44.Жұмыр құрт класы. Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар(Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.[1] Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы - денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі - артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықетқапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады. Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар - дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Өсімдіктамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты - свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында - суыртқы(ришта), бұлшықеттерде — трихинелла, ішекте ішексорғы, үшкірқұрт паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетелі.
Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады. Ол — паразит құрт, аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1,5 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді. Үшкірқұрттың алдыңғы ұшында - ауыз, соңғы бөлігінде аналь тесік (артқы тесік) орналасады. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі құйрық деп аталады. Оның денесі тығыз қабықшамен - сірқабықпен қапталған. Сірқабықтың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.
Жұмыр құрттар
Жер шарында кең тараған. Ж. қ-дың 5 класы бар, 27 мыңдай түрі белгілі. Денесі жіп тәрізді созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |