17
болады. Маған алма, өрік ұнайды.
Мұндай тапсырманы орындау балалардың өз ойын
қазақша жеткізе білуіне, қазақ тіліне тән дыбыстар
кездесетін сөздерді дұрыс айтуға, батылдыққа, пәнге
қызығушылығының артуына оң әсерін туғызады. Осы
тақырыпқа байланысты мынандай ойындар ойнатуға
болады: «Иә-жоқ», «Кім тапқыр?», «Бәйге», т.б.
4-сыныпта «Мектеп өмірі» тарауын өткенде балалар
әр түрлі пәнге байланысты сабақтар өтеді. «Қазақ
тілі сабағында», «Орыс тілі сабағында», «Математика
сабағында», «Дене тәрбиесі сабағында», «Ән сабағында»,
«Еңбекке баулу сабағында», «Бейнелеу өнері сабағында»,
т.б. Онда оларға әр пәнге байланысты мәтін, сөйлесу,
түрлі жаттығулар берілген. Алайда оқулықта берілген
материалдарды оқып-үйрену жеткіліксіз. Біздің мақса-
тымыз – оқушының өзін іздендіру, өз бетімен жұмыс істей
алуға бағыттау болғандықтан, сол мақсатқа лайықты
жұмыс түрлерін жүзеге асыруға, тіл үйренуде өзіндік
ізденісін ұштауға көңіл бөлеміз. «Қазақ тілі сабағында»
тақырыбын өткенде мынандай сөйлесу берілген:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, Анар Саянқызы!
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Қазір – қазақ тілі сабағы.
- Сабаққа сендер не әкелдіңдер?
- Сабаққа біз кітап, дәптер, күнделік, сөздік дәптері,
қалам әкелдік.
- Балалар, сендердің сөздік дәптер әкелгендерің жөн-ақ.
- Оған не жазамыз?
- Оған сендер жаңа сөздер жазасыңдар.
- Саша, сен қазақ тілін үйренгің келе ме?
- Иә, үйренгім келеді.
18
- Саған қазақ тілі ұнай ма?
- Иә, өте ұнайды.
Бұдан соң 2-тапсырмада оқу жылының неше тоқсаннан
тұратыны, әр тоқсан қашан басталып, қашан аяқталатыны
берілсе, 3-тапсырма сурет бойынша жұмыс істеуге,
4-тапсырма сөйлем құрауға берілсе, әрі қарай фонетикалық
талдау, сөйлемді аудару сияқты тапсырмалар бар. Міне, осы
тапсырмаларды орындатып қана сабақ өту өте жұпыны
болар еді. Осы сабақта не істейтінімізді талдап көрейік.
Алдымен қазақ тілі сабағына не әкелетінімізге тоқталайық.
Әдетте, кітап деген сөзбен 1-сыныпта-ақ танысатын
болғандықтан, оқулық деген сөзді қолдандырып үйреткен
жөн. Сонымен, «Қазақ тілі сабағына не әкелеміз?»– деп
сұраймын.
Оқушылар былай жауап береді:
- Қазақ тілі сабағына біз оқулық, дәптер, сөздік дәптері,
қалам, күнделік әкелеміз.
- Кесте сызу үшін не әкелеміз?
- Қарындаш, өшіргіш әкелеміз?
- Тағы не әкелеміз? (Кейбір таныс емес сөздерді білу
үшін)
- Қазақша-орысша сөздік кітабын әкелеміз.
- Келесі сұраққа көшеміз.
- Қазақ тілі сабағында мұғалім не істейді? ( Мұндайда
дәптерге кесте сызғыза отырып жұмыс істеу ыңғайлы,
балалар ауызша жауап бере отырып, тақтада және дәптерде
жазба жұмысын қатар орындап отырады).
Тақта ортасына мұғалім деп жазып, сызықтар арқылы
кесте сызып көрсетеміз. Оқушылар ауызша жауап бере
отырып, бір мезгілде өз жауаптарын тақтада және дәптерге
жазып отырады.
19
1. амандасады;
2. үй тапсырмасын сұрайды;
3. үй тапсырмасын тексереді;
4. тақтаға жазады;
5. сабақ түсіндіреді;
Мұғалім 6. жаңа сөздермен таныстырады;
7. тапсырма береді;
8. балаларға көмектеседі;
9. жұрналға, күнделікке баға қояды;
10. үйге тапсырма береді.
Қазақ тілі сабағында оқушылар не істейді? деген
сұраққа жауап аламыз:
1. қазақша үйренеді;
2. қазақша сөйлейді;
3. сабақ айтады;
4. мұғалімді тыңдайды;
5. жауап береді;
6. сұрайды;
7. дәптерге жазады;
8. оқиды;
9. сөз тіркесін, сөйлем,
Оқушылар әңгіме құрайды;
10. баға алады;
11. ән айтады;
12. ойын ойнайды;
13. сурет салады;
14. шығарма жазады;
15. өлең, мақал, жаңылтпаш
жаттайды.
Енді үйге тапсырма ретінде осы тіркестердегі етістіктің
астын сыза отырып, тек етістік арқылы мұғалім мен
оқушының іс-әрекетін жеке А4 форматты қағазға ассоцация
20
түрінде сызып және ауызша әңгімелеп келуді тапсырамыз.
Алайда балалардың тіл үйренудегі қабылдау деңгейі
әр түрлі болғандықтан, өздері құраған ассоциациядағы
етістіктердің барлығын қолдану міндетті емес. Әркімге
ауызша баяндауды өз шамасы келгенше орындау
тапсырылады. Ауызша құрайтын сөйлем мөлшері 5-тен
кем емес, 10-нан артық болмау ескертіледі. Тапсырманы
қалай әсемдеу керектігін өз қалауларына қалдырамыз. Бұл
тапсырманы оқушылар өз қиялдары жеткенше әр түрлі
етіп орындайды. Біреуі сөздерді аудармасымен қоса гүл
жапырақшаларының ішінде орналастырса, екіншілері әр
түрлі түске боялған шарлардың ішіне жазады. Келесілері
түрлі шаршы, үшбұрыш, көпбұрыш сияқты фигураларға
жазғанды ұнатады. Қалай болған күнде де осы сөздерді
әдемі әрі дұрыс жазу үшін еңбектенеді. Кейде олар екі
топқа бөлініп, бірі мұғалім әрекетін сипаттаса, екіншісі
оқушының не істейтіндігі туралы айтады. Мұның
өзі оқушылар арасындағы бәсекені күшейтіп, топпен
жұмыс істеуде бір-біріне көмектесуге, ұжымдаса жұмыс
істеуге дағдылануға баулиды.Келесі сабақта интерактивті
тақтада қазақ тілі сабағына байланысты көрсетілген
сурет пен кейбір есте сақталуы қиын сөздер көрсетіліп
тұрады.Сабақтағы балалар деңгейіне қарай отырып, үй
тапсырмасын орындауда қиындыққа тап болмау үшін
кейбір оқушыларға дайын оқулықта берілген тапсырманы
орындап келуге рұқсат етіледі.
Орыс тілі сабағының тақырыбы да алдыңғы сабақпен
байланыстырыла өткізіледі. Енді оқушылардың алдында
жатқан өздері дайындаған ассоциацияны пайдалана
отырып, жаңа сабаққа байланысты жаңа сөздерді пайдалана
білуге үйретеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |