дөң - қырат ең - көрік ел - халық еле – ұнды
елеу дөңгеле - айналу лек –
(лек-легімен) ек - егін ек кел
7. Берілген буындардан сөз құрап жазу.
нан
|
де
|
ре
|
бидай
|
те
|
ғай
|
нан
|
ла
|
за
|
|
шық
|
0
|
лау
|
жа
|
¥Р
|
рын
|
дық
|
ше
|
кө
|
Найзағай
|
ұршық
|
көше
|
Терезе
|
орындық
|
жалау
|
Балапан
|
|
|
8. Жұмбақты шешу.
Жұмбақтың шешінде кездесетін і әрпі мына сөзжұмбақтың сәйкес келуі керек.
1. Адамның сәні Онсыз жоқ мәні. (киім)
2. Үңгірді жайлаған сүйексіз, тиексіз жымаңдап, сайраған. (Тіл)
3. Жұдырықтай тұрқы Ошағанға ұқсас сырты Бұл не? (Кірпі)
4. Іртік-іртік сүттен Қайнатып, кептірген Тәтті дәмі бар Кім бар оны жеп көрген (ірімшік)
9. Сөз жұмбақты шешу және жұмбақ шешуінен жаңа сөз табу.
1. Табылады құлақтан 3. Үлкендердің беретін
Әйел заты құмартқан. Той-думанда тілегі
(сырға) (бата)
Буын орнын өзгертсек Буын орнын өзгертсек
Жүз жылға уақыт не десек Нан пісіріп береді.
Жаңылмайсың жауаптан (таба)
(ғасыр)
2. Ақ бояуға қанықпын 4. Баланың бәрі қызығар
Бағалымсын мамықпын Ортасында мұзы бар
(мақта) Балдай тәтті тағаммын
(Балмұздақ)
Буын орны ауысса Ортаңғы буын алынса
Тірі жанға азықпын Таяныш боп қалармын
(тамақ) (балдақ)
II.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз -тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік қүрамының ең түрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі.
Сөздік қордың тұрақтылығы тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік туады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынұлы «Сөздік құрамының ең басты және тұрақты бөлшегі — негізгі сөздік қор. НСҚ — бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы» деген болатын.
Ғалымдардың сөздік қор ұғымына берген анықтамалары өте ұқсас. Қазақ тілі - ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі. Құрамындағы сөздердің саны ұлан-ғайыр көп. НСҚ тірек болатын - халықтың байырғы сөздері.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі -өзінің мемлекеттіе мәртебесін абыроймен ақтарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» (Радлов), «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл - қазақ тілі» (Мавлов) деп, айтқыш та айшықтылығын, сүлу да сұңғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.
Ендеше біз қазақ тілінің байлығын, көркемдігі мен бейнелігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген етіп тәрбиелеуде әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын оқу-тәрбие есінде қолдану туралы сөз естімекпіз.
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білімдегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын
ескеру;
үйретілетін сөздердің жеңілділігі;
бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай
келуі;
сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
сөздердің тәрбиелік, ізглілік ұғымға сәйкестілігін есепке алу
және т.б.
Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. М.Горький «О литературе» деген еңбегінде «Тілдің нағыз әдемілігі, сөздің дәлдігі, оның айқындығы, естілуі, айтылуы арқылы көрінеді» деп, ана тілінің бай сөздік қорын меңгеруге үлкен мән берген еді.
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары осы байлықты бірі игеруге, екіншісі меңгеруге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз. Ана тілін қадірлеу, оның байлығын сақтап, үйрену үлкен патриоттық іс.
Адамның сөздік қоры екі жағдайда жетіліп отырады: бірі - сөзді активті қолдану, екіншісі - сөзді пассивті қолдану.
Сөз мағынасы дұрыс түсіндіру, түсіне білу керек. Сөйлеу түрінде сөз мағынасының алатын орны зор.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине, төменгі сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар
нәтижесінде ғана іске асады. Мұғалім сабақтың тиімділігін
арттырып, оқушылардың ой дербестігін, оқу-танымдық
қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Бұл әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанда іске асады.
Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында мол да құнды ойлар айтқан тұлғаларымыздың бірі Мағжан Жұмабаев. Оның шәкірт тілін ширатушыларды таң қалдырған әдістемелік еңбегі «Бастауыш класта ана тілі» оқулығы. Бұл кітабы арқылы бастауыш мектепке ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін жасауға ұмтылғаны аңғарылады.
М.Жұмабайұлының әдіскер-ғалым ретінде төртжылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілер жаттығулар, қалыптастырулар, дағдылар кешенін жасап ұсынған.
Пікірлерді жинақтай келгенде оқушы тілін байытуда сөйлеумен байланысты іске асыруда мынандай қажеттіліктер туындайды:
- Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында сөздің
мағыналарын толық меңгерту;
- Сөйлемді дұрыс қолану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта
білуге дағдыландыру;
- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып,
дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;
Оқыту ісінде сөздік қорды дамытуда қойылатын талаптар мен қажеттіліктерді естен шығармай, орынды іске асрыу арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде еркін де шебер сөйлеуге машықтандыруға болады.
Сөздік жұмысының ең маңызды міндет оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданатын сөздер қорын толықтыратын сөздік беленді ету.
Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары да бар. Олар мыналар:
Тақтаға сөз жазып, оны буынға бөлу.
Сөз мағыналарын анықтауда ұғымны белгілерін санайтындай
жаттығулар (жаттығу жұмыстары).
Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу.
Жаңадан үйренген сөздерге байланысиы шығармашылық
жұмыстар (әңгіме, мазмұндама, шығарма, т.б.) жүргізу.
Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу.
Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық
сөздіктер, оқушы сөздігі).
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде біріншіден оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін; екіншіден оқушыда сөз байлығының, сөз қорының аз болдуының себебін, өзіндік ерекшелігін; үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап белгілеу керек.
Балалар сөздігін мынадай жолдарымен байытуға болады:
қоршаған ортаны байқату, аңғарту;
арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу
сыныпта және сыныптан тыс өту (әңгіме мазмұнын талқылау
және талдау) барысында, т.б.
Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын ьарттыруды ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі - оқушылардың сөз байлығынарттырып, әр сөзді орынды қолдануы, сөйтіп, оны жүйелі түрде білдіре алуы.
Стиль мәтіннің қарым-қатынасын түсіну үшін мәтінді бірлік ретінде түсінуден бастаймыз. Яғни бір шығарманың тұтас үғынылатын белгілі бір хабарлаудың ой-пікірді жеткізудің мазмұнды формасы бір бөлшегі болып табылады. Мәтіннің ең тиісті қасиеттері мына сияқты болады:
Мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бүтіндігі;
Мәтін құрайтын бірліктердің компоненттерінің бір-бірімен
байланыстылығы;
Стилистикалық норма жағынан өңделуі;
Мазмұнды байланыстылық, тұтастық;
Хабарлаудың жазбаша формада берілуі.
Қазіргі лингвистикалық ғылымда пайда болған Мұндай териндер: күрделі, синтаксистік бүтін (тұтастық), мәтін стилі тілдің стилистикалық құралдары, жаңажол (құрылымдық стилистикалық құрал ретінде), сөйлемдерді байланыстыру құралдары және мәтіннің бөлшектері тағы басқалар стилистикаға байланысты қарастырылып жүр.
Адам ойын ауызша да (сөйлеу арқылы, жазбаша да) жазу арқылы білдіреді. Демек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың екі түрі бар: бірі-ауызша тіл, екіншісі -жазбаша тіл.
Ауызекі тілде адамдар ойын, пікірін сөйлеу арқылы жеткізеді. Жазбаша тілде ой-пікір белгілі бір жүйеге түсіріліп, тілдік грамматикалық заңдылықтарын қатаң бағындырылып әдеби тіл нормасын сақтап жазады.
Сондықтан ауызекі тіл мен жазбаша тілдің өздеріне тән ауызша айтылуы немесе жазбаша берілу тәсілі (стилі) болады. Сол сияқты іс-қағаздарының, көркем шығармалардың, мақала, хат т.б. тәрізді мәтіннің өзіне тән баяндау, сөз қолданыс ерекшеліктері бар. Мысалы: «Керқүла атты Кендебай» ертегісіндегі мынадай текстерді диалогты алайық:
Кендебай есіктен кіріп келіп:
дат тақсыр, - дейді.
Датың болса айт, - дейді хан ақырып.
Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей,
биені де күзеттім. Түн ортасы кезіңде екі балаңыз үйықтап қалды.
Таң алдында бие алтын қүйрықты, қүндыз жүнді қүлын туады. Сол
кезде аспаннан бір бұлт түңіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді.
Мен қүйрықтан шап беріп, үстай алдым. Бұлтпе араласқан үлкен
дәу қүлынды алып кетті де, қүйрық менің қолымда қала берді, -
дегенде, сөздің аяғын күтпей: қүйрық қайда? - деді хан.
№2 мәтін.
Тіл - өзінше қалыптасқан, заңдары орныққан жүйесі бар қоғамдық құбылыс. Тіл жүйесін заңдылықтарын айқындап зерттейтін, соған орай анықтамалар, ережелер шшығаратын қоғамдық ғылымдардың бір түрлі тіл ғылымы деп аталады. Талдау кезінде мынадай мәселеге көңіл аударылады. Мәтіннің құрылымын анықтап, оларға тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері стилистиканың сипаты бойынша есептейді.
Көптеген ғалымдар мәтін композицицсын (құрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды деп Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мұны тудыратын себептер айтылады. Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс-әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөқлімінде сөз етіп оырған тақырыптан алған әсерін, тілек-мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүйелейді.
Көптеген ғалымдар мәтіннің үш түрі бар деп есептейді. Олар: хабар, сипаттау, пікір айту. Сонымен бірге мәтіннің кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан түратындығын айтады. Мысалы: «Алтын дән».
Қырман үсті құйын. Дәу маялар айыр үшымен үшырылып жатыр. Электромолотилка дән боратып жатыр. Бункерлерден қүйылған меруернт дән төбе - төбе үйіліп қалыпты. Қоршаған көлік, машина. Асығыс қимылдаған үлкендердің арасындба мектеп оқушылары да жүр. Мұғалімдер қасында. Ортасында Жанат. Ұжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін үмытқан секілді.
Бұл мәтіннің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы бар. Мәтіннің (Қырман үсті қүйын) бірінші сөйлемі әңгіменің не туралы болатынын көрсетіп кірспе ролін атқарған. Ал 2,3,4,5,6,7,8 -сөйлемдер - мәтіннің негізі. Айтылар ой дәннің бастырылуы.
Үлкендер мен мектеп оқушылары жөніндегі хабар осы жеті сөйлемде берілген. Ал (ұжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді) соңғы сөйлем қорытынды ретінде қолднылған.
Жалпы мәтінде негізінде не субстанция (зат) немесе зат пен құбылыстың атрибуты (қасиеті) немесе ең соңында олардың бір-бірімен қатынасы жайында сөз болады. Зат пен объективті дүниедегі жанды-жансыз нәрселерді айтатын болсақ, сол заттың сапасын, қимылын және күйін біз жалпы бір атпен заттың қасиеттері деп атаймыз.
Табиғат бір нәрсені екінші бір нәрсеге түріше қатынастары бар заттардан тұрады. Таратып айтқанда, бір заттың екінші бір заттан үлкен болуы мүмкін, бір зат екінші заттың себебі болуы мүмкін, бір зат екінші заттың мекені болуы мүмкін, бір заттың екінші заттан бүрын пайда болуы мүмкін т.б.
Мәтінде сөз болатындар осы үш категориялардың біреуіне сәйкес келтіріліп жазылуы не айтылуы керек. Яғни, әңгіме мазмұны не зат, не оның қасиеті, не қатынасы жайында болмақ. Міне сондықтан мәтіннің кіріспесінде зат (не құбылыс) атауы, не оқиға болатын кеңістік пен уақыт сөз болады.
Өйткені уақыт пен кеңістік үнемі қозғалыста болып отыратын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.
Жоғарыда келтірілген мәтіннің кіріспесі оқиғалар жүйесінің уақытты қатынасын білдіреді. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санайды. Атап айтқанда, тіл білімінде сөз, сөздің тіркесіне түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығын, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Сондықтан мәтін туралы білім ең алдымен қайырымның түзілуі ерекшелігіне байланысты. Сондықтан мәтіннің құрылымдық ерекшелігі оны құрайтын сөйлемдердің мақсатқа сай ойды жеткізуге байланысты құрастырылуына, одан қайырым жасалатынына назар аударылады. Әсіресе адамдар бір-бірімен қарымқатынас жасағанда жеке-жеке сөйлемдермен ғана емес, тұтас бір пікірді білдіретін бірнеше сөйлемдерді де пайдаланатындығын, сондай-ақ бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі. Мысалы:
Сен маған атыңды айтпадың ғой?
Сіз өзіңіз сүраған жоқсыз ғой?
Ал сүрайық.
Атым - Сағат.
Сағат, мына суретіңді көрейінші.
Көріңіз - деген қарым қатынаста, яғни екі кісінің әңгімесі бір-
біріне сөйлемнен ғана орындалып түр.
Немесе: бір кезде арыстанның ақырған дауысы естіледі ілгері екі-үш аттағанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнелді.Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. Кендебай алты қүлаш алмас қылышын көлденең үстай қояды.
Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды арыстанның ар жағынан бірақ келтіреді. Кендебай арыстанның аузын қағып алып қоржынға салады. Ақыры, Кендебай алтын қүйрықты қүлынды тауып алып аман-есен ханның үйіне қайтып келеді.
Хан қуанып, үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай сандалып мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып ханның екі баласы келеді, - деген мәітнде үш қайырым бар.
Атап айтқанда, бірінші қайырым Кендебайдың арыстанмен күресін баяндаса, екінші қайырымдағы ой-пікір Кендебайдың одан кейінгі іс-әрекетін баяндайды. Яғни Кендебайдың алтын құйрықты тауып, ханға келуі, ал үшіншіден ханның балаларының келуі баяндалады.
Сонымен бірге, әр қайырымдағы сөйлемдердің бір-бірімен байланысты болып, бір ой-пікірге топтасып, тақырыптық мазмұнға бағынатындығын анықтауға болады. Ал, бұл құбылысты әр қайырымдағы сөйлемдердің белгілі мәселе бойынша бір-бірімен байланысатындығы бойынша байқауға болады. Мысалы:
Әрбір қайырымдағы бір тиянақты ойды білдіретін сөйлемдердегі
іс-әрекеттер бір мезгілде болуы. Мысалы: Кендебайдың
арыстанның даусын есітіп, айқасқа түсуі бір мезгілде іске асады.
Әрбір қайырымдағы сөйлемдердегі іс-әрекеттер бір-бірімен
байланыста болады. Мысалы: Кендебайдың арыстанмен айқасы
туралы іс-әрекеттер бір-бірімен байланысты.
Сөйлемдегі ой-пікірлер бір-бірімен жалғасып, байланысты
болады. Сондықтан жоғарыдағы пікірлерді төмендегіше
қорытуға болады.
Айтылатын ой-пікірлердің, әңгімелердің қағаз бетінде жазу арқылы түсірілуі мәтін деп аталады. Мәтін берілетін ой, мазмұнның көлеміне қарай шағын да, көлемді болады. Ал оқиға мен мазмұн баяндалуына қарай тараулар мен бөлімдерге және тақырыпшаларға бөлінеді, немесе ой-пікірдің берілуі бойынша қайырымға ажыратылып, ол белгілі бір-бірімен байланысқан сөйлемдердени тұрады, құралады.
Сөйлемдер мәтіннің түріне байланысты да болады. Мәселен, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдер анықталмаған, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі сақтала бермеуі мүмкін. Ал кітәби жазба стильдердегі бұл ерекшеліктер кездеспейді, негізінде ой толық аяқталған нақты болады. Мысалы, ауызекі стилінде:
-Сіздің жасыңыз қаншада?
Он жетіде.
Қайда түрасыз?
Ауылда - деп толымсыз сөйлемдер қолдана береді. Сондықтан
бұл сөйлемдер қайырымға топтаса алмайды.
Сөйлемдердің әрқайсысы бір ойды, не күрделі ойды білдіреді. Ал ол ойлар бір-бірімен байланысты болады. Кейде сөйлемдегі ойлар бір-бірімен байланыста болады. Кейде сөйлемдегі ойлар бір-бірімен жеке-жеке де болады. Міне, осы ерекшелігіне қарай сөйлемдер бір-бірімен ерекшеленеді.
Егер сөйлемдегі ойлар бір-бірімен байланыста болып, жүйелі түрде жасалса, онда ол қайырым қүрайды. Ал сөйлемдердегі ойлардың бір-бірімен байланыстылығы болмаса әрқайсысы жаңа бөлек ой болады да, белгілі жүйе түзе алмайды. Онда ол сөйлемдер бір қайырым бола алмайды.
Мысалы:
Түйелер көтерісшілерге жол ашып берді. Жүз батыр тізе қосып үрысқа кірісті. Олар үзікті жағалап, қылыштасып, жолдастарын өткізе бастады деген мәтінде үш сөйлем бар. Бірақ оның үшеуі әрекеттің бір мезгілде өтіп жатқанын байқатады, мезгілдік байланысын көрсетеді.
Ал осы сөйлемдегі енді басқа жердегі Исатайдың сарбаздарының іс-әрекетіне байланысты сөйлем құрасақ, онда жаңа жолдан бастауға тура келеді. Яғни, мұнда жаңа қайырым, жаңа пікір айтылатын болады. Мысалы:
Қоршаудың үздігінен бірнеше болып шыққан бураның қос өркешінің арасында жабыса жатып алған Садық қарт еді. Одан соң жігіттердің қорғауындағы әйелдер мен бала-шаға шықты.
Исатай мен махамбет басқаларды құтқару үшін, өз бастарын өлімге тіккен жүз батырмен бірге соғысып жүр.
Міне, Мұнда қайырым бар. Біріншісі, жау қоршауды бұзу әрекеті, екіншісі, қоршаудағы шығу әрекетін білдіру. Барлық алты сөйлем осы екі қайырымда топтасқан. Оқиға желісін баяндауда осы қайырымдар да бір-бірімен байланыста болады.
«Жамбыл - ұлы - ақын» - деп басталатын мәтін кіріспесі ең негізгі категорияның бірі, заттың атауынан басталып түр.
Мәтіннің мазмұны объективті шындықты білдіретін пікірлер жиынтығынан құралады. Ал пікірлеу сөйлем арқылы беріледі. Сөйлемде әрқашан бір нәрсе туралы бірдеңе айтылады. Онда не туралы сөз болса, ол бастауыш деп аталады, ал сол заң туралы айтқанымыз баяндауыш деп аталады.
Мәтіндегі сөйлемдер әрқашанда субъект пен предикаттың қосылуынан болады.
Сөйлемдегі бастауыштың өзгеруіне байланысты сөйлем не анық, не белгісіз болуы мүмкін. Бастауыш анық сөйлемдер - дара, ішінара және жалпы болып бөлінеді. Дара - бір ғана жеке ұғым бастауыштан түрған сөйлем. Мысалы: Мүхатр Әуезов - қазақтың үлы суреткері. Ішінара ұғымның көлемінің бір бөлшегі ғана бастауыш заттардың, не құбылыстардың класын көрсететін сөйлем. Мысалы: үй жануарлары - сүт қоректілер. Ал субъектісі белгісіз сөйлем - жақсыз сөйлем болады. Мысалы: Шомылғым келеді. Сөйлемді баяндауыш тұлғасына қарай хабарлы, суретті, түсіндірме сөйлемдер деп бөлуге болады.
Хабарлы +сөйлемнің баяндауышы — оқиғалар жайында айтылған сөздерден тұрады. Бастауыш Мұнда әрқашанда нәрсенің күйінен, ұғымынан және хабарланатын нәрселер туралы көбінесе қатыстың жағынан баяндалады. Мысалы: Біздің аулада райхан гүлдеп түр. Бұл сөйлемді хабарлы сөйлем деп атаймыз. Өйткені аулада райханның гүлдеп түрғанын хабарлап түр.
Берірек келген соң, тайынан басқа Көркемтайдың үйреткен көкбесті мен бір-екі бұзаулы сиыры ғана қалды.
Қасындағы ағайын көршілерінің балалары Көркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп, көре алмайтын.
Менің арқамда жетімдіктің не екенін білмеуші ең, ешкімнің баласынан кем қылғанын жоқ еді.
Бүрын Ысқақтың үйіне қалай ашуланса да, шешсінің Мұндай ренішті сөздер айтып жылағанын Көркемтай көрген жоқ еді. Соның үшін де ол өзін бақытты санап, жетімдікті білмеуші еді. Шешесінің айтқан сөздері оған сондай аянышты көрінді. Бұл микромәтіндегі әрбір қайырымдағы сөйлемдер сол мәтіннің тұтас мазмұнына орай және қайырымдағы пікірдің мәніне байланысты өзіндік ой ерекшеліктерін білдіреді.
Қорытынды.
Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруды дағдыландырудың негізгі әдіс-тәсілдері және нәтижесі
Қорыта айтқанда, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек. Бастауыш сыныта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі -оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбашасөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолджана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп, сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызды оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, тіл білімінде: сөз сөздің тіркеске түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Жазушы мәтіннің негізгі бөлімінде жоғарыдағы келтірілген сөйлемдерді пайдалана отырып, субъет пен предикаттың қатынасы баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің арқасында адам түрлі-түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысына келеді.
Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытныдысының бірін жасауы мүмкін. Олар: индуктивті, дедуктивті және аналогиялық. Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен құбылыстарды зерттеп, тексеруге сүиене отырып жалпы заңдылықтар мен ережелер жасау жолын айтады.
Мысалы:
Түйе мен түлкі.
Түйе өзен суына салқындап түрған-ды. Өзен жағасында түлкі келіп: - Уа түйе, су терең бе екен? Мен де шомылып алсам қайтеді?
- деді.
Терең-ақ, жүзе білмесең, судан рахат табамын деп ойлама.
Сақалды басыңмен неге жалған сөйлейсің? Терең емес, сенің
тізеңнен ғана келіп түрған жоқ па?
Әркімнің өз биігі, өз төбесі бар. Сенің бойың менің тіземнен де
төмен. Қолың жетпегенге кеңірдегіңді озып қайтесің?
Мен сенің өтірігіңді шығарайын, - деп түлкі жарқабақтан суға
қойып кетті.
Түлкі суға батып, су жүтып, түншығып бара жатқан соң шыңғырып:
Түйе, түйежан, бауырым қүтқара гөр, суға кеттім, - деді.
Менің айтқанымның шындық, жан ашыр сөз екеніне көзің
жеттіме? - деп сүрады түйе саспай.
Көзімнің жеткенін-жетпегенін жағағағ шыққан соң айтайын,
тезірек қүтқара гөр» - деп жалында түлкі шашалып-қақалып.
Бұл ақымаққа не дерсің, - деп түйе түлкіге ренжіді, су түбіне
кетіп бара жатып та қулық істейді, қателігін мойындағысы
келмейді. Түлкі суға батып та кетті, - өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын саған сол керек, - деп шағалар шу-шу етті. (М.Төреханов)
Бұл мәтінде жазушы түлкінің (субъектінің) іс-әрекеттерін баяндай отырып, жекеден (түлкіні мысалға ала отырып, жалпыға қарай) өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын ой қорытындысын шығарған.
Дедукция дегеніміз - жалпыдан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы. Мысалы: Бір уыс мақта.
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
Балам дүниедегі жаратылған жанды жануарлардың
ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды. Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып тастады.
- Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қомас, - деді. Әжесі: -
Балам, ол да жерде қалмайды, - деді.
Осылайша сөйлесіп отырғанда, манғы мақтаны бір кішкентай торғай алып кетті. Қыз әжесін:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не
қылады? - деді. Әжесі:
Көрдің бе балам, күн айналмай манағы сөздің келгені. Қажетсіз деген мақта қиқымының да кәдеге жарағанын. Оны торғай үясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, - деді. (Ы.Алтынсарин)
Бұл мәтінде соңғы қайырым индуктивтік ой қорытындысы, өйткені «Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардыңешқайсысы да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды» деген жалпы ой қорытындысынан «Мақта қиқымы кәдеге жарады» деген жеке ой қорытындысы туындайды.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәтіннің түрлері:
1. Хабар - негізінен, бастан кешкен (көрген, естіген) оқиғаларды еске түсіріп айтып шығу. Мұндағы баяндай, негізінен, оқиғаның өту тәртібі мен уақытын, орнын көрсету жолымен іске асады.
Мәтін құрылыс:
а) Оқиғаның басталуы; ә) Оқиғаның дамуы; б) Оқиғаның аяқталуы болып үшке бөлінеді.
Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жапбаров А., Тілеубердиев Б. «Оқушыларға мәтін құрастыру
мен шығарма жаздыру әдістемесі» Ш.2002 ж., 16-бет
Әбдікаримов Т.М. «Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл
дамыту» А.1993ж, 20-бет
Арғынов Х.К. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының
негіздері» А., 1987 ж, 205 бет
Айғабылов А. «Тіл ұстарту» Қазақстан мектебі 1995, №8
Ысқақов Б. «Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері»
А.1996ж
Жапбаров А. «Тіл дамыту». А. 1989, 85-бет
Базарбекова Г. «Сөздік жұмысы». А. 1999, ЗОбет
Жолдашқызы Р. «Мәтінмен жұмыс істеу», «Бастауыш мектеп»
2001ж,45-бет
«Сөздік қорды дамыту ерекшеліктері», «Қазақстан мектебі»
2002, №5, 47-бет
Отар Әлі Бүркіт. «Көркем мәтіннің семантикасы» Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001, №8, 25-бет
Аманжолов С, Әбілқаев А., Ұйықбаев М. «Қазақ тілінің гр амматикасы» А. 1977. 236-бет
Аханов А., Катембаева Г. «Қазақ тілі» А. 1982. 23-бет
Исаев К., Бектұров С. «Сөйлемдегі грамматикалық
талдаудьщ тәсілдері» А. 1985
Г.Абхунов «Қазақ тілі синтаксисі» А. 1990.
Қ.Жұбанов «Қазақ тілі» А. 1996
«Бастауыш мектеп» журналы. «Сөздік қорды дамыту».
2000№3.4-бет
«Бастауыш мектеп» 2001 № 17 40-бет
Қазақ тіл мен әдебиеті. 2001 ж. №8. 25-бет
«Бастауыш мектеп» 2001. № 1 -2 45 –бет
«Балдырған» журналы. №6. 2000 ж.
«Бастауыш мектеп» 2001 ж №245-бет
«Бастауыш мектеп». 2001 ж. №1-27 43-бет
Қазақстан мектебі 2002ж. №5 47-бет
Хасенов Ә. Тіл білімі А. 199ІЖ
Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі А. 1999, А.
Болғанбаев Қазіргі қазақ тілі. 1999, М.
Байтүрсынұлы А. Тіл ғылымы А. «Ана тілі» 1992,448бет
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі А.,1987
Бектүрғанов Ш., Серғалиев М., Қазақ тілі А,-1994
Оразбаева Ф. «Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі А.2000
Әбілақов Ә., Исаев С, Агманов Е.,«Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері» А., 1973ж
Балақаев М.Б. «Қазақ тілі грамматикасы» А., 1949ж
Сайрамбаев Т. «Етістіктердің сөз тіркесін құраудағы рөлі.
Қазақ тілінің мәселелері» ҚазМҮУ, М. 1983ж
Сайрамбаев Т., «Сөз тіркесінің арнайы курсының
бағдарламасы». Университеттер мен пединституттар үшін
арналған. А., 1987ж
Достарыңызбен бөлісу: |