|
Механиканың физикалық негіздері
|
бет | 5/49 | Дата | 04.12.2022 | өлшемі | 1,81 Mb. | | #40449 |
| Ìåõàíèêàíû? ôèçèêàëû? íåã³çäåð³ Ìåõàíèêà Ìåõàíèêà18. Үдеу
Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.екторияға жанама бойымен бағытталады.
19. Орташа үдеу
Орташа үдеу деп жылдамдықтың өзгеруінің уақыт интервалына қатынасын білдіретін векторлық шаманы айтады.
20. Лездік үдеу
Лездік үдеу деп қарастырылып отырған нүктенің қозғалыс жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысын, радиус-вектордың уақыт бойынша екінші туындысын айтады.
21. Тангенциал үдеу
Тангенциал үдеу - нүктенің траекториясына жанама бойы- мен бағытталған нүкте үдеуінің кұраушысы.
22. Нормаль немесе центрге тарқыш күш
Центрге тарқыш күш — материялық нүктеге нормаль үдеу (басқаша айтқанда центрге тартқыш үдеу) туғызушы күш.
23. Бұрыштық жылдамдық
Бұрыштық жылдамдық — қатты дененің айналу шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; дененің айналмалы қозғалысының кинематикалық мөлшері, модулі өте аз уақыт ішінде айналу бұрышының сол уақытқа қатынасымен, ал бағыты айналу осінің бойымен дененің айналуы сағат тілінің бағытына қарсы бағытта көрінетін бағытымен бағыттас вектор. Модулі айналу бұрышының модулінен уақыт бойынша алынған туындыға тең.
24. Айналу периоды
Айналу периоды (Т) — нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады, яғни Т = t/n. Айналу периоды секундпен (с) өлшенеді.
25. Бұрыштық үдеу
Бұрыштық үдеу — бұрыштық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; - бұрыштық жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын бұрыштық жылдамдықтың өзгеруінің лездігі. Бұрыштық үдеу векторы (α) айналу осінің бойымен бағытталады және ол дене үдемелі айналғанда векторымен бағыттас, ал кемімелі айналғанда векторына қарсы бағытта болады.
26. Ньютонның бірінші заңы
Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл өздеріне таныс инерция заңы. И.Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|