Сперматогенез 4 кезеңнен (көбею, өсу, пісіп жетілу, қалыптасу). Гаметаларды (сперматозоид және жұмыртқа жасушасы) пайда ететін диплоидті жасушаларды сперматогониялар және овогониялар деп аталады. Гаметогенездің бірінші- көбею сатысында жыныс бездерінде спермато-гониялар мен овогониялар митоз жолымен бөлініп, олардың саны еселеп өседі. Ер адамдарда сперматогониялардың көбеюі жыныстық жетілген кезден басталып қартайғанға дейін созылады, ал әйелдерде овогонияладың көбеюі олардың эмбрионалдық дамуының алғашқы 3-7 айлығында басталып 3 жасқа жеткенге дейін созылады. Екінші- өсу сатысында жаңадан түзілген жас жасушалар өсіп бірінші дәрежелі сперматоциттер мен бірінші дәреелі овоциттерге айналады. Пісіп жетілу сатысында бірінші дәрежелі сперматоциттер мен бірінші дәрежелі овоциттер мейоз жолымен екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінудің нәтижесінде екәнші дәрежелі сперматоциттер мен екінші дәрежелі овоциттер түзіледі, ал екінші бөлінудің нәтижесінде әрбір сперматоциттен төрт сперматидтер және әрбір екінші дәрежелі овоциттен- бір жұмыртқа жасушасы мен үш редукциялық енелері пайда болады. Сперматогенез- қалыптасу сатысымен аяқталады. Бұл сатыда сперматидтер сперматооидқа айналады. Бұл кезде сперматид цитоплазмасы жойылады, хромосомалардың тығыз ширатылып инерттік күйге көшуіне байланысты ядро тығыздалып сперматозоидтың басы пайда болады. Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі сперматидтің бас бөлімінің алдыңғы полюсіне ығысып акросомалық аппаратқа айналады, ал центромералар қарама-қарсы полюске орналасып сперматозоидтың құйрығын қалыптастырады, ал оның түбінде митохондриялар топтасып сперматозоид мойынын пайда етеді.
Мейоз
Гаметогенез процессінің ең негізгі мәнінің бірі- мейоз. Мейоз- жасушаның күрделі бөлінуі, оның нәтижесінде бір диплоидтық аналық жасушадан төрт гаплоидтық жыныс жасушалары пайда болады. Мейоз- жасушаның үзіліссіз (интерфазасыз) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін- редукциялық, екіншісін- эквациялық бөліну деп атайды. Мейоздың әрбір бөлінуі митоз сияқты төрт фазадан (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |