Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет14/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

56

57

өз даму деңгейіне сәйкес оқушының ойы шыңдалып, қазіргі 



кездегі  мол  ақпарат  заманында  өзіне  қажеттісін  таңдай 

білуге дағдыланады және белгілі жетістіктерге жетері сөзсіз. 

Оған  менің  нақты  жұмыстарда  көзім  жетуде.  Сонымен, 

сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясымен    жұмыс  істеу 

баланың    танымдылық  белсенділігін  арттырумен  қатар 

оның шығармашылығын да дамытып, өз бетінше білім алу 

дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Нақты   тәжірибемнен мысал келтіретін болсам, аталған 

стратегияларды қолданып өткізген сабақтарымда оқушылар 

өз  пікірлерін  ашық  айтып,  ойларын  ұштап,  өздеріне  деген  

сенімділік тудырды. Ойларын жалаң ғана білдірмей, дәлелді 

сөйлеуге  дағдыланды.  Ой  қорытып,  нәтижеге  жетіп,  қалай 

оқу  керектігін  үйренді.  Мұндағы  тиімді  әдістер  диалог, 

әңгімелесу,  сұрақ-жауап  деп  ойлаймын.Сабақ  барысында 

оқушы – басты тұлға, басты кейіпкер. Ол білім алу үшін терең 

ойланып, ізденеді, зерттеу дағдыларын игереді. Сабақтарым 

негізінен    диалогке    құрылады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  

модулінде талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен 

ерекшеленеді.  Диалог  барысында  балаларға  баламалы 

мүмкіндіктер  беріліп,  басқа  адамның  көзқарасын  тыңдап, 

дамуын  ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. 

Оқушылар  өздерінің  құрдастарымен,  сарапшылармен 

диалог  жүргізу  барысында  тәжірибе  жинақтап  және  ой-

әрекетінің  жоғары  деңгейіне  көтерілуге  талпына  отырып, 

баламалы  мүмкіндіктер  туралы  сын  тұрғысынан  ойлап, 

зерттеу  жүргізуге  қабілетті  бола  түседі.  Түсінуді  басты 

назарға  ала  отырып,  ынтымақтастықпен  білім  алу  немесе 

мәселені  шешу  үдерісі  оқушылардың  тиімді  дәлелдерді 

жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.  Мен құрған сабақтарда 

диалог  жүргізудің  ережелері  туралы  келісім  бар,  сыныпта 

диалогтік үлгі құрылған, оқушылар бір-бірімен жаңа және 

ең тиімді тәсілді  іздестіреді және мағына құрудың бірлескен 

тәсілдерімен әрекет ете отырып, жұмыс істеуге тырысады. 

Мен  оқушылардың  қызығушылығы  мен  әр  оқушының  

ерекшелігін  түсініп,  олардың  қарым-қатынасы  мен 

сезімдеріне зейін  аударып отырамын. «Оқушы мен оқушы» 

немесе  «оқушы  мен  мұғалім»  арасындағы  диалогті  дұрыс  

жолға бағыттау арқылы көп нәтижелерге қол жеткіздім. 

Оқушылардың  жарыса  диалогтік  әңгімеге  түсуі,  жаңа 

сабақты  қызығушылықпен  игеруі,    белсенділігі  төмен 

оқушылардың    ашылуы  мен  үшін  ерекше  қуаныш  болды.   

Соңғы зерттеулерге сүйенсек, сыныптағы қарым-қатынаста 

өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен 

диалогтің мұғалім мен оқушы арасында мағына мен білімді 

игерудегі бірлескен іс-әрекетке  тартылуымен қатар, жоғары 

деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне және зияткерлік 

қырларының  дамуына  ықпалын  тигізеді.  Сондықтан 

балаларды диалог пен дәйектерді  талқылауға тарту белсенді 

жүргізілген    жағдайда,  олардың  оқуы  тиімдірек  және 

нәтижелі жетістіктері жоғары болады деп есептеуге болады.

Жалпы  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушылар  белсенді 

болады,  олар  сұрақ  қойып,  мағынаны  анықтау  үшін 

дәлелдер  айтып,саналы  түрде  мақсатқа  жету  жолын 

таңдайды  және  олар  өзгерістерге  ашық  болады.  Бала  сын 

тұрғысынан  ойлана  отырып,  өз  пікіріне  ұтқыр  түсініктеме 

табады, кез келген мәселеде жауаптар емес, сұрақтар табуға 

ұмтылады.  Дәлелдермен  сөйлеп  дағдыланады.  Барлық 

жасалған  қорытындыларды  бағалай  біледі,  дәлелдердің 

маңыздылығы мен деңгейін түсініп қолдай алады. Басқа да 



58

59

болжам, мүмкіндіктердің болуын және оның орынды екенін, 



артықшылығын  мойындайды.  Барлық  айтылған  көзқарас  

пен дәлелдерді есепке алып, көңіл бөледі. 

Сонымен  қатар,  мен  әр  сабағымнан  кейін  рефлексивті  

есеп  бере  отырып,  әр  оқушының  ерекшелігін  және  өзіме 

қажетті  жаңа  ақпараттарды  біліп  отырамын.  Соған  орай 

келесі сабағымды ұйымдастырамын.

Ал баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлауда 

рефлексивті білім беруге жатады. Оқушылар өзін-өзі бағалау 

арқылы да көп нәрсеге басқаша қарауға үйренеді. Өзін-өзі 

бағалау  жұмысының  бастапқы  кезеңінде  оқушылардың 

қиналғанын  байқадым.  Бірақ  бұл  тәсіл  нәтижелі  болды. 

Оқушылар өзінің кемшілігін білу арқылы келесі сабақтарға 

бағыт, жоспар құра алды. Яғни, олар өз-өздеріне есеп бере 

отырып реттелді.

Ал топтық жұмыс барысында құрылған топ ережелері топ 

ішінде  оқушылардың өздік реттелуіне көп септігін тигізді. 

Топпен жұмыс барысында ынтымақтастық атмосферасының  

құрылғаны  да  байқалды.  Мұндай  жұмыстар  барысында 

«Автор  орындығы»,  РАФТ,  ИНСЕРТ,  дискуссиялық  карта, 

Венн  диаграммасы,  Блум  өлшемдері,  Жигсо  әдісі,  т.б. 

әдістерін  бұрын да қолданушы едім. Сонымен қатар, сын 

тұрғысынан  ойлау  әдісі  бойынша  өтілген  сабақтарымда 

қалған  модульдерді  де  еркін  енгізуге  болатынына  көз 

жеткіздім.

Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

пайдалану – заман талабы. Оқушылардың қызығушылығын 

ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды модуль бойынша 

кіріктіріп  пайдаланамын.  Өйткені  қазіргі  оқушылар 

кітапханаға  барғаннан  гөрі  интернетпен  жұмыс  жасауға 

көбірек  қызығушылық  танытады.  Сондықтан  заман 

талабына  сай  жеткілікті  дәрежеде  сандық  сауаты  бар, 

өмір  жағдайларының  барлық  аспектілерінде  жаңа 

технологиялардың  бар  мүмкіндіктерін  пайдалана  алу 

дағдыларын  қалыптастыру,  оны  өмірлік  қажеттіліктеріне 

қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеу – менің    міндетім.

Қорыта айтқанда, тәжірибе барысында  аталған модульдің 

оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамытуда  алатын  орны  ерекше 

болғандықтан,  басты  бағыт  болу  керек  деп  ойлаймын. 

Сонымен  қатар,  оқушылар  арасында  бір-бірінің  пікірімен 

санасу, сыйластық қарым-қатынастың негізі қаланады; өзін 

жеке –дара тұлға ретінде тануына жол ашылады; ең бастысы, 

өз  ойын  ашық,  еркін  айтуға,  пікір  алмасуға  дағдыланады; 

оқушының  жоғары  деңгейде  коммуникативтік  қарым-

қатынас жасай білу дағдылары дамиды; өзін-өзі, бірін –бірі 

бағалауға;  мұғаліммен  еркін  сөйлесіп,  пікір  алмастыруға; 

достарының  ойын  тыңдап,  проблеманы  шешу  жолдарын 

іздей  отырып,  қиындықты  шешуге  көмектесуге;  белсенді 

шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.

Балалардың  күннен-күнге  қолжетімділігі  артып  келе 

жатқан  анағұрлым  кең  коммуникациялық  үдерістерге 

тиімді  және  ойдағыдай  қатысуына  мүмкіндік  беретін  сын 

тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту – заман 

талабы екені айқын.



Әдебиеттер:

1 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2  «Педагогикалық  диалог»    ақпараттық-әдістемелік  

журнал.



жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау