- Мейірбикелік үдерістің бесінші кезеңінің мақсаты – қойылған мақсаттардың жету кезеңін анықтау. Бұлкезеңде мейірбике мақсаттың жетілуін бақылайды; көзделген нәтижемен салыстырады; нәтижелерін негіздейді; күтім жоспары жайлы құжатқа (мейірбикелік ауру тарихы) жазба жасайды.
- Мейірбике күн сайын науқастың күтімінің сапасын және тиімділігін тексеріп, баға беріп отырады. Егер алға қойылған мақсатқа қол жеткізіліп, науқастың қажеттіліктері орнықса, мейірбике жоспарға нәтижені, ай-күнді, уақытты және қолтаңбасын қояды. Егер алға қойылған мақсаттар орындалмай, науқас әлі де мейірбикелік күтімге қажеттілігін көрсетсе, мейірбике күтім қажеттілігін және науқастың жағдайын бағалап, іс-шаралардың тиімді болмауының себептерін ажыратып, мейірбикелік кірісу жоспарына өзгеріс орнатып, науқас күтімін түзету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |