Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет4/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

12

13

оқушының  сабаққа  қатысып,  материалды  дұрыс, 



саналы түсінгендерін қадағалап отыру. 

3)  Сабақты  белгілі  бір  қалыптасқан  қарқынмен 

өткізу:  көпсөзділікке  жол  бермеу,  тарсырмалардың 

анық, айқын болуы, қайталаудың жүйелі жүргізілуі.

4)  Көрнекі  құралдарды,  техникалық  құралдарды, 

тақтаны дұрыс пайдалана білу, т.б. 

Сабақ  барысында,  ең  бастысы,  студенттермен 

эвристикалық,  шығармашылық  мақсат-міндеттерді 

іске  асыруға  болады.  Қазіргі  кезде  бұларды  «ашық», 

ал  шетелде  «креативтік»  деп  те  атайды.  Оларды 

іске  асыру  үшін  «миға  шабуыл»  (ары  қарай  –  МШ) 

технологиясын қолдануға болады. Бұл технологияның 

мақсаты  –  шығармашылық  тұрғыда  ойлауды  дамыту. 

МШ технологиясының тиімді жақтары:

1)  оқушылар  өз  ойын  қысқа  әрі  нақты  айтуға 

дағдыланады;

2)  МШ  негізінде  іскерлік  ойын  ұйымдастыруға 

болады;


3)  шабуылға  қатысушылар  бір-бірін  тыңдауды 

үйренеді;

4)  оқытушы  «қиын»  не  ұяң  студенттің  тапқан 

шешіміне,  идеясына  көңіл  бөлу  арқылы  оны  қолдап, 

өзіне деген сенімін тудыра алады; 

5)  студенттердің  ұсынылған  идеялары,  тапқан 

шешімдері  тақырыпты  меңгертудің  жаңа  жолдарын 

табуға көмектеседі.

Оқушыларды  алдымен  МШ-ның  талаптарымен 

таныстыру  қажет.  МШ  бірнеше  кезеңнен  тұрады. 

Алдымен  студенттерді  7-9  адамнан  тұратын  шағын 

топтарға бөлу керек. Оқытушы әр топтың жүргізушісін 

таңдайды.  Олардың  міндеті  –  ережелердің  дұрыс 

орындалуын  қадағалау.  Әр  топ  айтылған  барлық 

ұсыныстарды жазып отыратын өз хатшысын сайлайды. 

Содан  соң  оқытушы  ортаға  салған  тақырыптың, 

мәселенің  шарттарымен  таныстырып,  әр  кезеңге 

бөлінетін уақытты белгілейді (әдетте жиырма минуттай 

уақыт жетеді). 

Бірінші кезең. Идеялар (ойлардың) қорын құру. 

Кезеңнің  мақсаты  –  тіпті  адам  нанғысыз,  жөнсіз 

болса  да,  неғұрлым  көп  идеялар,  шешімдер  жинау. 

Сондықтан  жүргізуші  әр  сөйлеушінің  шешімін, 

ұсынысын  мақтап  отыру  керек.  Себебі  бұл  кезеңнің 

ең басты ережесі – ешкімді сынауға, сөгуге болмайды. 

Бұл  өте  маңызды.  Осындай  жағдайда  ғана  оқушы 

қысылмай,  өзін  еркін  ұстап,  белсенділік  танытады. 

Бұл  әдіс  өзіңдікіне  ұқсамайтын,  басқа  пікірге  құлақ 

түріп, түсініп, шыдамды болуды үйретеді.  Осы кезде 

оқытушы  бақылаушы  ретінде  артынан  талқыланатын, 

түзетілетін  шешімдерді  жазып  алып,  жүргізушілердің 

кеңесшісі рөлін атқарады. 

Екінші кезең. Қорда жиналған идеяларды талқылау. 

Студенттер  өзара  барлық  ұсыныстарды  жан-жақты 

талқылап,  әрқайсысының  тиімді,  пайдалы  жақтарын 

табу  керек.  Яғни,  олар  дұрыс  па,  бұрыс  па  екенін 

дәлелдейді. МШ-ға қатысушылардың бәрі өз пікірімен 

бөлісіп,  бұл  ойды  жетілдіріп,  қандай  жағдайда 

қолдануға болатынын айтуы тиіс.

Үшінші кезең. Нәтижені өңдеу.




14

15

Әр  топ  ең  қызықты  2-5  шешімді  таңдап  алып, 



спикерді  тағайындайды.  Спикер  айтылған  пікірлерге 

сүйене  отырып  таңдап  алынған  шешімдер  туралы 

оқытушы  мен  барлық  студенттерге  баяндап  береді. 

Бұл  әдіс  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытып, 

тақырыпты терең меңгерулеріне көмектеседі.

МШ-да  талқыланатын  тақырыптар  алдын-ала 

қарастырылып,  қызықты  болғаны  дұрыс.  Әрине,  әр 

оқытушы  өзінің  тәжірибесіне,  сабағының  мақсатына 

қарай қалағанын, қажеттісін таңдап алады.

Біз  сапалы  білім  беру  мәселесі  төңірегінде  белгілі 

ғалымдардың  ой-пікірлерін  саралай  келе,  оқытудың 

инновациялық әдіс-тәсілдеріне тоқталдық. Кәсиби қазақ 

тілін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану 

–  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Педагогикалық  жаңа 

технологияны  қолдану  сабақты  сапалы  түрлендіруге 

және жаңашыл жобалар жасауға негіз болады.

Жаңа  заманның  жан-жақты  дамыған  адамын 

тәрбиелеудің  оңай  еместігін  ескеріп,  педагогтар 

оқытуды  ізгілендіру  аспектілерін  тиімді  пайдаланып, 

шығармашылықпен еңбек етуге тиіс.



Әдебиеттер:

1  Назарбаев  Н.  Бәсекелестікке  қабілетті  Қазақстан 

үшін.  Бәсекелестікке  қабілетті  экономика  үшін. 

Бәсекелестікке  қабілетті  халық  үшін.  Қазақстан 

халқына жолдауы. Астана: Ақорда KZ 62012.

2  Қадашева  Қ.  Жаңаша  жаңғыртып  оқытудың                                                                                                                                  

ғылыми 

әдiстемелiк 



негiздерi: 

өзге 


тiлдi 

дәрiсханалардағы  қазақ  тiлi:  Пед.  ғыл.док.  дисс.  

Алматы, 2001. 301-б.

3  Оразбаева  Ф.Ш.Тілдік  қатынас:теориясы  және 

әдістемесі, Алматы, 2000, 207-б.

4.  Шаханова  Р.А.  Қазақ  тілін  оқытуда  мәтіндердің 

жалпы  сипаттамасы//  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетінің  хабаршысы.  Филология 

сериясы. N8-2004.

5.  Жорақпаева  М.Д.  Ет-сүт  биотехнология  бөлiм 

студенттерiне  қазақ  тiлiн  тыңдалым  әрекетi  арқылы 

оқыту  әдiстемесi:  Пед.ғыл.канд.дисс.  Алматы,  2002. 

-156б.

Резюме

В  данной  статье  расссматривается  вопрос  подбора 

методики  в  процессе  обучения  профессиональному 

казахскому языку.А так же акцентируется внимание на 

эффективность  использования  деловых  или  ролевых 

игр  ориентированные  на  поэтапное,  функциональное 

участие каждого из студентов в процессе занятия.

Summary

This article discusses the selection of methods in the 

learning process of professional Kazakh language. Also  

focuses on the effectiveness of the use of business and role-

playing games aimed gradual, functional part of each of the 

students in the class.




жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау