59
ріне әндер жазылған. Сол әндерінің бірі – «Туған жер».
Ән: «Туған жер». Қамзина Назерке,Сыдықова Гүлзинат.
1-жүргізуші: - Адам туады, адам өледі.
Мұнда тұрған қайғы не?
Бұл – жаратылыс заңы.
Біздің шығыс елдері «адам – дүниеге келген қонақ, біраз
қонақтадың, енді аттануың керек» деседі.
Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана
бермейді, ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.
Халқымыздың даналарының қалдырған мұрасынан нәр
алған Қасым Аманжолов көптеген қазақ ақын-жазушыларына
арнау өлеңдерін жазған.
Тауданбекова Бақыт: «Сырбайға».
Қожахметова Аида: «Мұхтар ағаға».
Мамырбаева Айым: «Бауыржанға».
Сыдықова Гүлзинат: «Абайға айтарым».
Құсман Еркежан: «Жамбылға».
1-жүргізуші: - «Сүю» деген жалғыз сөзде қандай ұлы
күш бар! Солай емес пе, Айдана?!
2-жүргізуші: - Иә, Еркежан! Қасым Аманжолов атамыз
махаббат пен сүйіспеншілік тақырыбын жырламай кеткен
жоқ.
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?!
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар.
Нұрғалиев Айдар: «Сүйемін мен Испанканы».
Нұрғалиев Айбар: «Айтшы, жаным».
Ахметжанова Арай: «Cүйдім дедің».
Жұмағалиев Әділ: «Сабыр етші».
Кеңесова Айдана: «Әлде...».
2-жүргізуші: - Ақынның анаға, сүйген жары – Сақыпжа-
малға, қызы – Дариғаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі де
60
жыр жолдарынан орын алған.
Айтымбетова Іңкәр «Сақыпжамалға», «Дариғаға»
өлеңдерін оқиды.
Мұхамадиева Майгүл «Балам ауырғанда» өлеңін оқиды.
2-жүргізуші: - Еркежан! Патриот деп қандай адамды
айту керек?
1-жүргізуші: - Қазақ халқының біртуар ақыны
Б.Момышұлы айтқан екен: «Патриотизм – Отаным, сені
сүйем. Сен үшін құрбан болуға даярмын» деген құрғақ сөзді
гүмпілдете беру емес. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді
іспен дәлелде. Ата – анасын сыйлаған шәкірт, студент
сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды,
шаруагер, әділ, адал болып өседі. Іс деген осы, патриотизм
осыдан басталады».
2-жүргізуші: - Әкелді елге зор қасірет, қайғыны
Қанды қырғын – Ұлы Отан соғысы.
Жапа шекті халқымыздың барлығы,
Мұңға батты ата – баба қонысы.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қаншама
қыршындардың өмірін қиды. Осы соғысты көзімен көрген,
қан майданында арпалысқан жанның бірі – Қасым еді. Оның
соғыс тақырыбындағы өлеңдері ақынның өмірге деген
құштарлығы мен майдан арпалысы.
1-жүргізуші: - «Қоштасу».
Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Сыналар күні жігіттің,
Қош бол, досым, сөз қысқа!
Зіл боп ойым, мен кеттім
Сұрапыл бір соғысқа!
Зарлықанова Жансая: «Достар».
61
Сайлаубекова Толқын: «Достар, қайда жүрсіздер?».
Қайырғазинова Анар: «Сен фашиссің».
Серікқанова Талшын: «Дариға, сол қыз».
Ән «Майданға».
Нүркешев Сайранбек: «Елге хат».
Молдашев Айдар: «Ұлы күтіс».
1-жүргізуші: - Ақынның поэмалары – қан майдандағы
өмір мен өлім, қасқырдай анталаған жауға қарсы ашынуы,
дос туралы жаназасы. Ата жаумен арпалысқан ұланды
ұлы ететін, жаужүрек батыр ететін – оның Отанына деген
махаббаты.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын майданда мерт
болған жан досы – Абдолла Жұмағалиевтің рухына арнады.
2-жүргізуші: - Жақын жолдасыңның қиналып барып жан
тапсыруын көруден ауыр не болады дейсің! Ол – жаныңа
жаны қосылған досыңның өлімі, ол – тізе қосып, бірге
алысқан жолдасыңның өлімі!
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді.
Сахналық көрініс: Абдолла рөлінде – Нұрлан Еңсегенов.
1-жүргізуші: - Елін, жерін сүйген адам ғана батырға
айналады. Ол батырларымыздың есімі – ел есінде.
2-жүргізуші: - Әлия мен Мәншүк, Б.Момышұлы,
Т.Тоқтаров, Қ.Қайсенов есімдері ешқашан ұмытылмақ емес.
Бердюгина Алена: «Алтын жұлдыз».
Мұғалім: - Қазақ халқының қаһарман батыры Қасым
Қайсенов өзінің «Аттас аға» естелігінде: – «Соғыс
аяқталған кез. Алматыда жүрмін. Майданнан оралған ақын-
жазушыларды Жұмекеңнің (Саин) ауызынан естіп көруге
асығамын. Бір күні оның үйіне барсам бір адам домбыра
шертіп отыр екен».
- Міне, енді танысып қойыңдар. Мына кісі – Қасым
Аманжолов деген ақын ағаң, бұл жуырда майданнан келді,-
деді Жұмағали маған бұрылып.
62
- Мынау да – Қасым, аттасың, бұл – партизан, партизан
болғанда мықтының өзі! Украинада мұны «Вася» дейді
екен,- деп мені Жұмағали ол кісіге көпірте таныстырды.
- Е, менімен бірге Украинадан бір партизан келді деп
едің. Аттас екенсің ғой,- деп, Қасекең менің қолымды қайта
қысты.
Отанын сүйсе, оны Қасым ағадай сүйсін! Не деген
патриот! Бір басына азаматтық, патриоттық, ақындық,
композиторлық, домбырашылық өнердің сыйып тұрғанына
таң қаласың!
Осы ағамен 1995 жылы мәйіті басында сақшыдай тік
тұрып: «Хош, аса дарынды аяулы аға, топырағың торқа
болсын!»- деп қоштастым.
Ол аға армандаған туған еліне жетті, туған жерінен
топырақ та бұйырды, бірақ арамыздан ерте кетті.»
1-жүргізуші: - Қасым поэзиясы Отанды сүюге, қастерлеу-
ге үндейді, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа
баулиды. Ақынның өмірге, келешекке артатын сенімі, үміті
мол! Бүгінгі өткізіп отырған кешіміз – соның бір дәлелі.
2-жүргізуші: - Қасым Аманжоловтың туғанына – 100
жыл, Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған әдеби кешімізді
аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ.Аманжолов. Дариға, сол қыз. Өлең жырлары. А.,
«Атамұра», 2003 ж., 212-бет;
2. М.Мақатаев. Жырлайды жүрек: Өлеңдер мен поэмалар.
1989 ж., 35-бет;
3. Қазақ әдебиеті: 11-сыныбына арналған оқулық. А.,
«Мектеп», 2007 ж.;
4. Қасым Қайсенов. Естеліктер мен жазбалар. А.,
«Атамұра», 2002 ж., 304-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |