Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет8/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

24
Бастауыш  сыныпта  тіл  үйретуде  көбінесе  ойын  түрлері  
арқылы  және  әр  түрлі  көрнекі  құралдар  арқылы  сабақ  өткізу  
тиімділігімен  белгілі. Себебі  жасы  кіші  оқушылар  үнемі  
қарқынды  түрде  білім алуға  икемделмеген кешегі  ойын  
баласы  болғандықтан, сабақ арасында ойын  ұйымдастырып  
отыруды, ойната отырып ойлантуды, ойланта  отырып  білім  
беруді  қажетсінеді. Сондықтан  бастауыш  сыныпта    қазақ  
тілі  сабағында  ойын  арқылы  тіл  үйрету тиімді  тәсілдердің  
біріне  жатады. Ойынның  түрі  көп. Алайда  ол ойындарды  
әр сынып  оқушыларына  таңдап, іріктеп  отырған  дұрыс.
Мысалы,    1-сынып    оқушылары    «Ұшты-ұшты»,  «Қарлы  
кесек»,  «Қайсысы    артық?»,    «Кім    көп    сөз    біледі?»  
сияқты    ойындарды    қызыға    ойнаса,  келесі    сыныптарда 
бұл  ойындар  тым  қарапайым  сипат  алады. Сондықтан  
оларға «Бәйге»,  «Орнын  тап», «Жоғалған   әріптер», «Кім  
жылдам?», «Иә-жоқ» сияқты  ойындар  ойнатылады. Ойын  
бірте-бірте    күрделеніп,  3-4-сыныптарда  оқушылардың   
сөздік  қоры  молая  бастауына  байланысты рөлдік ойындар 
сәл  күрделендіріледі және   «Даналық  ағашы», «Сиқырлы  
сандық»,  «Қоржындағы    асықтар»,    «Қатені    тап»,  т.б.  
ойындар  ойналады. Сол сияқты  «Иә-жоқ»  ойыны  басқаша  
сипатпен  беріледі. Ойынды  сабақтың  әр  тұсында  ойнатуға  
болады.  Алайда  оқушылар  шаршады-ау  деген  кезде  сабақ  
ортасында, соңында  ойнату  тиімдірек. Сабақ  басында  да  
ойнатуға  болады.
Сабақта    тілді    үйретудегі    бастауыш    сыныпта  
қолданылатын  тиімді  тәсілдің  енді  бірі  сурет  арқылы  
жүзеге  асырылады. Бұл – тек  бастауыш  сынып  оқушылары  
үшін  ғана  емес,  барлық  сыныптарда  қолдануға  болатын  
тәсіл.  Бастауыш    сыныпта    кейде    заттың    өзін    немесе  
муляжды  қолдану  арқылы  да   тіл  дамыту  жұмыстарын  
жүргізуге  болады.


25
Уалия ХАБИБОЛЛАҚЫЗЫ,
Ақмола облысының
Целиноград ауданындағы  
«Қосшоқы» негізгі мектебінің                                                                                                 
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТІЛДІ ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАНА  
БІЛУ МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі кезде  орыс аудиториясында  қазақ тілін жүргізу 
әлі күнге дейін ең өзекті мәселелердің  бірі болып табылады. 
Осыған  орай  тілді  үйретуде  алуан  түрлі  әдістемелер 
баршылық.  Сонымен қатар тіл дамыту әдісінің де маңызы 
зор.  Тіл дамыту  әдісі – дидактиканың ең басты құрамды 
бөлігінің бірі.  Әрбір ұстаз ойлау қабілеті жоғары оқушысы 
болғанын қалайды. Қазіргі заман талабына сай  жас ұрпаққа  
сапалы  әрі нәтижелі  білім беру – әрбір мұғалімнің міндеті.  
Өйткені  біздің  мемлекетіміздің  әлеуметтік  деңгейі  осы 
болашаққа  білім  беру  арқылы  бағаланады.  Сондықтан  
қазіргі  заман  мұғалімдері  өзі  білімін  әрдайым  заман 
талабына  сай  жетілдіре  білуі  керек.  Бұл  ұстаздың  Отаны 
алдындағы  атқаратын    үлкен  бір  борышы,  міндеті    деп 
ойлаймын.  Қазақ  тілі  пәнін  оқыту  барысында  оқушының 
сөйлеу  мәнерін,  қазақша  дұрыс  сөйлеу,  сауатты  жазу 
дағдыларын  қалыптастыру,  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл 
ретінде құрметтеуін  қадағалау керек. 
Тіл  –  ұлттың  аса  ұлы  игілігі,  әрі  оның  өзіне  тән 
ажырағысыз  белгісі.  Ұлттық  мәдениеттің  гүлденуі  мен 
адамдардың  тарихы  қалыптасқан  тұрақты  қауымдастығы 
ретінде  ұлттың  өзінің  болашағы    тілдің  дамуына,  оның 
қоғамдық  қызметінің  кеңеюіне  тығыз  байланысты.  Тіл 


26
дамыту  –  оқушыны  тілдік  тұлғаларды    дұрыс  қолданып, 
ойын  басқа  адамға  толық  жеткізуге  дағдыландыру,  басқа 
адамдардаң сөзін жақсы түсінуге үйрету.  Басқаша айтқанда 
тіл дамыту – қазақ тілін оқушының қарым-қатынас құралына 
айналдыру.  Бұл  жалпы  тіл  үйрету  мақсатымен  толық  сай 
келеді.  Орыс  тілінде  оқытатын  мектептерде  оқушының 
қазақ  тілін  дамыту  ұғымына  қазақ  тілінің  лексикалық, 
грамматикалық  тұлғаларын  меңгерту,  оларды  сөйлемде 
қолдану дағдыларын қалыптастыру,  қазақша сауатты жазу 
дағдысын  меңгерту  де  осы  ұғымға  кіреді;  сөздерді  бір-
бірімен  дұрыс  байланыстырып,  сөз  тіркесін  жасау  арқылы 
оларды сөйлемде дұрыс орналастырып,  сөйлем құрау, сол 
арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл 
дамыту ұғымына жатады.  Сөйтіп  тіл дамыту – мағынасы, 
көлемі кең ұғым. Адам ойын ауызша  не жазбаша түсіндіреді. 
Сондықтан  оқушы  тілін  дамыту  екі  бағытта  жүргізіледі:  
ауызша және жазбаша. Жалпы алғанда, тілді оқытуда бұл екі 
бағыт қатар байланыста жүреді. Бірақ қазақ тілін оқытудың 
ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болады.  
Сөйлеу тілі кейінірек  жазба тілді дамытуға негіз болады.
Адамның  сөйлеуінде  қолданылатын  тілдік  нұсқалар 
дыбыс,    сөз,    сөз  тіркесі,  сөйлем,  сөйлемдердің  тіркесі. 
Бұлар – тілді оқытудағы негізгі мәселелер. Тіл дамытуда тіл 
дыбыстарын  дұрыс  айтуға  жаттықтыру,    қазақ  сөздерінің 
айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын 
меңгерту  жұмыстары  жүргізіледі.  Бұл  –  ауызша  сөйлеу 
тілінің негізгі мәселесі. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем – байланысты 
сөйлеудің  құралдары.  Қазақша  сөйлеу  үшін  оқушының 
жеткілікті  сөздік  қоры  болу  керек,  оқушы  сөздерді 
байланыстырып  сөз  тіркестерін  жасаудың,  сөз  тіркесінен 
сөйлем құрастырудың заңдылықтарын білу керек.                
Сонда ғана байланысты ойды басқаға білдіруге, басқаның 


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау