақтау ережелерін ұстанған жағдайда
тағамдық өнімдердің нормативтік құжатта көрсетілген мезгіл ішіндегі өз
қасиетін жоғалтпауы;
24) жарамдылық мерзімі – сақтау мерзімі өткен тағамдар пайдалануға
жарамсыз деп танылатын уақыт;
25) санитарлық киім – персоналдың сақтық киімінің кешені, ол
шикізаттарды, көмекші материалдарды жəне дайын тағамдарды
механикалық заттармен, микроорганизмдермен жəне өзге
ластандырғыштармен ластанудан сақтайтын арнаулы киім.
2. Мектеп ас блогының жалпы сипаттамасы
9
3. Объект атауы ______________________________________________
________________________________________________________________
4. Мекен-жайы жəне орналасқан жері ___________________________
________________________________________________________________
5. Меншік түрі________________________________________________
________________________________________________________________
6. Жетекшісінің фамилиясы, аты, əкесінің аты, телефон нөмері______
________________________________________________________________
7. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының
санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының барлығы ____________
________________________________________________________________
8. Эксплуатацияға енгізу күні___________________________________
9. Жобалық қуаты ____________________________________________
іс жүзінде __________________________________________________
10.Территорияны жайлыландыру
Территория келесі талаптарға сəйкес болуы керек:
1) қоршаудың болуы_____________________________________
2) көгалдандырылғандығы________________________________
3) асфальтталынғандық___________________________________
4) қатынастық жүру жолдарының болуы, олар_______________
а) кіру жолдары_______________________________________
б) шығу жолдары______________________________________
11. Санитарлық күндер өтізілуі графигінің болуы _____________
12. Профилактикалық дезинфекциялық, дератизациялық жəне
дезинсекциялық жұмыстар өткізуге Келісімнің болуы (Келесім №, кіммен)
________________________________________________________________
13. Қоқыс жинағыштар саны ______________________________
14. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға келісім _____________