1.2 Еңбек ақы нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеудің кең тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік .
Кесімді нысаны - өнімнің әрбір данасына төлем немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Мерзімді еңбек ақы - жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік уақыт.
Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.
1- кесте - Еңбек ақының жүйелері мен нысандары
Еңбекақының төлеудің жүйелері мен нысандары
|
Кесімді
|
Мерзімді
|
Қарапайым кесімді
|
Қарапайым мерзімді. Ол:
|
Кесімді сый ақылы
|
а) Сағаттық
|
Жанама кесімді
|
ә) Күндік
|
Аккордтық
|
б) Апталық
|
Кесімді үдемелі
|
Мерзімді сый ақылы
|
Жеке дара
|
Ұжымдық
|
Көптеген жағдайларда еңбек ақы төлеудің керекті нысандарын таңдап алған жөн.
Кесімді еңбек ақыны қолдану жағдайлары:
- нақты жұмысшыға байланысты жұмысшының сандық көрсеткішінің болуы.
- орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.
- нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндіктің болуы.
- нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керектігі.
Кесімді еңбек ақыны қолдану төмендегі жағдайларға әкелсе, онда оны қолдану тиімсіз болады:
- өнімнің сапасының төмендеуіне;
- технологиялық режимнің бұзылуы;
- құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;
- техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;
- шикізат пен материалдың үлкен шығыны;
Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:
- өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;
- өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;
- жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға негізделген;
- өнім шығаруды көбейту немесе сапасының төмендеуіне алып келеді;
Енді еңбек ақы формасы қолданғанда еңбек ақы қалай анықталатының қарастырайық.
Тікелей кесімді жүйеде немесе қарапайым кесімдіде еңбек өндірген өнімнің бір данасына бағамен төленеді.
Өнімнің бір данасына жеке кесімді баға былай анықталады:
Зед = Зч х Tн ; (1)
мұнда, Зч - орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;
Вч - берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;
Tн - өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;
Жұмысшының жалпы жалақысы кесімді бағаны өндірген өнім көлеміне көбейту арқылы анықталады.
Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы жалақысын тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің ұлғаюы; техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; стандарттарды, нормативті-техникалық құжаттамаларды қолдану; шикізатты, материалдарды, аспаптарды және тағы басқа материалдық құндылықтарды үнемдеу .
Көрсеткіштер санын жоғарлатуға болады, сол немесе басқа көреткішті қолдану нақты өндірістік жағдаймен анықталады. Мысалы, кәсіпорынның тасмалдаушыларға байланысты рекламация көлемі өсіп кетті немесе кәсіпорын сапасына байланысты талаптары жоғары сыртқы рынокқа өз өнімінен шығуға тырысады. Әрине, бұл жағдайда өнімнің сапасына талаптар орындау сапасы жоғарлайды және бұл проблеманы шешуге көрсеткіштер тізімде өз септігін тигізу керек. Бірақ бұл көрсеткіштің тізімі бес-жеті көрсеткіштен көп болмауы керек, себебі олардың көп болуы жұмысшылар есінде сақталып қалмайды.
Жанама-кесімді жүйеде жұмысшының жалақысы кесімді жұмысшылар еңбек көрсететін еңбек нәтижесіне тікелей байланысты. Бұл жүйе негізгі емес, көмекші жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу үшін қолданылады.
Жанама-кесімді баға Зк жұмысшыларға қызмет көрсету нормасы арқылы формуламен есептелінеді:
Зк = Зч / Вчр ; (2)
мұнда, Зч - қызмет көрсетілетін жұмысшының сағаттық тарифтік стафкасы;
Вч - өнімнің данасына байланысты қызмет көрсеттін жұмысшының сағаттық өнім шығару нормасы;
Р - қызмет көрсететін жұмысшылар саны қызмет көрсету нормасы.
Жалпы табыс жұмысшы ставкасын қызмет көрсететін кесімді жұмысшылардың қызмет көрсету нормасының орташа пайызына көбейту арқылы немесе жанама кесімді бағаны қызмет көрсетілетін жұмысшылардың нақты өнім көлеміне көбейту арқылы есептелінеді:
Зжал = Зч х Фкөм Y / 100 ; (3)
мұнда, Зжал – жұмыстың жалпы жалақысы, теңге;
Зч - жұмысшының жалпы тарифтік ставкасы;
Фкөм – берілген жұмышының нақты істелінген адам-сағат саны;
Y – берілген жұмысшының қызмет көрсетуінің нормасын атқарудың орташа проценті;
Аккоррдтық кесімді еңбек ақыда қолданылып жүрген уақыт нормасы мен бағалау негізінде баға жұмыстың барлық көлеміне белгіленеді (жеке операцияға емес). Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшыларғы жұмысты атқару уақытын азайтқаны үшін сыйақы беріледі, ал бұл болса еңбек өнімділігінің өсуін күшті ынталандырады, яғни жұмыс көлемі алдын-ала белгіленеді, сол жұмыстың еңбек ақысы алдын ала анықталады.
Кесімді прогрессивті жүйеде жоспардан көбірек жасалған өнімге жоғары расценкалар пайдаланылады. Жұмысшының еңбегі тікелей кесімді баға арқылы атқару нормасы шегінде төленеді, ал норманы асыра орындағанда жоғарлатылған бағамен.
Кесімді прогрессивті жұмысшының жалақысы Зсп қабылданған прогрессивті төлеу жүйеге байланысты (барлық жұмыс көлемі немесе оның бір бөлігін асыра орындау) келесі формуламен анықталады.
Зсп = Pтс+[ Зтс (jн-jбаз)gпр]/jн ; (4)
мұндағы, Зтс – тікелей кесімді бағамен есептелген жұмысшының негізгі жалақысы;
Зтп – жұмыстың бір бөлігіне тікелей кесімді бағамен есептелген кесімді- жұмысшының кесімді жалақысының сомасы.
Jn – жұмысшылардың норманы орындауы, %;
jбаз – норманың базалық деңгейі, бұдан жоғары болған сайын жоғарлатылған бағамен төленеді, %;
qпр – белгіленген нормадан асыра орындағанын көрсететін коэффициент;
Кесімді прогрессивті еңбек ақыны төлеуді қолданғанда айрықша назарды бастапқы нормативтік базаны анықтауға бағаларды көтерудің тиімді шкаласын жасауға, өнім өндіруді есептеу мен нақты кеткен уақытты анықтауға аударған дұрыс.
Еңбек ақының кесімдік формасы нақты бір жұмысшыға, керек десе ұжымға қолданылуы мүмкін.
Мерзімді жалақыда жұмысшы атқарылған уақыт көлеміне байланысты ақша алады, бірақ еңбек қарапайым және күрделі болуына байланысты еңбекті мөлшерлеу керек, бұл тарифтік жүйенің көмегімен іске асырылады. Тарифтік жүйенің құрама элементтері болып табылады:
- тарифтік ставка уақыт бірлігіне байланысты әртүрлі топтағы және категориядағы жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі. Бастапқысы болып минималды тарифтік ставка есептелінеді, немесе бірінші разрядтық тарифтік ставкасы. Ол неғұрлым қарапайым еңбектің ақысын анықтайды. Тарифтік ставкалар сағаттық, күндік болуы мүмкін.
- Тарифтік торлар біліктілік деңгейіне байланысты еңбек ақы қатынасына белгілеу мүмкін үшін қолданылады. Бұл тарифтік разрядтардың жиынтығы және соларға сәйкес тарифтік коэффициенттер.Тарифтік коэффициент ең төменгі разрядқа бірге тең. Келесі разрядтағы тарифтік коэффициенттер бірінші разрядқа қарағанда қаншама жоғары екендігін көрсетеді.
Мерзімді жалақының екі жолы бар: қарапайым мерзімді және сыйақылы мерзімді.
Жұмысшының жалақысы қарапайым мерзімді жүйеде Зп берілген разрядтағы жұмысшының тарифтік ставкасының сағаттық (күндік) көрсеткіші ретінде көрсетілеуі:
Зп= Зм/t'ж х tж ; (5)
мұнда, Зм – жұмысшының айлық мерзімдік жалақысы, теңге;
tж – берілген айда график бойынша жұмысшылар сағаттар саны;
t'ж – жұмысшы нақты жұмсаған сағаттар саны
Назарды мынаған аударуды айта кеткен жөн, шетелдік кәсіпкерлер жұмыстардың еңбек ақысын жекелей отырып, көптеген ағымдағы сыйақы беруден қашады, олар тұрақты жалақы беруді ұйғарады. Ынталандыру формасы болып, кәсіпорын акцияларын жұмысшыларға тегін беру б.т. Ынталандырудың мұндай түрі, бір жағынан сыйақы беру кепілдігінен айырса, екіншіден жұмысшыны фирма табысымен байланыстырады .
Соңғы кездерде Батыс Европа елдерінде жалданушы еңбекті төлеуде мәнді өзгерістер болды. Ең алдымен, еңбек ақы деңгейін анықтау механизімі өзгерген жаңа ставкаларды белгілегенде фирма басшылары өздерінің фирмаларының қаржылық жағдайына байланысты.
Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу
Қазіргі уақытта жалақыны ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Реттеудің келесі себептері бар:
- Қазақстанда жұмысшы күшіне төмен бағаның болуынан себепті;
- Жалақының ең төменгі деңгейін тағайындауда;
- Жұмыссыздық жайлы нақты мәліметтерді көрсететін жұмысшы күшінің ұсынысы мен сұранысын жайлы нарықтың болмауы;
- Жалақыны келісім шарт реттеудің тиімді механизмінің жоқ болуы;
- Еңбек ақы төлеудің заңды базасын құрудың толық мәліметінің жоқ болуы;
Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеудің негізгі бөлігі ол халықаралық нормаларын сақтау. Біріншіден ол халықаралық еңбекті ұйымдастыру Конвенциясына қатысты.
Сонымен №95 Конвенция «Жалақыны қорғау туралы» онда «ақшалай жалақы сол елде заңды күші бар және айналыста болатын ақша төленеді». Кейде жалақыны заттай алады, ол төменгі жағдайларға байланысты:
- бұл заттай төлем жұмысшының және оның жанұясының тұтынуына кетеді.
- бұл төлем заңды және еңбекақыға тең болу керек.
Жұмыс берушілер қызметкерлердің құқығын шектемеу керек. Кәсіпорынның банкрот кезінде қызметкерлер сол жағдайдың кредиторы болады. Мұнда жалақыны жұмысшыларға толық өтеу керек.
Қазақстанда мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
- халықты құқықты және әлеуметтік қорғау;
- өмір сүру минимумы сай келетін жалақының минималды деңгейін құру;
- шет ел жұмысшы күшінің кіруін реттейтін шаралар қолдану;
- шаруашылық субъекті жұмысшылар жалақысына тиімді салық салу жүйесін құру;
- зейнетақыны, стипендияны, қосымша төлемді есептеу үшін орнатылған есептеу көрсеткіштері;
- кедейлік сызығын анықтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету;
Мемлекеттік ретеудің қағидалары болып төмендегілер табылады:
- заңнамалық және нормативтік актілер негізінде мемлекеттің жалақыны сатып алу қабілетінің төмендеуін ары қарай болдырмау;
- еңбек ақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттік әсерді күшейту;
- макроэкономикалық үрдіске әсер ету;
- еңбек ақының минималды ставкаларын бекіту;
Сонымен бірге осы кодекс Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында,заңдарында және ҚР бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толық немесе ішінара) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға қолданылады.
Кодексте жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтығы анықталған. Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы мынадай уақытқа қысқартылады:
аптасына 16 сағатқа – он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;
аптасына 5 сағатқа – I және II топтағы мүгедек қызметкерлер үшін;
аптасына 4 сағатқа – он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;
аптасына 4 сағатқа және одан артыққа – Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті), жұмыстарды атқаратын қызметкерлер үшін.
Қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын адамның өтініші бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.
Жұмыс уақытының барынша ұзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды.
Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі уақыт жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі уақытта бір сағатқа азайтылады.
Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс негізіндегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен Қазақстан Республикасының барлық уақытына белгіленеді.
Қазіргі уақытта кәсіпорында жалақының қорын мемлекеттік реттеу ретінде әлеуметтік салық орын алады.
Жалақыны болжау
Ынталандырудың прогрессивті жүйесін құру
Икемді жалақы элементтерін қолдану
Зауыттық тариф жүйесін құру
Әлеуметтік серіктестіктің дамуы
Орталықтанған келісім
Аймақтық келісім
Салалық келісім
Ұжымдық келісім-шарт
Жеке еңбек шарты
2 – сурет Қазақстанда еңбек ақы төлеуді реформалаудың жолдары
Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, ерекше кәсіпорындар, заңгерлер төлейді. Мұнда салық салу объектісі ретінде жұмыс берушінің шығындары, ол табыстың әр түрімен төленеді, төмендегілерді есептемегенде:
-Жұмысшылардың зейнетақы қорына төленетін төлемі;
-Кәсіби оқу үшін мемлекеттік бюджеттен төлеу;
-Екі қабат әйелдерге төленетін әлеуметтік ақы
-Іс-сапарға төленетін компенсация
-Вахталық жұмыста тұрмыс жайды жалға алуға кеткен шығын
-Дәрігерлік қызмет үшін материалды көмек.
Мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда мүгедектер үшін әлеуметтік салық төлейді.
2. «ЮЖНЕФТЕГАЗ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 «Южнефтегаз» АҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы
«Южнефтегаз» акционерлік қоғамы жекешелендірудің екінші сатысы шеңберінде «Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру туралы» ҚР Заңына сәйкес «Южнефтегаз» өндірістік бірлестігінің негізінде 1994 жылдың 13 мамырында бекітілді. «Южнефтегаз» АҚ қызметі Құмкөл кен орнында мұнай өндіру мен өңдеуге негізделген. Өнеркәсіптік пайдалануға кен орны 1990 жылдың мамырында жіберілген.
«Южнефтегаз» АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның атаулы құны 20 теңгені құрайтын 90959820 теңгені құрады, және ол келесідей түрде үлестірілген:
жарғылық қордың шамасының 10% артықшылығы бар акция түрінде қайтарымсыз негізде еңбек ұжымына берілген;
жарғылық қордың шамасының 90% қарапайым акция түрінде мемлекеттік пакетті құрады, ол толық көлемде «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария ету құқығысыз (билік ету құқығысыз) берілді.
Кейіннен, 1995 жылдың 9 маусымындағы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша ҚР Мемлекеттік Комитетінің қаулысы негізінде «Мұнайгаз» МХК- дегі мемлекеттік пакеті кері шақырылып мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қызылордалық территориялық комитетке берілді.
«Қараөзек» шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларының хаттамасына сәйкес, мемлекеттік мүлік бойынша ҚР Мемлекеттік комитетінің шешімімен «Қараөзек» ЖШС – і құрылымдық бірлік ретінде заңды тұлға құқықтарында «Южнефтегаз» АҚ құрамына кіргізілген. Осыған байланысты Қоғамның жарғылық қорына өзгерістер енгізілген, ол бір акциясының номиналды құны 20 теңге болатын 91460480 теңге мөлшерінде анықталған.
1996 жылдың 15 тамызындағы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитетінің қаулысына сәйкес «Южнефтегаз» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті халықаралық тендерде өткізу үшін жекешелендіру бойынша ҚР мемлекеттік комитетіне берілді.
1996 жылдың 28 тамызында жекешелендіру бойынша ҚР комитетімен ұсынылған ҚР үкіметі мен «Харрикейн Кумколь ЛДТ» Кº арасында «Южнефтегаз» АҚ акцияларын сатып алу – сату бойынша Келісімге қол қойылған.
«Южнефтегаз» АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне (бензин, мұнай отыны, мазут, керосин) деген қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шикі мұнай табылады.
«Южнефтегаз» АҚ- ның келесідей өндірістік құрылымы бар:
Негізгі өндіріс:
мұнай мен газ өндіретін цех (МГӨЦ);
мұнайды дайындайтын және қотаратын цех (МДҚЦ);
қабатты қысымды ұстап тұратын участок (ҚҚҰТУ);
орталық инженерлік-техникалық қызмет (ОИТҚ);
қабаттарға мұнай беруді арттыру бойынша және скважиналарды капиталды жөндеу бойынша басқарма (ҚМБАБ және СКЖБ);
Қосалқы өндіріс:
орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ( ОҒЗЛ);
өндірістік қызмет көрсету базасы (ӨҚКБ);
құрал-жабдықты іске қосу мен электрмен қамтамасыз етудің прокатты-жөндеу цехы (ҚЖІҚ мен ЭҚЕПЖЦ);
дефектоскопия участогы;
отттегін шығару және жеткізу бойынша участок;
кондиционерлерді, сауда-технологиялық және мұздату құрал-жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша участок;
Құмкөл цехындағы ЖС және К (жылу, су және канализация);
Қызылорда қаласындағы ЖС және К цехы;
автоматика және байланысты өндірістік басқару (АЖБӨБ);
Аталған саланың ерекшелігі мұнда өндіріс үрдісі үздіксіз болып табылады.
Жасап шығарудың басынан бастап кен орнының эксплуатациялық қоры 278 скважинадан 357 скважинаға дейін өсті, ол жобалық санның 46,3%-ын құрайды, оның 258-эксплуатациялық, 57–басушы, 2-газдық, 3-бақылаушылық, 15-сумен қоршалған, 20-барлаушылық, 2- жоюшы.
Материалдық базасын күшейту және өмірдің әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында 2000-2003 жылдарға әлеуметтік сфера объектілерінің құрылысы бойынша шаралар жасап шығарылған.
«Южнефтегаз» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
Кестеде көрсетілгендей, 2005ж. тауарлық өнімнің шығарылуы 2004 жылдағы шығарудың 99,2% -ын құрады, яғни 5191005 мың теңгеден 5150543 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұның себебі электроэнергияны бермегендіктен жылдың басында тоқтап қалулардың себебінен шығарылатын мұнай көлемінің төмендеуі табылады. Осылайша, 2004ж. 19944,7 мың тонна, ал 2005ж. 1930,8 мың тонна өндірілді. 2005 жылы 1857 мың тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын, ал нақты түрде 1930,8 мың тонна өндірілді, ол жоспарланғаннан 4% жоғары, мұның себебі мұнай өндіру үшін нақты енгізілген скважиналардың саны олардың жоспарлы көлемінен асып түсті.
2005 жылғы жұмыс істейтіндердің саны 1300 адамды құрады, 2004 жылмен салыстырғанда 325 адамға көбейді, және мұнда өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 301 адамға көбейді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің санының артуы ҚЖІК мен ЭҚЕПЖЦ, МДҚЦ, ҚҚҰТУ жаңа қондырғыларын енгізумен байланысты жаңа жұмыс орындарын құрумен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорында жалақының қорын мемлекеттік реттеу ретінде әлеуметтік салық орын алады. Біз байқағандай, жалақының мөлшері еңбек көрсеткіштерінің сапалық өзгерістерімен байланысты емес, ал жалақының өзін құрайтын сандық көбеюімен байланысты.
2004 жылы НҚ бастапқы құны 2294920 мың теңгені құрады, ал қалдық құны 1644519 мың теңге болды, яғни тозу 650401 мың теңгені құрады. НҚ тозу коэффиценті 28,3%-ға тең болды. 2005 жылы «Южнефтегаз» АҚ НҚ құны игерілген капиталы салымдары, оның ішінде жаңа скважиналарды енгізу және құрал-жабдықты сатып алу есебінен 43%-ға өсіп, 3271806 мың теңгені құрады. 2005 жылы НҚ тозу коэффиценті 20,9%-ды құрады, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға төмендеді.
1-кесте. 2004-2005 жж-ғы «Южнефтегаз» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
Ауытқулар
-; +
|
2004 ж-ға
2005 ж- ға %
|
1. Тауарлық өнім
|
мың тг.
|
5191005
|
5150543
|
- 40462
|
99,2
|
2. Мұнай өндіру көлемі
|
мың тн.
|
1944,7
|
1930,8
|
- 13.9
|
99,3
|
3. Мұнайдың тауарлық көлемі
|
мың тг.
|
1930,2
|
1914,7
|
- 15.5
|
99,2
|
4. Жұмысшылардың саны
|
адам
|
975
|
1300
|
325
|
133
|
оның ішінде ӨӨП
|
адам
|
808
|
1109
|
301
|
137
|
5. Еңбек өнімділігі
|
мың тг.
|
6424,5
|
4644,3
|
- 1780
|
72
|
6. Орташа айлық жалақы
|
теңге
|
45756
|
74807
|
29051
|
163
|
7. Негізгі қор құны
|
мың тг.
|
2294920
|
327806
|
-1967114
|
143
|
8. Негізгі қорлар тозуы
|
мың тг.
|
650401
|
683807
|
33406
|
105
|
9. Негізгі қордың қалдық құны
|
мың тг.
|
1644519
|
2587999
|
943480
|
157
|
10. Негізгі қордың тозу құны
|
%
|
28,3
|
20,9
|
- 7,4
|
73,9
|
11. Қор қайтарымдылығы
|
теңге
|
2,26
|
1,57
|
0,69
|
69,4
|
12. Қор сыйымдылығы
|
теңге
|
0,44
|
0,63
|
0,19
|
143
|
13. Қормен жарақтануы
|
мың тг.
|
2840,2
|
2950,2
|
110
|
104
|
14. Тауарлық өнімнің өзіндік құны
|
мың тг.
|
3103556
|
3607432
|
503876
|
116
|
оның ішінде материалдық шығындары
|
мың тг.
|
2456235
|
2256120
|
-200115
|
91,8
|
15. Материал сиымдылығы
|
теңге
|
0,47
|
0,44
|
- 0,03
|
93,6
|
16. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар
|
теңге
|
0,59
|
0,70
|
0,11
|
118,6
|
17. Өткізілген өнім өндірісіне кеткен шығындар
|
мың тг.
|
3604931
|
2820744
|
- 784187
|
78,2
|
18. Өнімді өткізуден түскен түсім
|
мың тг.
|
5159885
|
4794277
|
- 365608
|
92,9
|
19. Өнімді өткізуден түскен табыс
|
мың тг.
|
1554954
|
1973533
|
418579
|
126,9
|
20. Басқа да өткізуден түскен пайда
|
мың тг.
|
627771
|
612054
|
- 15717
|
97,5
|
21. Өткізу операцияларынан тыс түсетін пайда
|
мың тг.
|
-2166
|
402290
|
404456
|
-
|
22. Баланстық пайда
|
мың тг.
|
2180559
|
2452627
|
272068
|
112,5
|
23. Өткізілген өнімнің рентабельділігі
|
%
|
43,1
|
69,9
|
26,8
|
162
|
2005 жылы НҚ әрбір теңгесі тауарлық өнімнің 1,57 теңгесін түсіретін, ал 2004 жылы қор қайтарымдылығы 2,26 теңгеге тең болды. Осылайша, 2005 жылғы қор қайтарымдылығы 2004 жылдың деңгейімен салыстырғанда 69,4%-ды құрады. Мұны тауарлық өнім көлемінің 2005 жылы 0,8%-ға төмендеуімен, ал НҚ құны 43%-ға өскендігімен түсіндіруге болады.
НҚ пайдалану тиімділігін қор сыйымдылығы көрсеткішінің көмегімен түсіндіруге болады, ол 2004 жылы 0,44 теңгені, ал 2005 жылы тауарлық өнімнің 1 теңгесіне НҚ-ның 0,63 теңгесін құрады. Осылайша, қор сыйымдылығы 43%-ға артты, ол аталған өндірістің негізгі қорлармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілу қажеттілігін білдіреді.
Еңбектің қор жарамдылығы ӨӨП-дың бір жұмысшысына 2840,2 мың теңгеден 2950,2 мың теңгеге артты, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 4%-ға артты, мұның себебі НҚ құнының 43%-ға өсуі және ӨӨП жұмысшылары санының 37%-ға көбеюі.
Қор жарамдылығының өсуіне қарамастан, талдау кәсіпорынның НҚ жеткілікті түрде тиімді пайдаланбайтындығын көрсетеді, ол материалды-техникалық қамсыздандыру, және де өнім өткізу сияқты қызметтердің кемшіліктерімен байланысты.
Өнімнің өзіндік құны 2004жылы 3103556 мың теңгені, ал 2005 жылы 3607432 мың теңгені құрады, яғни өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар 16%-ға өсті. Материалдық шығындар 2004 жылғы 2456235 мың теңгеден 2005 жылы 2256120 мың теңгеге дейін азайды, ол алдыңғы жылға қарағанда 8,2%-ға төмен.
Осылайша, тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар 2004 жылғы 0,59 теңгеден 2005 жылы 0,70-ке дейін өсті, ол 2004 жылдың деңгейіне қарағанда 118,6%-ды құрады.
Өнімнің материал сыйымдылығы, яғни тауарлық өнімдегі материалдық шығындардың үлес салмағы 2004 жылы -47%, ал 2005 жылы - 44% болды, яғни 2003 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмендеді.
«Южнефтегаз» АҚ тауарлық өнімінің жылдық шығарылуы оны өткізудің жылдық шығарылуымен сәйкес келмейді. Кәсіпорын өнімнің бір бөлігін өзінің мұқтажына, сонымен қатар өндірістік және құрылымдық бөлімшелердің мұқтажына жұмсайды.
Осылайша, 2004 жылы өнімді өткізуден түскен түсім 5159885 мың теңгені, 2005 жылы 4794277 мың теңгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 7%-ға төмен. Өндірілген өнімді өткізуге кеткен шығындар сәйкесінше 3604931мың теңге және 2820744 мың теңгені құрады, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға төмендеді.
Өнімді өткізуден түскен түсім мен оның өндірісіне кеткен шығындар арасындағы айырма өнімді өткізуден түскен пайданы сипаттайды. Соңғысы 2004 жылы 1554954 мың теңгені, 2005 жылы 1973533 мың теңгеі құрап 26,9%-ға көбейді, ол мұнайға деген бағалардың артуына байланысты. Осыдан шыға отырып, өткізілген өнімнің рентабельділігі 2004 жылы -43,1%-ды, 2005 жылы – 69,9%-ды құрады.
Басқа да өткізулердің нәтижесі 2005 жылы 612054 мың теңгені, 2004 жылы 627771 мың теңгені құрады, ол 2005 жылдың деңгейінен 2,5%-ға көп.
Осылайша, 2004 жылдың баланстық пайдасы 2180559 мың теңгені, ал 2005 жылы 2452627 мың теңгені құрады (өткен жылдың деңгейінен 112,5%).
Қызмет етудің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдаудан келесідей қорытындылар жасауға болады: «Южнефтегаз» АҚ негізгі қорлары жұмыс істеп тұрған жеткілікті түрдегі тұрақты кәсіпорын, және ең қызықтысы, пайдалы (шығындардың 1 теңгесі 0,69 теңге пайда әкеледі) және өзін-өзі қаржыландыру мәселелерін өзі шеше алады.
Достарыңызбен бөлісу: |