2 ТАРАУ
Астана қаласының даму тарихы.
Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, эканомикалық, мәдени орталығы, елдікті ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы.Астана ұғымы ұлыстар, тайпалар одағы, мемлекет бірлестікткр пада болған кезде, перғауын қаған, халифа, шаһ, әмір, король, патша, хан, сұлтан, т.б. елбасылар лауазымдар мен қатар өмірге келді. Оның ішінде қазақтар тұрағын «Орда» деп атаған. Астана орнын осы орда атқарады. Қазақстан тарихында өте көптеген қалалар астаналық рол атқарған. Абылайдың тұсында Түркістан (Көкшетау, Қызылжар) болған. Кенесары Ұлытауға ордасын тіккен. Қазақ астаналары тарихы өте бай. Үш мемлекеттің Батыс Түрік, Түркеш және Қарлұқ хандықтарының астанасы Суяб қаласының ірге тасы V- ғасырда қаланды. Орталық Азияның аса ірі қалаларының бірі –Баласағұн. Батыс Түрік қағандығының, Қараған және Қарақидан мекмлекетінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі - Тараздың атағы VI- VII ғасырларда Қытайдан Византияға дейін таралған.Жазба деректерде бірінші қала атанған Испиджаб VII-ғасырда белгілі болған.Отырарды Араб ғалымы әл-Макдиси X-ғасырда өте көне астана деп атаған. IX-XI- Жаңакент. XVI-Сығанақ қаласы болды. XVII- Сарайшық, XVIII-Үргеніш қаласы болды.Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт- Петербург пен Мәскеу қалаларына аударылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның астаналары Орынбор(1920-1925), Қызылорда (1925-1929), Алматы (1929-1997) жылдары болды. 1994- жылы соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің Астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997- жылы 20-шы қазанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6- мамырынан Астана қаласы) ҚР жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады. (қазақ энц-я)
Егеменді еліміздің жүрегі қазіргі Астана қаласы әуелде Қараөткел деп аталыпты. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1832 жылы Ақмола бекінісін салыпты. 1961 жылы шаһардың есімі Целиноград болып өзгерді. 1994 жылы Республика жоғарғы советі ел Астанасын Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. 1998 жылы 6- мамырда ел басы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді /3,10,22/.
2.1.1.Ақмола елді мекенінің қалыптасуы.
1830 жылдың мамырында Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Федор Шубин 200 қазақтан тұратын отрядпен Ақмола жеріне келіп түсті. Оның мақсаты жаңа округті ашуға әкімшілік және шаруашылық дайындық өткізу және жергілікті жердің «көзбен өлшеген «картасын жасау болды.Ерте заманда Нұра және Есіл қос өзен аралығында –Сарыарқаның төсінде –ғұндар қорған орнатқан. «Ақмола «сөзінің пайда болуы туралы нұсқалар жеткілікті, бірақ біз олардың біреуіне ғана тоқталсақ: ғұндар тілінде «ақ» сөзі «батыс» деген мағына білдірсе, ал «мола» «қорған» деген мағынаны белдірген.Яғни, »ақмола»сөзін «батыс қорғаны» деп аударуға болады.
Белгіленген жерге келісімен Шубин өз отрядын Ақмола жеріне емес, Қараөткелге (округке айналғанда бұл жердің аты өзгеріссіз қалады) аялдатты. Осындаалдын ала хабарланған қазақ болыстарынан делегаттар келіп, маусым айының он сегізінші жұлдызында жазбаша түрде осы таңдауды мақұлдап бекітті. Сонымен 1830 жылдың 18 маусымы –Ақмоланың негізі қаланған күн болып саналады.
1832 жылдың басында Батыс Сібірдің генерал- губернаторы И.А. Вельяминов болыс сұлтаны Қоңырқұлжа Құдайменді ұлына Николай І патшаның «Жоғарғы мәртебелім айтуды бұйырды: Сіздердің тілектеріңізбен келісіп, осы жылдың жазында Сіздер тұратын Қарпықов және Қуандықов болыстарында Ақмола атты округ ашылсын « деген сөздерін жеткізді. Ақмола сыртқы округінің ресми ашылуы 1832 жылы 22 тамызды халықтың үлкен жиынында салтанатты түрде өткенін қазақ және орыс тілдерінде жазылған құжаттар дәлелдейді.
Аға сұлтан болып Сәмеке ханның шөбересі Қоңырқұлжа Құдайменді ұлы сайланды.Қала қазіпргі –ҚазМЗУ-дің орнында салынған казармалық құрлыстан бастау алады. Бұл құрлыстың 1973 жылы бұзылғанын айта кеткен жөн. Бұзылған казарма жақтаусыз, терезелері кішкентай, есіктері тар кішігім үйшік тәрізді еді. Сондықтан да олар бұл үй қазіргі сәулетті үлгідегі ғимараттардың арасынан көзге оғаш көрінетін. Уақыт өте тіпті сылақтары түсіп, жабайы тастан қаланған қабырғалары жалаңаштанып қалды.
Болашақ қаланың орнында бас кезінде осыған ұқсас бір-біріне қапсарлас, тастан және саманнан салынған казармалар бой көтерді. Оларда офицерлер мен күзет отрядтарының казактарытұрды және Қараөткел арқылы өтетін керуеннің көпестері демалуға тоқтайтын. Дәл осы жерде 1832 жылы Аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменді Бұл уақытта мұрагерлік хандық билік орыс гарнизондарының қолдауындағы округтік жүйемен алмасқан.Алайда, патша үкіметінің шешімімен пайда болған жаңа тәртіп кейбір хан мұрагерлері мен ірі феодалдардың назарлығын тудырды. Олар бұзылған салтты қайта жаңғыртуға тырысты. Әсіресе, бұған Орта жүз ханы Абы-лай руынан шыққан Сұлтан Кенесары Қасым ұлы қарсы тұрды. Кенесары азаттық қозғалысын бастай отырып, 1838 жылдың мамыр айында қазақ бекінісі –Ақмола приказына шабуылды бастады.Бұл жерде қазір Қажымұқан Мұңайтпсаұлы атындығы стадион тұғызылды.
1838 жылдың 26 мамырында тәңіртегі сағат 10-дар шамасында Қараөткелде күтпеген жағдайда Кенесары Қасымұлының қол басшылығымен мыңдаған қаруланған салт аттылар көрінді. Көтерілісшілер Ақмола приказын тез арада басып алып, жоймақ болды.
Қорғанушы жақты Шубиннің орнында қалған есаул Г. Чириков басқарды. Шайқас алты күнге созылды. Жетінші күн дегенде жеңіске жете алмаған Кенесары шегінуге мәжбүр болды. Қарулы іс-әрекеттер кезінде Слободка өртенген еді. Слободка деген –жеке, ешкімнің иелігінде жоқ бес-алты ағаш үйлерден тұрған азаматтық тұрақ. Осы күнге дейін бұл ауданды көруге болады, қазір мұнда белсенді құрлыс жүргізілуде. Кеңес кезеңінде Кенесары қозғалысының үрдісті және обьективті түрде бағаланбағанын айта кеттеніміз абзал. Айталық, Кенесары «бүлігінің «Ақмола сыртқы округне келтірілген шығынның көптігінен, 1841 жылдың 30- желтоқсанды үкімет қазақтарды 2 жылға салықтан босатты, ал 1843 жылдың 20-сәуірінде бұл жеңілдікті тағы бір жылға ұзартты. Келтірілген зиянның көлемін Шохан Уалихановтың досы Қазақстанды зерттеуші, »Орталық Азия еліктерін зерттеумен оларды басқаруға байланысты заңдарды жобалаумен » айнасысатын мемлекеттік комисия мүшесі. Бас штаб полковнигі А.К. Гейнстің 1865 жылы 19-тамызда «Қазіргі Атбасар округне тұтас дір сілкіндірген Кенесары көтерілісі осы даланың бір бөлігін халықсыз қалдырды»деген жазбасы куәландырған.
Ақмоланың қазақ бекінісі ретінде пайда болу әкімшілік және комисиялық мақсаты көздеді. Ресей мен Орталық Азияны байланыстыратын сауда керуені жолында оранласқан Ақмола маңындағы транзитті орталыққа айналды.
Болашақ Астана ол кезде бірнеше заманнан және тас поилтарлардан салынған казармалар мен ағаш үйлерден тұратын кішігірім далалық тұрақ болатын. Бекіністің құрлысында ешқандай жоспар болған жоқ, ол стихиялы түрде, казармалар мен үйлер жүйезі шашыраңқы түрде тұрғызылып жатты.
Мәліметтерге сүйенсек, 1836 жылы Ақмола сыртқы округінде 3, 5 мың аса ауылдан құрылған 15 көше болыстары болған, ондағы тұрғылықты халықтың саны 130 мың адамды құрайтын. Сонымен қатар, округте бір ауыл (Қараөткелде) 9 ағаш үй, лазарет, жел дирмені, ұстахана болды. Қазақтардың жалпы саны 500 тарта адамды құрады. Батыс Сібір генерал-губернатолығы Ақмолаға келетін орталықазия саудагерлеріне қолайлы жағдай туғызды. Сондықтанда 1838 жылы Қараөткелде алғаш ағаштан мешіт салынды. Бұл мешітті діндар және қарапайым қазақ тұрғындары үшін және мәдени өмір ошағына айналды.Мешіттің жаныннан қазақ мектебі ашылды. Сабақтарды молда жүргізді, онда балалар оқуды, жазуды, санауды және Құран сүрелерін үйренді.
1838 жылғы мешітті қайталанбас сәулет өнерінің ескерткіші ретінде, солд кездегі қаланың көркем жерлеріне жатқызуға толық негіз бар. Бұл мешіт қазіргі Иманов атындығы көшеде (Республика даңғылына жақын) орналасқан. Өкінішке орай, мешіт 1920 жылы өртеніп кетті. Кейінірек осы орынға дінге сенушілердің берген садағалары арқасында жаңа мешіт салынды, бұл жолы ол Қызылтас кірпіштен еді.
1930 жылы Кеңес үкіметінің дінімен күресі кезеңінде, жаңа мешіт жабылып, ғимаратты тарихи аймақтану мұражайына берілді. Алайда үйдің сыртқы келбеті өзгертілген жоқ мұнара, күмбез, тас бөренелерден тұратын тұрақты қоршау сол күйінде қалды.Кейінірек бұл үй құлатылып орнына тұрғынүй салынды. Бұрынғы Церқовь көшесінде қазіргі Абай аудандағы көше мен Республика даңғылы қилсында тағы да бір татар мешті болды, оның аты құрлыс демеушісі Ақмоладағы бай көпестердің бірі татар Забировтың құрметіне аталып кетті. Бұл мешіт жасы тұспен боялған. Мешітті жабылып, қайта құрылған кезде онда жергілікті Пионерлер Үйі орталық алаңға көшіріліп, мешіт ғимараты құлатылды, ал оның орнына тағы бір тұрғын үй тұрғызылды.
Қаланың тарихи және сәулет өнері: ескерткіші ретінде православиелік Константин-Еленин шіркеуін айтуға болады, қазіргі ол Республика даңғылы бойындағы «Есіл»дүкенінің артында орналасқан. Патша билігінің Солтүстік жәнге Орталық Қазақстанның күшеюіне байланысты Ақмола қазақ бекінісі өзенің әскери стратегиялық мәнін жоғалтып, біртіндегені саудадық және жәрменкелік орталық сипатындағы азаматтық тұраққа айналды.
1845 жылы «Горькая линиядан « жеребе бойынша көшкен 100 қазақ отбасы Қараөткелде Ақмола қазақ станциясын құрды. Біртіндеп көпестер келе бастаыд. ХХІ ғасырдың 40- жылдарында осы жерде Волга маңғымен Ресейдің Оңтүстігінен келген орыс саудагерлері өз істерін ашты.
1851 жылы Ауыстыру кеңесі ашылды. Келесі жылы жыл сайын өтетін екі жәрменке –көктемгік Констаниновкісі және күздік Дмитриевск тұрақталды, кейінірек бұл жердегі сауда айналымы бір жарым миллион рубльге дейін жеткен тауарларМәскеу, Пішпек, Петербурк, ТөменгіНовгорт, Царицын, Ирбит, Ташкент, Бұқара, және т.б.жерлерден келетін.Барлық сауда гильдиялары, әртүрлі ұлттардан шыққан көпестер, мал өнімін, нан тасымалдары, өндіріс тауарлары, бықаралық және ташкентік жібектер кілемдер.
1862 жылдың 26 құркүйегінде император Александыр екі өзеннің жарғысы арқысы бұрынғы Ақмола қазақ бекінісінің. қалалық мәртебесін бекітті. Алайда жарғы ресіми түрде бір ай өткеннен кейін 1863 жылдың 16 шілдесінде жарияланды. Осы уақыттан бастап Ақмоланы толқынды тқала деп атауға болды.
Қала Ақмола атауның 1961жылғы дейін КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.Хрушептің өкімінің Целиноград деген ат бергенше иеленді.
1860 жылы Ақмола бекінісі жанынан пошта бөлімі ашылды. Ол бекіністе Почтамт көшесінде (қазіргі Ирченко көшесі) бір қабатты ағаш үйде орналасты. 1878 жылы Петропавл-Көкшетау-Атбасар –Ақмола телеграф кеңсесін ашып, уақыт өте оны бекіністен Станичный мен Үлкен Базар көшелерінің қилысындағы (қазіргі Кенесары көшесі) екі қабатты үйге көшірілді, ол үй малды алыпсатар Сметбай Даниярұлынанжалға алынған болатын. Кейін кеңсе тек почтамт болып аталып, оаы Орталық және Новая көшелерінің қиылысындағыт (қазіргі Әуезов және Омаров атындағы көшелер)ғимаратқа, ал 1941 жылы арнайы салынған Ленин атындағы көшедегі ғимаратқа көшірілді. Қазір Бас почтамт корпусы Абай және Әуезов атындағы көшелерінің қилысында.
Қаланың қарқынды өсуі 1890-1891 жылдары байқалады. Осы жылдары қала басқармасының мекемесі, өрт сөндіру мекемесі тастан салынған Александр- Невсий Соборы көпестердің жер үйлері, дүкендер, қоймалар салынды. 1890 жылы қала басқармасы ресейлік банктердің бірінен несие алып, орталық алаңда қонақтарға арнап Қонақ Алаң-бір қабатты көлемі бір кварталды алатын тас дүкендердің екі корпусын салады. Корпус бойына кіре-беріс темір есіктердің және торкөзделген терезелердің үстінде тақтайшалар жазылды, жазулар ірі орыс және араб әріптерімен жазылды. Дүкендердің алдында ауылдан келген сатып алушылар аттары мен түйелерін байлауға арналған жерге қазықтар қағылды. Қонақ Алаңындағы секциялар менг дүкендер жергілікті және сырттан келген көпестерге жалға берілетін. Мұнда толып жатқан өндіріс және азық-түлік тауарлары сатылатын.Кеңес дәуірінде бұл сауда кешені Жасыл қатар деп аталған (дүкендердің есіктері жасыл майлы бояумен боялғандықтан).
Шойыннан жасалған маңдайшалар мен бөренелер, ат байлайтын қазықтар Ұлы Отан соғысына дейін жоқ болып кеткен.Қазір бұзылған көшенің орнында «Сине Темпоре»(бұрынғы ОӘД (ЦУМ)) сауда орталығы тұр.
Өрт сөндіру мекемесі Александр- Невсий Соборы тәрізді қаланың қай жағынан қарамасаңыз көрініп тұратын.Оынң төменгі бөлігінде қызыл кірпіштен қаланған кең бөлмесі болды, онда команданың кезекшілік бөлігі, ерттелген аттары, қол насостары, сатылар және тағы да басқа өрт сөндіруге қажет құралдар тұратын.
1912жылдың мәліметтері бойынша Ақмола өрт сөндіру командасы 24 адамнан тұратын, өз меншіктерінде 36 ат, 15 қос ат жегілген бөшке салынған арабалар және 5 қол насостары болды.Әрине, мұндай құрал-саймандармен команданың көптеген үйлері ағаштан салынған қаланы өрттен қорғауға күші жетпейтін. Өрт ақмолалықтар үшін үрейлі жұт болатын. Кейде өрт қала кварталдарын толық шарпып өртеп жіберетін, ал 1910 және 1916 жылдары қаланың үштен бір бөлігін алып кетті. Ол кезде Ақмола төрт негізгі бөлікке бөлінген еді. Бекініс, Слободка, Станица және Қала Бұтан басқа тағы үш жағы болған –Шығысы Солтүстік және Батысы.
Бұл жақтарда көбіне жел диірмендерін ұстаған мещандар тұрды. Диірмендердің көптігі соншалықты, 1903 жылы Ақмолаға келген П. Головачев «Азиялық Ресей» мәскеулік географиялық жинаққа берген мақаласында былай деп бейнелейді: «Қала жүздеген жел диірмендермен қоршалған, олар мейірімді ертегілік Дәулердің даланың жын-шайтандарын өздерінің ұзын қолдарынмен қуып тұрған тәрізді». Диірмендер доға тәрізденіп, қазіргі шамамен Бөгенбай және Уалиханов атындағы көшелер тұған жерде, бірақ ол кездегі далалық шалғайда орналасқан. Қала сонымен бірге су мен механикалық диірмендер болды, олар Есілдің оң жақ жағалауында орналасты. Мысалы, Мацевич диірмені Авдеев көшесінде (қазіргі Уалиханов атындағы көше) орналасса, Ефремов диірмені Больничный көшесінде (қазіргі Пушкин және Достық көшелерінің қилысы), Шестаковдиірмені-Училище көшесінде (Отырар көшесі 41 үй, қазір онда «Астана Энерго Сервиз»ААҚ кеңсесі орналасқан) болды.
П. Головачев сонымен бірге былай деп жазады: «Ақмолада тіпті жергілікті бай көпестерге тиесілі, ұсқынсыз мещандық тас үйлер де бар... Көрнекі жерде Собор, Дума және Қонақ Алаңымен бірге абақты да кездеседі, оның көлемі жан-жағынан 20 құлаштай, биіктігі 3 құлаш болып келеді, айналасы өсіп кеткен ағашта. Абақтының қақпасында жалғыз сақшы тұр. Ақмоланың көшелерінде жарық бролған жоқ. Тек үлкен дүкендердің алдында ұрылардан қорғау үшін бірнеше көше шамдары тұрғызылған.Жайшылықта кең, әрі ұзын көшелер сыпырылмайды, қалада жиі құйын тұратындықтан, оларды жел тазартады.. Нан базарында ондаған «қымызханалар»орналасқан. Бұлар шағын ағаш дүңгіршектер, олардың есіктеріндегі жазулар «орысша» жазылған: «кымызами», «кумузной»және тағы басқа. Нан базарының жанында өзбек мейрамханалары орналасқан, онда манты, палау және қымыз сатылады. Қызықтырушы маңдайшаларында –ұшатын манты салынған ыдыс және оған көлденең бағытталған шанышқы (жергілікті қырғыз суретшісінің туындысы) –қонақжайлы мейрамхананың есігін көрсетеді, онда қожайын- аспазшы оң қолын жүрегінің үстіне қойып, келушілерді иіліп қарсы алады».
1913 жылдың есебі бойынша Ақмолада шошқамайын шыжғыратын, жүн жуатын зауыттар, 9 кірпіш жасайтын және2 қой зауыты 21 ұстахана, 70-ке тарта жел диірмендері, онда жалпы саны 208 жұмысшылар жұмыс жасаған. Революцияға дейін бұған тағыда 3 механикалық диірмендер, механикалық шеберханалар, бірнеше қолөнер орталықтары қосылды. Революцияға дейін Ақмолада екі шағын жекеменшік полиграфиялық мекемелер жұмыс жасаған: бұрынғы Училище көшесіндегі (қазір Отырар көшесі ) К.П.Шаховтың фотография, фототипия, баспаханасы және Старая көшесіндегі В.п.палкиннің баспаханасы. 1921 жылдан бастап Палкиннің баспаханасында Ақмоладағы алғашқ музика мектебі, халық денсаулығының обылыстық бөлімі, обылыстық балалар және жасөспірімдердің спортық мектебі кезектесіп орналасты.кейін мекемені бұзып әкетті.
К.п.Шаховтың жекеменшік полиграфиялық мекемесі Училише көшесіндегі (қазіргі Отырар көшесіндегі, Есіл, қонақ үйінің оңтүстік қанатына қарама қарсы) бір қабатты ағаш үйде орналасты.
Айта кету қажет, 1910-1915 жылдары Шаров өз еркімен Ақмоланың барлық тарихи ескерткіштерін суретке түсіріп, оларды өзбаспаханасына пошталық ашықхаттарға көбейту, Ақмола почтампына сатқан. Сөитіп ашықхаттар ел ішіне және шекара асып тартып кеткен. Олардың кейбіреулерін ТМД қалаларындағы коллекция жинаушылардан кездестіруге болады.
К.П. Шаховтың ақ-қара түстес пошта ашықхаттарнан Ақмола бекінісінің мұнарасы, Ақмоланың алғашқы азаматтық құрлыстарын алғашқы ағаш мешіті, екі парвославиелік, шіркеуді қалалық қыздар және Мария училищесінің, пошта-телеграфтық кеңесінің, Сібір сауда банкінің Ақмолалық бөлімін қалалық басқарманы өрт сөндіру үйін, Есілдің жағалауын және басқа да обьектілерді көруг болатын.
Ақмолада алғашқы кинемантограф, немесе сол кездегідей айтсақ синемотографтың пайда болуның қызықты тарихы бар. Алғашқы Метор атты жекеменшік тетырын Ақмолада 1910жылы бай алыпсатарлар А.И.Секроцов пен Д.В.егров ашты.Кинотетыр Дума және Театр көшелернің қилсындағы ағаш үйде орналасты (қазіргі Желтоқсан мен Кенесары көшелернің қилысы).
Сондықтан қазіргі Кенесары көшесінің жартысы Слоботканың батысынан Орталық алаңға дейінгіжер Театр немесе Театырльная деп аталған.
Фильмдер дауыссыз ақ-қара түсті және көбісі шетелдік болды. Қойлым кезінде экранға жақын тапер-пианист немесе гармоншы отырып алып, кадырларды өз бетінше қандайда бір сазбен көркемдейтін.
1911жылғы өрттің салдарынан кинотеатр өртеніп, одан кейін ағайынды Д.В. және П.В. Егоровтар қазіргі № 1 математика-экономикалық лицейдің орнына жаңасын салады, оның атауы-« Прогресс »болды. 1913 тері зауытының иесі И.М. Фуколов пен жалаушылары сарайын ұстаушы И.И. Ачкас бұл кинотеатрды сатып алады.
«Прогресс» үзіліспен 1919 жылға дейін істейді де, кейін жабылып, аппаратары мен машиналық бөлігі бұзылып алынады.1923-1924 жылдары ол аппаратар Халық үйінің ғимаратында, ал 1925 жылдың күзінде жөндеу жұмыстары жасалған соң, сол ғимаратқа қайта көшіріледі, енді оның атауы «Пролетарий» болады. Осы кезден бастап1934 жылдың тамыз айына шейін үзіліссіз отандық және шетелдік дауыссыз фильмдер корсетіліп тұрды.
1934 жылы «Пролетарий» кинотиатрын бұрынғы Александр-Невиски шіркеуіне көшіреді де, ескі ғимаратынбұзып, орнына қазіргі №1 математика-экономикалық лицейді сала бастайды.1935 жылы «Пролетарий» кинотиатры «Заря» атауын иеленеді де, Пушкин көшесіндегі бұрынғы жартылай саман, теміржол клубына көшіріледі, кейіннен бұл үй Бас жоспарға сәйкес бұзылады. Қазір осы дерде Республикңға даңгылында көп пәтерлі тұрғын үй тұр.
Ақмоладағы театр әлемі Горький атындағы орыс драма театрының ашылуымен басталадыда және оған дейін қала тұрғындарының сахналық өнер туралы түсініктері болған жоқ деген жансақ пікірлер де жиі айтылады. Шындығында, жергілікті зиялы қауым революцияға дейін ең бастысы мейірімділік мақсатты көздеп әуесқой спектакльдер қойған. Тіпті шағын халық театрын құрған және сирек те болса ақмолалықтарға басқа қалалардың театрлық топтары өз өнерлерін көрсетіп отырған.
Азамат соғысы қалыптасқан дәстүрді бұзды. Алайда, 1919 жылдың өзінде революциялық комитет Халыққа білім берудің уездік бөліміне халық театры жанынан тұрақты драмалық ұжымды ұйымдастыруды міндет етіп қояды. 1920 жылдары Халық үйі қалыптасты, онда қалалық кітапхана, тарихи-аймақтық мұражай, театрлық, концерттік және лекторлық топтар жұмыс жасады. Уақыт өте келе стационарлы драма театры құрылды.1930 жылы наурыз айында театр өртеніп кетеді, алайда ол келесі жылы қайтадан жабдықфдалып, 1982 жылға дейін (келесі өртке дейін) жұмыс жасайды, 1983 жылы театр қайтадан орнына келтіріледі.
1943 жылдың көктемінде орыс-қазақ облыстық музыкалық драмалық театры құрылды, ол ревалюцияға дейін салынған екі қабатты, қызыл кірпішті үйде орналасады. Бірлескен бұл театр бес жыл қатарынан орыс облыстық драма театрыатағы берілгенше жұмыс жасайды. Бөлінген қазақ бөлімін Қарағанды қазақ облыстық театрына береді.
1940 жылдардағы Ақмола жанындағы Есіл өзені тіпті басқаша еді. Оң жақ жағалауының сағасы тік, саз құлама болатын, өзенің ортасында итмұрын мен шілік өскен құмды арал көрінетін, өзеннен жүзіп өтуге де жылдам өтуге де болатын. Егер жаз құрғақ болса, Есілдің таяз тұстары кеуіп қалатын да, өзен суы мүлдем ақпай қалатын.
Әр көктем сайын қазіргі жаяу жолаушылар көпірінің тұсында уақытша өткел жасалынатын.1920 жылдары көліктерге арнап тұрақты көпір салуға талпыныс болғанымен, ол еш нәтиже бермеді. Тек 1963 жылы қазіргі жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып, ол 2003 жылы қайта жөндеуден өтті.
1917 жылдың көктемінде Ресей империясын талқандаған буржуазиялық революция болды. Император Николай 2 –ші тақтан тайды. Ақмолаға уақытша үкіметтің уәкілі Е. П. Петров келді, дәрігер Ф. И. Благовещенскийдің төрағалығымен уездік атқару комитеті сайланды. «Ақмола Атқару комитетінің Жаршысы» газеті шыға бастады.
Баршамызға белгілі, сол жылдын қазан айында қазан төңкерісі тарихи аренадан буржуазиялық Уақытша үкіметті құлатты.Билікке большевиктер Кеңесі келді.1917 жылдың 27-желтоқсанында Ақмола Қалалық депутаттар Кеңесі құрылды, ол белсенді түрде уездік съезді шақыруға, уездік Совдепті құруға құлшына дайын- дыққа кірісті Қалалық депутаттар Кеңесі барлық болыстарда азаматтар жиналысын өткізуге және уезд съездеріне делегаттар сайлауға өз уәкілдерін жіберді.
Съезд 1918 жылы 28- ақпанда Ақмолада. Делегаттар уезде Кеңес үкіметін құруды тездетуді ұсынды және Ақмола уездік депудаттар Кеңесін сайлады. Уездік депуттаттар Кеңесіне бірталай қиындықтарды шешуге тура келді. Уездің экономикасы артта қалған еді, халық сауатсыз, басшыларға саяси және шаруашылық істерді жүргізуде тәжірибе мен білім жетіспейтін. Алайда, осы қиындықтарға қарамастан депутаттар Кеңесі облыс орталығымен (Омбы қаласы) пошта- телеграфтық байланысты жөндеді, мүмкіндіктері келгенше тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етті, алғашқы Кеңестік мектептерді, ауруханаларды, мәдени-ағарту мекемелерін, курыстарды ашты. Қызыл әскер жасақтарын құрды. Кезінде уездік депутаттар Кеңесі орналасқан Училище көшесіндегі (қазіргі Отырар көшесі) П.Г. Моисеевтің екі қабатты тас үйін, кейіннен большевиттер партиясының уездік көмитетінің, еңбекшілер депуттарынның Ақмола облыстық Кеңесінің ағартушы комитетінің, облыстық мәдениет басқармасының мекемелері, ал қазір соғыс және еңбек ардагерлерінің коспиталі болды (қазіргі Бөкейхан көшесінің қиылысы).Депутаттар Кеңесі уездегі барлық шетелдік және Ресей компанияларына тиесілі өндіріс орындарын мемлекетке өткізді (Спаск мыс балқыту зауыты, Өскемен руднигі, Қарғанды көмір шахталары және т.б.), көпестерге контребуция қойды, Сібір сауда банкінің Ақмола бөліміндегі ірі алыпсатарлар мен кәсіпкерлердің капиталдарын кәмпескеледі.Осындай жолмен алынған барлық Кеңес үкіметінің қажетіне жұмсалды.
1934 жылы Ақмолаға Сергей Киров келеді жергілікті өкіметке сол жылы бітік шыққан мол астықты жинау жұмыстарына көмектесті.Олосындағы жиырма күннің ішінде –шаруашылықтар мен өндіріс орындарында болып, колхозшылармен жұмысшылармен, мамандармен, кездеседі, партиялық отырыстар өткізеді. Егістікте егін орағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
1939-жылы 14 қазанда Ақмола Қарағанды облылысының аудан орталығынан облыс орталығына айналды. Ақмола облысының құрамына 17 аудан Солтүстік Қазақстан мен Қарғанды облысынан бөлінген жерлер кірді.
Көп уақыт өтпей-ақ облыстық газет –«Сталин туы»және «Акмолинская правда»газеттері шығады, оларды алғашында Қазақстан КПОК ұйымдастыру бюросы органы және Ақмола облысы бойынша ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Презендиумы ұйымдастыру комитеті, ал кейіннен Қазақстан КП Ақмола облыстық және қалалық комитеттерінің органдары және облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі деп аталатын органдар шығарды.
Газеттердің редакция алқалары жеке ғимараттарда бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде бір ғимаратта орналасты.Ол Пролетар көшесі (қазіргі Бибітшілік және Абай көшелерінің қиылысы )28-ші үй – ревалюцияға деиінгі салынған ағаш үй. Қазір бұл жерде «Гран Парк Есіл »конақ үйі орналасқан.
1941жылдың маусымында Ұлы Отан соғысы басталды 1941жылдың маусым –қараша айларында 29-шы, 310-шы және 387-ші атқыштар дивизиясы орналасады.Олар негізінен Ақмола, Қарағанды Көкшетау, Солкүстік Қазақстан және Қостанай облвсынан әскерге шақырылғандардан тұрды. Олар Ленинград, Сталинградты қарғады, Курск майданына қатысты, Севастополь, Харьков, Красноград, Кировоград, Румыния, Трансильвания, Венгрия, Австрия, Чехославакия елді мекендерін жаудан азат етті. Соғыс жылдарында Ақмолаға бірнеше өндіріс орындары көшірілді.Мысалы, 1941-ші жылдың күзінде мелитопольдан Ақмолаға насас жасау зауыты көшілді.1941 жылдың қараша айынан бастап зауыт майданға алғашқы әскери жабдықтардың бірінші партиясын жөнелтеді.1945жылы оны вакумды насостар шығару заводтына айналдырды. 1942жылы Қазақ ауыл шаруашылығы машина жасау зауытының құрылысы басталды. Болашақ зауыттың негізін қалауға Ақмолаға көшірілген Таганрог комбаин зауытының, ауыл шаруашылығы транспорты автобасқармасының бос қалған гараждары мен бұрынғы сыра жасау зауытының шағын корпусы қолданылды. Құрлысты тездетіп салу керек болды, ұстаханалық, механикалық және ағаш өңдеу цехтары, күштілігі 300 жылқы күшіне тең бу трибунасы жөнделді. 1943жылдың шілдесінде қазақ ауылшаруашылығы машина жасау зауытыалғашқы өнімін шығарды – ол 30 зиг-заг комплектілері мен ауылшаруашылық машиналардың саймандары еді.
Республиканың солтүстік өңірінде шаруашылық және мәдени құрылысты басқаруды жетілдіру мақсатында оның қорларын толық іске асыру үшін Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумы 1960жылдың 26желтоқсанында бұйрық шығарды. Яғни Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын біріріктіріп тың игеру аймагы ретінде жариялайды, оның әкімшілік орталылығы Ақмола қаласы болды /5,7/.
Достарыңызбен бөлісу: |