Колонцифрлар - әдетте бұл бет номерлері.
Бағыттаушы (направляющие) – қосымша бағыттар. Бұлар арқылы мәтіннің текстік және графикалық элементтері түзетіледі.
Модульдік сетка – ұзын немесе жалпақ түрдегі колонкалар мен жолдар жасау үшін қолданылады. Линия жиынтықтарын осы модульдік сетканың файлында сақтап, кейін пайдалануға әбден болады.
Өндірістік терминдер
«Плашечные цвета» - бір түстің әр түрлілігі, бұны алдын ала дайындау арқылы алады. әрбір түстің өз нөмері болады.
«Цветоделение» - әр түсті жекелеп басуды айтамыз. Бұны типографиялық баспада қалып жасау үшін пайдаланады.
«Фальцовка» - басылған қағаз беттерін бүктеу мақсатында типографияда жасалатын операция
«Спуск плос» - кіші форматтағы беттердің шығарылуы және фальцовкадан, брошюровкадан, қиындыдан толық бір кітап шығарылуы (номерленген беттермен)
«Растискивание» - баспа нүктесінің өлшемінің ұлғаюы бұл процесс қағазға бояу сіңген кезде болады.
Корректорлар мен редакторлар «түзету» ретінде арнайы белгілерді қояды, міне, осыған қарап верстальщик мәтінге түзетулер енгізеді.
Түзету символдары
Символдар
|
Бағыттары
|
|
Домалаққа қоршаған сөзді немесе символды алып тастау
|
|
Сөз қою
|
|
Жаңа абзац қою
|
|
Абзацты алып тастау
|
|
Беттің жиегінде көрсетілген символды қою
|
|
Сөздердің аралығындағы қашықтықты азайту
|
|
Пробелді жою үшін қолданылады
|
|
Айыру (жыртылу). Бір пробел керек жерде қойылады
|
|
Сөздердің орнын ауыстыру
|
|
Курсивтік кескіндеме
|
|
Жартылай майлы кескіндеме
|
|
Түзу кескіндеме
|
|
Жартылай кескіндеме
|
|
Разрядка
|
5. Баспаның негізгі түрлері
Баспа версткалары бір-бірінен жасалу жолдарымен ерекшеленеді. Мысалы: Ғылыми кітап версткасының күнделікті газет версткасынан айырмашылығы бар.
А4 форматтағы қымбат емес газет.
Ең белгілі баспалардың бірі. Бұндай газет 16-24 беттен тұрады және бір немесе екі түсте басылады. Міне осындай газеттен версткамен айналасушы жұмысын бастауға болады. Өйткені бұл қарапайым, әрі жеңіл келеді. Бұл газетке арзан газеттің беті қолданылады, ал пленкалар лазерлік принтерде шығарылады. Сондықтан верстка жасауда бейнефотоларды және күрделі блоктарды беруге болмайды. Өйткені, тіпті ең анық деген суреттердің өзі бір түспен газет бетіне басылғандықтан нашар көрінеді. Егер фотаны басу керек болса, онда олар «Photoshop» - та өңделуі тиіс.
Ал макетке келетін болсақ, версткамен айналасушы бұл іске жауапты адам. Макет жасауда шрифт кеглін азайтуға болмайды және аралық интервалды сақтау керек. Егер материалды қысып жіберсек, онда оқырманның оқуына қиынға түседі.
Газета – «таблиод». Таблоид деп А3 форматтағы үлкен газетті айтамыз. Мысалға мұндай газеттерге «Комсомольская правда», «Теленеделя» т.б. жатады. Осындай газеттерді әлбетте үлкен редакциялық ұжым, яғни, оның құрамында: редактор, корректор, дизайнер және версткамен айналасушы болады.
«Үлкен» газетті шығаруда мынадай жағдайларды есте сақтау керек.
Верстканың жоғары жылдамдығы – газет уақытында шығуы керек, ал материал ол шыққан сәтке дейін де қабылдана береді.
Макеттің қайта өңделуі – макет бір рет жасалады. Бірақ кей-кезде өзгеріп жатады. Сондықтан газеттің өз стилі болуы керек. Макетті қайта жасап уақыт кетірмеу үшін версткамен айналасушы өз ісін толық меңгеруі абзал. Шрифт таңдауда, колонканы таңдап бөлгенде т.б.
Верстка қиындығы – версткамен айналасушыға таблоид ең қиын тапсырма болып табылады. Бұнда бір материалды бірнеше бетке орналастыру міндетті түрде тұрады. Мысалы: мақаланың басы бірінші бет, ал жалғасы бесінші бетте. Ал орналасқан материалдарды оқырманға дұрыс жеткізу үшін барлық қағидаларды орындау керек.
Ғылыми журнал. Украин ғылыми баспасының соқтығысатын басты мәселесі – шектеулі бюджет. Осы себепті ғылыми журналдар бір түсте басылады да, ал сыртқы бетінің оформлениясына 1-2 «плашечный» краска кетеді.
Ғылыми баспаларда формула, кесте, графика және шет тіліндегі мәтіндер көп кездеседі.
Ғылыми журнал версткасын жасау үшін кестелік редакторды мысалы, ТАBLE EDITOR (PAGE Maker ішіндегі) Microsoft Word-н формулалар мен таблицаларды алып мәтіндерге қоя білу тиіс.
Белгілі журнал. Бұл журналдың форматы – А4. («Компьютерлік шолу», «ЧиП», «За рулем» т.б.). бұндай типтегі журналдар толық түсте жылтыр қағазға басылып, қазіргі заманғы полиграфияның жетістіктерін қолданады.
Журнал макеттері әр түрлілігімен ажыратылады. Олар төмендегідей болып табылады:
Мөлшерден тыс түстің жасалуы. Кей кезде дизайнерлер өте көп мөлшерде түстерді пайдаланады. Алайда бұл оқырманның оқуына қиынырақ түседі. Бұндай беттер жай көруге арналған.
Макет күрделілігі – түрлі-түсті журналдарда күрделі колонтитулдар, үштік өлшемдегі графика, фотаны айналдырып жасау (бір бетінде фотаның жартысы, келесі бетінде жартысы), текстті ұзарту т.б.
Кең көлемді баспа файлдары. Жоғары сапалы фотоларды компьютерде жылдамдатып өңдейді. Публикацияға ондаған, жүздеген мегабайт кетеді, сондықтан, жоғары жылдамдықты – ZIP, CD-R және CD-RW сияқты магниттік дискілерді файл ауыстыру үшін қолданады.
Түрлі-түсті журналдардың версткасын жасауда «түсті» (цветной) баспа технологиясын, компьютерлік графика пакеттерін, дизайн принциптері мен суреткерге тән талғамның болуы абзал.
Кітап. Кітаптар әр түрлі форматта болуы мүмкін. Кітап сапасы көбіне оның сыртқы мұқабасына байланысты. Оның әртүрлілері: қаттысы, жұмсағы да болады.
Әдетте кітап жасауда газеттік немесе офсеттік қағаз қолданылып, жылтыр пленкалы қағаздар бағасының қымбаттығына байланысты аз қолданылады.
Көп жағдайларда кітаптың ішкі жағын версткамен айналасушы жасайды да, ал сыртқы бетін – дизайнерлер әсемдейді.
Кітап версткасының мынадай сипаты бар:
Верстка қарапайымдылығы – кітап верстка жасауда көп қиындық туғызбайды. Кітаптың макеті мен версткасын жасауға жеткілікті түрде уақыт кетеді (егер байыппен, асықпай жасағаңыз келсе). Сонымен қатар, бір рет стильдік жағын өңдеп, параметрлерін қойғаннан кейін, версткашыға текстк пен сурет, кескіндерді баппен (байыппен) қою керек.
Макетке жоғарғы сапыл талаптар – кітап версткасы жылдам әрі сапалы шығу үшін, макет жұмысын қайта өңдеуден өткізеді.
Көп мөлшердегі бет саны – кітапта ең аз дегенде 100 бет болады; көбінесе кітаптар бірнеше жүздеген беттерден тұрады. Жұмысты тезірек аяқтау үшін кітапты бірнеше бөлікке бөліп, оларды (яғни бөлінген бөліктерді) жеке өңдеу дұрыс.
Кітап макетін жасауда қырларын, түптерін, қағаз қалыңдығын ескеріп, тираж шығарылатын типографияда алдын ала келісіммен шығарылады.
Балаларға арналған әдебиеттер – Бұл кітаптар, бір жағынан өте көркемделіп жасалып, түрлі түске боялып тұруы дұрыс, әлбетте бұндай кітаптар бағасы жоғары. Балаларға арналған әдебиеттердің мынаған талаптары жоғары: көбінесе бұндай әдебиеттерді жасауда суретшінің рөлі үлкен. Кітап ішіндегі өнімдерді – кітапша-бояғыш, комикстер, жұмбақтар, гүлдер, аңдар т.б. суреттерінің жоғары талғамын талап етеді.
Оқулықтар – негізгі мектептерде, жоғары оқу орындарына арналған осындай кітаптар жасауда жоғары дәрежедегі авторлар, редакторлар мен корректорлар аса қажет. Бұл кітаптарды безендіру әртүрлі жағдайда болады, яғни бір түспен, кейбір беттерін түрлі-түсті атласта (яғни жылтыр қағазға) басылады. Негізгі талаптар: ұқыпты, мағыналы кітап шығарумен қатар, шрифт анықтылығы, бояудың дұрыс сіңуі өте қажет.
Верстканы қолдану ережелері
Жалпы, верстканың міндеті мәтіндік және графикалық материалдарды тиіс удандарға орналастыру. әрине, кітап жасауда жақсы нәтижеге жету үшін, мынадай ережелерді ескеру керек:
Жол ұзындығы. Жол ұзындығын 60 символмен шектеу керек. Алынған беттің жол ұзындығын белгілегенде аралық интервалды дұрыс сақтау жөн.
Колонка аумағын анықтау. Текст жасауда колонкаға бөлуде мынадай жағдайларды ескеру керек. Колонка алынатын жолға дұрыс шрифті белгілеп алады. Символардың көлеміне қарай, кегль мен шрифтке байланысты колонка санын анықтап алуға болады.
Выключка – деп бетке байланысты абзац түзетуді айтады. Версткада кез келген абзац мынадай тәсілдермен түзетіледі: сол жаққа, оң жаққа, орта тұсынды және формат бойынша. Бұл әдістер жолға қанша сөз сиятынын анықтауға көмектеседі.
Сол жақ жаққа;
Бұл әдіс жіңіщке колонкаларды жасауда, сонымен қатар таблицаларда қолданылады
|
Оң жақ жаққа;
Бұл әдіс тізім жасауда және жіңішке колонка жасауда да қолданылады
|
Орта тұсына қарай;
Бұл әдіс тақырып, тақырыпша қоюда қолданылады.
|
Формат бойынша
Бұл түзеу әдісі барлық кітаптар, журналдар мен газеттердегі мәтіндерді түзету үшін пайдаланылады.
|
Кернинг. Ағылшыннан аударғанда «Kerning» символдар арасындағы аралық. Яғни екі әріп аралығы. Кернингтік жұптар, мысалы – AW, Ta, HR, А4 және басқалар. әрбір шрифтке түзету енгізіп отыру керек. Өйткені А мен 4 – П мен Н-ға қарағанда аралықтары кішкене болып келеді.
А Ч П Н
А Ч П Н
Егер кернигтік түзету жасалмаса, әріптер арасы алшақтап, кей жері бірігіп кетеді. Соның салдарынан оқырман шатаса бастайды. әр жұп символарының арақашықтығын шрифт жасайтын суретші айқындайды.
Трекинг – символар арасындағы арақашықтық. Трекинг аралары неғұрлым алшақтау болса, соғұрлым материал түсі ашық та айқын болады.
Ескерту! Трекингті кернингтен шатастыруға болмайды. Трекингтің өзгеріске ұшырауы интервалдың үлкеюіне немесе кішіреюіне әкеп соғады. Бірақ кернигтік жұптар өзгеріссіз қала береді.
Трекингті пайдаланғанда орыс оқырман қауымның қабылдау жақтарын да ескеру керек. Мысалы, үлкен шрифтіде терілген мәтін жақсы көрінеді.
Трекингтік түзету мәтінді ұйғарылған сызыққа қою үшін қажет.
Интерлиньяж – бұл көрші базовый линиялар арасындағы қашықтық. Интерлиньяжды аралық интервалмен шатастыруға болмайды. Интерлиньяж пункпен өлшенеді және жол аралықтары мен шрифт кеглінде орналасады.
Мына суреттерде интерльяж, кегль және аралық интервал берілген.
Мысалы базалы
Мысалы интерлиньяж
Мысалы Кегль аралық интервал
6. Баспаға өнімді шығарудағы макеттің негізгі принциптері
Мен осы жазып отырған рефератымда отандық баспаның бүгінгі күндегі шығарылуы, таралуы туралы сөз етемін.
