2 бөлім. Оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалау және психокоррекция жүргізу ерекшеліктері
2.1. Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін диагностикалау
Жеткіншектік жас кезеңінде орын алатын үлкендерге деген қарсылығы мен бағынбаушылығы осы жас кезеңінде жиі кездесетін мінез акцентуациясьшың әр түрлі типтері болуына байланысты орын алады. Сондықтан осы жас кезеңдегілермен және олармен тікелей қарым-қатынастағылармен шиеленіс жағдайларды өзгерту амалдарын пайдалануға бағытталған шаралар жүргізіледі. Олар психологиялық кеңес беру және психокоррекция жұмыстары.
Психокоррекциялық және психологиялық кеңес беру жұмыстары балалардың алдында тұрған педагогикалық-психологиялық проблемаларын анықтауға бағытталған психодиагностикадан басталады. Психодиагностика балалардың жекелік қасиеттерін және таным процестерін белгілі бір мәселелерге байланысты бағалауды қамтамасыз етеді. Оқушылардың тәрбие немесе оқуындағы кездесетін қиындықтарының психологиялық себептерін және оларды шешуге көмектесу жолдарын, даму ерекшеліктерінің жекелік құрылымына байланысты қалыптасқандығын анықтау үшін көптеген әдістемелер пайдаланылады. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жұмыстары диогностикалық зерттеуден басталады. Психодиагностиканың негізгі міндеті – мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға баланың даралық психологиялық ерекшіліктері туралы толық мәлімет беру және психологиялық кеңес беру, психокоррекция жүргізу проблемаларын нақты анықтап алу.
Жеткіншектерге психологиялық кеңес беру және ауытқуы бар балалармен психокоррекция жүргізу алдында бірнеше әдістемелер көмегімен олардың жеке тұлғалық қасиеттерін бағаладық. Жеке тұлғалық қасиеттер ішінде темперамент психофизиологиялық негізі бар, жекелік қасиеттердің барлығының көрініс беруіне негіз болатын болғандықтан зерттеуді осы қасиетті өлшеуден бастадық. Оқушылардың жеке-даралық және жас ерекшеліктеріне, психологтың алдында тұрған мақсаттарына байланысты психодиагностикалық жұмыстың мазмұны, оны жүргізу барысында қолданылатын әдістемелері анықталады.
Алтыншы-жетінші сынып оқушыларының жекелік психологиялық қасиетін анықтап, болашақта мамандық тандауға, отбасын құруға қажетті қасиеттерді қалыптастыру жолдарын көрсетудің маңызы үлкен. Психолог осы жас кезеңдегілерге қызмет көрсету барысында әр баланың темпераментін, оқушылар ұжымындағы статусын, қарым-қатынас мәдениетінің даму деңгейін, қарым-қатынасқа икемділігін және тағы сол сияқты жекелік қасиеттерін түсініп алуы керек.
Оқушылардың темпераментін Стреляу тестімен анықтадық.
Я.Стреляу тесті.
Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.
Орындау ережесі: тексте берілген 134 сұрақтарга жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауга болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың беруін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.
Сауалнама:
1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?
3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме? Ыңғайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?
4. Пікір-талас болғанда тақырыпқа байланысты жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?
5. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа оралуыңыз оңай ма?
6. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
7. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылықпен күтесіз бе?
8. Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытта бірдей жеңіл бола ма?
9. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
10. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?
11. Шыдамдылықпен ерінбей түсіндіресіз бе?
12. Терең ойланып істейтін жұмысты жақсы көресіз бе?
13. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?
14. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
15. Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?
16. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
17. Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?
18. Сәтсіздікте сабырлық сақтайсыз ба?
19. Қажет болғанда өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?
20. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?
21. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
22. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
23. Пікірмен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?
24. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?
25. Қажетті жауапты тез табасыз ба?
26. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?
27. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өте ма?
28. Тапқырсыз ба?
29. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды басқаларға теңестіруіңіз оңай ма?
30. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?
31. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?
32. Ашулануыңыз оңай ма?
33. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?
34. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?
35. Шағыстьгрушыларға ермей қаласыз ба?
36. Басқалармен тіл табысып, жұмыс істеуіңіз оңай ма?
37. Шешім қабылдау үшін барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?
38. Кітап оқығанда автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отырасыз ба?
39. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
40. Егер пікір-талас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатынасудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?
41. Нақты қимыл-әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
42. Басқалардың пікірімен санаса отырып, өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?
43. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?
44. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?
45. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
46. Кедергі кездескенде жоспарланған нәрседен тез бас тартасыз ба?
47. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?
48. Тез оянасыз ба?
49. Жылдам жауап бермей ұстамдылық көрсете аласыз ба?
50. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?
51. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?
52. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?
53. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?
54. Жаңалыққа құмарсыз ба?
55. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі үйқы жеткілікті ме?
56. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?
57. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?
58. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың аікірін тыңдап аласыз ба?
59. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?
60. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?
61. Ескерту жасау артық болып тұрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?
62. Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?
63. Бір жұмыстан, екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?
64. Маңызды шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?
65. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
66. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?
67. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?
68. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?
69. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?
70. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?
71. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
72. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?
73. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
74. Қиын кезде ұстамдылық көрсетесіз бе?
75. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?
76. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?
77. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтамен әрекетіңізді жалгастырасыз ба?
78. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?
79. Басқалар түсінбейтін, жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?
80. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?
81. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?
82. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?
83. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай жұмысыңызды аяқтайсыз ба?
84. Төтенше жағдайларға тез жауап бересіз ба?
85. Тез сөйлейсіз бе?
86. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайысыз ба?
87. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?
88. Шыдамдысыз ба?
89. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?
90. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?
91. Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?
92. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?
93. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?
94. Нақты қимылдарды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
95. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын қандылық боласыз ба?
96. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?
97. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?
98. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба?
100. Басқалардың жұмыс атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?
101. Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?
102. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызга аласыз ба?
103. Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?
104. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?
105. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?
106. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келе ме?
107. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?
108. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай күре аласы ба?
109. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?
110. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсіз бе?
111. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?
112. Сізге өтініш жасағанда тыныштық жасайсыз ба?
113. Сізге өтініш жасамай-ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?
114. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге даярсыз ба?
115. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?
116. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?
117. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?
118. Спорт жастарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?
119. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
120. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?
121. Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
122. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?
123. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?
124. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?
125. Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт тыныш отыра аласыз ба?
126. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?
127. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?
128. Сізді күйгелектендіру оңай ма?
129. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?
130. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?
131. Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?
132. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?
133. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?
134. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?
Бағалау шкаласы:
Жауап кілтке сай келсе – 2 балл. Жауап сай келмесе – 0 балл. Білмеймін деген жауап – 1 балл.
Өңдеу кілті:
Қозу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:
Ия: 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81, 82, 83, 94, 97,98, 102, 105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132, 133, 134.
Жоқ: 47, 51, 107, 123.
Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:
Ия: 2, 5, 8, 10, 12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129.
Жоқ: 18, 34, 36, 128.
Динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:
Ия: 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91.
Жоқ: 25, 57, 63, 116.
Қозу және тежелу процестерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді. Қозу және тежелу процестерінің ара-қатынасы, жүйке процестерінің ара-қатынасы жүйке процесінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер арақатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса – ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса – ол адамның тормоздан шығуы қиын, тежелгіш екпінінің белгісі болады.
Көрсеткіштер бойынша мінездеме:
Сангвиник-экстравент: тез қимылдайтын тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жора-жолдастары көп, өмір сүйгіш.
Зерттеу барысында балалардың темпераментінің таза түрі сирек кездесетіндігі анық байқалды.
Холерик-экстравент: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында психопат.
Флегматик-интроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, денсаулығын бір қалыпты сақтайды. Зерттелінген оқушылардың 16 пайызы флегматик-интровертке жақын болады.
Меланхолик-интровент: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөлініп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға үшырап, денсаулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Зерттелінгендердің сипаттамасы: 2 - флегматик-интроверт; 7 - сангвиник-экстравент; 14 - холерик-экстраверт болады.
Зерттеу барысында сынып оқушыларымен темперамент қасиеті туралы, оның әрқайсысының оң көрсеткіштері мен қатар осал жерлері бар екендігі туралы талданады. Әр адам өз-өзін тәрбиелеу барысында қалай оң көрсеткіштерін нығайтып, табиғи күшін барынша ашуға тырысуы керек екендігі түсіндіріледі. Сонда ұшқалақ адам өзін байсалдылыққа үйретіп, шалағалық орын алатын жерде істеген жұмысының сапасына көңіл аударып жүретін болады. Зерттеу нәтижесі бойынша темпераменттің ерекшеліктерін доминанта көрсеткіші бойынша бағаланды. Әр бала өзіне-өзі мінездеме жазып, оң көрсеткіштерін анықтап, оны жетілдіру жолдарын өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын жасауға пайдаланды.
Жеке тұлғалық қасиеттердің барлық ерекшеліктерін толық диагностикалау үшін бірнеше әдістемелерді бір-бірімен ұштастырып жүргізу қажет. Сондықтан келесі кезеңде балалардың мазасыз агрессиясының көрініс беруін және оның нақты түрін анықтауға арналған
Оқушылардың агрессиясын Басса-Дарки әдістемесімен зерттеу.
Зерттенушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесі, пиктограмма (сурет салғызып, оны психологиялық талдау жасау әдістемесі пиктограмма деп аталады) әдістеменің үй, тал, адам және менің отбасым кешқұрым түрлерін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықты.
Басса-Дарки әдістемесі.
Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.
Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршағаң орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым куалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратып теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард). Агрессия терминімен жеке тұлғаның субьект субьекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.
Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Жеткіншек жас кезінде себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, нормадан тыс дамыған жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі еқі топқа бөледі. Біріншісі – мотивациялық агрессия. Осы құбылысты туғызған себеп сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі - инструменталдық агрессия немесе өзін-өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның формасын диагностикалауға болады. Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Сауалнама:
1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.
2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.
3. Мен тез ренжіп қаламын, бірақ тез басыламын.
4. Егер маған жақсылап өтініш жасамаса, тапсырманы орындаймын.
5. Өмірден маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.
6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.
8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданның алдында қатты қысыламын.
9. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.
10. Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.
11. Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.
12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса мен оны бұзғым келеді.
13. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.
14. Басқалар маған күтпеген жерде, си-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.
15. Кейде менің ойыма ұялатын нәрселер келеді.
16. Менің басқалармен келіспейтін кезім жиі болады.
17. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.
18. Мен ашуланғанда есікті тарс еткізіп жабамын.
19. Мен сыртқы көрінісімнен әлде-қайда ашушаңырақпын.
20. Егер біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
21. Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.
22. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
23. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.
24. Жұмыстан қашатын адамдар өзін кінәлі сезіну керек.
25. Менің отбасымды әбіржіткендер - жұдырыққа жығылғысы келгендер.
26. Дөрекі әзілге мен бармаймын дап ойлаймын.
27. Мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.
28. Егер біреулер бастықсымақ санаса, олар менменсініп кетпеу үшін бар күшімді саламын.
29. Апта сайын мен өзіме ұнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.
30. Адамдардың көбі маған қызғаншақтықпен қарайды.
31. Басқалардан өзімді сыйлауды талап етемін.
32. Ата-анам үшін еш нәрсе жасамағаныма қамығамын.
33. Сізді әр қашан ызаландырған адамдардың тұмсығын бұзуға тұрады.
34. Мен еш уақытта ашға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.
35. Егер басқалардың маған деген көз қарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға ренжімеймін.
36. Мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.
37. Ешкімге байқатпауға тырысамында, қызғаншақтық «Ішімді ит жегендей» етеді.
38. Кейде мені күлкіге көтеретіндер бар сияқты.
39. Мен қатты ызалансамда балағат сөз айтпаймын.
40. Менің күнәларымның барлығы кешірілсін.
41. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.
42. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.
43. Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.
44. Шынымен жек көретін адамым жоқ.
45. Бөтендерге еш уақытта сенім білдірмеу – менің ұстанымым.
46. Егер мені біреу ызаландырса, ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.
47. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.
48. Ашуланған кезде қол жұмсауым мүмкін.
49. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.
50. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сеземін.
51. Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені бірге жұмыс істеуге қиын адам деп есептер еді.
52. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрсе істейді деп ойлаймын.
53. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.
54. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.
55. Төбелескенде басқалардан артық кемім жоқ.
56. Қатты ашуланғанда бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.
57. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.
58. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.
59. Мен адамдар бұрын тек шындығын айтады, деп ойлайтын едім.
60. Ашуланғанда ғана ұрысамын.
61. Егер қателік жіберсем қысылып жүремін.
62. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса күшімді көрсетемін.
63. Өзімнің ашуымды кейде стол төбелеп көрсетемін.
64. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.
65. Дөрекілерді өз орнына қоя аламын.
66. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын деген ой маған жиі келеді.
67. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.
68. Кішкентай нәрселерге бола ренжімеймін.
69. Басқалар намысына тиіп, ызаландырғысы келеді деген ойға сирек бөленемін.
70. Мен көбінесе адамдарды тек қорқытамын.
71. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.
72. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.
73. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетпеуге тырысамын.
74. Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.
Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасаған:
1. Әр сұрақ агрессиясының бір түрін анықтауға арналған.
2. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.
Бағалау шкаласы:
Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады:
1. Физикалық агрессия: ия – 1, жоқ – 0.
Келесі тұжырымдарға: 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68. Жоқ – 1, ия – 0, келесілерге – 9, 7.
2. Жанама агрессия: ия – 1, жоқ – 0. 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63, 3. Жоқ – 1, ия – 0: 26,49.
3. Тітіркенушілік: ия – 1, жоқ – 0: 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72. Жоқ – 1, ия – 0: 11, 35, 69.
4. Негатишзм: ия – 1, жоқ – 0. 4, 12, 20, 28. Жоқ – 1, ия – 0: 36.
5. Өкпелегіштік: ия – 1, жоқ – 0. ия – 0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.
6. Күдіктенушілік: ия – 1, жоқ – 0. 6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59. Жоқ – 1, ия – 0: 33,66, 74, 75.
7. Вербальды: ия – 1, жоқ – 0. 7, 15, 23, 31, 46, 53, 60, 71, 73. Жоқ – 1, ия – 0: 1,33, 66, 74, 75.
8. Кінәні сезінуі: ия – 1, жоқ – 0. 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.
Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды балдарға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі, қастандық индексі деп аталады да, ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі – 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады. 6, 5 плюс-минус 3 – қастандық көрсеткіші нормада екпіннің белгісін көрсетеді. 21 плюс-минус 4 - агрессияның нормадағысын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |