Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
// ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы 121 – 125 беттер.
«Жас Алаш» газеті, 27 маусым 2002 жыл.- 4 бет.
8. Adobe Page Maker -ге қысқаша шолу
Қазіргі таңда Adobe Page Maker программасы үлкен қолданысқа ие. Page Maker арқылы текстік және графикалық материалды қолдана отырып кез-келген қиын жұмыстың макетін жасауға болады.
Aldus Page Maker фирмасымен 1984 жылы жасалған. Кейіннен Aldus фирмасымен сатып алынды. Осыдан кейін бағдарлама көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан интерфейс және функцияналды Aldus мүмкіндіктері Page Maker -5 жэне Adobe Page Maker 6.52 өте ұқсас келеді. Көптеген фирмалар (әсіресе лицензионды бағдарламаларды қолданатын) әлі күнге дейін Page Maker -дің ескі түрін колданады. Бұл пакетпен жұмыс жасау өте қолайлы және тиімді.
Өкінішке орай Adobe - тің мықты мамандары әлі күнге дейін бағдарламаға өте маңызды функцияларды енгізе алмай келеді (мысалы таблицалармен формулалармен жұмыс жасау т.б )
Page Maker ең тиімдісі ауқымды публикацияда кең функционалды мүмкіндіктерді қолдана отырып, кириллиция шрифтармен жұмыс жасау өте қолайлы және жылдам.
Page Maker енгізу операциясы
Page Maker бағдарламасымен жұмысты бастамас бұрын ең алдымен оны қатты дискке инсталляция жасау керек. Инсталляция процессі автоматты түрде орындалатынына қарамастан, ең алдымен компоненттердің қайсысы керек немесе, қандай компоненттердің керек емес екендігін білу кажет. Пакет күрамына толық утилиттер мен ұсыныстар енеді. Әрқайсысының атқарар міндеті бар.
Программа ашылғаннан кейін тұңғыш диалог терезесі экран бетінде пайда болады. Осыдан кейін Next тетікшесін басу керек.
Осыдан кейін кeлeci терезе ашылады. Бұдан біз ары қарай жалғастыру мақсатында қажетті тілді таңдап аламыз. Бұл терезеден тағы Next батырмасын шерту қажет.
Келесі диалогты терезеде папка тандау мүмкіндігі туындайды. Бұл жерде Page Maker орналастырылады. Құрудың 3 нұсқасының бipeyiн таңдау керек:
1. Типтік (Typical)
2. Компакты (Compact)
3. Тапсырмалы (Custom)
Page Макег-Д1 орналастыратын папканы өзгерту тетікшесін басу қажет және Choose Directory терезесінен керекті жолды таңдап аламыз.
Choose Directory диалог терезесі
Орналасатын компоненттер тізімін қарастырып шығу Custom орналастыру типін таңдаймыз. Бұл нұска компоненттерді орнықтыру үшін өте ыңғайлы. Осы типті таңдағаннан кейін Next тетікшесі басылып, Select Components терезесі ашылады. Бұл терезеден орналасатын компоненттерді таңдап алу мүмкіндігі туындайды.
Әр компоненттердің жанында дисктің бос орны көрсетіледі. Ал терезенің төменгі жағында дисктің толық орны көрсетіледі.
Сонымен қатар Adobe Type Manager программасын да енгізген жөн. Ceбeбi, утилита Type 1 шрифтімен жұмыс жасаған өте ыңғайлы.
Керекті компоненттерді таңдап алғаннан кейін Next тетікшесін басып қаламыз. Қойылым мастерi қатты дискке Page Макег-дің инсталляциясын енгізеді.
9.Page Maker интерфейстің элементтері
Page Макег-ді орналастырғаннан кейін экран бетіне бос жұмыс тақтасы пайда болады. Соның көмегімен дайын публикацияны пайдалануға немесе жаңадан ашуға болады.
Жұмыс үстінде орналаскан: Page Maker интерфейстің элементтері орналасқан:
• Құрал-жабдықтар палитрасы - сурет салуға немесе редакциялауға арналған барлық керекті құралдары бар палитра
• Стиль палитрасы - бұнда стиль базасы орналасқан. Соның көмегімен өзгерту енгізуге немесе редакциялауға болады.
• Бағытталған палитра - текстті форматтау және объектімен жұмыс жасау үшін арналған (масштабтау, позициялау және айналдырып әкелу)
Саймандардың барлық түpi саймандар тақтасында орналасқан. Саймандар тақтасынан басқа 5 қажетті (стиль, түс, шаблон, қалыңдық және гипербайланыс) 2 қосымша тақта (кітапхана және сценарий) бар.
Палитраларды экран бетіне өз ыңғайына сәйкес шығарып қарауға болады. Әр палитра миниатюрл1 терезеде орналасқан. Оларды айналдырып қарауға немесе жабуға болады. Палитраның көлемін тышқанның көмегімен модифицирлеуге болады. Алайда әр палитраның өзінің минимальды көлемі бар.
Керекті палитраны көрсету немесе жауып тастау үшін төмендегідей пернені пайдаланамыз:
• Бағыт беру палитрасы - Ctrl+
• Стильдер - Ctrl+B
• Түстер
* Шаблондар
• Қалыңдық
• Гипербайланыс
- Shift + Ctrl+8
- Ctrl+8
- Ctrl+9
Инструменттер палитрасын көрсету немесе тығу үшін мына командаларды орындауға болады: терезе - саймандарды тығу. Ал қосымша кітапхана мен сценарий палитраларын мәзір - терезе - қосымша палитра – кітапхана сценарий.
ЕСКЕРТУ: Инструменттер палитрасымен барлық палитраларды тығып тастау үшін және экран бетін босату үшін Tab пернесін басуға болады. Инструменттер палитрасын қалдырғыңыз келсе Shift + Tab пернелерін басамыз.
Саймандар палитрасы және Page Maker мәзipi
Бағдар – мәтінді және графикалык объектіні бөліп алуға, қысқартуға, масштабтауға арналған.
Мәтін - текстті өңдеу үшін қолданылады.
Қию - кескінді қиюға арналған.
Айналдыру – мәтіндік блок пен кескінді айналдыруға арналған.
Сызықша - сызықтарды салуға арналған.
Перпендикуляр - вертикальды, горизонтальды кескін түcipy үшін арналған.
Тікбұрышты фрейм - тікбұрышты фреймдерді салу үшін қолданады.
Тіктөртбұрыш - текшелер мен тікбұрыштарды салу үшін пайдаланылады.
Сопақша - шеңберлер мен элипстерді салу үшін арналған. Көпбұрыш - көпбұрыштарды салу үшін қолданылады. Қол - кескіндерді, мәтінді кеңейтілген түрді көрсету.
Масштаб- кескіндердің көлемін өзгерту.
10. Мәтінді форматтау
PageMaker бағдарламасы мәтінді теру мен түзетуге арналмаса да, көпшілік жағдайда мұндай жұмыстар жасауға тура келеді. Бұл жұмысты жеңіл атқаруға PageMaker бағдарламасындағы форматтау мен редакциялау әдісі көмектеседі.
Шрифт параметрін түзету, я өзгерту. Мәтінді форматтау кәдімгі мәтіндік процессордағыдай жүзеге асады. Пайдаланылатын негізгі командалар басқару тақтасында шоғырланған.
Мәтіндік блоктар мен фреймалардағы мәтінді тек мәтін құралының көмегімен
ғана форматтауға және түзетуге болады. Мәтіннің ішіндегі қатені жөндеу үшін бағдар құралымен белгілеп аламыз. Толық мәтіннің бір бөлігін ғана белгілеп алу үшін құралдар тақтасынан мәтін құралын аламыз-дағы, белгілеген бөлігін жеке қалғанша түймені басу арқылы жеке бетке көшіріп аламыз.Немесе мәтін
құралымен бөлікті белгілеп алып, Shift пернесін басу арқылы да бөліп алуға болады. Сол сияқты Ctrl пернесі арқылы жеке сөзді де бөліп алу мүмкіндігі бар.
Түймені 2 рет бассаңыз бір сөзді, 3 рет бассаңыз бір абзацты бөлуге болады.
Мәтінді бөліп алғаннан кейін түзету командасын ашып бәрін белгілеу командасын шығарамыз. Шрифт параметрін 2 тәсілмен өзгертуге болады; басқару тақтасынан Шрифт режимін ашу арқылы; не түйменің оң жақ пернесін басып Шрифт параметрі терезесін ашу арқылы.
Шрифт параметрі терезесінің көмегімен шрифттің түсін, көлемін т.б өзгертуге, символдардың орынын, әріптердің түрін, символдардың сызылу я сызылмауын көрсетуге болады. Бұл параметрлер басқару тақтасында бар.
Қажет жағдайда басқару командасын ашып, қосымша шрифт параметрі терезесін таңдап алуға да болады.
Индекстердің өзгеруін іске асырып отырған кезде мәтіннің басқа бөлігі белгіленіп тұрмағанын ескеріп отыру қажет. Егер өзгеріс бүкіл абзацқа керек болса, төмендегідей стильді пайдалану қажет:
-капительдер өлшемі-шрифт көлеміне байланысты пайызбен көрсетіледі;
-жоғарғы индекстің орналасуы-негізгі сызықтан қанша жоғары болуын көрсетеді;
-төменгі индекстің орналасуы-негізгі сызықтан қанша төмен болуын көрсетеді;
-негізгі сызықтың орналасуы-интерлиньяжбен кегльді өзгертпей-ақ негізгі сызықты өзгертуге болады. Арнайы өзгертуші арқылы негізгі сызықты жоғары я төмен орналастыруға болады.
Көпшілік жағдайда шрифт параметрін өзгерту басқару тақтасымен қатар «жылдам пернелер» арқылы да жүзеге асылылады. Басқару тақтасын алу үшін көрсету-басқару тақтасын көрсету командасын пайдалануға болады. Тақтаны түйменің көмегімен экранның кез-келген жеріне орналастырып алуға мүмкіндік бар.
Басқару тақтаны Шрифт режимінде төмендегідей элементтерге ие:
1-басқару тақтасын жабатын перне;
2-Шрифт режимін қосатын перне;
3-гарнитура түрлерінің тізімін ашатын перне;
4-шрифт өлшемдерін ашып көрсететін перне;
5-трекинг таңдауын көрсететін перне;
7-модификация пернесі. Белгіленген мәтінге тапсырылған форматты әкелу үшін қолданылады;
8-абзац режимін қосуға арналған перне;
9-символдарды өзгерту, сондай-ақ регистрді өзгерту, индексті өзгерту;
10-интерлиньяжды өзгерту тізімін ашады. Тігінен түскен бағаналардың ара қашықтығын өзгертеді. «Авто» нұсқасы қалыпты 120% интерлиньяжды шығарады. Өзгерту 0,1 пункт қадаммен жасалынады.
11-символдар көлемін өзгерту. Ені 5-250% дейін болады. Қалыпты шрифтте символдар ені 100% тең. Қадам-1%.
12-негізгі сызықтың орынын өзгерту қадамы 0,01 пункт.
Пернетақтадағы пернелер арқылы өзгертулер енгізгіңіз келсе, төмендегі нұсқаларға назар аудару қажет:
-Tab пернесін басу арқылы басқару тақтасынан келесі параметрге көшесіз;
-Enter пернесін өзгерту енгізу үшін басады.
-Басқару тақтасының сол жағында орналасқан модификация пернесін басыңыз.
Сондай-ақ, Ctrl пернесін басу арқылы қалыпты өлшенеді, 10 есеге дейін үлкейтуге болады. Символдар енгізген сайын PageMaker өздігінен бар варианттарды экранға шығарып отырады. Мысалы: «T» символын енгізсеңіз, нұсқау «Tahoma» немесе «Ti» символын енгізсеңіз нұсқау «Times» болуы мүмкін.
Ескерту: шрифтті тез өзгертудің жақсы бір амалы әр түрлі пернелерді аралас қолдану болып табылады.
11. Абзацтарды форматтау
Абзацты жөндеу қосу, табуляция, абзацқа дейін және кейін енгізілетін өзгертулер деп форматтала береді.
Абзацты форматтауға басқару тақтасындағы абзац режимі немесе абзац параметрі терезесі қолданылады. Ол үшін форматтауға қажетті абзацтың үстінен түймемен басып көрсету қажет.
Параметрлер терезесін Мәтін/абзац командасы арқылы немесе Ctrl+M пернесі арқылы шығаруға болады:
Түсірулер-оңнан не сол жақтан түсіру, алғашқы жолды түсіру я көтеру;
Көтерулер-абзацтан соң не абзацқа дейінгі көтерулер;
Өшіру-мәтінді өзгертуге арналған;
Сөздік-тексеруге арналған. Негізінен ағылшын сөздігімен тексеріледі. Дегенмен PageMaker-ға әр түрлі сөздіктер енгізуге болады.
Барлық жолдар бірге-абзацтың барлық жолдарын мәтінге енгізу;
Жаңа бағана-әр бет басталғанда мәтін абзацпен басталады. Мысалы: кітаптың бөлімдерін, журналдағы материалдың атауын көрсетуге арналған.
Тарауға қосу-PageMaker автоматты түрде тарауларды айшықтап, көрсетіп отырады;
Келесі жол абзацын «ұстап қосу»-келесі абзацты мүмкіндік береді;
Абзац басындағы «ілулі» жолдар – жекелеген жолдардың максималды санын көрсетуді, бұл жолдарды «ілулі» жолдар деп те атайды.
Абзац соңындағы «ілулі» жолдар-абзац соңындағы «ілулі» жолдардың санын көрсетеді.
Ескерту: «ілулі» жолдар тек абзац соңында не басында ғана болады.
Мәтінді жөндеуге абзацтың төменгі не жоғарғы жағына сызық қосу керек болады. Мұнда сызық немесе тік сызық құралдарын қолдануға болады, бірақ абзац атрибуттарын пайдаланған тиімдірек.
Абзац үстіне не астына сызық қосу үшін абзац параметрі терезесін Ctrl+M пернесін басу арқылы ашамыз да, сызық пернесін басамыз. Абзац сызықтары терезесінде сызық қай жерде орналасқанын қалайтыныңызды көрсетесіз және жіңішке я жуан болуын таңдайсыз. Сызық бүкіл мәтін немесе бағана ұзындығымен созылуы мүмкін.
Сызықты тігінен қою керек болса, нұсқаулар пернесін басып, абзац сызығының орналасуы терезесін ашамыз.
Егер жасалған жұмыстар ойыңыздан шықпаса, онда қайта келтіру арқылы жасауға болады. Жаңа енгізулер де осы командамен бекітіледі. Тігінен орналасатын сызықтарды келесі абзацты түзету параметрімен жөндеуге болады.
Ол үшін келесі абзацты түзетуге деген флажокты алып, абзац сызығының орналасуы терезесінде жұмыс жасаймыз.
PageMaker кейбір жағдайда қателерді түзете алмайды, бірақ экранға параметрге сәйкес келмейтін жолдарды айшықтап көрсетіп береді.
Microsoft Word-тың барлық компьютерлеріне мәтіндік процессорлар мәтінді барлық жағдаймен түзетуге мүмкіндік береді, бірақ сапалы жөндеу үшін арнайы бағдарламалар керек. Әріптер, сөздер арасындағы ара қашықтықты интервалдар терезесін ашу арқылы түзетуге болады.
Ара қашықтықты максимум немесе минимум етіп жасауға болады. Сөз арасындағы интервал 0-500% дейін, ал әріп аралық интервал -200-ден +200%-ге дейін болады. Қалыпты жағдай: сөз арасы-100%, әріп арасы-0% интервал болу керек.
Әріптер мен сөздер арасындағы интервалдарды жасауда қиыншылықтар кездесіп жатуы мүмкін. Ондай жағдайларда PageMaker төмендегідей қызметтер ұсынады:
-PageMaker жолдағы соңғы сөзді сидыру үшін автоматты түрде интервалдар азайтады;
-егер берілген интервалдарға сай сөз жолға сыймай жатса, өздігінен төменгі жолға түсіп отырады;
-егер сөз аралық интервал максимумнан асып кетсе, PageMaker сөздерді орналастырудың жаңа нұсқауын іздестіреді;
-егер аралық интервалды жөндеу керек болса PageMaker интервалды ұлғайтып немесе кішірейтіп көрсете алады.
Егер жолға түсірулер өте көп кездесіп жатса сөздер дефиспен аяқталса PageMaker басқа да режимдер қолданады.
Жылжытулар жасау үшін төмендегі 3 нұсқауды пайдалануға болады:
Қолмен-жасаушы қолмен «жұмсақ» не дискретті жылжыту жасайды. PageMaker-де Ctrl-пернесін басады;
Қолмен және сөздік-сөздіктегідей сөздерді дұрыс, символдарды қатесіз жылжыту;
Қолмен және алгоритм-алгоритмді пайдалана отырып жылжытулар жасауға мүмкіндік береді.
Ескерту: дискретті жылжыту жасағанда қиындықтар кездесуі мүмкін. Мұндайда PageMaker өздігінен жылжытулар нұсқауларын қарастырады. 12.
12. Қаріптермен жұмыс
Microsoft Word пен жұмыс істеген әрбір адам қаріпті өзгерту ісімен таныс. Бұл үшін мәтін бөлігін ерекшелеп алып көрінген тізімнен кедекті қаріпті таңдау қажет. Алайда кәсіп қой үшін мұның бәрі соншалықты оңай емес. Көп жағдайда қаріпті мәтінді теруде жоғалып кетуі, немесе мүлде қалағандай басылмауы мүмкін,онда бүкіл жасалған жұмыс текке кетеді.
Қаріп дегеніміз – белгілі көлемді және пішінді символдар жиыны. Ал гарнитура – бір суреттің барлық көлемдері, қанықтығы аен пішіндерінің символдарының жиынтығы. Көптеген гарнитуралардың 4түрлі жазылу пішіні болады; олар обычный,полужирный,курсив,полужирный курсив. Декоративтік және символдық гарнитуралар бір немесе екі ғана пішінді болып келеді.
Қаріптер саны өте көп, олардың ішінде шынында жақсы, әдемі гаурнитуралар көр. Бірақ кейде Word-та жақсы жұмыс істеп тұрған гарнитура, Page Maker-дa кенеттен бос шаршылаға айналып кетіп немесе оқылуы мүмкін емес мәтінге айналуы мүмкін. Сонымен қатар мәтінде басылымда қолданылған гарнитуралар бір-бірімен үйлесіп, жеңіл оқылуы және жағымды әсер беріп тұруы шарт. Тіпті кейбір қаріп түрлері жеке алып қарағанда өте жақсы көрінгенімен, бәрі бірдей бір-біріне үндесе бермейді.
Жалпы айтқанда, жарнамалық листовка ма, кітап па немесе Web-парақ па, қайсы болсын, басылымның басты элементі болып табылады. Мәтін ең маңызды мән мағынаға ие, сондықтан да мәтіннің безендірілуі құжаттарда өте маңызды рөл атқарады. Мәтін безендіру үшін, әдетте көлеңкелер, көлемді әріптер, мәтіннің бұрылысы, мәтін ішінде сурет орналастыру тәрізді арнайы эффектілер қолданылуы керек. Қазіргі күні мәтіннің орналасуы, бір сөздің әріптерінің көлемінің әр қилы болуы, кей әріптердің « құлап» немесе «секіргенін» бейнелеу кең қолданыста.
Компьютер қаріптерінің типтері
Компьютерлік верстка жүйелерінде қаріптердің 2 түрі пайдаланылады,Type 1 және True Type. Type 1 қаріптерінің негізгі дайындаушысы - Post Script беттерінің суреттеу тілінің де құраушысы боп табылатын- Adobe фирмасы. Бұл қаріптер компьютерлік верстканың алғашқы пакеттерінде қолданылды.
Type 1 типінің әрбір қаріпі экрандағы бейнелеу үшін және Post Script принтерлерінде баспаға шығару үшін қолданылатын 2 компоненттен тұрады. Принтерде басып шығару үшін және фототерімді автоматтарда Post Script тілінің негізінде жасалған арнайы векторлық қаріптер қолданылады.
Type 1 қаріптерінің Windows аймағында қолданылуы үшін арнайы қаріптер диспетчері қажет (Ең кең тараған Page Makerмен қатар қойылатын Adobe Type Manager). True Type қаріптері Type 1 –ге қарағанда Windows көптеген артықшылыққа ие.
Осы күнге дейін баспаға дейінгі әзірлік мамандары арасында Type 1 немесе True Type қаріптерінің қайсысы жақсырақ деген талас туып келеді. Мәселе, True Type қаріптерінің пайда болып қолданылуы барысында көптеген ыңғайсыздыққа тап болды (мәтін жолдарының түсіп қалуы, символдардың қате басылуы). Сондықтан мамандар аталған қаріп типіне сенімсіздігі туды. Алайда, қазіргі кезеңде барлық баспа құрылғылары True Type қаріптерімен жақсы жұмыс істейді әрі олар көптеген тұтынушылар үшін стандартқа сай десе де болады.
Компьютер тек сандық мәліметтермен ғана жұмыс істей алады. Сондықтан экранда символдар бейнесі шығуы үшін олардың сандық эквиваленттерін немесе кодтарын қолдану керек. Бұл жерде символдардың телеграфияда, компьютер пайда болғанға дейін кодталғанын айта кету керек.
Алғашында әр символды 7 битпен кодтау пайдаланылады. Нәтижесінде 128 символға дейін сыйғызуға болар еді. Дәл осы уақытта кодтар мен символдардың сәйкестігінің кестесі - ASCII стандарты жасалды. Аз уақыт өткен соң, ол 256 символға дейін кеңейтілді және оны қазіргі күнге дейін қолданылады. Алайда, компьютер өндірісіндегі дамуға байланысты ( әсіресе Интернет) негізгі қаріптік стандарт талап етілді. Бұл мәселенің шешімдерінің бірі Unicode стандартының жасалуы болды. Ол қазір Windows 95 операциялық жүйесінде қолдау тапты.
Unicode стандарты 256 символды кодтауға мүмкіндік беретін әр оимволды 1 байтпен кодтамайды, ол бір мезгілде 65536 әр түрлі символдарды кодтауға мүмкіндік беретін 2 байтпен кодтайды. Алғашқы 128 символ, сол ASCII стандартындағыдай қалды. Бұлар латын алфавитінің әріптері. Орыс символдарына 1025 – тен 1112- ге дейін код сәйкес келеді. Одан басқа грек, араб, шығыс еуропалық тілдердің символдары да бар.
Гарнитура типтері
Барлық қаріптерді (True Type секілді Type 1 де) мынадай негізгі бірнеше топтарға бөлу белгіленген: рубленые (Sans Serif) ,ррррр, декоративті қаріптер. Сондай- ақ әртүрлі арнайы қаріптер бар, оларда әріптердің орнына символдар мен картинкалар бар.
Макетті дайындау кезінде қаріптік гарнитураны бір- бірімен жақсы үйлесім тауып, қанық болуы үшін дұрыс таңдай білуі керек. Тақырыптарды және негізгі мәтінді безендіру үшін ұқсас гарнитураларды пайдаланбай – ақ , не бір ғана гарнитураны (академиялық стиль) немесе тақырыпқа рубленый қарпін, ал негізгі мәтінге пайдаланған оңтайлы.
Әрбір гарнитура оқырманды белгілі әсерге бөлейді. Бұл белгілі бір мақсатқа байланысты плакаттарда мәтінді ірі майлы әріптермен безендіреді, ал өлең жолдарын әдетте курсивпен жазады. Бұған көпшіліктің көзі үйренген.
Рубленый гарнитурасы – тік, ер мінезділіктің, тәжірибеліктің, қарапайымдылықтың , сондай –ақ декоративті қаріптер әдеміліктің, нәзіктіктің, салтанаттың белгісін көрсетеді. Дизайнерлердің бұны өзгертем деп тырысушылығы сәтсіздікке ұрындыруы мүмкін, сондықтан қалыптасқан дәстүрді аса қажеттілік болмаса бұзбаған дұрыс.
Көптеген басылымдарда басылымның атауына таңдалып алынған гарнитура – ол журналды шұбар –ала көптеген басылым арасынан бірден көзге түсіреді.
Кейбір басылымдарда үлкен мөлшерде тақырып , айдарлар үшін мәтіндік элемент қажет болады. Соның әрқайсысына гарнитура таңдағаннан гөрі 3 – 4 әртүрлі пішін беріп, көлемін өзгертіп түрлендіру керек.
Қаріптерді ұйымдастыру
Жақсы қаріптердің едәуір көлемділігіне қарамастан басқа ұнаған қаріптерді орналастыру үшін жүйені ауырлатып қажеті жоқ. Мәселе қаріптердің көлемділігі операциялық жүйенің іске қосылу уақытын ұзартады және қаріптердің ұзақ тізімін қарап шығуға көп уақыт кететіндіктен гарнитура таңдауды қиындатады.
Тәжірибелі дизайнерлер жүйеде қаріптердің аз мөлшерде болуын құптайды, әртүрлі мақсаттарға бірдей қолайлы, бір- бірін толықтырып тұратын, бірнеше декоративті және символдық гарнитураларды таңдайды. Гарнитура саны 25 – 35 қаріптен артық емес болса дизайнер әр қаріптің атын да жаттап, әрқайсысының ерекшеліктерін жетік меңгереді, бұл өз кезегінде дизайнердің күткен еңбегінің жемісін береді.
Сонымен қатар, қайталанып қолданылған гарнитура басылымның өзіндік кескін- келбетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Windows жүйесінде жаңа қаріп орналастыру үшін мына командаларды орындау қажет.
Пуск- Настройка – Панель управления – Fonts (Шрифты) екі рет шерту арқылы ;
Файл – Установить шрифт. Нәтижесінде 3- суретте көрсетілген сұхбат терезесі ашылады. Мұнда қажетті қаріп бар буманы көрсетіп, керектісін ерекшелеп ОК- ді басу керек. Таңдалған қаріптер Fonts бумасына көшіріледі де, Windowsтың барлық қызметтеріне қолжетімді болады.
Ескерту: әдетте қаріптер дискіге қойылады, бір дискіде 100- деген қаріп болуы ықтимал. Егер бірден компакт- дискіні корсетсек, бірнеше минут ( егер қаріптер көп болса жарты, тіпті бір сағат ) күтуге тура келеді. Себебі қаріптер табылып, сұбат терезесінде көрінгенше уақыт кетеді. Бұл сұхбат терезесінде қаріптерді көру мүмкін емес, сондықтан қаріп таңдаудың бұл жолы күрделі де уақыт талап ететіндіктен тиімсіз. Процессті жылдамдату үшін, компакт- дискті қарап шығып, ұнаған қаріп түрін алып оны қатты дискке көшіру керек. Сосын керекті қаріптер көшіріле салысымен, «қаріптерді қосу» сұхбат терезесін шақырамыз, буманы ашып, « бәрін ерекшелеу» командасын басып ОК пернесі арқылы таңдалған қаріпті орналастырамыз. Қаріптерді орналастырып алғасын буманы өшіре беруге болады. Бұл тәсіл қаріпті іздеп, орналастыруға кететін уақытты шектеуге мүмкіндік береді. « Қаріптер » бумасы қаріптерді орналастыуға ғана емес, сондай- ақ өшіруге де мүмкіндік береді. Қаріпті өшіру үшін оны ерекшелеп, Файл - Өшіру командасын береміз.
Егер қаріп түрінің атын таңдауға болса, « Қаріптер» бумасында Arial, Arial Курсив, Arial Полужирный, Arial Полужирный Курсив дейтін 4 түрлі қаріп бар. Мұндай қаріп түрін орналастырғанда олардың барлығының түгел болуын қадағаламаса жұмысқа кедергі келтіреді. Бақылау үшін алдын- ала көру командасын береміз (ол үшін Проводниктегі қаріп атауын екі рет басамыз).
13. Corel Draw және интерфейстің негізгі мүмкіншіліктері
Corel Draw – ең қуатты пакеттердің бірі, векторлық графиктер жасауға арналған. Ол көптеген қасиеттерге ие болады, егер келе-келе сіз белгілі бір себепке байланысты басқа жүйені пайдалансаңыз, жұмыстың негізгі принциптері өзгеріссіз қалады.
Интерфейс
Бағдарламаны іске қосқаннан кейін біз терезе-бет басын көреміз, бірнеше амалдардың ішінен бір таңдау жасауға рұқсат етіледі– жаңа суретті жарыққа шығару, соңғы редакцияланатын сурет ашу, сурет ашу, белгіленген үлгілерден жаңа суретті жарыққа шығару, көмекшіні іске қосу және т.б. Мынау бет басы тек қана біздің ыңғайлылығымызға арналған, бірақ егер сіз оны өте ыңғайлы деп есептемесеңіз, терезенің төменгі жағында белгінің сөндірілуін келесі іске қосуда оның пайда болуынан қорғай аласыз.
Сонымен, бағдарлама іске қосылды, жаңа құжат жасалынды.
Ашылған терезенің ортасында біз таза қағаз парағын көреміз – жұмысшы облысы. Ереже бойынша, бұл беттің форматы А4, дәл осылай көпшілік принтерлер нақ мына форматпен жұмыс істейді. Форматтың көмегімен макетті өзгертуге болады. Corel-дің бір қасиеті – жұмысшы жиегінің шексіз көлемі (145x145 м).
Жұмысшы облысының сол жағында «жәшік» аспаптар болады. Қандай да болмасын аспап таңдау үшін, оның үстіне тінтуірмен басу керек. Әрбір аспапқа сай талап болады, аталмыш «қасиеттер панелі» арқасында қай аспапқа болмасын қосымша қасиеттер беруге көмектеседі. Мысалы, Text (мәтін) аспабын таңдағанда қасиет панельдерінде әріптердің мөлшерін таңдау терезесі, ал Polygon Tool (көпбұрыш) таңдағанда бізге қажетті бұрыштардың санын тапсыру мүмкіншілігін береді. Кейбір пиктограммалардың төменгі бұрышының оң жағында кішкентай қара үшбұрыш бар. Оған шертсеңіз – тағы да бірнеше аспаптар пайда болады, олар қосымша мүмкіндік береді.
Негізгі меню
Негізгі меню жолағы терезенің жоғарғы бөлімінде, тақырыптың астында орналасады. Мынау элемент бағдарлама терезесі, панельдерден айырмашылығы, тіркелген жағдайы бар және өз бетімен орынға ауыстыра алмайды. Негізгі меню бастапқы 11 пункттен тұрады.
Егер де қалаған негізгі менюдің кез келген пунктін шертсе, тап осы пунктке тиісті командалардың тізімі ашылады. Мысалы, егер Effects (күшті әсерлер) менюін шертсе, барлық күшті әсерлерді жасау командаларын таңдауға қолайлы болады. Менюді таңдау тінтуірді шертуімен, не курсорлық пернелерімен және Enter, не басумен пернелерімен, тиісті команданың асты сызылған символына. Мысалы, егер Layers Manager (Диспетчер қабаты) диалог терезесін ашу қажет болса, Layout (Макет) меню атына шертуге болады, содан соң L пернесін басу керек.
Одан басқа, мысалы, Blend (Ағым) докерін көрсету үшін ALT+C клавиштерін басуға болады, ал Effects (Күшті әсерлер) менюін ашу үшін В шақыру Blend командалары (Ағым) перенесін басу керек.
Аспаптар панелі
Аспаптардың стандартты панелі басты менюде орналасады, Corel DRAW ыңғайлы және жылдам негіз функцияларына кіруіне рұқсат етеді. Егер тышқан көрсеткіші біраз уақыт бойы жібермесе, көрсеткіштің жанында (Tool Tip) сөзі қалқып шығады. Қосымша хабар функциясы туралы, экранның төменгі бөлімінде көрінеді.
Панель орталығында екі тізім болады: View Quality (Көрсету сапасы) және Zoom (Масштаб).
View Quality (Көрсету сапасы) белсенді құжат терезесінде объектілердің елестету сапасын қойылатын талап арқылы деңгейін күйге келтіруге рұқсат етеді:
Simple Wireframe (Қарапайым каркас). Базалық каркас сурет объектілерін көрсетеді.. Түрлі-түсті құюлар, әр түрлі күшті әсерлерді суреттемейді. Сурет сапасы нашарламайды, ал қолданылған күшті әсерлер жоғалып кетпейді;
Wireframe (Каркас). Бұл режимде түрлі-түсті құюлар көрінбейді, бірақ экструзия, ореол күшті әсерлерімен көрсетіледі;
Draft (Эскиз). Бұл режимде бірыңғай түрлі-түсті құюлар көрсетіледі. Оңайлатылған биік рұқсат құюлары , өрнекті және градиентті құюлар көрінеді , линзалардың күшті әсерлері біркелкі құюлармен ауыстырылады . Ұсталушы фигуралықтардың кесінді көрсетуден жасырынады ;
Normal (Қалыпты). Бұл режимде құюлардың барлық үлгілері, объектілері суреттеледі;
Enhanced (Жақсару). Жоғары сапалы бейнелерді көруге арналған, Supersampling типі. Бұл режимді қолдану үшін, Tools/Options (Сервис/Параметрлер) командасын таңдаңыз, Display (Дисплей) қосымша бетіне шертіңіз және Use Enhanced View (Жақсарған көрсетілімді қолдану) кішкене жалауын орнатыңыз.
Zoom (Масштаб) құжат терезесінде масштабтау суретінің 12 деңгейінен біреуін таңдауға рұқсат етеді:
To Page (Тұтас бет) - бағдарлама терезесі шекарасында бетті орналастыру.
To Width (Енімен) – сурет енімен тиісті орналасу керек, ал биіктігі пропорционалды болады;
To Height (биіктікпен) – сурет биіктікпен тиісті орналасу керек, ені пропорционалды болады;
To Selected (белгіленген объектілер) - көзге көрерлік міндетті режим тек қана бөлінген объектілер барынша көп мүмкіндік береді;
To Fit (барлық объектілер) – терезе шегінің азаюы арқасында барлық объектілерді орналастыру. Беттің бос облыстары көрінбейді;
10%, 25%, 50%, 75%, 100%, 200%, 400% - масштабтау жөніндегі бастапқы (100%) мөлшері.
аспаптардың стандартты панель бүркеншектегі шегелері санап шығамыз , қондырылғандар үндемеумен , олардың ретінде орналастырудың әрбір функционал тағайындау түсіндірулерімен сол жағында оңға олардан:
New (Құру). Жаңа графикалық құжат жасайды;
Open (Ашу). Графикалық құжат файлын ашады;
Save (Сақтау). Белсенді құжатты файлда сақтайды. Егер файл оған дейін сақталмаған болса, Save As диалог терезесі пайда болады (қалай сақтау);
Print (Баспа). Print (Баспа) диалог терезесін көрсетеді.
Cut (Буферге алып тастау). Экраннан бөлінген объектіні өшіреді және оны айырбас буферіне орналастырады;
Copy (Көшіру). Бөлінген объектілердің көшірмесін айырбас буферіне орналастырады;
Paste (Қою). Айырбас буферінің ішіндегісін CorelDraw суретіне қояды;
Undo (Жою). Соңғы операцияны жояды. Redo (Қайталау). Соңғы жою әрекетін жояды. Import (Импорт). Import (Импорт) диалог терезесін көрсетеді. Export (Экспорт). Export (Экспорт) диалог терезесін көрсетеді;
View Quality (Көрсету сапасы). Сапа деңгейінің тізімін ашу белсенді құжат терезесінде объектілердің кескінін көрсетеді;
Zoom (масштаб). Сурет масштабы деңгейін ашу тізімі;
Application Launcer (Қосымшаны іске қосу).CorelDraw қосындысын іске қосуда тізімдерді ашуға мүмкіндік береді;
Scarpbook Roll-up (Шиыршық қағаз, альбом). Scarpbook (альбом) шиыршық қағазын көрсетеді;
Symbols Roll-up (Шиыршық қағаз символдары). Symbols (символдар) шиыршық қағазын көрсетеді;
Script and Preset Roll-up (Өте ірі шиыршық қағазын реттеуші және дайындаушы). Script and Preset Manager шиыршық қағазын көрсетеді;
What’s This Help (Анықтама). Контекстік анықтама тәртібі;
Corel TUTOR (Corel оқулығы). Интерактивті оқулық;
Hints (Кеңестер). Аспаптарды және CorelDRAW күшті әсерін қолдану жайындағы кеңестер.
Достарыңызбен бөлісу: |