100
101
Сыныптан тыс жұмыс
Г.ХАМЗИНА,
Отрадный орта мектебі.
Ақмола облысы,
Бұланды ауданы
«ХАНТАЛАПАЙ» ОЙЫНЫ
Мақсаты: білімділік-оқушылардың алған білімдерін
тиянақтау, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөз
байлығын тексеру, ойын дамыту; дамытушылық- ауызша,
жазбаша, ойлау, сөйлеу қасиеттерін дамыту; тәрбиелік-
оқушылардың белсенділігін, тілге деген қызығушылығын
ояту.Типі: қорытынды сабақ. Түрі: сайыс сабағы.Әдіс-
тәсілдері: топпен, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: топтың аты
жазылған кәртішкелер, тірек-сызбалар, асықтар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
-
Қазақ халқының қандай ойындарын білесіңдер?
-
Сіздерге қандай ойындар ұнайды?
ІІ. Бүгінгі сабақ «Ханталапай» ойыны.Ол үшін екі топқа
бөлінеміз. І топ -«Тапқыштар». Ұраны: «Тапқыр болсаң,
талас жоқ!» ІІ топ-«Шешен».Ұраны: «Не болса да шешеміз!»
1. Таныстыру.
2. Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
3. «Ханталапай» ойынын бізге Никита таныстырады.
Ойын шарты: кімде-кім көп асық жинаса, сол «жеңімпаз»
болады. Ендеше тақтада әр түрлі (қызыл, сары, көк) асық
салынған конверттер ілулі тұр. Әр конвертке 10, 20, 30, 40,
50... сандарына сәйкес тапсырмалар салынған.
- Ойынды кім бастайды? Топ басшыларын ортаға шақырайық.
Санамақ:
Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап.
Кім алманы табады?
Сол ойыннан шығады.
№10 асық тапсырмасы:
Әріптерден сөз құрастыру.
№10 асық тапсырмасы: Сөздің басы мен аяғын табу.
Жылыжасылүлкентазадәмдітәтті.
№10 асық тапсырмасы: Әріптерден сөз құрастыру.
№20 асық тапсырмасы: Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
1. Шешеммен, мен, сабаққа, бардым.
2. Қызықты, Алмат, кітап, оқыды.
Көрермендермен «Әтеш» ойыны. (Екі оқушыға бір парақ
қағазға арқаларына сөз жазып,бір-біріне қарама-қарсы
қойып оқыту)
№20 асық тапсырмасы:
Мына сөздерге көптік жалғау жалғаңдар.
Қалам, дәптер, доп, қағаз, сөмке, парта, жеміс, көкөніс.
№20 асық тапсырмасы:
Сөздердің аудармасын табыңдар.
Ұшақ, күн тәртібі, түсте..
№30 асық тапсырмасы:
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойыңдар.
Мұғалім бізге ноталар.. үйретті. Ол домбыра... жақсы
ойнайды. Марат домбыра үйірмесі... барады.Айгүл қобыз..
жақсы тартады.
Көрермендермен «Ұшты-ұшты» ойыны.
№30 асық тапсырмасы:
Сөз құрастыру.
Б -.
Б - -.
4.Кім жаңылтпашты тез, жаңылмай айтады?
Бұл-бір піл, бұл бір-ірі піл.
№40 асық тапсырмасы: мәтінді аудару.
Қазақстан.
Біздің Отанымыз-Қазақстан.
Қазақстанның өз туы, әнұраны, елтаңбасы бар.Қазақстан
Республикасының Президенті –Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы - Астана.
Астана-жас қала. Қазақстан –үлкен мемлекет.
№50 асық тапсырмасы: кластер құрастыру.
Әр топтан бір оқушы қорғайды. Осымен ойын
аяқталды, сіздерге көп рақмет! Қай топтың асығы
көп екен? Енді әділқазылар мүшелеріне сөз беріле-
ді.
102
103
Қ.ТЫШТЫБАЕВА,
Михайлов орта мектебі.
Ақмола облысы,
Аршалы ауданы
«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ»
Мақсаты: оқушылардың білімін сарапқа салу, сынау
арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, логикалық
қабілетін дамыту, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып
шыға білуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд–шоу,
роликтер.
Сайыстың барысы:
Мұғалімінің кіріспе сөзі.
-Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды
болашаққа білімді ұрпақ бастап барады»,- деген сөзін
алға қоя отырып, «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына
жәрдем ет»- демекші, әрбір жұлдыз өмірден лайықты
өз орнын таба білуі тиіс. Ендеше, көкте жұлдыз болып
жарқырауларыңа сәттілік тілейік.
- Құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі болғалы
отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысымызға
қош келдіңіздер! Бұл сайыстың мақсаты-қазақ тілі
пәнінен алған білімдеріңнің нәтижесін көрсету, білімнің
адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.
Олай болса біз біліміміздің артып, санамыздың
оянғанын осы жиналған қауым алдында көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге, білім бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда,-
дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші.
Ана тілім – желбіреген туымсың,
Ана тілім – шуақ төккен туымсың,
Тілім менің – бар байлығым, алтыным,
Ана тілім – жасыл желек нуымсың,
Ана тілдің арқасы ғой бәрі де,
Тілсіз мүлдем сөйлей алмас жас –кәрі де,
Ана тілді құрмет тұтып әрқашан
Тілімізді дамытайық әлі де.
Жүргізуші.
- Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық
тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас
құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы
мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында
республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі,
мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазіргі таңда қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі.
Мемлекетімізде мемлекеттік тілді қадірлей отырып,
барша ұлт өкілдерінің өз ана тілін кең ауқымда қолдана
алуларына, оқуына, дамытуына жағдай жасалған.
Жүргізуші.
- Бүгінге дейін ата-бабамыздың арманы, тер
төккен еңбегінің нәтижесі болған – Тәуелсіздік
біздің – бағымыз. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық
қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл–
ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар
мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық
келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің
өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – баршамыздың
жетістігіміз. Назарды экранға аударайық.
(ҚР тарихына байланысты ролик көрінісі)
Музыкалық үзіліс.
Ксенбай Алмас «Мен қазақ» әнін орындайды.
Жүргізуші.
- Бір көрген-біліс, екі көрген-таныс, демекші,
өз білімдерін сарапқа салар сайыскерлерімізді
қошеметпен ортамызға шақырайық. Бұл 4 және 10-
сынып оқушылары.
Жүргізуші.