Тоқсаныншы жылдардың басында социалистік жүйенің жойылуымен жаңа нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам құру мәселесі бірінші орында тұр. Алайда нарыққа өту оңай болған жоқ. Кез келген баспаның нарық экономикасына бейімделуінің бірден бір тетігі кітап тарату ісін дұрыс жолға қою болып отыр. Жалпы, тарату - өнімді дайындау мен шығару процесінің ең соңғы сатысы болып табылады. Қызықты да әсерлі, мазмұнды да өнімді шығаруға болады, алайда ол таралмай қалса, оны дайындау мен басуға жұмсалған күш босқа кетеді емес пе? Бұл орайда тарату стратегиясына көңіл бөлу маңызды. Тарату стратегиясы кез келген баспаның мақсаттары мен оның жолдарын анықтайды. Мақсаты -басылымның таралымын толық өткізу және нәтижесінде үлкен табыс алу. Жемісті басылым өнімін толық өткізу жоспарына байланысты ең алдымен дұрыс жүргізілген маркетингтік зерттеу өнімінің таралымы мен өткізу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Ал, онда баспаға шығарудағы макеттеудің негізгі принциптері деген тақырыпқа баспа жоспары,таблица құру, макеттеудің принциптері, өнім беттерін орнықтыру.т.б. кезендер кіретін болады.
Баспаға дейінгі дайындықтың соңғы кезеңі басылымды бастыру болмақ. Пленкаға немесе қағазды басылым макеті беттеушінің шеберлігін танытады. Макетті дайындауда басылымның нұсқасы калька түрінде принтерде дайындалады. Осы жұмыстардың барлығы Page Maker программасы арқылы жасалады.
Page Maker – де басудың басты принциптері Ctrl + P клавиштерін басу арқылы жүзеге асады. Печать – печатать документы (автоматты түрде ашылады) – документ – принтер (керек принтерді таңдау). Документ қоспасында басылымның ретін және кейбір сапасын анықтау.
Бағандардың, текстік блокноттарды, графикалық материалдардың, бөлуші сызықтардың, рамалардың және т.б. безендіру әдістерінің орналасуы басылым макеті деп аталса, қалып, масштаб, прапорционалдық, түстің ескерілуі макеттеу деп аталады. Технологиялық ерекшеліктеріне байланысты басылымдық және электрондық макеттерінің айырмашылықтары болады. Онда қағаздың тығыздығы, сапасы, типі, иісіне дейін рөл атқарады.
Безендірудің стилі баспалардың бағытына байланысты. Макетті құру күрделі шығармашылық процесс. Бұл құбылыс дизайн саласындағы біліктілікті, ауқымды уақытты талап етеді. Макетті жоспарлау оның сәтті шығуына тікелей байланысты. Яғни оқырман қолына сәтті тиюі о бастағы макетке байланысты болмақ.
Макетті жасаудың ең басты мақсаты баспаға тапсырыс берушінің немесе бас редактордың жоспарлы талқылауынан басталады. Оны бөлімді жоспарлау деп атайды. Жоспарлауда келешек газеттің параметрлері, парақ саны, қағаздың сапасы мен тығыздығы, тиражының сандары сияқты мәселелер қолға алынады. Осыдан кейін барып түбіртек макеттің іске қосылуы қолға алынады. Осы бөлімде құрылымын ойластырып, таблица құру керек. Ол қателерді түзеуге мүмкіндік береді. Баспаға берілетін материалдардың келісімімен дайын болуы оның уақытты үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Тапсырыс беруші мен дизайнер дұрыс қарым – қатынаста болуы тиіс.
Дизайнер тапсырыс алмас бұрын тапсырыс беруші ұйым туралы білімі, қаражат мәселесін де алдын – ала шешуі тиіс.
Макеттің компановкасын анықтау үшін бірінші элемент формат болып саналады. Европадағы баспаханаларда белгілі стандарт - А сериясындағы формат. Ондағы размер 1189 х 841 мм. DIN А5, А4, А3 форматтары танымал форматтар.
-
Формат DIN
|
Миллиметры
|
Дюймы
|
А0
|
841 х 1189
|
33,1 х 46,8
|
А1
|
594 х 841
|
23,4 х 33,1
|
А2
|
420 х 594
|
16,5 х 23,4
|
А3
|
297 х 420
|
11,7 х 16,5
|
А4
|
210 х 297
|
8,3 х 11,7
|
А5
|
148 х 210
|
5,8 х 8,3
|
А6
|
105 х 148
|
4,1 х 5,8
|
Беттердегі жолдар әр қалай орналасуы мүмкін.
Альбомная ориентация Портнерная ориентация
Рис. 1.18. Ориентация печатного листа
Горизонтальді плакатта жазулар ірі беріледі. Ол көбіне жарнамалық баспаларда қолданылады.Вертикальді макеттер кітап, газет, журнал істеріне қолайлы. ТМД елдерінде кең тараған формат А3 болып саналады.
Место для размещения типографических методок размером 24 мм
(считая от края листа до линии обреза)
Жолдарды, бағандарды оқырманға ыңғайлы, әдемі етіп орналастыру керек. Жолдардың пішінін мынадай жолмен анықтайды.
Беттерде тек мәтін ғана емес, безендіргіш суреттер тағы басқа ақпараттар барын ұмытпауы тиіс.
Таблица құру
Формат анықталғаннан кейін таблицаларға көшу туады. Компьютерден түрлі әрекеттер арқылы жазу көлемін өзгертуге болады.
Басылымдарда мәтіннің мынадай стильдері бар.
Үлкен көлемдегі жазу.
Мәтін шрифтінің кіші болуы.
Майлы жазылуы (журналдарда кездеседі)
Басты мәтін.
Колентитул – Arrial немесе Pragmatica шрифтері қолданылады.
Суреттерге жазылатын мәтін.
Әр басылымдарда құрылым түрліше болады.
7. Макеттеудің міндеттері
Макеттің сәтті шығуы дизайнердің біліктілігіне байланысты. Макеттеудің басты ережелері:
жасалған дүниені талдап отыру;
болашақтағы макеттерге жоспар құру, безендіруді ойластыру;
қарапайым және түсінікті етіп ойластыру;
жаңашылдыққа ұмтылу;
баспахананың мүмкіндіктерімен санасу.
Кез келген макетте тақырып, азат жол, сурет т.б. материалдар арақашықтық оқырманға түсінікті болуы тиіс.
Электрондық құжаттарда міндетті түрде мәтін шеттерінен орын қалдыру керек.
Беттерде бағандарға бөлу құрылысының өзіндік үлкен рөлі бар. Шрифтер оқырмандар көзін ауыртпауы қажет. Жаңалықтар жариялау үшін 3 – 4 бағанаға бөлеміз. 4 бағанаға бөлгенде А4 форматында 27 – 30 белгі болуы тиіс. Сөздердің арасындағы қашықтық аса ірі болмауы тиіс. Шрифтер, фотосуреттердегі түстерді дұрыс таңдау – басты міндет.
Таңдамалы көшірме – бұл басылымда бірнеше көшірме жасауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда баспаға алдымен бірінші оқырманның барлық беттері, содан кейінгілердің беттері беріледі.
Кері тәртіп – бұл басылымның баспаға шаққандағы дұрыс ретін анықтап, қолмен тәртіптеу мен реттеуді талап етпейді.
Беттер – біріншіден, баспаға шығатын парақтардың диапозонын, екіншіден, парақ нөмірлерін дұрыс тәртіпке қоюға мүмкіндік береді.
Ал бөлек парақтардың нөмірлері және диапозондары бір – бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Басып шығару – баспаға тек тақ не жұп санды парақтарды шығарады. Ал барлығын толық шығару үшін бәрін (подряд) командасын шақырамыз.
Кітаптық басылым
Бос парақтар – бұл команда бос парақтарды қоса басып шығарады. Егер оны алып тастасақ, онда ешбір элементі жоқ беттер қалтырылып отырады.
Формат бірімен тізімде стандарттық формат беттерін немесе стандарттық еместерді белгілеп, Заказной пунктін таңдаймыз.
Типографиялық дәлдіктер бұл типографияда түзету және дәлдікті енгізу үшін қосымша кеңістік қажет, оның ені 0,75 дюйм (22,2 мм).
Беттің сипатталуы – бұл қызметтік ақпарат таратылуда қолданылады: файльдің аты, беттің нөмері, бүгінгі күнді белгілеп береді. Осы ақпараттың барлығы сол жақ астыңғы бұрышта беріледі.
Подача (берілуі) – принтер моделіне қарай қағаздардың, яғни беттердің берілуін таңдаймыз.
Только выход за обрез – қыйылған дәлдік басылып жазылады. Бұны енгізу үшін қосымша тік кеңістік 0,5 дюймдік (15 мм) қажет.
Беттерді орталықтандыру (страница по центру) бетті материалды орталықтандырады.
Разбиение (бөлу) беттерді автоматты не командалы түрде жарады. Бұл баспадағы беттерді кешірек форматтарға орналастыру үшін қолданады.
Масштаб – бетте орналасқан материалдың масштабын анықтайды.
А) Масштаб по формату
Б) Полный масштаб.
Соотношение размеров (өлшемдердің сәйкестендірілуі) – берілген материалдың қандай форматта қалай шығатынын анықтайды. Кейбір формат өлшемінде ұлғайтылады, кейбіреулерінде кішірейтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |