33. Галлилей түрлендірулері
Галлилей түрлендірулері - бір-біріне қатысты қозғалатын санақ жүйесінде қозғалатын материалдық нуктенің координатасы мен уақытын байланыстыратын классикалық механиканың теңдеуі. XIX ғасырдың аяғында физиктерде Ньютонның классикалық механика заңдарының немесе Максвеллдің электродинамика заңдарының, не Галилейдің салыстырмалылық принципінің дұрыстығына күмән туды. Осы қиындықтың дұрыс шешімін XX ғасырдың ұлы физигі А.Эйнштейн тапты.
34. Эйнштейн постулаттары
Эйнштейннің бірінші постулаты әдетте салыстырмалық принципі, ал екінші постулаты – жарық жылдамдығының тұрақтылық принципі деп аталады. Эйнштейннің осы теоремасы ХХ ғасырда өрбіген ең маңызды физикалық теориялардың бірі болып табылады.
Арнайы салыстырмалы теорияның негізін тұжырымдаған Эйнштейн мынадай екі постулат ұсынды:
І постулат: берілген жүйенің тыныш тұрғандығын немесе тұрақты жылдамдықпен қозғалып бара жатқандығын сол жүйенің ішінде жасалған тәжірибе арқылы біліп болмайды. Басқаша айтқанда, қандай тәсілдер қолданғанымен абсолют қозғалысты анықтау мүмкін емес.
ІІ постулат: жарықтың вакуумдағы жылдамдығы барлық инерциялдық санақ жүйесінде бірдей және тұрақты шама болады. Басқаша айтқанда, жарық жылдамдығы жарық көзі мен бақылаушы қоғалысына тәуелді емес.
35. Лоренц түрлендірулері
Лоренц түрлендірулері арнайы салыстырмалық теориясында — бір инерциялық санақ жүйесінен екіншісіне ауысқан кездегі қандай да бір оқиғаның координаттары мен уақытының түрленуі. Мұны бірінші рет голландия физигі Х. А. Лоренц (1853 — 1928) ашқан (1904). Лоренц түрлендірулеріне қарағанда классикалық микроскопты электродинамика теңдеуі өзінің түрін өзгертпейді.
36. Ауырлық күші және салмақ.
Ауырлық күші және салмақ. Жердің тартылу күшінің әсерінен барлық дене жоғарыдан төменге бірдей үдеумен құлайды. Ол үдеу еркін түсу үдеуі g=9,7892 м/ . Жермен байланысты санақ жүйесінде, барлық денеге күш әсер етеді, ол Жердің тартылу күші. Денеге Жердің тартылу күшімен әсер ететін күшті ауырлық күші деп атайды. P=m Дененің Жерге тартылуы кезінде оған қарсы әсер ететін екінші денеге түсетін күшті салмақ деп атайды. Егер Жерге қатысты үдеу a=0 болса, онда , P=m(g - a) егер дене еркін қозғалыста болса a=g, онда Р=0, яғни дененің салмағы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |