Ою-өрнектің кестелік түрмен көркемделіп тігілуі
Кесте көне ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқьшың дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте ернегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне, осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу (художественная вышивка) деп атайды. Өнер қазынасынs сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем" деп келіп, "кестені кеңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды" деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғаңдай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқар тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте деп аталатын түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу аркылы кес-теленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте түс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кен қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе белек төгіп қоңдырады.
Инемен тігілетін кестеш керіп, инеге сабақталган жіппен алуан түрлі мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатьш матаға әуелі өрнек түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер молтақ, кездері кең болтаны жен.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жепті крест түріңде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне карай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі ернек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісіңде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар, әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп коятын маталар ке-стеленеді.
Ал кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағаңда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қатаз, картой салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне карай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестеш көп жуа беруге болмайды. Оларды кеп реттерде шаң сорғышпен, киім шөткесімен тазалайды. Көптеген шеберлер бедердің астына қағаз, картон салмай, маталардың қиықтарын, макта, жүн сияқтыларды салып тігіп жүр. Оны ыстық суға салып жуса да бүлінбейді.
Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлершің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері калдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бүйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек.
Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1 кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалган бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып түрады. Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті, ширатқан шүберекті, жүмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мүндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады.
Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіне мәнеріне қарай тізіліп алынған әр түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып, тігуді маржандап кестелеу дейді. Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер киім мен сән-салтанат бұйымдарына ғана қолданылады. Үнемі киілетін немесе жұмысқа ғана киілетін, сондай-ақ арқан-жіптің тартуына түсетін заттарға бұл өнер қолданылмайды. Себебі ондай заттардағы маржандар тез сөгіліп кетуі мүмкін.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, пүліш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, езіне арнадып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.
Алтындап тігуге., көбіне бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.
Алтын жіппен тігу Орта Азия халықтарының бәріне тән өнер. Онымен атағы шыққан әйгілі кестешілер ғана айналысқан. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.
Кимешектің (оны оңтүстікте иектік деп те атайды) жағын, хатипа тақиялардың маңдайын, қамзолдар мен шашбауларды, жаға-жеңдерді алтынмен кестелеу салты бұл күнде де ұнасымды өнер деп танылып жүр. Ескі деректерде алтын кестесімен қазақ үйдің үзік-туырлығы ~ сияқты өте көлемді жиһаздар да кестеленгендігі айтылады. Біздің республика қолөнер шеберлерінің арада алтын жіпті тігістермен айналысып жүрген ақтөбелік Өтегенова Зылиханың есімі көпшілікке аян. Ол 1957 жылғы республикалық көрмеде бағалы сыйлықтар мен мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.
Ұлттық ою-өрнегі мен әшекейлеп тігу ісі туралы айтқанда бізбен кестелеу мен инемен көркемдеп тігудің екеуі де халық арасына кең тарағанын ұмытпаған жөн. Әйтседе түстері бірыңғай тұтас, ақ, көк, қара, сары, қызыл матадан неше түрлі өрнектелген әдемі бұйымдар жасаудың ең тиімді және жылдам әдісі — кестелеу енері. Кесте қалаған көлемде үлкенді-кішілі маталарға тігіле береді. Сонымен қатар кесте былғары, шегірен, ақ тері, боялған тері, шұға, мауыт, шекпен, кенеп, брезент сиякты заттарға да тігіледі.
Кестелеп тігуді тігін машинасымен атқарады. Осы заманғы тігін машиналарының барлығында да кестелеп тігуге арналған жеке табандары мен пластикалары бар. Кесте жіптерінің жуан-жіңішкелігіне карай оған қолданатын біздің, кол иненің, машина инесінің жуан, жіңішке түрлерін шебер өзі таңдайды. Бізбен, қол инемен немесе машинамен тігілетін кесте тігісінің асты мен үсгінің не тартылып, не бос тастап сирек, жиі тігудің де мәні зор.
Инемен басып, айқастырып, қайып, ілмелеп, шалып тігу арқылы кестелеу де көбіне алдын-ала сызып салынған өрнек негізінде орындалады. Айқаспен тігу үшін матаның бетін ұсақ торкездерге бөліп, болмаса тігіліп отырған матаның арқау, айқас, тоқылу төркездерін байқай отырып тіккен дүрыс. Сондай әрбір түскен жіп айқасы біркелкі шығады.
Кесте ісімен кеңірек таныстыру үшін, оның ең күрделі және көп тараған түрі түс киіз кестесі мен түс киіздің жасалу түрлеріне тоқталып өткен дұрыс сияқты.
Бөлім ІІ. Киім жиынтығын жобалау.
2.1 Киім жиынтығын образды-ассоциативтік негізгі – ізденіс эскиздері.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты үлгі халықтың үздік үрдістерін сақтай білген киім үлгісі қазақ халқының камзол мен бешпет негізінен қазіргі сән ағымына сай көшірмені фольклор стилінде жасалды. Оның негізгі ерекшеліктерін, әсем сызықтарын түсті жібек жіптермен кестеленіп,композициясын толықтыратын қосымша сән сызықтары пайдаланылады. Осының бәрі бірігіп бір бүтінді құрайды.
Жиынтықтағы үлгілері оңайлықпен дүнигеге келмеген. Оған қаншама білім, шабыт, уақыт, материал фурнитура, деталь, бөлшек, шеберлік жұмсалады десеңмі.
Қиял тербеген үлгілеумілеріміз көз алдында небір ғажайып елестерді елестетіп, солардың бітімін, болмысын, бояуын, бедерін беруге тырысады. Содан кейін қоғаздағы тамаша суреттер нақты киімге айналу үшін тағы да үлгілеу, пішу, тігу, қиыстыру жұмыстары басталады. Осылайша қиялдағы қағазға, қағаздағы киімге айналғанша тыным жоқ.
Бұл үлгілер Қазақ ұлттық киімдерімен, үрдісіне дүниеге келген бұл үлгіге жасанды маталар пайдаланылады. Комзолға әрі жұмсақ болып табылатын матасынан халқымыз небір киімдер мен тұрмыстық заттар жасағаны белгілі. Сонымен қатар түске келетін болсақ,қазақтың қыздары қадірлейтін түстер көйлекке, дәстүр негізінде алынды.Осы ережелерді,формаларды,силуетті,фактураны,түсті,негізгі элементтерді көңілге алынып бүтін бір костюмдерден қазақ қыздарына арналған салтанатты, әрі күнделікті киюге болатын сәнді ұлттық киім үлгісі жасалды. Ұлттық киім адам денесіне қонымды және қолайлы болып келеді. Адамның ажарын ашу, дене сұлулығын айғақтап тұрады. Сәнді ұлттық киім адамға рухани және моральдық жағынан дем береді.
2.2 Киім жиынтығынның фор-эскиздерімен жұмыс.
Костюм композициясы жан-жақты ұғымды қамтиды (латын сөзінің composition-шығару,құрастыру) басқа да өнер туындылар секілді костюм белгілі бір ережеле сәйкес қолданылатын өзіне тән (мәнерлі құрал) әдістердің көмегімен тігімді. Бұл жайында толық мағлумат алу үшін бірнеше кітап ақтару қажет, ал біз костюм композициясының элементтері жайлы жалпылама түсінік беріп. Мамандардың бірнеше кеңесін ұсынамыз.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты киім жиынтығының композициясында сызықтар үлкен роль атқарады, себебі, өте маңызды ерекшілікке ие. Ол көлемдік форманың бетінде біздің көзқарасымызда қозғалыс, динамикалық құра отырып жүреді.
Сұлба (силуэт). Біз журналдардың мақалдарды, сурет асты сөздерін оқи отыра «силуэт» (сұлба) сөзін жиі кездестіреміз.Ол –заттардың сыртқы сұлбасы, көлеңкесі деген мағынада айтылатын француз сөзі. Костюм сұлбасын айналдыра қарағанда –ақ бұрынғы ғасырлардағы костюмдерден біздің ғасырымыздың өткен онжылдығындағы костюмдерді оңай ажыратамыз. Қазіргі заманғы костюмдер сияқты барлық өзіндік қайталанбас ерекшеліктеріне қарамастан, оларды тік бұршты трапециясы.үшбұрышты, сопақша тәрізді биіктігі мен көлденеңі адам сұлбасының пропорциясына жақын қарапайым геометрия фигуралардың біріне жатқызуға болады.Сонымен қатар, мәселен тік сұлба дегеніміз сызықтарды мен бұрыштары тіп-тік кәдімгі тік-төртбұрыш емес. Бұл жерде костюмге бір қарағанда адамға пайда болатын жалпы әсерді айтамыз.
Сұлбаны үлгі, пішім секілді киім жиынтықтарына қатысты түсініктермен әсте шатастыруға болмайды. Сондай-ақ қонымды сұлба немесе кең сұлба деп атау дұрыс емес, өткені бұйымның қонымдылығы сұлбаның емес, оның пішімі мен пішімінің ерекшелігі.
Тік сұлба өте кең тараған, ол етек жағына қарай адап кеңейе түсіп, трапеция түріне келетін киімдер сияқты. Оны барлық жастағы және әр түрлі тұлғалы адамдарға ұсынуға болады. Киімнің етек жағы немесе иығы біршама кеудеу келуі көзге үшбырышты елестетеді және бұл негізінен сұңғақ, арықша тұлғаға өте жарасады. Қынама бел сұлба екі трапецияның немесе екі үшбұрыштың бір-біріне қарама-қарсы төбелерімен жапсырылған түріне келеді,бұл түр жіңішке бел мен киімнің жоғарғы және төменгі жақтарының көтерінкі, кеңдеу және мүсідік дәлдіктері (ерлер костюмі сияқты) пішін үйлесім тапқан жағдайда әдемі көрінеді. Сопақша «толық» сұлбаны ән өте сирек ұсынады және ол дене бітімінің табиғи пропорцияларына кереғар, көзге жағымсыз көрінгендіктен,көп тұрақталмайды.
Сұлбалық шешімдердің белгілі бір геометриялық түрлерінен басқа,аталуынан-ақ пішінін көзге елестетуге болатын бейнелі атауларында бар: «сыбызғы» ,«сигарет», «гаучо».
Оңтүстік Американың таулы ,,,,,,,өмір сүретін чаучо бақташылары киетін,тұтас бір юбканың көлемі тәріздес кең балақ шалбар «баландар .
Тепе-теңдік.
Тепе-теңдік –костюм бөліктерінің өзара және адам тұлғасымен салыстырғандағы,кеңдігі,көкірекше мен юбканың жеңнің,жағаның бас киімнің ,ұсақ бөлшектердің көлемдері костюмде тұлғаны сырт көздің қабылдауына,оның денеге тура екендігін ойша бағалауына әсер етеді. Адам тұлғасының табиғи пропорциясына жақын арақатынас ең әдемі, жетілген «дұрыс» арақатынас болып есептеледі. Адамның төбесіне дейінгі биіктігі 8 рет «бүктіледі», ал мықын сызығы тұлғаны шамамен 3:5 қатынасында екіше бөледі. Көптеген ертедегі суретшілердің, сәулетшілерді ғалымдардың табиғат пен өнер арасындағы үйлесімділікті әр түрлі жолмен табуға тырысқан зерттеулерінде, сызбалары мен есептеулерінде біз матиматикада 3:5, 5:89, 8:13, 13: 21 және т.б сандардың қатынасы түрінде берілген «тең қима» ұғымын кездестіреміз. Мұнда кіші санның үлкен санға қатынасы үкен санның бүтін санға, былайша айтқанда 3:5= 5:8, 5:8=8, 8:13=13:21 және т.б сандар жиынтығы қатынасын құрайды.
«Тең қима» пропорциялары көбінесе сәулет өнерінің туындыларына қайталанып отырады, тірі табиғатта көп кездеседі, басқаша айтқанда қалыпты,тұрақты нәрке болып табылады.
Адам тұлғасы сол уақытта пропорциональды болады, егер бұл пропорциялар жеке бөліктерінің арақатынасында қайталанса. Бұл костюмге де қатысты.
Костюмде қалыпты пропорциямен қатар әдейі өзгертілген пропорцияларды да қолдануға болады. Бұл жерде әр түрлі нұсқаларды мұқият талдау заңдарын зер сала үйрену қажет. Әдетте табиғи пропорция қандай тұлға болса да қалайлы. Сонымен бірге кейбір кемістіктерін өлшем алу кезінде қажетті сызықтарды ептет жылжыту (мәселен, бел, тігісіназдап көтеру немесе төмен түсіру,етек, жең, ұзындылықтарын, жаға , қалта, белдік көлемдерін өзгерту) арқылы жасыруға болады. Нақ осы жерде пропорция туралы сөз болғанда Ежелгі орыс және Греция Сәулет өнерінің мәңгі өлмес сұлулығын еске түсіргініз келеді, бұлар бір-бірмен соншама ұқсамайды және сонымен бірге өзінің үйлесімімен, пропорциялардың,сызықтың, әшекейлерінің керемет көркемді шешімі табиғатқа етене туыстағы өза жақын. Костюм адаммен бірге үнемі ғимарат мекен-жай қоршауында болады. Ал ғимарат,әрине қаладағы сәулет өнерінің туындысы, кәдімгі табиғат аясында болады. Сондықтан әртүрлі дәуірлерде сәулет өнері мен костюм өз уақытының көркем стилін бейнеледі ал халықтық костюм ол стильдің ең бір жақсысын, неғұрлым жетілгенін, мәңгі жасайтын бойына сіңіріп, ғасырлар бойы сақтап келеді.
Костюм массасы, оның ауыр немесе жеңіл секіді болып көрініп әр түрлі себептерге байланысты. Киімде сызықтар қосымша бөлшектер, әшекейлер, неғұрлым көп болған сайын, тұлға солғурым зор болып көрінеді, ал артық ештеңе жоқ кезде тудсынан ауыр тұлғаның өз еркін, жеңіл болып көрінеді. Тігісті бірдей болғанымен тығыз, қоңырқай, бедерлі, түкта маталар жеңіл, ақшыл, жұқа, тігіс,жылтыр маталарға қарағанда адамды ірілендіріп көрсетеді. Сондай-ақ ашық түстер көлемді ұлғайтып, жеңіл көрінед ал қоңырқай түс керісінше. Осындай келіп тәжірибелік қортынды шығарамыз толық адамдар ашық тустен қашпай, ондай тігілген киімдерді көбіне жоғары жағына киюіне (блузка плащ) болады.
Симетрия түрлі аспектілерде қаралады философиялық және эстетикалы категория, адам денесінің құрлысы және адамдар жасаған бұлымдар категориясы, композиция құрылымы және құүрамды категориялар.
«Симетрия» деген сөздің өзі грек тіліне аударғанда «өлшемдердің сәйкестігі деген ұшымды білдіреді.»
Симетрияның көктеген аспектілерін зерттей келе, математикалық заңдылықтармен симметрияның адамдар өмірінде тиянақтылық пен әдемілікке жетелейтін дәлелдеген. Кәзіргі заманда ғылыми және көркемдік практикада симметрия мен ассиметрияны сыртқы форманы келістіру, үйлестіру бағытында қарайды.
Симметрия мен ассиметрия ұғымын өнер саласында кеңстіктегі көркем форманың аспектісі ретінде қарайды. Сол себептен де мұндай принциптер дизайн, сәулет, ою-өрнек және қолтаңбалы өнер саласында кең түрде қолданылады.
Костюмдегі симметрия-композиция құрылымының жарқын формасы және композиция заңдылықтарының негізгі болып саналады. Костюмдегі симметрия деп оның оң жағы мен сол жағын орталық вертикал сызығы арқылы бөлгенде бір-бірімен тең және сәйкес бөліктерге бөлінеді.
Ал ассиметрия ұғымы симметрияға қара –қарсы ұғымды білдіреді. Форманың екі бөлігі бір-біріне қарама-қайшы.
Демек костюм композициясы мен оның құрылымы табиғи симметриялы заңдылықтарға сүйеніп тігіледі, мұндай бұрылыста (повтор) мұндай жүйе (система) ешқандай өзгеріске түспейді.Нәтижесінде жазықтық симметриясындағы эквалентті көрінісі табады. Мұнан шығатын нәтиже бірінші кезеңдегі айна осі жазықтық симметриясы мен симметрия элементі болады. Ал егер бірінші жүйедегі форма 180 0 бұрышта орналасса, онда форма қос оське ие болады.
Симметрияның өміршеңдігіне орай, костюм формасының қолданысына қарай бірнеше топқа бірікті. Олар классикалық аффиная және қисықсызықты түрлер еді.
Классикалық симметрияда теңдіктің үш түрі пайда болады. Олар осьтік бұрылыстың және орнықтылық. Айнадағы тепе-теңдік-форма немесе формадағы детальдық теңдігі болып есептеледі.Мұндай жағдайда жазықтық симметриясы осы не қатысты болады. Сонда форма өзінің қалпында қалып, тек орны ғана ауысады. Оң жақтағы форма сол жағына,ал сол жағындағы форма оң жағына ауысады.
Айналық симметрия (зеркальная симметрия) жалпы форманың табиғи объектісі болып, қалады және адамның көркем туындысы болып саналады. Олар өсімдік пен кристалл формасында байқалып, оның ішінде адам фигурасы өрнекті өнерде бейнеленеді.
Орнықты немесе тасмалды теңдік шынадай жағдайда орындалады теңдік шынадай жағдай орындалады. Егер формалар өзінің барлық нүктелерімен
2.3 Форма және пластикалық ұйымдастыру
Пропорция жеке пластикалық жүйеде яғни, басты форманы, пішінді құрайтын сызықтарды үйлесімді қоса білгенде ғана қол жеткізіледі. Костюм композициясын жоғарыда қарайтын негізгі заңдары объективті және жалпылама болып табылады. Себебі адамзат өз табиғатында өз формасын өз қажеттілігіне тағайындалу түріне сай келушілік зиандылықтарын тәрбиелеген. Осындай заңдылықтар мен неорганикалық және органикалық табиғаттың гормониясы мазмұндағы. Адамның психо-физиологиялық ерекшелігі жүйесінде эстетикалық қанағаттандыру сезімі тиімді және гормониялы үйлесімді бұйымдарды талап етеді.Жетілдірілген заттарды құру суретінден тек қана заңдылықтарды және гормонияның түрлі құралдарын білуді талап етпейді,сонымен қатар форма,инструкциясының, сезімінің және шеберліктің нақты дамуы қажет етеді.
Костюм формасы, пішім-өте күрделі және көп деңгейлі ұғым «Форма» ұғымына түрлі позициялардан қарауға болады,оны философияның категория, символ, объект қызметін, іс-әрекетінің нәтижелері ретінде қарастыруға болады. Философия ілімінде объект формасын заттың өмір сүру тәсілі ретінде, мазмұнын ішкі ұйымдасуы түріде қарастырылады қозғалыс динамикалық құра отырып жүреді. Сондай ақ сызықтардың көмегімен біз өзіміздің көзқарасымызды тоқтата және әрі қарай жүргізіп тұжырымдай аламыз.
Композиция түзу, қисық және сынған сызықтар көмегімен құрылды. Костюм сызықтарының жұмсақтығыны мен қатаңдығы материалдың сапалық сипаттамасымен негізделеді. Композицияның сипаттамасы және костюмның формасы сызықтармен айшықталады.
Композициялық әсерленіп нығаюынына фигуралық беті үлкен негізі болып есептелінеді. Құрылымына, өңделуіне,жаратылуына байланыс-фактура беті деп аталады.
Фактура мүмкіндігіне орай әр түрлі тігіс, бедерлі. Алғашқы жағдайда элементтің фактурасының көлемі өте аз, аспапсыз көзге байқалмайтын әрбір беттің құрамы маңызды.
Фактураға бедердің көлемі үлкен болады да, элемент саны өте болады.Кейде элемент фактурасы қаншама белгілі болғанымен, өз формасын табу керек.
Матаны тығыздығымен немесе бастау тоқылуымен, ауырлық және жеңілдігімен мата бетін анықтауға болады. Фактураның әртүрлі болуы түрлі формаларына да байланысты. Геометриялық формадағы түрі, материалға қолданылатын ірі элеметтердің де өзгереді. Фоктура айқын бейнесімен белгілі әсерлену арқылы үндеседі. Фактор күшінің әсерінен пасивті беті тегіс бір бағытта, өте кішкентай өрнегі бар активті, бетінде бадырайған қиын ірі өрнектермен көрермендер ажыратуға болады.Активті фактура өте сәнді, қосымша сәндеуді қолданбауға болады. Пассивті фактурада фоны активті фактурадағыдай болса да қосымшалар қолданылады.
Түрлі фактурадағы материалдар мен камзолдағы матаның сыртқы пішімі бұлымға қосымша мәнер беріп тұрады. Камзолға пайдаланылатын мата түсінің үйлесімділігі, түрі әсіресе фактурасына айрықша әсер беріп тұрады. Түсінің тез өзгеруі мата бетінің тығыздығына, сапасына, байланысты.
Әр текті факторларды қолдану арқылы түсін өзгетуге болады. Бұл әдісті суретшілерде жиі қолданады . Өзіндік әдемі комзол түсі мен түстік шешімдеріне байланысты. Мысалы: Ұлттық киімдер өз ерекшелігімен айқындалады.
Практика жүзінде фактрлары үйлеспес қолданылмайды егерде бір-бірімен байланыстырғанда, оларда шатасып бір-бірінің үйлесімділігін жояды. Әсіресе бір –біріне байланыспайтын факторларды пайдалану өте қиын, матаның өрнегі салынған суреттері әр түрлі болған жағдайда. Әр түрлі фактрда да белгілі бір дұрыс шешім болады.
Ұзың түкті теріден дайындалған костюм денеде дөңгелектенген пішінді береді. Ал негізгі бір тегіс фактура киімге фомасының ерекшелігі мен көз тартады.
Фактура беті түстердің өзгерумен де болады: кедір-ұдырлы, ірі өрнектер қолданылады, бетінде ауыр күңгірт түс байқалады:күңгірт, орташа өрнектер қолданады, бұрыштарына қарай шашырап қарай шашырап түседі (тартымды түс): жылтыр, айнадай жылтылдап, майда өрнектерді қолданады жарқыраған күндей жылтылдап, бетіне түскен бұрыштарын жасырып,бөлектеп түрады.
Факторлардың бір-біріне қабылдауын суретші ерекше назарға алу керек,өткені костюм пішімі жобасының өзгешілігімен бұным көрермен көзіне жарқырап түсуі керек. Біз тек көзбен көру арқылы ғана емес, сипалап тегістігін, созылғыштығын, бедерлігіән, бадырайған беттерін анықтау арқылы фактура аймыршалығын білуге болады.
Мата бетінің сапасы тоқуына, өңделуіне, өндірісте пайдалынатын өніміне және басқа да материалдарға. Айта кететін болсақ табиғи және жасанды материалдарға, теріге, былғарыға мехна және апсырмалы материалдарына байланысты. Әрқайсысы өз фактурасына қарай тігілетін матаға сәйкес келуі керек.Суретінің жұмысына барысындағы негізгі қиыншылығы матамен жұмыс жасауда беттерінің түрлі-түсті болуынан,бір-біріне өз ойлағанындай сәйкестендіріп қолдануы.
Костюм композициясын қабылдауда архитектоника немесе техтоника ерекше роль атқарады. Кез келген құрастырылған заттың көркем кірінуіне бұлар ерекше көрініс береді. Қәзіргі кезде бұл барлық техника құрылыстары мен сәулет өнерінде және табиғат құрылымдарын әрлеу-безіндіру жұмыстарында кең түрде қолданылып келеді.
Архитиктоника-композициялық құрылымының негізгі бастамасы болып табылады. Көркем жобалау барысында формалардың бір-бірімен үйлесімі және жеке детальдардың өзара үндестігі архитиктоникалықтығына байланысты
Кез келген құрастырылған бұйымның тектоникалық деңгейі, жоғары сапалы болып, қолдануға қолайлы, әрі ыңғайлы болуы тиіс.
Костюм техтоникасы-структуралы элементтердің өзара байланысы, пропорция мен ырғақтылығы, формадағы пластика және түсті шешімі, материалдың құрамы арқылы шешіледі.
Суретшінің жұмысы барысындағы негізгі қиыншылығы матамен жұмыс жасауда беттерінің түрлі-түсті болуынан, бір-біріне өз ойлағанындай сәйкестендіріп қолдануы.
Костюм композициясын қабылдауда архитиктоника немесе техтоника ерекше роль атқарады. Кез келген құрастырылған заттың көркем кірінуіне бұлар ерекше көрініс береді. Қазіргі кезде бұл барлық техника құрылыстары мен сәулет өнерінде және табиғат құрылымдарын әрлеу-безендіру жұмыстарында кең түрде қолданылып келеді.
Архитиктоника- композициялық –композициялық құрылымының негізгі бастамасы болып табылады. Көркем жобалау барысында формалардың бір-бірімен үйлесімі және жеке детальдардың өзара үндестігі архитиктоникалықтығына байланысты
Кез келген құрастырылған бұйымның техтоникалық деңгейі, жоғары сапалы болып,қолдануға қолайлы, әрі ыңғайлы болуы тиіс.
Костюм техтоникасы-структуралы элементтердің өзара байланысы, пропорция мен ырғақтылығы, формадағы пластика және түсті шешімі, материалдың құрамы арқылы шешіледі.
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты киім үлгісінде мата фактурасының түрлері мен сапасын, жобасын, ескере отырып жасанды ''тафта, кристалон'' матасын, көйлекке арганза маталар пайдаланды. Қалың маталар сырт киімнің формасын және силуэтін сақтап, ал ішіндегі нәзік мата жеңілдікті, нәзіктікті білдіреді. Осы үш түрлі мата фактура қосылып, бір бүтін композицияның құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |