Мейірбикелік үрдістің этаптары. Медициналық пәндер оқытушысы: Әжібай А.Н. «Мейірбике үдерісі» - ағылшын термині; күту, қызмет көрсету, науқасты күту мағынасын білдіреді. Алғаш рет бұл терминді АҚШ-та Лидией Холл 1955 жылы қолданған. Мейірбике үдірісінің заманауи моделі 5 кезеңнен тұрады. Әрбір мейірбике үдірісінің кезеңі негізгі мақсатпен тығыз байланыста: науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру - Мейірбикелік үдеріс бес кезеңнен құралады:
- мейірбикелік зерттеу;
- мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);
- мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;
- ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;
- мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.
Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу - Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:
- Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.
- Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальды қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.
- Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау:отбасы жағдайы туралы мәлімет, аллергологиялық икемділік туралы, материалдық-тұрмыстық шарттар, науқастың ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;
Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау) - Диагностикалық үдеріс симптомдарды және синдромдарды анықтаудан басталады. Симптомдар – бұл аурудың белгілі бір белгілері (гр. symptoma – белгі, ұқсастық). Мысалы, жөтел, ентігу, ауру, лейкоцитоз, гематурия, миокардтың гипертрофиясы. Синдром – (гр. syndromos – «қосарлана жүгіру») жетілу механизіміне байланысты өзарашарттасқан симптомдардың жиынтығы. Синдромдардың анықталуы дұрыс диагноздың қойылуының маңызды бөлігі, өйткені синдромдардың бірқатары белгілі бір аурудың ерекшеліктері болып келеді.
- Диагноз (гр. diagnosis – «айырып тану») – аурудың болмысы мен науқастың жай-күйі туралы дәрігердің қысқаша тұжырымы. Дәрігерлік диагноздың негізгі құрылымында жазылады: негізгі ауру, негізгі аурудың асқынуы және негізгі ауруға қосарланған ауру.
Достарыңызбен бөлісу: |