7
тәрбие үдерісінде үнемі қолданып келеміз. Компьютерді
сабақтың барлық кездерінде: түсіндіруде, бекітуде,
қайталауда, бақылауда қолдану білім сапасын арттыра
түсетіні тәжірибеде дәлелденуде. Мәселен, жаңа сабақ
тақырыбын түсіндіргенде түрлі оқыту бағдарламаларымен
қатар оқушылар мен студенттердің өз бетімен орындаған
материалдарын қатыстырамыз. Осы кезеңде АКТ-ны
қолдану барысында білім алушының психологиялық
және жас ерекшелігі ескеріліп, олардың әрбірінің өзіндік
қабылдауының жетекші арнасына сай (аудиал, киестет,
визуал) тапсырманың қолайлы түрін таңдауға мүмкіндік
беріледі. Бекіту және қайталау кезеңдерінде бақылау
жүргізуге компьютерлік тестілер ыңғайлы. Өйткені қағазға
басылған тестіден гөрі, мониторға шығатын тестілерді
орындау білім алушыға қолайлы әрі қызығырақ.
Берілген білімді тест арқылы бағалау-бақылау мұғалім-
оқытушылардың да, оқушы-студенттердің де уақытын
үнемдейді, білім алушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік
береді. Сондай-ақ тестілік бақылау нәтижені әділ, тура
(объективті) бағалаумен ерекшеленеді. Әр білімгер өз
шамасына қарай жұмыс істеп, бағасын бірден алады.
Жауабын көруге, жіберілген қателерінің санын білуге
мүмкіндік алады. Материалды қаншалықты терең меңгеріп
игергенін
анықтайды.
Қанағаттанарлықсыз
нәтиже
студентті (оқушыны) курсты немесе кейбір тапсырмалар
мен сұрақтарды қайталауға, нақтылауға мәжбүр етеді,
яғни, олардың өзін-өзі бақылау-бағалау дағдылары жетіле
түседі. Әлбетте, әрбір студент бойына өз білімін, таным-
түсінігін жүйелі баяндап, көркем жеткізу дағдыларын
қалыптастырудағы олардан ауызша емтихан-сынақ алудың
өзіндік маңызы зор екені даусыз.
Жалпы, еліміз бойынша қолға алынып жатқан қазіргі
бағдарлы білім ұстанымдары оқытудың жаңа жолдары
8
мен әдіс-тәсілдерін, сан алуан амалдарын талап етеді.
Мәселен, жобалау іс-әрекеті электронды және дәстүрлі оқу
материалдарын үйлесімді ұштастыруға мүмкіндік береді.
Жаңашыл АКТ-ны пайдалану дәстүрлі әдіс-тәсілдермен
шешілмейтін педагогикалық жағдаяттарды айқындауға
көмектеседі. Мәселен, әдебиет сабағындағы электронды
құрал-жабдықтарға негізделіп, АКТ-ның көмегімен
орындалатын жобалық әдіс кез келген ақын-жазушының
туындысын игеруге түрткі бола алады. Бірінші кезеңде
студенттер өздері қалаған бір ақын-жазушыны таңдап
алып, оның өмірбаянын зерттеп-зерделейді, қажетті деген
деректерді таңдап алады немесе ондай жұмыстарды
топтарға бөлініп те орындады. Өмірбаян деректерін баяндау
жеткіліксіз, қаламгердің немесе шығармашыл тұлғаның
(жыршы, жырау, т.б.) бейнесін жаңғыртып, оның идеялық-
тақырыптық ізденісін, өзіндік шығармашылық ерекшелігін
(стилін) анықтау қажет. Компьютерлік жоба сабақтарын пән
бағдарламасы аясында, яғни, бөлінген сағат пен мерзімге
орай, бір-екі рет өткізіп тұрған жөн. Жоғары курс студенттері
зерттеуге авторларды өздері таңдағаны дұрыс. Жұмысты
орындау мерзімі мектептерде бір тоқсанға, ал ЖОО-да бір
семестірге шамаланады. Әлбетте, бұл мерзім шартты түрде
алынып отыр.
Әр студент немесе топ зерттеу жоспары мен бағдарлама-
сын дайындайды, мақсат-міндеттерін айқындайды. Мысалы,
М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын зерделегенде
жазушының өзі құрастырған өмірбаяннан мынадай
сұрақтарды іріктейді:
1. Неліктен өз өмірбаянында жазушы жас шағына көңіл
бөлген?
2. Жазушы өмірінде Абай Құнанбайұлы, Ахмет
Байтұрсынұлы қандай орын алады?
Бұдан кейін студент (топ) өз бетімен жұмыс орындайды.
Бұл кезеңде оқытушы кеңесші рөлін атқарады. Студенттер
9
ғаламтор желісін пайдаланып жұмыс істеп, дереккөздерді
зерделейді, егер ғаламтордан жеткілікті мөлшерде мәлімет-
ақпарат жинақтай алмаса, кітапхана қорына жүгініп,
жазушы замандастарының естеліктерін, басқа да қосымша
әдебиеттерді оқиды. АКТ нәтижені көрнекі беруге, нақты
бір мәселені талқылауға басқаларды да тартуға мүмкіндік
береді.
Ғаламтор желісін пайдалану студентті алынған ақпаратты
жинақтауға, талдауға, көрсете білуге машықтандырып,
белгілі бір шығармашылық (жазушылық, ақындық,
зерттеушілік, сыншылық, т.б.) дағдының қалыптасуына
негіз қалайды. Оқу, білім алу тиімділігінің жаңа түрі (типі)
қалыптасады, яғни, қысқа мерзімде көлемді материалды
меңгеруді үйретеді. Жобаның қорытындысында ғылыми-
практикалық конференция, пікірсайыс (дискуссиялық)
клуб отырысын, компьютерлік көрсетілім (презентация)
ұйымдастырып өткізуге болады.
М.Әуезовтің немесе басқа да ақын-жазушылардың,
шығармашыл тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын
зерделеу сабағына Power Point бағдарламасының көмегімен
компьютерлік көрсетілім жасаған жағдайда, сабақ
психикалық тұрғыдан жеңіл өтеді, себебі компьютерлік
көрнекілік жетімді де жедел (эмоционалды-экспрессивті)
қабылдауға оң әсерін тигізеді. Мұндай материал ЖОО-ның
медиа қорын байытып, студенттерге өз еңбегінің жемісін
шынайы көруіне мүмкіндік туғызады және бұл нәтижелерді
басқалар да қолдана алады. Ал Microsoft Publisher
бағдарламасы газет, журнал, буклет, ақпарат бетшелерін
дайындап шығаруға ыңғайлы.
Міне, осылайша АКТ қолдану арқылы тұлға
қалыптастырудың бағдарлы оқыту жүйесін іске асырып,
студенттерді жоғары технологиялы ақпараттық ортада өмір
сүруге дайындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |