Мазмұны Кіріспе логистиканың теориялық негіздері


«High Tech Logistic ЖШС» және



жүктеу 1,34 Mb.
бет4/4
Дата18.12.2017
өлшемі1,34 Mb.
#4910
1   2   3   4

«High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекеттерін талдау

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Клиенттердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизімін құрастыру болып табылады.

Осы заманғы экономикалық үрдістердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.



Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды талап ете бастады.

Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.

Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым сферасы «қалдық принцип» бойынша қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.

Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында). Бұл жердегі жағымсыз жақтар келесідей:



  • тауар өткізуші құрылымның рационалды емес дамуы;

  • қазіргі заманғы электрондық коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;

  • төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында. Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;

  • дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;

  • өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;

  • тауарды өңдеу қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация және автоматтандырудың төмен даму деңгейі.

Көрсетілген фактілер мен жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі.

Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір көшбасшысына айналды.



«High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU» Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU» Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU» орталықта 150000 паллето-орынға қойма бөлмелері болды. Сонымен қатар, Астана қаласында 40000 палетто-орынға арналған «DAMU Astana» логистикалық орталық салына басталды.

Компанияның басты мамандануы-бұл барлық бекітілген шарттар негізінде XXI ғасыр технологиялар талаптарына сай, халықаралық стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі, Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық объектілер болған емес.

Компания жүкті сақтау, тасымалдау және кедендік тіркеу бойынша мәселелерді тиімді тасымалдау, жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді.

Қоймалар логистикалық жүйенің негізгі элементтердің бірі. Қорларды сақтауға әдейі құрастырылған орындардың болуы, материалдық ағымдардың жүрудің барлық кезеңінде керек, біріншіден шикізат көзінен бастап, соңғы тұтынушыға дейін.

Қазіргі заманғы қойма логистикалық операциялар қызмет көрсету үлкен көлемде орындайды. Тұтынушыға кең көлемде қоймалау, жүкті қайта өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с логистикалық келісімдері.

«High Tech Logistic» компаниясының қоймалық ғимараттар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен қоймалық автоматтандырылған есеп жүйесімен жабдықталған. Бұл жүкті жоғары динамикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, тауарларды қоймаға келу уақыты бойынша, өндіру уақыты бойынша тексеруге болады.Бұл сақтау процесін жеңіл басқаруға мүмкіндік беребі. Компанияның қойма территориясының негізгі қызметтері:


  • арнайы температуралық шарттарды талап ететін тауарларды сақтау;

  • іріленген жүкті сақтау;

  • тиеу-түсіру жұмыстары;

  • тапсырыс берудің арнайы талаптары бойынша тауарды өңдеу;

  • таңбалау, термоорау және пакеттеу;

  • логистикалық оператор есебінде сақтау;

  • қоймада жүктің қозғалысы бойынша керекті есептер беру;

  • бас қоймада, УСҚ, кедендік, дәріханалық қоймаларда сақтау.

Компания транспорттық логистикада келесі қызметтерді көрсетеді:

  • транспорттық-логистикалық шешімдерді табу;

  • есікке дейін принципі бойынша Алматы; Алматы облысы бойынша жүкті алушыға толық кешенді қызмет көрсету;

  • Қазақстан қалалары бойынша авто, теміржол транспортпен дистрибуция;

  • барлық тәуекелділікті ең тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;

  • жіктің қай жерде орналасқандығы туралы тез ақпарат беру;

  • жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау;

  • әр клиентке жеке менеджердің болуы;

  • кеңес беру қызметі;

  • кең агенттік, әріптестік желілік;

  • экспорт-импорт тауарларды «есіктен-есікке» жүйесі бойынша жеткізу.

Компания кедендік-брокерлік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:

  • толық кедендік рәсімдеу

  • тауарға сәйкес сертификаттар алу

  • рұқсат беру қағаздарын рәсімдеу (ветеринарлық, фитосанитарлық тексеру);

  • дәрі-дәрімектерді УСҚ мен кедендік қоймада сақтау.

Жоғарыда көрсеткендей, компания қоймалары кең ауқымды логистикалық операциялар бойынша қызмет көрсетеді.Тұтынушыға қоймалау, жүкті өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с. логистикалық шешім бойынша кең ауқымды таңдау береді.

Бұл ірі логистикалық орталықтардың негізгі ролі. Мысал ретінде «High Tech Logistic» компаниясының келесі қоймалық терминалдары туралы айтуға болады.



«ИКаР» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-25000 паллето-орын. Ярус саны 3-4. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 17 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампасы бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-1500 кв.м.

«Первомайский» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-35000 паллето-орын. Ярус саны 7. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 13 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампа бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-500 кв.м.

«Первомайский» және «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың технологиялары:



  • қоймаларды басқару жүйесі;

  • видеоқадағалау жүйесі;

  • климаттық басқару жүйесі.

«Первомайский» және «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың мүмкіндіктері:

Күніне 2500 паллет өңделеді. 1 паллетті жүк трапты 30 минут ішінде түсіру. «Первомайский» және «ИКаР» барлық жүқтің негізгі режимде бір шатырдың астында сақтауды (УСҚ, бос, кедендік және ақпараттық қоймалар), құрал-жабдықтар мен мамандардың жоғары коэффициент сонымен қатар, жүкті өңдеудің жоғары қозғалысын қамтамасыз етеді.



«DAMU» индустриалды-логистикалық орталық. ИЛО «DAMU» - бұл Алматы үшін ең тиімді объект. «DAMU» бірнеше мәселелерді шеше алады. «DAMU» Алматы қаланың индустриалды бөлігінде орналасқан. Бұл орталықтың қаладан тыс болуы тасымалдауды жеңілдетеді. ИЛО «DAMU» түгелдей автономды инфрақұрылым (энергия үнемділік, канализация, сандық линия, суқұбыры, жоғары жылдамдықты интернет) қамтамасыз етілген. Өндірістік алаңдар сегменттерге бөлінген (1 га-дан 5 га-ға дейін). ИЛО «DAMU» территориясында көлемі 500000 кв.м, 150000 паллето-орынды қамтитын қоймалар бар.

«DAMU Astana» индустриалды-логистикалық орталық. Астана қаласы экономикалық өсіп, дамып, құрылыс үстінде. Республиканың астанасымен бірге Астана солтүстік қақпа өндіріс сферасында. Қаланың бұл дәрежесі отандық және шетел тауарлардың мемлекет ішінде тез тарату үшін қазіргі заманғы және жоғары техникалық логистикалық саябақтардың болуын талап етеді. «DAMU Astana» аймақтарда жүктерді өткізуді басқаруды қамтамасыз етеді. Парктің өзінің өндірістік зонасы мен инфрақұрылым болады.бұл жағдай компанияларға өзінің өндірістерін орналастыруға мүмкіндік береді. «DAMU Astana» транспорттық логистикадан қарағанда ең ыңғайлы жерде орналасқан. Айналып өту сақинасы мен аймақаралық трассаның жанында.

«High Tech Logistic» ЖШС-ның болашақтағы жоспарлары: 3А стратегиясы- бұл Қазақстанның ең ірі Астана-Алматы-Ақтөбе тораптарды бір жүйеге біріктіру концепциясы. Әрбір транспорттық торап өзінің аймағын қамтиды. Ақтөбе-Батыс, Алматы- Оңтүстік-шығыс, Астана-Солтүстік.

«High Tech Logistic» ЖШС жүргізілген талдау компанияның логистикалық қызмет көрсетуді жоғары және сапалы дамуына үлкен мамандықпен келеді. Компания аймақтардың экономикаларын біле отырып, логистикалық концепция стратегиясын жақсы ұйымдастырған.

Бұл аймақтық тораптарда ндустриальды-логистикалық кешендерді мемлекет ішінде тауар айналымының сапасы мен қозғалысын жақсарту арқылы компания бірыңғай логистикалық желіні құруды жоспарлауда. Жоғары сапалық логистикалық желінің пайда болуы мемлекеттің бар аумағын алып отырып, Қазақстан Республикасының Европа мен Азияны қосатын буын ретінде дәрежесін нығайтпақ. Бұл мемлекеттің транзиттік мүмкіншілігін дамыта алар еді.

Қазақстан Республикасында логистиканың дамыту бағытта жетекші орын алатын кәсіпорынның мысалы мен даму бағыттына тоқтолып өтейік.

«Хак Групп» компаниясы холдингтік құрылым. Компания өзінің қызметін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы территориясында атқарады. Құрылу кезеңі-1998 жыл.

Өзінің даму уақыты ішінде компания ірі инфрақұрылымға айналған болатын. Компанияға жұмысшылар саны 300-ден асатын 29 мекеме кіреді.

Қазіргі таңда компания қызметі келесі бағыттарды қамтиды:



  • Автошинды бизнес.

  • Аутосорсинг материалды-техникалық жабдықтау саласында.

  • Жеткізу, бөлу және импорттық тауарларды тарату саласында қызмет көрсету.

  • Қойма қызметтері.

  • Экспорттық-импорттық жеткізулер.

  • Автомобильді жүк тасу.

  • Ғимараттар мен құрылыстарды жылутезникалық жабдықпен комплектациялау.

  • Заңдық қызметтер.

Компанияның клиенттік базасына ірі, орта, шағын бизнестің 3000 астам мекемелері кіреді. Компания әріптестері әртүрлі саладағы кәсіпорындар: өнеркәсіп, автожолдық және жол-құрылыс құрылымдары, ауылшаруашылық мекемелері және т.б. олардың арасында Казахмыс, Казцинк, Казатомпром, Евразиялық Өндірістік Ассоциация топтар мекемелері.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизмін құрастыру болып табылады.

Осы заманғы экономикалық процесстердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Осындай Ұлттық тауар өткізуші жүйені құрастырып отырған «Хак Групп» компаниясы. Бұл жүйе екі негізгі материалды және ақпараттық блоктан құралған құрылымды көрсетеді.

Ақпараттық блок-бұл Алматы қаласында орналасқан тауар жайлы, оның орны, жабдықтаушы және бағалар туралы ақпараттық хабар беретін, сонымен қатар кеңес беру және тауар жабдықтаушылар мен тұтынушыларға талдау қызметін көрсететін ірі ақпараттық агенттігі.

Материалдық блок-бұл Қазақстанның ірі қалаларында (Алматы, Орал, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Өскемен) орналасқан тарату орталықта кәсіпорындардың жақсы жабдықталған және автоматтандырылған қоймаларға мұқтаждығының шоғырлануы, өндіруші зауытттармен (немесе олардың жабдықтаушы, дилерлермен) олардың тауарларының жеткізу және тікелей тұтынушылар немесе екінші өткізу кәсіпорындар арасында таратудың инфрақұрылымдық байланыс.

«Хак Групп» компаниясы өзінің құрастырған технологиялар арқасында, тез арада аз шығындар мен қажетті уақытта келесі қызметтерді көрсете алады: тауарды жеткізу, тауарды өткізу, тасымалдау, қоймалау, ақпараттық қызмет көрсету.

«Хак Групп» компаниясы – бұл көппрофильді кәсіпорын, өндірістік және автотранспорттық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге маманданған. Сонымен қатар, кең ауқымды машинатехникалық топтың тауарларын жеткізу бойынша маманданған.

Жеткізу кезінде көрсететін қызметтері:


  • Тапсырысты орындағандағы нақтылық пен дәлдік кепілдігі.

  • Жеткізу оперативті түрде орындау.

  • Сервистің жоғары деңгейі мен әр клиентке жеке бабын табу.

  • Тауарды жеткізудегі ең оптимальді маршруты таңдау.

  • Икемді бағалар.

«Хак Групп» компаниясының құрамына 10 аймақтық бөлімшелер кіреді. Олар Қазақстанның Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қызыл-Орда қалаларында және 3 аймақ Ресей Федерациясында Челны жағалауында, Мәскеу, Омск қалаларында орналасқан.

Бұл жағдай жоғарыдағы аймақтарда бизнес процедураларды координациялауға және оперативті түрде нарықтағы өзгерістерге, сонымен қатар компания ішіндегі өзгерістерге жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

Компания кең ауқымды ассортиментте машинатехникалық топтың тауарларын ұсынады: автошиндер, қор бөлшектер, арнайы техника (коммуналдық, жолқұрылыстық), автотракторлы техника, ИШ насрстары, фильтрлер және т.б. машинатехникалық топтың тауары. «Хак Групп» компаниясы жеткізетін тауарлардың бәрі керекті сертификаторлармен ере жүреді. Бұл жағдай төмен сапалы тауарды немесе жалған істелінген тауарды сатып алуды болдырмайды. Компанияның клиенттері-Қазақстанның ірі кәсіпорындары ААҚ "Алюминий Казахстана", "ҰК Казахстан Темир Жолы", ҰАК "Казатомпром", ААҚ "Каз-цинк", ААҚ "ЕЭК", Компания "Фуд Мастер", "Трансстроймост" компаниясы және т.б.

АҚ «Хак Групп»-тың негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан территориясында материалдық-техникалық жабдықтау сферасында бизнес-процестерді ұйымдастыруда принципиальды жаңа логистикалық жүйені болып табылады.

Бұл тарату өткізу жүйесі режимінде біріккен жұмыс. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компания жаңа әріптестерді таратуда және тауар өткізудегі ұйымдастыру және оңтайландыру бойынша кеңес қызметін атқарады.


  • нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу;

  • тауар ассортиментін таңдау бойынша кәсіптік кеңес беру;

  • компанияның мәліметтер базасынан потенциальды әріптестер мен клиенттерді іздестіру;

  • компания қарамағындағы сауда алаңдарын тауарды өткізу бойынша консигнация шарттары бойынша жалға беру.

«Хак Групп» компаниясымен орта пайдалылық әріптестік процессте тауар клиенттері келесі жетістіктерге (4 кесте) ие болады.
Кесте 4. «Хак Групп» компаниясымен ортапайдалылық әріптестік процессте тауар клиенттерінің алатын пайдасы.

Өндіруші

Тұтынушы

1. Потенциальды тұтынушы өндірілген тауарлар мен талап етілетін өнім ассортименті бойынша тез және дәл ақпарат алу

1. Тауарды тез табу, жабдықтаушылар, негізгі дилерлер тауарға техникалық және бағалық сипаттамалар бойынша дәл ақпарат алу

2. Тауарды төлеу және жүкті жүргізу бойынша пайдаланылатын схемалар

2. Тауарды сатып алудың оңтайлы шарттары

4 кестенің жалғасы.




Өндіруші

Тұтынушы

3. Өткізу көлемдерінің өсуі, жаңа нарыққа шығуымен байланысты

3. Қоймадаға қорларды қысқарту негізінде шығындарды үнемдеу, жүкті консолидациялау арқасында тауарды жеткізу шығындарын төмендету

4. Қойма қалдықтарының төмендеуі және олардың іркілмеуі

4. Керекті тауарды оперативті түрде жеткізу арқылы құрал-жабдықтың тұрып қалмауы негізінде өндірістік циклді шапшаңдату

5. Әріптестермен өзара тиімді шарттарда жұмыс істеу

5. Әріптестермен өзара тиімді шарттарда жұмыс істеу

Нәтиже:

  • Кәсіпорынның жұмыс істеу аумағының ұлғаюуы

  • Кәсіпорынды одан әрі дамыту ушін қосымша пайда табу

  • Бәсекелестер арасында қосымша жетістіктерге ие болу

Нәтиже:

  • Тауар құнының төмендеуі

  • Айналым қаражатының айналуының шапшаңдауы

  • Бәсекелестік қабілеттің өсуі



Бұл кесте «Хак Групп» компаниясының қызметін логистикалық тізбектің екі жағынанда уақыт пен шығынды қысқарту бойынша елеулі пайда әкеледі.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациядағы өзінің кең желісі, басқарудың орталықтандырылуы, жұмыста қолданылатын инновациялық технологиялар компанияға материалдық-техникалық жабдықтау сферасында жоғары бәсекелестік қабілетке ие болуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тауарды тапсырыс түскен уақыттан алушының қоймасына түсіргенге дейінгі схеманы түгелімен басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл үшін тізбектелген ұйымдастыру процедуралар қолданылады, күнсайын жұмысшылардың алдындағы мәселелердің шешілу жұмыстар мониторигі, сонымен қатар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.

Қазіргі таңда өзіне алған машинатехникалық топтың тауарларын жеткізу міндеттемелер бойынша, «Хак Групп» компаниясы пайдаланылатын транспорттық логистика негізінде жұмыс істейді.

Жабдықтаушыдан тұтынушыға оңтайлы әдісті таңдау, тауарды жеткізу кезінде сақтықты және сенімділікті қамтамасыз етеді. Тасымалдау кезінде жүкті консалидациялау мүмкіндігі тұтынушыға көрсетілген қызмет негізінде экономикалық пайданы береді.

Ішкі тасымалдау процессі функциональды бірнеше блоктарға бөлінген:


  • дайындалу (тапсырысты жұмысқа алу, есеп жасау, транспорттық схемаларды және консолидация тәртібін анықтау, алдын ала тасымалдау және кедендік процедуралар бойынша мәселелерді талқылау, керекті бұйрықтарды дайындау)

  • негізгі (жұмысбастылық тауарға транспорт тамаңдау, кедендік процедураларды орындау, тасымалдау, белгіленген шараларды және мерзімдерді бақылау)

  • қорытынды (кедендік тазарту, тұтынушыға тауарды беру, жасалған іс-шаралардың тиімділігінің және кеткен шығындар анализі)

Тәртіпке салынған және автоматтандырылған компанияда жеткізуді ұйымдастыру жүйесі тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу кезінде болатын кез-келген өзгерістерге тез арада жауап қайтара, тез және тиімді басқару шешімдерді қабылдай алады. Сонымен, қатар «Хак Групп» компаниясында өзінің әріптестерінің талабына сай қазіргі бизнес процестерді жетілдіру үстінде.

Клиенттерге мүлтіксіз қызмет көрсетуге жетісі келетіндіктен «Хак Групп» компаниясы өзі жеткізетін тауарларды сақтау, консолидациялаужәне әрі қарай тасымалдау үшін тармақталған желісті қоймалар желісті құрастырды. Барлық қоймалар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған. Ол қысқа уақыт ішінде жүкті тию-жүкті түсіруге және жақсы жағдайда оны сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке меншік құқығы негізінде компания Алматы қаласында екі материалдық-техникалық базаны иемденуде. Олардың мақсатты белгілеуі өндірістік базаны және қоймаларды эксплуатациялау және қызмет көрсету.Бірінші материалдық-техникалық базаның көлемі-1278 м2. Оның құрамына энергоцех, темір соғатын цех, шеберханалар, гараж ғимараты, сонымен қатар қоймалар(750 м2). База 16-тонналық автокран, балка-кран, өрт және қауіп сигнализация, таразылар, автономды жылу, электр қуат, газ, канлизация, ыңғайлы жету жолдармен қамтамасыз етілген. Екінші материалдық-техникалық база орталық қойма, көлемі 1006 м2, 0,6349га жерде. База бірінші база сияқты жабдықталған.

Қазақстан бойынша қоймалау желісі келесі қалаларда орналысқан: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қзыл-Орда. Ресей Федерациясында: Челны жағалауында, Мәскеу, Омск.

АҚ «Хак Групп» өз қызметін бизнес-процесстерді рационализациялау және оңтайландыру принциптері негізінде жүргізеді, компания ішінде. Бұл жағдай өндірістік процестегі әр оперциясын қатаң бақылау және компанияның өндірістік циклдің барлық кезеңдерін алатын ақпараттық жүйенің әрдайым жаңаруының арқасында жүзеге асады. Сонымен, «Хак Групп» компаниясы логистикалық желісінің әрбір звеносын тауар үздіксіз қозғалысын өндірушіден тауарды тұтынатын тұтынушыға дейін бақылай алады. «Хак Групп» компаниясы Қазақстандағы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды жеткізетін ірі жабдықтаушысы. Компания Ресей Федерациясының ірі және жақсы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды шығаратын компаниялармен және Қазақстан осы тауарларды тұтынатын компаниялар мен жақсы әріптестік қарым-қатынаста.

Сондықтан қазіргі кезде компания келесі түрдегі ақпараттық қызметтерді көрсете алады:



  • «Хак Групп» компаниясы мен оның әріптестерінің қоймаларындағы бар машинатехникалық мақсаттағы тауарлардың ассортиентігі туралы ақпарат беру.

  • Компанияның ресейлік өндіруші әріптестерінің тауарларының ассортиентігі және тауарды жеткізу мерзімі туралы ақпарат беру.

  • Компанияның машинатехникалық мақсаттағы тауарларға деген сұранысы туралы ақпарат.

  • Машинатехникалық мақсаттағы тауарларды таңдау бойынша жоғары маманды кеңес беру.

  • Қазақстан Республикасы бойынша кез келген нүктеге тауарды жіберу және жеткізу маршруттарын таңдауда кеңес беру.

Қорыта келгенде, логистика неғұрлым кең бағытқа иеленіп, кәсіпорынның дамуы стратегиялары бойынша ұсыныстар құру мақсатында жүреді. Мәнісі бойынша логистика стратегиялық менеджментке қажет элемент. Осындай логистиканың мақсаты қазіргі және болашақ уақытта кәсіпорын алдында болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді табу. Кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі - бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.

Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үдерісі кәсіпорынды басқарудың үш деңгейімен жүзеге асырылатын тізбектелген кезеңдер қатарымен қарастырылған. Маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісі кезінде бөлімшелер арасындағы механизмді зерттеу стратегиялық маркетингтің негізгі қағидаларына сәйкес жасалған өндірісті басқарудың графикалық моделін құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес келесідей мәселелерді алға қойылды:

Қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға қол жеткізуін жақсарту, жаңа экспорттық “орындарды” алу және ықпалдас­тық бастамаларды одан әрі тереңдету.

Экспорттық белсенділікке кедергі келтіре­тін әкімшілік, инфрақұрылымдық тосқауыл­дарды анықтау және қазақстандық тауарлар үшін неғұрлым перспективалы нарықтарды айқындау жөнінде бірқатар елдердің тауарлы нарықтарына талдамалық зерттеулер жүргізіледі.

Экспортқа арналған бәсекелі отандық өнімді жылжыту жөніндегі мақсатқа бағыт­талған саясатты қамтамасыз ету үшін қазақ­стандық тауарлар экспортын сыртқы нарық­тарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірленетін болады.

Осы шаралардың өзі Еліміздің шетел нарықтарында елдегі экспортқа шығарылатын өнімдерге болашақ перспективті нарықтарға қазірден зерттеулер жүргізіп, талдау жүргізіп, сыртқы нарық­тарға жылжуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірлеудің өзі еліміздегі логистикалық жүйенің енді пайдалы қолдана бастағанын көрсетеді.

Келесі бөлімде Қазақстан Республикасы кәсіпорындарда логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалады.


2.3 Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары

Жоғарыда жасалаған сауда кәсіпорындарының іс-әрекетін талдаудан көптеген кәсіпорындар шағын болып табылатынын және күшті бәсекелестікке төзе алмайтының көруге болады, сондықтан тауар нарығы инфрақұрылымның ұйымдастыру нысанын жетілдіруді ұсынып отырмыз.


Кесте 5. Логистикалық жүйедегі шығындарды үнемдеу

Ағымдық процестер түрі

Логистикалық жүйедегі тиімділік тудыратын процестердің кезеңдері

Сатып алу логистикасы

Өндіріс логистикасы

Өндірісті қамтамасыз ету логистикасы

Тарату логистикасы

Материалды ағым

Прогрессивті материалдарды қолдану кезінде материалды шығындардың өзгерісі есебінен үнемдеу

Қоймалық шығындардың төмендеуі есебінен үнемдеу

Сатып алуларды ұтымды өңдеу есебінен үнемдеу

Материалдардың болмауынан туындайтын тұрып қалуларды қысқарту есебінен өндіріс шығындарын төмендету

Қоймалық алаңдарды қысқарту есебінен үнемдеу
Тиеу-түсіру операцияларының көлемінің қысқаруы және онымен байланысты шығындардың қысқаруы есебінен үнемдеу

Материалды ағым қозғалысының тездетілуінен болатын үнем:

  • Материалды сақтаулы қор мөлшерінің қысқаруы

  • Сақтаулы қорларды ұстау бойынша ағымдағы шығындардың қысқаруы

  • Логистикалық жүйеде болу уақытына байланысты материалды ресурстар жоғалтымын төмендету.

Қаржылық ағым

Сақтаулы қорды қаржыландырған капитал мөлшерінің азаюы есебінен үнемдеу

Ақша ағымы қозғалысының тездетілуі есебінен айналым капиталы мөлшерінің қысқаруы












Жеткізу шартының бұзылуына шығындардың қысқаруы

Ақпараттық ағым




Өндірісті ырғақты ұйымдастыру салдарынан ағымдағы шығындарды қысқарту

Техникалық қызмет көрсету шығындарының қысқаруы




Тапсырысты өңдеу уақытының қысқаруы

Сауда теориясында тауар нарығының инфрақұрылымдық обьектілерінің ұйымдастыру нысандарын дамытудың бірнеше бағыттары бар. Оларға концентрация, мамандану мен әмбебаптау және комбинирлеу жатады.

Логистикалық жүйе нарықты дамутыда жоғары тиімділік әкелетінін дәлелдейік.

Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасында сатып алу, өндіру және өнімді өткізу саласында құрылымдық өзгерістер болып жатыр.

Бірақ осы процеске логистикаға бағытталған жүйелік сипат беру керек. Нарықтық экономика жағдайында материалды ресурстар және олармен байланысты өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындардағы барлық ресурстар ағымын логистикалық әдістер арқылы басқару- әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін объективті қажеттілік.

Жаңа индустриальды саясат болашағы шығындарды төмендету және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетумен алынған интеграция тиімімен сипатталады.

Осы кестеден (5-кесте). біз логистика жалпы экономиканы ұйымдастыруда, экономикалық ұйымдар арасында тиімді байланыс орнату арқылы қолда бар мүмкіншіліктерді қолданып, жоғары тиімділікке жетуге жағдай жасайтынын көріп отырмыз.

Сауда логистикасында қандайда бір логистикалық операцияны жетілдіру жалпы жүйілік тиімділік береді.

Логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте қажет. Енді келесі 6-сурет түрінде тауар нарығының инфрақұрылымын логистикалық интеграция арқылы жетілдіруді қарастырайық.

Логистикалық белгілердің жүзеге асуы синергетикалық тиімділіктің орындалуына әкеледі. Осы кездегі синергетика тәуелсіз қосалқы жүйелердің немесе элементтердің бірігіп әрекет еткендегі олардың жеке тәуелсіз жұмыс істегендегі тиімділіктерінің сомасынан жлғары болатын жалпы тиімділіктің жоғарылауын қамтамасыз ететін логистикалық жүйелердегі байланыстарды анықтайды. Енді кесте түрінде логистикалық жүйенің әкелетін тиімділіктерін көрсетіп өтейік.



Төмендегі, 6-суретті ашып көрсететін болсақ, тауар нарығының инфрақұрылымының элементтері осы логистикалық жүйедегі өзара әрекеттесіп бірігуі қажет ұйымдар есебінде болады. Логистикалық интеграцияның келесі негізгі белгілерін көрсете кетейік:

  1. Тауар қозғалысының барлық процесін, тауарды сатып алудан бастап оны тұтынушыларға жеткізуге дейін процесті оңтайландыру ол логистикалық координацияны білдіреді.

  2. Материалды ағымдарды басқару және бақылау интеграциясы, ол басқару интеграциясы болады.

  3. Сауда кәсіпорындарының клиенттеріне көрсетілетін қызмет кешенімен қоса біртұтас материалды ағым технологиясы, ол технологиялық логистика болады.


6 сурет. Тауар нарығы инфрақұрылымын жетілдіру

Сауда логистикасының ішкі және сыртқы орталарының өзгермелі жағдайларына логистикалық жүйені бейімдеу, ол бейімделуші логистика болады.

Сауда логистикасының барлық элементтерін ұтымды ұйымдастыру, олардың өзара қызмет етуін қамтамасыз ету, ол ұйымдастырушылық логистика болады.

Суретте көрсетілген логистикалық интеграция түрлерін қарастырайық:



  1. Фирма ішіндегі интеграция үш бағытта жүзеге асады:

а) Сауда кәсіпорындарының материалды ағымының біртұтас технологиясын өндеуді білдіретін технологиялық интеграция. Ол фирма ішіндегі сауда логистикасының материалды негізі болып табылады негізі болып табылады және негізгі логистикалық операциялардың технико-технологиялық байланысын көрсетеді. Технологиялық интеграция келесі жағдайларды қамтуға мүмкіндік береді: тауарларды әкелудің ұтымды тәртібін орнату; жүктерді сандық және сапалық қабылдауды уақытылы өткізу; жылжымалы құрам мен көтеру-көліктік құралдарды ұтымды пайдалану; көлік-қойма жұмыскерлерінің еңбегін тиімді ұйымдастеру; тауарларды сатып алушыларға жеткізу бойынша көліктердің нақты жұмыс істеуі; ыдыстардың прогрессивті түрлерін және жүктерді бумалаудың жүйесін қолдану; логистикалық операциялардың байланыспауынан болатын жоғалтымдарды төмендету; фирма клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жоғарлату.

ә) Материалдық қаржылық және ақпараттық ағымдарды басқарудың интегралданған жүйесін құруды білдіретін функционалды интеграция. Ол сауда кәсіпорының әртүрлі қосалқы бөлімдерінің материалды ағымдарды бақарудағы күш-жүгерін біріктіреді.

б) технологиялық және функционалды интеграциялар синтезі ретінде болатын кешенді интеграция.

Фирма ішіндегі интеграция сауда кәсіпорынының материалды ағымдарын басқаруға мүмкіндік береді, бірақ сыртқы орта факторларына әсер ете алмайды.



  1. Сала ішіндегі интеграция үш бағытта жүзеге асады:

а) бәсекелес сауда кәсіпорындарының қызығушылықтарын біріктіруге негізделген, біз оны шоғырландыру тәсілі ретінде жоғарыда қарастырғанбыз.

ә) тәуелсіз, бірақ өзара байланысты сауда кәсіпорындарының логистикалық күш-жігерлерін біріктіру арқылы құрылады, оны да біз жоғарыда толық қарастырып өттік.

б) көлденең және тура интеграцияны біріктіретін аралас интеграция.

І. Салааралық интеграция үш бағытта жүзеге асады: регрессивті, прогрессивті және конгломератты, бірақ мұндай сала араларындағы бірігулер монополияғы қарсы заңдылықтармен реттеліп отуруы керек. Ол өндіруші, өндеуші және жеткізуші саларының арасындағы материал ағымының қозғалысын тиімді ұйымдастыру үшін жузеге асады.

Логистикалық интеграция мәні кәсіпорында іс-әрекетін біріктіруде. Мұндай біріктірулер нысаны әртүрлілігімен ерекшеленеді, көбінесе ол кәсіпорынның мақсатына, қаржылық, техникалық және басқа да мүмкіншіліктеріне байланысты. Жалпы түрде логистикалық интеграция нысандарын келесі үш түрде көрсетуге болады:


  1. жеке немесе бірнеше қызметтер түрін біріктіру, оған жоспарлау, тасымалдау, сатып алу, өткізу және тағы да сол сияқты іс-әрекеттерді қысқа мерзімге (соңғы мақсатқа жеткенге дейін) біріктіру жатады;

  2. ұйымдық-функционалды іс-әрекеттерді, мысалы қоймаларды, көлік шаоуашылықтарын және басқа да ұйымдастырушылық қосалқы бөлімдерді біріктіру ұзақ мерзімге жоспарланады;

  3. барлық іс-әрекетті басқаруды біріктіру және біртұтас кәсіпорын құру, яғни өзара бірге жұмыс істеу тиімділігін жоғарылатуға бірігуші кәсіпорындардың экономикалық қызығушылығының негізінде болатын делдалдық іс-әрекетті орталықтандыру.

Кәсіпорындар, фирмалар бірігу арқылы өздері жеке шеше алмайтын біріккен мәселерді тиімді шешуге қызығушылық тудырады. Біріккен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы екі жақты шаруашылық келісім ретінде, құжатсыз келісім ретінденемесе толық іс-әрекеттерін біріктіру үшін толық қосылу ретінде бола алады. Көбінесе осы тура және көлденең интеграцияны жүзеге асыру үшін осы іс-әрекетті бақылайтын, координациялайтын және басқаратын біртұтас орган болуы керек. Бұл орган біріккен кәсіпорындардың ең қолайлысында бола алады немесе басқа басқарушы органның қоластында құрыла алады. Нарықта координирлеу үшін құрылған ұйым осы интеграцияланған кәсіпорындардың іс-әрекетін баға, жабдықтау, жаңалық енгізу тиімділігі және т.б. көрсеткіштер бойынша реттеуі керек.

Сонымен, кәсіпорындарды біріктіру үш түрлі меншік нысанында жүзеге асырылуы мүмкін:



  1. Жеке меншік нысанында, бұл жоғарыда көрсетілген ұйымдардың құрылуы, бұл кездегі басты шарт-осы басқарушы ұйым біріккен кәсіпорындардың жұмысы тиімділігінің жоғарлауына қызығушылық білдіруі керек, яғни сол кәсіпорын үшін де тиімді болуы керек;

  2. Мемлекеттік меншік нысанында, мұнда мемлекет өзінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында салықтарды төлейтін кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін басқарушы орган ретінде бола алады, яғни мемлекеттің де осы саланы дамыту үшін қызығушылы болады.

  3. Аралас меншік нысанында басқару ұйымын құру ең тиімді жол болып табылады, себебі жеке кәсіпкерде, мемлекет те өздерінің соңғы мақсаттарына жету үшін мәселелерді тиімді шешуге тырысады, мемлекеттік қолдау да болады.

Осы біріктірулер негізінде кешенді сауда-көліктік логистикалық объектілер құру қажет. Бүгінгі күні тауар нарығының отандық инфрақұрылымы дамыған елдердің инфрақұрылымынан бірнеше есе артта қалып отыр. Қазіргі кездегі аралас мультимодальды жүктік терминалдар осы ұғымда жоққа тең. Бұрындары салынған қоймалар, көтерме базалар, сақтау орындарының бүгінгі күні тек 30-40 пайызы қолданылуда, ал көбісі иесіз қалды. Осы кезде кәсіпорындар өз жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін дайын өнімнің үлкен қорын сақтау керек және меншікті көлігін ұстау керек, ал бұл кәсіпорын шығындарын көбейтіп, тауар бағасына кері әсерін тигізеді.

Қазақстан жағдайында бүгінгі күні біз тек мемлекеттік меншіктегі логистикалық басқару объектісін құра аламыз, оны көбінесе логистикалық орталық деп атайды, себебі фирмаларда әлі күнге дейін логистиканың мәнін түсінбеушілік бар және фирмалардың өзара келісімдерге келуі ұзақ уақытты алады, ал мемлекет тарапынан әкімшілік құралдар арқылы фирмаларды бір-бірімен келістіріп, кездестіріп, логистикалық жүйеге кіру қажеттілігін сендіру керек.

Енді осы логистикалық орталықты әрбір аймақтағы өнеркәсіптік-сауда палаталарының маңайынан немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрамында арнайы орталық ашу қажет, ол әрбір облыс орталығында орналасуы керек. Осы отралықты сауда саласының соңғы нәтижесінде түсетін жанама салықтар арқылы қаржыландыруға болады. Ол көбінесе акциздік салық.

Көп жағдайда «өнімді өндіру-тұтыну» циклында тауар өнімін дайындауға барлық уақыттың 10 пайызы жұмсалса, ал қалған 90 пайызы көліктік-қоймалық және делдалдық операцияларға жұмсалады. Жүктерді контейнерленген түрде өңдеу арнайы комбинирленген жүкті өңдеу орталықтарында-бір тұтас ғаламдық логистикалық желі құрайтын терминалдарда біріктірілген. Дамыған логистикалық негіз аймақты дамыту кешені болып табылады. Шет елдерде әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды дамытуға тауар ағымы менинвестициялар қарату үшін өнеркәсіптік-сауда-көліктік түйіндерде құрылатын ерекше экономикалық зоналар механизімін кеңінен қолданады. әлемде бүгінгі күні аралас тасымалдаулар барлық жүк тасымалдаулардың 50 пайызын құрайды, ал Қазақстан және ТМД елдерінде ол 2 пайыздан да төмен. Бізде кеңінен қолданылып жүрген челночты бизнес шағын тасымалдау мен мауданың ортағасырлық тәсілі, ол өте артта қалған елдерде қолданылады және халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Келесі 7 сурет арқылы логистикалық орталықтарды қаржыландыру жолдары мен атқаратын қызметерін көрсетейік.

Қарапайым тасымалдауға қарағанда үйлестірілген тасымалдаулардың келесі артықшылықтары бар:



  1. Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану;

  2. Көлік құралдарын және ұлттық көліктік инфрақұрылымды қолданудың тиімді жағдайлары, көлік желісін тиімдірек бақылау және жаңа көліктік технологиялар қолдану;

  3. Ұлттық ресурстарды қолданудың ыңғайлы алғы шарттарын білдіретін комбинирленген тасымалдаудың салыстырмалы төмен құны;

  4. Экспорттың бәсекеге төзімділігін жоғарылатуға және сыртқы сауданың дамуына жағдай жасайды;

  5. Кедендік процедураларды жеңілдетеді және құжаттарды толтыру уақыты үнемделеді;

  6. Тауарлардың қозғалысын сақтандырудың артуы;

  7. Ұлттық тасымалдаушыларға зиян келтіретін шет ел капиталын интервенциясынның алдын алу.

Сонымен, тауар нарығының инфрақұрылымын тауар қозғалысының логистикасы есебінен алып, оны интегрциялау жолдарын көрсетіп отырмыз, бірақ біздің елде бұл процесті енгізу үшін бүгінгі күні мемлекеттік қолдау қажет, себебі логистикалық жүйені тиімді құрып, оның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мамандар дайындауға, огистикалық интеграцияны басқару органын құруда мемлекеттің алатын орны зор.

7 сурет. Логистикалық орталықты құру жолдары


Қазіргі кездегі логистика-бұл копьютерлі-интегрирленген логистика. Логистикалық инфрақұрылымның жағдайы әлемде нарықтық дамудың, инвестициялық тартымдылықтың және қандай да – бір территорияның экспортты-активизирлеуші факторы болып табылады. Көлік, қойма, сауда және сервис бірігеді және өзара бір-бірін дамытады. Сенімді сауда-көліктік инфрақұрылым-аймақтардың шаруашылық интеграциясының мықты негізі, мемлекеттің дезинтеграциясына қарсы әсер етудің қажетті факторы.

Сондықтан шет елдердің көпшілігінде сауда-көліктік және оған сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның дамуы мемлекеттің қатаң бақылауында болады, ол тек тура бюджеттік ассигнациялар түрінде ғана емес, сонымен қатар заңдылықты ұйымдық-экономикалық реттеу және координациялау арқылы.

Сонымен, Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастар негізінде интенсивті көтеру мақсатында тауар қозғалысын өндірушіден соңғы тұтынушыға жеткізуді максималды түрде жеделдетуге әрекет ететін кешенді логистикалық сауда-көліктік объектілер мен желілер құру қажет. Осы мәселе бойынша мәліметтерді талдау және жүйелеу келесідей шешімдерге әкеледі:


  1. Әртүрлі фирмалар өздерінің іс-әрекетінде электронды коммерция тәсілдерін қолдану көлемін әрі қарай жоғарлату тенденциясы болып отыр;

  2. интернеттің желілік технологиясы желіде коммерциялық іс-әрекеттерді орындау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде жетілдіруден әлі де алысырақ;

  3. қазақстандық нарық электронды коммерциямен әлі жаулап алынған жоқ, Батыстың әсерін есепке алмағанда іс-әрекеттің бұл түріне өте үлкен басымдылық бар;

  4. интернеттің желілік технологиясы желіде коммерциялық іс-әрекеттерді орындау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде жетілдіруден әлі де алысырақ;

  5. логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте қажет. Енді келесі схема түрінде тауар нарығының инфрақұрылымын логистикалық интеграция арқылы жетілдіруді қарастырайық.

  6. интеграцияға деген қажеттілік аумақтық және салалық құрылым түріне қарамастан барлық өндірістік-коммерциялық кәсіпорындарға тән болып келеді. Қазақстан экономикасының дамуының бүгінгі жағдайы нарық нарық инфрақұрылымына қызмет көрсететін өнеркәсіптік, сауда кәсіпорындары мен компанияларын интегрирленген жүйеге біріктіру бойынша жағдай жасауды талап етеді. Мұндай біріктірудің басты себебі-өндіріспен байланыссыз шығындар көлемін жоғарылатату жағдайын тудыратын шикізат пен матеиал көзінің тұтынушылардан географиялық алыс орналасуы.

  7. тауар нарығының инфрақұрылымын тауар қозғалысының логистикасы есебінде алып, осы интеграциялау жолдарын көрсетіп отырмыз, бірақ біздің елде бұл процесті енгізу үшін бүгінгі күні мемлекеттік қолдау қажет, себебі логистикалық жүйені тиімді құрып, оның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етеін мамандар дайындауға, логистикалық интеграцияны басқару органын құруда мемлекеттің алатын орны зор.

Біздің елімізге басқа шетелдік капиталистік елдерде қолданылатын логистикалық жүйелер мен концепцияларды қайталаудың қажеті жоқ. Олардың жинаған тәжірибесін және өзіміздің потенциалды және елдің спецификаық ерекшелігін ескере отырып, біз тез қарқынмен заманауи логистикалық көзқарасты және отандық бизнестегі нарықтық бағытталған құрылымдардағы жүйені енгізуіміз қажет. Дүние жүзінде таңымал, кең қолданылатын JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б. концепцияларын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ерекшеліктерін ескере отырып, енгізу, жетілдіру жақсы болар еді.

Қазақстан үшін оның үлкен территориясымен қайта шығарудың жергілікті ерекшеліктері, соның ішінде жергілікті транспорттық факторлар: транспорттық коммуникациялар, сол аудандағы транспорттық және транспорттық-экспедициялық кәсіпорындар, транспорттық түйіндер, терминалдар және т.б. маңызды орын алады. Әрбір ауданының экономикасының қолдану саласында қандай да бір логистикалық функцияларды атқаратын кәсіпорындардың үлкен тобы жұмыс жасайды: транспорттық фирмалар, көтерме сауда делдалдары, банктер, транспорттық-қоймалық кешендер, жүктік терминалдар және т.б.

Тұтынушыларға нәтижелі қызмет көрсету, көптеген транспорттық-логистикалық фирмаларды және аудандардағы делдалдардың жұмысын басқару және координациялау жергілікті транспорттық-логистикалық жүйесіз мүмкін емес. Осы жүйелердің түзетуші және біріктіруші потенциалды белгілі аудандардың әлуметтік-экономикалық дамуына, транспорттық-логистикалық қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелілігін ұлғайту, олардың әлемдік стандарттарға жақындауы, жергілікті материалдық және оларды ақпараттық және қаржылық ағыммен қамтамасыздандыратын заманауи логистикалық басқару технологияларын енгізу.

Еліміздің экономикасында қалыптасқан жағдай принципиалдық жаңа жүк ағымын басқарудың терминалды технологияға және тауар қозғалысының логистикалық принципіне негізделген жаңа жүйенің пайда болуын талап етеді. Жергілікті жүйенің логистикалық қызмет көрсету қалыптастыру стратегиясы ірі қалалардың жан-жағында жүк өңдеуші және жүк жинаушы терминадар желісінің және көпмақсатты мультимодальдық терминалдық кешендердің, сонымен қатар олардың тасымалдаушылар, экспедиторлар және жалпыға бірдей ақпараттық қолдау және телекоммуникация арқасында басқа да логистикалық серіктестермен жұмысын басқару және кординациялауды жүзеге асыратын логистикалық орталықтардың құрылуына негізделуі қажет. Жергілікті макрологистикалық жүйе клиенттерді әлемдік стандарттарға өндірістік технологиялық деңгейімен және тұтынушыларға логистикалық қызмет көрсету кешенділігі және сервистілігімен жауап беретін транспорттық-экспедициялық, қоймалық, жүк өңдеуші, кедендік және сервистік қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етуі қажет.

Біріншіден мультимодалді транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау жүйесінің жетілдірілуі маңызды.

Қазақстанның жергілікті макрологистикалық жүйесінің құрамындағы транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау көрсетуі мыналарды қамтамасыз етеді:



  • аудандардың әлеуметтік-экономикалық сауалдарын шешу, жаңа жұмыс орындарын туғызу және инвестиция тарту арқылы халықтың жұмыс істеу деңгейін жоғарылату; қала бюджеттеріне түсімнің көбеюі макрологистикалық жүйенің жұмыс жасауынан және тұтынушы транспорттық-логистикалық сервис нарығының кеңеюінен;

  • тұтынушыларға транспорттық-логистикалық қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қызмет көрсету сапасының заманауи біріккен логистикалық тенологияларды енгізу және логистикалық сервистің жергілікті өндірістік техникалық базасының дамуы арқасында әлемдік стандарттарға жақындату;

  • сыртқы экономикалық байланыстарды шетелдік инвестицияларды және серіктестерді қалыптасып жатқан макрологистикалық жүйеге тарту, әлемдік стандарттарға сай экспорттық-импорттық операциялардың транспорттық-логисткалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Транспорттық дәліздер арқылы жүзеге асырылатын интермодальді тасымалдаудағы әлемдік нарықтағы Қазақстандық тасымалдаушылар мен логистикалық фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

  • логистикалық орталықтар және сертификациялау орталығының транспорттық-логистикалық фирмалардың атқарушы билік органдарының қадағалауымен қызметтер жүйесі арқылы мониторинг жүйесінің, транспорттық-логистикалық қызметтердің нарығын қалпына келтіру, қадағалау және нарықтың нәтижелі қалыптасуы;

  • транспорттың қоршаған ортаға кері әсерін азайту жергілікті материалдық-транспорттық ағымды рационалды қалыптастыру, тасымалдаудың оңтайлы маршрутты таңдау, қозғалмалы құрамның және технологиялық тасымалдаудың халықаралық стандарттарға сәйкес рационалды таңдау арқылы;

  • ауданда отандық және халықаралық биржалық және банктік іскерлікті жүзеге асыру;

  • отандық және шетелдік транспорттық және логистикалық фирмалары үшін бір нормативті құқықтық базаны және кепілдік жүйесін дайындау;

  • логистикалық координация және оның жұмысының мультимодальдық және интермодальдық тасымалдау арқылы оны қолдау арқасында ауданда транспорт жұмыс жасауының нәтижелілігін жақсарту.

Логистика белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Бұл стратегия автомобиль құрылысы, туризм, сервис жүйесі, жол және капиталдық құрылыс және отандық өнімнің өз бағасының төмендеуіне әсер ететін болады.

Қазақстандағы логистиканың басқа да болашағы бар даму бағыттарын алдағы жылдары оны ұйымдастыруда және ішкі өндірістік жүйелердің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетілдіруде, тұрмыстық және материал жүргізуші байланыстарда технологиялық кешендерде және экономикалық аудандарда жақсарту үшін пайдаланылады.


Қорытынды

Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.

Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын, себебі кәсіпорынға логистиканы жүргізу беймәлім белгісіз зат, оны қалай өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген сұрақтар туындайды бұл сауалдардың әр бірі өз бетінше тағыда сұрақтар туғызады, ал осының бәрін дұрыс қолданбауы нақты мәліметтердің бетін ашпайды, яғни сондықтан нарықтағы кәсіби маманданған логистиканы жүргізумен айналысатын ұйымдарға жүгіну дұрыс шешім болады.

Логистикалық әдістерді қолдана отырып төмендегі артықшылықтарға жете аламыз: сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау, өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау, материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау, өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау, логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру;дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т.б. бірқатар мәселелер т.с.с. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі логистиканың рөлі өте зор. Қазақстанда отандық кәсіпкерлер логистиканы әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ.

Логистика неғұрлым кең бағытқа иеленіп, кәсіпорынның дамуы стратегиялары бойынша ұсыныстар құру мақсатында жүреді. Мәнісі бойынша логистика стратегиялық менеджментке қажет элемент. Осындай логистиканың мақсаты қазіргі және болашақ уақытта кәсіпорын алдында болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді табу. Олар:


  • тауардың бар және болашақ нарық талаптарын қанағаттандыратын өндіріс стратегиясы мен тактикасын құруға;

  • тауар рыногын оқу, салттық, жаңа тауарлар немесе қызметтерінің тұтынушыларын анықтау, бар және болашақ дамуға, сауда орындарын аймақтық орналастыру бойынша ұсыныстар жасауға;

  • барлық тауарлар түріне бар және болашақ сұранысты қанағаттандыру бойынша кәсіпорын маркетингтік, өндірістік мүмкіндіктерін анықтап, рынок мұқтаждығын толық қанағаттандыру және пайданы өсіру мақсаттарында кәсіпорынның инвестициялық саясаты бойынша ұсыныстарды келтіруге;

  • сұранысқа әсер ету, маркетинг іскерлігіне және тауар жасауға кететін шығындарды төмендету, бар және болашақ сұранысты табу, бәсекелестерден артықшылық есебінен таурларды сатудың пайдасы мен рентабельділігін өсіруді қамтамассыз етуге;

  • кәсіпорынның жарнамалық және баспалық іскерлігін ұйымдастырып, байлныс кәсіпорынның жұмыс тиімділігін көтеруге;

  • сыртқы ортаны үнемі бақылай отырып, стратегияны жүзеге асыруды ұйымдастыруға және оған бақылау жүргізуге және де басқа мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді.

ғылыми зерттеу негізінде келесі қорытындылар жасауға болады.

Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етеді.

Біздің елімізге басқа шетелдік капиталистік елдерде қолданылатын логистикалық жүйелер мен концепцияларды қайталаудың қажеті жоқ. Олардың жинаған тәжірибесін және өзіміздің потенциалды және елдің спецификаық ерекшелігін ескере отырып, біз тез қарқынмен заманауи логистикалық көзқарасты және отандық бизнестегі нарықтық бағытталған құрылымдардағы жүйені енгізуіміз қажет. Дүние жүзінде таңымал, кең қолданылатын JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б. концепцияларын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ерекшеліктерін ескере отырып, енгізу, жетілдіру жақсы болар еді.

Логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте қажет.

Логистикалық белгілердің жүзеге асуы синергетикалық тиімділіктің орындалуына әкеледі. Осы кездегі синергетика тәуелсіз қосалқы жүйелердің немесе элементтердің бірігіп әрекет еткендегі олардың жеке тәуелсіз жұмыс істегендегі тиімділіктерінің сомасынан жлғары болатын жалпы тиімділіктің жоғарылауын қамтамасыз ететін логистикалық жүйелердегі байланыстарды анықтайды

Логистика белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Бұл стратегия автомобиль құрылысы, туризм, сервис жүйесі, жол және капиталдық құрылыс және отандық өнімнің өз бағасының төмендеуіне әсер ететін болады.



Қазақстандағы логистиканың басқа да болашағы бар даму бағыттарын алдағы жылдары оны ұйымдастыруда және ішкі өндірістік жүйелердің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетілдіруде, тұрмыстық және материал жүргізуші байланыстарда технологиялық кешендерде және экономикалық аудандарда жақсарту үшін пайдаланылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие на казахском языке. Алматы: Қазақ университеті, 2004

  2. Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие. Издатмаркет62004Логистика: Учебник / Под ред. Б. А. Аникина. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Инфра • М, 2000.

  3. Неруш Ю. М. Логистика: Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ: ДАНА, 1998.

  4. Голиков Е. А. Маркетинг и логистика. - М.: ИД "Дашков и КӘ", 1999.

  5. Смехов А.А. Введение в логистику. - М.: Транспорт,1993.

  6. Сергеев В.И. Логистика в бизнесе. - М.: ИНФРА-М, 2001.

  7. Сергеев В.И. Логистика: аналитический обзор. СПб.: Организация об-ва «Знаниең, 1996.

  8. Семененко А.И. Предпринимательская логистика - СПб: Политехника, 1997.

  9. Сухова Л.Ф. «Қазақстандағы математикалық-техникалық құралдарының қозғалысы» - М.: ИНФРА-М, 2001.

  10. Сухова Л.Ф., Сариев К.С. «Материалдық өндірістің инфрақұрылымы» М.: ИНФРА-М, 2002.

  11. Айгуль Тулембаева: «Экономика не прощает эмоций» статья. «Начнем с понедельника», № 10 (724), 7 - 13 марта 2008

  12. Логистика: Учебное пособие/Под ред. Б.А. Аникина. — М.: ИНФРА-М, 1997.

  13. Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок / Пер. с англ. - М.: ЗАО "Олимп—Бизнес". 2001

  14. Берталанфи Л. Общая теория систем - обзор проблем и результатов. - М.: Наука, 1969.

  15. Гаджинский А.М. Логистика. - М.: Маркетинг, 2001.

  16. Гордон М. П., Карнаухов С. Б. Логистика товародвижения.- М.: Центр экономики и маркетинга, 1998.

  17. Даулет Б.С., Тулембаева А.Н. Стратегическое управление в транспортно-коммуникационном комплексе РК. - Алматы: Казак университет, 2003.

  18. Залманова М. Е. и др. Производственно-коммерческая логистика. - Саратов: Саратовский гос. техн. ун-т, 1995.

  19. Зубков Г. С. и др. Торговая логистика: Учебное пособие. - Ростов н/Д., 1997.

  20. Кожамкулова Ж.Т., Урузбаева Н.А., Тулембаева А.Н. Коммерческое предпринимательство. - Алматы: Қазақ университеті, 1999.

  21. Костоглодов Д.Д., Саввиди И.И., Стаханов В.Н. Маркетинг и логистика фирмы - М.: ПРИОР, 2000.

  22. Колобов А. А., Омелъченко И.Н. Основы промышленной логистики: Учебное пособие. - М.: Изд-во МГТУ им. Н. Э. Баумана, 1998.

  23. Линдере М. Р., Фирон X. Е. Управление снабжением и запасами: Логистика / Пер. с англ. - СПб.: Полигон, 1999.

  24. Миротин Л.Б., Ташбаев Ы.Э. Логистика для предпринимателя: основные понятия, положения и процедуры. - М.: ИНФРА-М, 2002.

  25. Миротин Л.Б., Ташбаев Ы.Э., Порошина О.Г. Эффективная логистика.- М.: Экзамен, 2002.

  26. Миротин Л.Б., Ташбаев Ы.Э. Логистика для предпринимателя. - М.: ИНФРА, 2002.

  27. Неруш Ю.М. Снабжение и транспорт: эффективное взаимодействие. - М.: Экономика, 1990.

  28. Плоткин Б. К. Введение в коммерцию и коммерческую логистику / Учебное пособие.- CПб: Изд-во Санкт-Петербург. ун-та экономики и финансов, 1996.

  29. Родников Л. П. Логистика: Терминологический словарь. - М.: Инфра - М, 2000.

  30. Семененко А.И., Сергеев В.И. Логистика. Основы теории. - СПб.: Изд-во "Союз", 2001.

  31. Семененко А.И. Предпринимательская логистика - СПб: Политехника, 1997.

  32. Уваров С.А. Логистика: общая концепция, теория и практика. - СПб.: ИНВЕСТ - НП, 1996.

  33. Системный анализ и структуры управления. /Под общ. редакцией проф. В.Г.Шорина. - М.: Знание, 1975.

  34. Чудаков А.Д. Логистика – М.: Изд. РДЛ, 2001






жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау