Мазмұны Кіріспе I


ҚР-ның өзге елдермен халықаралық



жүктеу 0,5 Mb.
бет4/5
Дата07.02.2020
өлшемі0,5 Mb.
#28521
1   2   3   4   5

2.2 ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік

ынтымақтастығының құқықтық негіздері

Қазақстан-Қытай: Кедендік ынтымақтастық:

ҚР Республикасы кеден комитеті және ҚХР Бас Кеден басқармасының шекаралық мәселелер бойынша жұмысшы тобының жиналысында қабылданған. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1997 жылы 26 қыркүйектегі «Кеден ісі саласындағы ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы» келісім шартын жүзеге асыру мақсатындағы және ҚР Мемлекеттік кіріс Министірлігі Кеден комитеті төрағасы Маратқали Нүркенов пен ҚХР Бас Кеден Басқармасының төрағасы Чань Гуань Линь арасында Пекинде қол қойылған. Меморандумға сәйкес 2002 жылдың 22-24 каңтар аралығында ҚР кеден қызметі жұмысшы тобымен ҚХР кеден қызметінің жұмысшы тобының арасында шекаралық мәселелер бойынша алғашқы мәжіліс өтті.

ҚР кеден қызметі жұмысшы тобының жетекшісі Кеден Комитетінің Халықаралық қатынастар басқармасының бастығы С.М. Нұрғалиева ханым болды.

Ал, ҚХР кеден қызметі жұмысшы тобының жетекшісі Бас Кеден Басқармасының, Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті бастығының орынбасары Кан Чань мырза болды.

Жақтар бұрын қол қойылған келісім-шарттар мен хаттамалардың жүзеге асыру барсына байланысты өзара ақпараттармен алмасты және болып жатқан проблемаларды талқылады.

Кездесу барысында Кеден ісі саласындағы ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісімге сәйкес Қазақстан жағы Қытай Халық Республикасы жағына ҚР-ғы қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілерді тапсырды. Бұл құқықтық-нормативтік актілер 2 тілде - ағылшын және орыс тілінде болды.

Жақтар күн тәртібінде мәселелер бойынша пікір алмасты және төмендегі аталғандарға келісті.

1. Жақтар келесі жақтардың кеден қызметінен белгілеушілердің үш деңгейлі жүйесін құрды.

- Орталық кедендік әкімшілік деңгейінде;

- Аймақтық кеден басқармалары деңгейінде;

- Шекаралық кедендер деңгейінде.

- Шекаралық кедендер деңгейінде.

Кездесу соңында жақтар бір ай мерзімінде белгілеушілер жөнінде

ақпараттармен алмасты (ф.и.о, адрес, телефон, факс, е-тап). Белгілеушілердің

құрамында өзгерістер болған жағдайда жақтар бір-біріне осы туралы

хабарлайтын болады.

Орталық кедендік әкімшілік деңгейіндегі белгілеушілердің кездесулері

жылына бір өткізіледі.

Аймақтық кеден басқармалары деңгейіндегі белгілеушілердің кездесуі

жарты жылда бір рет өткізіледі.

Шекаралық кеден басқармалары деңгейіндегі белгілеушілердің кездесулері 2 айда 1 рет өткізіледі және келісім бойынша қажет болған

жағдайда қосымша кездесу белгіленеді.

Кездесу орны жақтардың территориясында кезегімен белгіленеді және

өткізіледі. Кездесуді жүзеге асыру үшін жақтармен барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Аймақтық кеден басқармалары деңгейіндегі кездесулер Үрімші қаласы

кеден Басқарамасы және ҚР Кеден Комитетінің өкілеттігі басқармасымен

өткізіледі.

2. ҚР комитеті мен ҚХР-Ң Бас Кеден Басқармасының арасында болған ынтымақтастық және кеден құжаттарын өзара мойындау туралы хаттамаға сәйкес 31 наурыз 2002 жылға дейін-екі елдің кеден қызметін қамтамасыз ету үшін кеден құжаттарының және олардың түсіндірмелеруй ауыстырады.

3. Кеден ісі саласында, оның ішінде, қару-жарақ контрабандасымен, оқ-дәрілермен, наркотикалық заттармен, сонымен қатар терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөнінде ақпараттармен алмасуды жөнге келтіру. Кеден ісі саласында өзара көмектесу мен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес сұрау салуды орындауды қамтамасыз ету.

4. Сыртқы сауданың кедендік статистикадағы сәйкессіздікті анықтау үшін кедендік статистикалық анализ бойынша эксперттік топ құру керек, сыртқы кедендік статистика жүргізу әдістемесін сәйкестендіру керек және техникалық құралдар туралы мәліметтермен алмасу керек. Тараптар аз уақыт ішінде сарапшылар тобын кездестіруге келісті.

5. Тараптар кеден ісі саласындағы қылмыстармен күресудегі ынтымақтастықты күшейтудің маңызды екені туралы келісті. Қазақстан жағы ҚХР мен ҚР кеден органдарының кеден ісі саласындағы құқық бұзушылармен күрес жүргізу кезіндегі ережелер жобасын көрсетті, ал қытай жағы 2002 жылдың 30 маусымына дейін оны қарастырып, өз ұстанымын хабарлайтынын айтты. Бұл жұмыс 2004 ж. 30 маусымында бітті.

6. Радиациясы нормадан жоғары тауарлар мен көлік құралдарын қайтару бойынша халықтық тәжірибеге сәйкес, егер осындай тауарлар мен көлік құралдары шекарадан өтсе, онда оны қайтару бойынша екі тарап бір-біріне көмек көрсетуі тиіс. Келіссөздер аяқталған соң Қазақстан Орталық Кеден органы ҚХР-ң бас кеден басқармасына тауарлардың өткізуге болатынын радиациялық көрсеткіштері туралы, эквивалентті дозаның өлшем бірлігі туралы, радиациялық бақылау жүргізу құралы туралы (аты, шыққан уақыты, шығарған елі, техникалық мінездемелері) екі жақты ақпарат алмасу туралы сұрау жібереді, және нормадан жоғары радиациясы бар тауарлардың қайтарылу мерзімі және тәртібі туралы сұрау жіберіледі. Қытай келген сұрау бойынша ақпараттар жинап қайтадан ҚР-ның Кеден Одағына жіберуге келіседі.

7. Тараптар тәжірибе және жұмыстар әдістерімен алмасу мақсатында шекаралық кедендер арасында мамандар алмасу мүмкіндіктерін талқылайды және қарастырады.

Тараптар өздерінің кеден басшылары кездескенге дейін осындай тағы екінші кездесуді ҚР-сы Алматы қаласында өткізу туралы келісті. Бұл меморандум 2002 жылы 24 қаңтарда Үрімші қаласында бірдей күші бар қазақ және орыс тілінде ресімделіп, бекітілді.

Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі ҚР, Еқ және оның мүше мемлекеттері арасындағы келісімнен үзінді. III тарауда таурлармен сауда: тараптар бір-біріне барлық қатынастар саласында өзара тиімді режимін ұсынады. Импортталатын және экспортталатын тауарлардан алынатын кеден алымдары мен баждары, оған қоса осындай баждар мен алымдарды алу әдісі; Кедендік тазартуға, транзитке, қоймаларға және қайта тиеуге қатысты ережелер; Тікелей немесе жанама түрде импортталатын тауарлардан алынатын салықтар және т.б. алымдардың кез-келген түрлері; Төлем және осы төлемдерді жолдау әдістері;

Сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, анықтауға және ішкі рынокта тауарларды қолдану тэртібі.

1. 1-пунктер ежелері мыналарға қолданылмайды:

а) Кеден одағын және еркін сауда аймағын құруға әкелінетін заттар үшін; в) Дамушы елдер пайдасы үшін ГАТТ және т.б. халықаралық келісімдерге сәйкес көрші елдер үшін әкелінетін заттарға; с) Шекаралық сауда мақсатында көрші елдерге әкелінетін заттар үшін.

2. 1- параграфтың ережесі Қазақстанның ГАТТ-қа кіретін кезде бітетін өтпелі кезең мерзімі ішінде қолданылмайды.

1. Тараптардың айтуынша еркін транзит қағидасы осы келісімнің мақсатына жетудің алғы шарты болып табылады. Осыған сәйкес әрбір ел басқа тарап территориясына арналған басқа кеден территориясынан шыққан тауар үшін шексіз транзитті қамтамасыз етуі керек.

2. Осы баптардың тәртібі белгілі бір салалар үшін (соның ішінде, көлік сияқты немесе тараптардың келісімі бойынша өнімдерге деген ерекше бір тәртіптер белгілемейді. Халықаралық конвенцияларды көрсететін құқықтар мен міндеттерді қысымға алмай, өздеріне қатысты тараптар уақытша кіргізу тауарлары үшін импортттық баждар мен алымдар алмайды.

- ҚР-нан шығарылатын тауарлар ынтымақтастық елдеріне сандық шектеусіз импортталады;

- ынтымақтастық елдерінен шығарылған тауарлар ҚР-на еркін сандық шектеусіз импортталады;

- тараптар арасындағы тауарлар саудасы рынок бағасымен анықталады;

- егер қандай да бір өнім екі жақтың бірінің территориясына үлкен көлемде кіргізілетін болса және ол кіргізілім жергілікті бәсекелестіктер үшін үлкен зиянын тигізетін болса, онда Қазақстан немесе ынтымақтастық елдері қайсысының мүддесіне әсер ететін болса, сол ел келесі процедуралар мен жағдайлар бойынша сәйкес шаралар қолдануына болады;

- белгілі бір іс-шаралар қолданбас бұрын ешқандай жағдайға байланыссыз Қазақстан мен ынтымақтастық елдері ынтымақтастық бойынша кеңеске аз уақыт ішінде өздеріне қатысты барлық ақпараттарды жеткізеді;

- егер мұндай консультациялар нәтижесінде тараптар 30 күн ішінде келісімге келе алмаса, онда жағдайды реттеу бойынша іс-әрекетке қатысты ынтымақтастық бойынша кеңеске хабарлаған күннен бастап консультация сұраған тарап шығынды жою немесе т.б. іс-шараларды жүзеге асыруға құқылы болып табылады;

- шығын орнын толтыру қиын болған дағдарысты жағдайда тараптар консультациялық әрекеттерді жасағанға дейін белгілі бір шаралар жүзеге асыра алады. Бірақ консультациялар сол шаралар бастамасымен артынша басталуы тиіс;

- шараларды таңдау кезінде келісуші тарптар осы келісімнің мақсатына жетуге ең аз нұқсан келтіретін шаралар таңдаулары қажет;

- осы келісімге ешқандай да нәрсе зиян келтірмеуге тиіс және ГАТТ баптарына сәйкес тараптардың антидемпингтік немесе компенсациялық шаралар қоллдануына әкеліп соқпауы тиіс;

- тараптар осы келісімнің ережелерін белгілі жағдайлар болған жағдайда және КР ГАТТ-қа мүшелікке кірген жағдайда өзгерту мүмкіндіктерін қарастыруға міндеттенеді.

Осындай өзгертулер енгізу туралы консультацияны тараптарда ынтымақтастық кеңесі бере алады;

- келісім қоғамдық моральдың, қоғамдық тәртіптің немесе қоғамдық қауіпсіздіктің, адамдың, жануарлардың өмірі мен өсімдіктердің денсаулығын қорғау тарапынан; Ұлттық көркем, тарихи және археологиялық бағалықтарды немесе интеллектуалдық, өндірістік және коммерциялық меншіктерді немесе алтын мен күміске қатысты тәртіптер тарапынан болған пікірлерді де ескереді;

- бұл III тарау текстильдік тауарлар мен саудаға қолданылмайды. Бұл тауарлармен сауда басқа келісім арқылы реттелуі керек;

- көмір мен болат Евразиялық бірігуді құру туралы келісімге қатысты тауарлар саудасы осы келісімнің III тарауымен реттеледі;

- бір жағынан ҚР өкілдігінен және екінші жағынан ынтымақтастық өнімділігінен болат пен көмірге байланысты мәселелер бойынша дара байланысты топ құрылды. Бұл топ көмір мен болатқа мүдделерін білдіретін ақпараттармен жүйелі түрде алмасып отырады;

- ядролық материалдармен сауда ҚР-ның және атом энергиясы бойынша Еуразиялық Қауымдастық арасындағы болатын жеке келісіммен реттеледі.

Кеден одағына қатысушы мемлекеттерің арасындағы тасымалданатын тауарлардың кедендік рәсімдеуінің қарапайымдатылған тәртібі туралы келісім.

Кеден Одағына қатысушы мемлекеттерінің территориясы арқылы бірегей транзитінің шарттары туралы келісім.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Белорус Республикасы Үкіметімен, Қырғызыстан Республикасы Үкіметімен және Ресей Федерациясы Үкіметімен осы аталған тараптармен, 1995 жылы 10 ақпаннан ТМД қатысушы мемлекеттерінің кеден заңдарын ескере отырып, Транзит еркіндігі қағидасына өзінің сүйенетіндіктерін білдіре отырып, осы келісімнің әрбір қатысушы мемлекетінің қызығушылықтарына кері әсер етпей, кеден процедураларын үйлестіру және жүйеге келтіру арқылы көліктің барлық түрімен халықаралық тасымалдауды қарапайымдатудың міндеттілігін мойындай отырып, Тасымалдаудың шарттарының күшеюі ынтымақтастығының дамуының бір маңызды факторы екенін есепке ала отырып, 1995 жылы Кеден Одағы туралы келісімде бектілген қағидаларды

нақтылай отырып, Келесідей келісімге келді:

Бұл келісімде 10 ақпан 1995 жыл ТМД елдерінің кеден заңдары негізінде анықтайтын терминдер қолданылған.

Осы келісімнің қатысушы елдерінің территориясымен транзит арқылы тасымалданатын тауарлар мынадай болуы тиіс:

- Табиғи тозуды және тасымалдау және сақтау нәтижесіндегі шығындалуды қоспағанда өзгеріссіз түрде болуы керек;

- Транзит мақсатынан басқа мақсаттарда жаратылып кетпеуі керек;

- Жіберуші кеденнен белгіленген кеденге дейін көлік құралы мүмкіндігіне байланысты белгілі бағыттары бойынша шекті мерзім бойынша, яғни ай сайынғы 2000 км-ден аспай жеткізілуі тиіс;

Тауарлар мен көлік құралдарын транзиттік тасымалдау кезінде:

Үшінші елдікі осы келісімнің қатысушы елдерінің біреуіне кез-келген осы келісімнің қатысушы елінің территориясынан өтсе;

Осы келісімнің қатысу елінен басқа бір кез-келген осы келісімнің қатысушы еліне осы келісімнің қатысушы елі басқа бір елінің территорисынан өтсе;

Осы келісімнің қатысушы елінен транзиттелсе, олар кеден баждарын, салықтарын және ресімделу үшін кеден алымдарынан, сонымен қатар экономикалық саясат шараларының қолдануынан босатылады.

Тараптардың кеден органдары осы келісімге қатыспаушы елдер арасындағы кез-келген осы келісімге қатыспаушы мемлекеттің территориясынан өтетін транзитке ұлттық заң ережелерін сақтауды қамтамасыз етуге құқылы.

Тразитті қамтамасыз ету үшін керекті құралдар мен қызметтерді тасымалдаушылар үшін транзит елі өзінің импортерлары, экспортерлары және тасымалдаушыларынан кем етпей ұсынуы керек;

Кеден Одағы мүше елдерінің шекарасынан кесіп өтуші тауарлар мен оларды тасымалдаушы кеден құралдарының шекарадан өтуін, тасымал жасау

саласындағы құзыретті органдардың келісімімен осы келісімнің қатысушы

елдерінің кеден органдары белгіленген тәртібі бойынша жүзеге асады.

Келісуші тараптар өздерінің кеден органдарына 3 ай ішінде транзиттелетін тауарлар мен көлік құралдарының қай жерлермен өтетіні туралы тізімдермен алмасуын жүктейді. Егер осы келісімнің қатысушы елдердің ұлттық заңдарымен басқаша бекітілмеген болса, онда тауарлар транзиті осы елдердің кез-келгендерінің территориясының кез-келген бағытымен жүзеге асады.

Транзиттік тауарларды басқа көлік құралдарына қайта тиеу осы келісімнің қатысушы елдерінің кеден органдары белгіленген орында жүзеге асуы тиіс. Осы келісім қатысушы келдерінің кеден органдары транзиттік тауарлар мен көлік құралдарына қажетті құжаттар мен идентификациялау құралдарын өзара мойындайды. Тараптар өздерінің кеден органдарына 3 ай мерзімі ішінде кедендік бақылау үшін қажетті транзиттік тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарының, индентификациялау құралдарының үлгісімен өзара алмасуын жүктейді.

Егер тежеусіз күш салдарынан болган транзиттің үзілуі кезінде осы келісімнің қатысушы елінің қай елінде болса, онда ол сол елдің Ұлттық заңы негізінде белгілі бір тәртіптер орнатылады.

Келісуші тараптар осы келісімге қол қойылатын күннен бастап, 3 ай мерзім ішінде төмендегідей 4 жақты құжаттар дайындауларын жүктейді. Кеден Одағы мүше елдерінің территориясынан өтетін тауарларды ресімдеу тәртібі туралы ереже. Кеден Одағы мүше елдерінің территориясында кедендік салық жүргізу туралы ереже; Осы бапта көрсетілген жұмыстарды белгілеу интефациялық комитетке жүктеледі;

Тараптар өзара келісу арқылы осы келісімге өзгертулер мен толықтыруларды хаттамалар ретінде енгізулеріне болады. Осы Келісімінің орындалуы және талқылануы кезінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды шешу керек болған жағдайда интеграциялық комитетте, ол егер келісілген шешім таба алмаған жағдайда мемлекетаралық кеңестің үкімет басшылары.

Бұл келісім кез келген Кеден Одағына кіретін және осы келісімнің барлық ережелерін толық көлемде орындайтындығын көрсеткен жағдайда осы келісімге кіруіне ашық.

Осы келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және тараптардың барлық қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындауы туралы соңғы хабарламаны депозитарийге сақтауға берген күннен бастап күшіне енеді. Бұл келісімнің депозитарийі Интеграциялық комитет болып табылады.

Кез келген тарап осы келісімнен бас тартатын болса онда бас тартудан 12 күн бұрын жазбаша хабарлама жіберуі керек.



2.3 ЕурАзЭҚ елдері шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық
1995 жылы 20 қаңтарда Кеден Одағын құру туралы келісімге Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1996 жылы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федарациясы, Қырғызстан Республикасы арасындағы экономикалық және гуманитарлық сфераларды интеграцияның тереңдеуі туралы шарт жасағаннан кейін экономиканың, сонымен қатар электро - энергетика саласында жаңа интеграциялық процестің дамуына жаңа негіз пайда болды. 1996 жылы 29 наурыздағы Шарттың 2- бабына сәйкес итеграцияның негізгі мақсатының бірі біртұтас энергетикалық дамуды көздейтін біртұтас экономикалық кеңістік құру болып табылады.

Осы уақытқа дейін Сібір - Қазақстан -Орал транзитімен электро -

энергиясын тасымалдау мәселесі шешілмеген болатын. 1999 жылы 1 қазанда

ААҚ "СЕСОС" және "РАО" «ЕЭС» Ресей арасында Қазақстан Республикасы

мен Ресей Федерациясының энергетикалық жүйесі бірігіп жұмыс істеуі туралы шртқа қол қойылды. Ол тәжірибеде жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан мен Ресей энерго жүйесінің бірігіп жұмыс істеуі Ақтөбе және Орал энерго желілерінің сұранысын қамтамасыз ету мүмкіндік беріп келеді.

Бірақ қазір кезде Қазақстан және Ресей Федерациясының энерго

жүйесінің бірігіп жұмыс істеуі бірқатар объективті себептерге байланысты жүзеге асырылмай жатыр. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы электроэнергетика саласындағы сауда - экономикалық қатынастарынан көрінеді.

Қазақстан энергожүйесінің Орта Азия, соның ішінде Қырғызстан

энергожүйесімен бірігіп жұмыс істеуінде де біршама мәселелер бар.

1996 жылы 29 наурыздағы қатысушы - мемлекеттердің энергетикалық, жүйелерінің бірігіп жұмыс істеуі туралы келісім шартта Кеден Одағы елдерінің машина жасау және энергетикалық кәсіпорындарының бірігіп жұмыс істеуі қарастырылған.

Осы арқылы Кеден Одағы елдерінде электроэнергетикалық рынок құру және оның дамуында бірнеше мәселелердің шешілуі 1996 жылы 29 наурыздағы келісім - шартты жүзеге асырып, соның нәтижесінде осы елдерде экономикалық өсу орын алды.

Келесі маңызды мәселелердің бірі Кеден Одағы елдерінде өндірістің мұнай - газ өндіру және мұнайды қайта өңдеу саласы болып табылады. Осы саланың дамуы, әсіресе Қазақстан мен Ресей Федерациясы үшін саяси маңызды мәселе болып табылады. Осы елдердің бірігуінің кеңеюі Ресей территориясындағы транс мұнай құбыры арқылы тасымалданады.

2005 жылы Ресей Федерациясымен Қазақстанның мұнайын экспорттау 15 млн. тоннаға жеткізу туралы шартқа қол жеткізілді. Атырау - Самара құбырын қайта құру туралы сұрақтар қарастырылып жатты. Осыған байланысты Қазақстанның Ресей федерациясымен Қазақстанның мұнайын алыс шетелге жеткізу туралы ұзақ (5 жылдан кем емес) уақыттың транзиттік кепілдіктер беру туралы келісімге қол жеткізу керек. Қазақстан мұнайын Ресейге экспорттау мәселелері осы елдер, арасында сәйкес кеден саясатын жүргізуді керек етеді. Мұнда Ресей Федерациясының территориясы арқылы экспортталатын Қазақстан мұнайы кеден декларациясымен алып жүрілді, және Ресей Федерациясының территориясы арқылы одан ары қарай Қазақстанның мұнайын экспорттау үшін декларацияны қайта ресімдеу жасалады, сол үшін қосымша ақы алынады (4-8 цент 1 тонна үшін). Ресімдеуді екі рет жүргізбес үшін кеден құжаттарын ресімдеу бойынша қызметтерге ақы төлемей, ресімделген кеден декларациясын тіркеу жүйесіне өту керек.

Қазақстан мұнайын тасымалдауда Қазақстан - Белорусь бірігуінің маңыздылығы жоғары. Қазақстан және Белорусь үкіметінің Атырау - Самара мұнай құбырына қатысты мәселелердің кезеңдік шешілуін Белорусь жағымен де ақылдасу керек. Оның территориясы арқылы өтетін Дружба - 1 құбырының қуаттылығы туралы мәселелерді шешіп алу қажет. Себебі ол Қазақстан мұнайын Батыс және Шығыс Европаға тасымалдау көлемін кеңейтеді.

Қазақстан мұнайын келешекте тасымалдаудың кілтті элементі Қазақстан мұнайының қара теңіз - экспортының терминалына шығатын КТК жобасы болып табылады. Бұл жобаға қатысушылар Ресей, Қазақстан және АҚШ. Мұнай құбырды іске қосу 2001 жылдың маусымына белгіленіп, жұмыс істеп келеді. Бұл жоба бойынша құбыр арқылы бастапқыда жылына 28 млн тонна мұнай өткізуге болады, соның ішінде Қазақстаннан - 20,2 тонна - жылына. Кейін оның өткізу мүмкіндігі кеңейген соң, жылына 67 млн. тонна. Осы құбырдың іске қосу Қазақстанда бірқатар мұнай газға қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Мысалы, қалыпты қарқынмен мұнай өндіруді дамыту мүмкіндігі.

Ол жеткілікті түрде мұнай экспортын жүзеге асыруға көмек береді. Осы жобалардың жүзеге асуы Қазақстанның және Ресей Федерациясы мұнайының әлемдік рынокқа экспортталуын көбейтеді. Осыған қатысты Ақтөбеде өндірілген мүұайды Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін Кеңкия- Атырау құбыры жобасы іске асырылып келеді. Осыдан кейін Атырау - Самара құбыры арқылы экспорт үшін КТК-ға жеткізілуі тиіс.

Келесі маңызды мәселелердің бірі, Қарашығанақ газын Оренбургтегі газды қайта өңдеу заводында қайта өңдеу болып табылады.

Қазақстанның географиялық орналасуы Орта Азия және Ресей Федерациясы арқылы әлемдік рынокқа газды тиімді экспорттауға мүмкіндік береді.

2000 жылы 10 қазанда өткен Саммитт Кеден Одағына қатысушы 5 елдің тарихында жаңа елеулі оқиға болды.

Себебі, Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы құжат қабылданды. Осы саммитте Қазақстан басшысы Президент Н.Ә.Назарбаев Кеден Одағында қалыптасқан жағдайды сараптай, сипаттай келе, тығыз интеграцияның дамуы бестік елдерінің экономикалық ахуалына оң ықпал ететінін айтып өтті.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру мәселесі саммитте ең басты құжат ретінде қаралады. Беларус, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикаларының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының басшылары бұл жаңа экономикалық Ұйымның интеграциясының ілгері жылжуына тиімді әсер ететіндгіне келісетіндіктерін білдірді.

Басқосуда Президент Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шешімді Қазақстанның Кедендік Одаққа қатысушы - елдердің интеграциялық күш жігерін сапалық жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін тектік ретінде қарастыратынын атап көрсетті. Еуразиялық экономикалық қауымдастық Еуразиялық одақ, басқа да халықаралық ұйымдарға жақын үлгідегі жаңа кұрылым болып табылды. Екінші жағынан Еуразиялық экономикалық қауымдастықты Қазақстанның 1994 жылғы Еуразиялық одақ туралы бастамасын жүзеге асыруға бастайтын төте жол ретінде қарастырған жөн . Әрі бұл шешімде ұжымдық саяси ерік көп қырлы ынтымақтастық, нақты интеграция мэселелері орын алады.

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың жоғары органы мемлекетаралық кеңес болып табылады. Оган интеграцияны дамытуға бағытталған іс-эрекеттерге бастамашы болу өклеттігі берілді. Оның құрамына мемлекет басшылары, министрлер кіреді. Бұл жерде бір мемлекет бір дауысқа ие және міндетті консенсус.

Жаңа ұйымның іс-қимыл жасайтын негізгі органы - Интеграциялық комитет. Сонымен қатар қатысушы елдер мемлекет басшылары тағайындайтын Тұрақты өкілдер комиссиясы органы енгізіледі. Мемлекетаралық кеңес пен Интеграциялық комитеттің қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті интеграциялық комитет хатшылығына жүктеледі. Хатшылыққа Бас Хатшы жетекшілік етеді. Интеграциялық комитетте Ресей - 4 дауысқа, Қазақстан 2 дауысқа және Беларусь 2 дауысқа, Қырғызстан 1 дауысқа және Тәжікстан 1 дауысқа ие болды. Яғни, 4-2-2-1-1 формуласы қолданылады. Дауыс беруді бұлай бөлу әр елдің экономикалық салмағына қарай болады.

Осы Еуразиялық экономикалық қауымдастық жұмысы келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталады;

1) Сыртқы сауда және кеден саясаты саласында - еркін сауда режимінің толық көлемде ресімделуін аяқтау: Бірыңғай кеден тарифтерін белгілеу; ДСұ және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара байланысты бағытты қалыптастыру;

2) Валюта бақылауы және валюта реттеудегі жеңілдетілген тәртіп;

Төлем - есеп қатынасы қызметінің тиімді механизмін құру;

Кедендік реттеудегі жеңілдетілген жалпы жүйе құру;

Қауымдастық шекарасындағы экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Контрабанда және басқа да кеден құқық бұзушылықпен күрес.

3) Экономикалық саясат саласында - экономикада келісілген құрылымды қайта құру жүргізу;

4) Әлеуметтік - экономикалық дамудың біріккен жаңа бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру;

5) Өзара әрекет етуші валюта-қаржы жүйесін қамтамасыз ету; Жалпы төлем жүйесін құру;

6) Шетел инвеститциясын рыногында тең құқылы болуы;

7) Әлеуметтік - гуманитарлық салада - ғылым мен мәдениеттің дамуы, білім берудің ұлттық жүйесінің үйлесімі;

8) Құқық саласында -ұлттық заңды жақындастыру және үйлестіру, жалпы құқық кеңестігін құру мақсатында құқық жүйесінің өзара әрекет етуін

қамтамасыз ету мемлекетаралық мәжілісі аяқталғаннан соң. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық қауымдастық өз қанатын жаюда. Бұл күндегі әлемдегі ерекше оқиға - 2006 ж. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан Республикаларының басшылары қатысты.

Мемлекетаралық Кеңестің басшылары деңгейіндегі кездесу нәтижесінде президенттер мәжілісінде 19 құжат қабылданды. Еуразиялық экононмикалық қауымдастықтың ішкі рыногын қорғау, терроризм және есірткі бизнесінің қаупімен күрес, шекара мәселесін реттеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың экономиаклық қүрылымдық жүйесіне өзгерістер, эмблемасымен жалауын бекіту, жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі, тағы басқа мәселелер қарастырылды. Әлемдік интеграциялық бағытында экономикалық қауымдастықтың болашақта экономикалық одақ болу мүмкіндігі де қозғалды. Соның дәлелі ретінде Ресей мен Қазақстан мемлекеті басшылары Каспий мәселесі жөнінде ортақ келісімге келді. Ұжымдық қауіпсіздікті нығайту жайында сөз айтылды. Әсіресе, Орталық Азиядағы ұжымдық жедел әрекет күштерінің тұрақты оперативтік тобын қаржыландыру, бірлескен әскери штаб құру, әскери-техникалық тобын қаржыландыру, бірлескен әскери - техникалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралды. ҰҚК- ге кіретін алты мемлекет осы бағытта өзара ортақ келісім жасады. Мәскеу сапары еліміздің экономикасы мен сыртқы саясатына қатысты біраз мәселелерді шешті. Сондай-ақ, Еуразия қауымдастығы идеясының тамырлана бастағанын көрсетті. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастығының мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісінде Қазақстан мен Ресей арасында экономикалық қарым - қатынастың кең ауқымды мәселелері қаралып, маңызды келісімге қол жеткізілді. Ресей Президенті В.Путин мен Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың ресми кездесуі мен келіссөзі екі ел арасындағы Каспий теңізі мұнай аймағына қатысты осы күнге дейін дау тудырып, келген мәселені біржолата шешті. Каспийдің солтүстік бөлігі түбінің ресурстарын игеру жөніндегі мемлекеттік құжатқа қол қойылды. Нақты анықталмаған үш кенішті екі ел бірлесіп пайдаланатын болды. Осыған орай Н.Назарбаев: "Мұның екі мемлекетке пайдалы, өйткені Қазақстан ман Ресей арасындағы сенім деңгейін көрсетеді. Біздің бұл елдеріміздің стратегиялық әріптестігі айрықша мәнге ие болды", - деді.

Әрине, мұны көрші әрі ынтымақтас екі елдің кезекті жетістігі деп санауға болады. В.Путин бірлескен хаттаманың Ресей мен Қазақстанның Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы барлық әріптестері үшін байыпты белгі болып табылатындығын, алда Каспий қайраңын игерудегі инвестициялау барысын белсенді ету қажеттігіне байланысты ойларын білдірді.



ІІІ. ОҚО бойынша кеден басқармасының экономика лық қауіпсіздікті

қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары

3.1 Кеден органдарыныц құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс -шараларын талдау
ҚР кеден органдары құқық қорғау қызметін орындау барысында белгілі бір нәтижелерге жетті. 1999 жыл жэне 2005 жыл аралығында кеден ісі саласындағы қылмыстар едәуір өскен.

ҚР кеден органдарының маңызды міндеттері экономикалық қылмыстармен және әкімшілік құқық бұзушылармен, контрабандалық тауар және көлік-құралдарының, есірткі заттарының қару-жарақтың, Республиканың мәдени-тарихи құндылықтарының заңсыз өтуімен тиімді күрес жүргізу болып табылады.

Кеден органдары өздерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыра отырып, эономикалық қылмыстармен күресте маңызды жұмыстар атқарады.

Контрабандамен күрес жүргізу шараларына келер болса, контрабанда мен есірткінің заңсыз айналымына күрес жүргізу кеден органы қызметкерлерінің ең басты бағыттарының бірі болып табылады. Дегенмен, ТМД елдерімен арадағы ірі автокөлік және темір жолдардың көптігі мен шекаралардың созылыңқы болуы контробандаға қарсы күресті қиындата түседі.

Наркомания және наркобизнеспен күресте ҚР Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық қызметі көп еңбек сіңірді.

Кеден органдарының 173 инспектор кинологтар иттермен қызмет атқаруда. Олардың ішінде Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық орталығынан есірткі және жарылғыш заттарды іздеуге байланысты 124 кинолог инспекторлар осы көлемдегі иттермен арнайы дайындықтан өтті. ҚР Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық орталығы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, қызметтік иттер асырау және курсанттардың жағдайын жасауда жұмыстар жүргізіп келеді.


Кинологиялық орталықтың мұғалімдер құрамы 3 жыл бойында Германияның ең озық қызметтік иттерді тану мектебінде арнайы дайындалған тәжірбиелі мамандардан тұрады.

Қазақстан Республикасы бойынша қозғалған қылмыстық істер

Кесте 2


Аталуы

1999 ж

2000 ж

2001 ж

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Қозғалған қыжлмыьстық істер

356

462

806

878

756

631

819

Экономикалық контрабанда бойынша

108

207

273

388

232

326

412

Есірткі заттарын ұстау фактісі

108

390

528

614

342

271

243

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша

20156

24790

27242

31542

25321

21951

19787

ҚР бойынша кеден органдарымен 1999 жылы 356 қылмыстық іс, 2000 жылы 642 қылмыстық іс, 2001жылы 806 қылмыстық іс, 2002 жылы 878 қылмыстық іс жэне 2003 жылы 756 қылмыстық іс қозғалған, 2004 жылы 631 қылмыстық іс козғалған, 2005 жылы 819 қылмыстық іс қозғалған.

ҚР кеден органдарымен экономикалық контрабанда бойынша 1999 жылы 108 іс, 2000жылы 107 іс, 2001 жылы 273 іс, 2002 жылы 388 іс, 2003 жылы 323 қылмыстық іс қозғалды, 2004 жылы- 326, 2005 – 412.

Контрабандамен күрес бойынша бөлімдердің қызметте - маңызды қызметі бұл кедендік құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Бұл бойынша 1999 жылы 20156 іс, 2000 жылы 24790 іс, 2001 жылы 27242 іс, 2002 жылы 31542 іс, 2003 жылы 25321 іс қаралған, 2004 жылы- 21951 іс қаралған, 2005 ж – 19787.

Соңғы 6 жылда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 150 мыңнан астам іс қозғалған, 13,5 млрд теңгеден астам айыппұл өндіріліп алынған, 4,5 млрд теңге сомасындағы тауарлар тәркіленген.

Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық саны 2002 жылға дейін өскенімен, өндірілген айыппұл мен тәркіленген тауарлар мен көлік құралдарының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің приоритетті бағыты бұл есірткі заттардың заңсыз айналымымен күрес болып табылады.

Контрабанданың жолын кесуді күшейтудегі негізгі шаралардың бірі кеден бекеттерін арнайы техника және кедендік бақылауды барынша жеңілдете түсетін құралдармен жарақтандыру, қызметкерлердің кәсіби даярлықтарын жақсарту және кинологиялық қызметтің тиімділігін арттыру болып табылады. 2005 жылы кеденшілердің күшімен 4619,5 килограмм болатын әр түрлі есірткі заттар ұсталды. Тәжікстан Республикасының Ресейге бет алып бара жатқан жүк вагондарын тексеру кезінде пияз салынған қапшықтарға жасырылған 323 килограмм героин мен 8,5 килогарамнан астам апиын шикізаты әшкереленді.

2005 жылы кеден органдарымен наркотикалық құралдардың 161 факті тіркелді, 517 кг жоғары наркотикалық құралдар, соның ішінде 91 кг героин ұсталынды. Құқық қорғау органымен бірге ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілмек болған заңсыз қару, жарылғыш заттар, оқ-дәрі бойынша 3/5 факт тәркіленді. Заңсыз айналымнан 18 бірлік қару, 493 кг жарылғыш заттар, 1687 бірлік оқ-дәрі алынды.

Тауарлардың контрабандалық жолмен өткізілу фактілері белгілі болған жағдайда оған жауапты лауазымды қызметкерді анықтау жөнінен жедел шаралар қолданылады. Жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, кедендік шекара арқылы тауарлардың заңсыз өткізілуіне жол берген кеденшілер жасалған құқық бұзушылықтардың дәрежесіне сәйкес, тәртіптік жазадан қылмыстық жазаға дейін жауаптылыққа тартылады.

Сонымен қатар, ондай кемшіліктердің бірен-саран ғана екенін, көпшілігенде кеденшілердің өз міндеттерін адал атқаратынын да атап көрсету орынды. Мәселен, 2005 жылы 718 млн тг жуық сомадағы тауар заңсыз айналымнан алынды. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Еліміздің кеденшілерінің ең басты міндеттерінің бірі- мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін арттыру, оның ішінде мемлекеттің бюджетін толтыру. Бұл қызметтің сипаттамасын төмендегі сурет көрсетеді:

Егер осы тұрғыдан келер болсақ, 2002 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 198,1 млрд тг кедендік төлемдер мен салықтар түсіруге қол жеткізілді. Кедендік төлемдер мен салықтардың өсімі 43,2 млрд тг құрап, алдындагы жылдың көрсеткіштерінен 1,3 есе ұлғайды. Импорт көлемі болса 21,5 пайызға өсті. Кеден төлемдері мен салықтар мелшері жалпы салықтық түсімдер көлеміне шаққанда 19, мемлекеттік бюджет кірісінің жалпы көлеміне шаққанда 30,6 пайыз құрап отыр.

2005 жылы мемлекеттік бюджет кіріс бөлігіне кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 284,7 млрд тг, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 41,9 млрд тг жоғары немесе 2,7%. Осы мәіметтердің өзі-ақ кеден саласының өз міндеттерін ойдағыдай атқарып отырғанын көрсетеді.

Соған қарамастан, жоғары айтылып өткендей, шекаралардың тым •созыңқылығы, оған біздің көптеген шекараларымыздың ашықтығын косыңыз, автокөлік пен темір жолдардың көптігі бюджетті айналып өтіп жатқан қаржы мүлде жоқ дегенді сенімнен айтуға мүмкіндік бермейді. Көрші елдермен арадағы шекаралардың бәрін тас түйін қымтап тастағанда ғана қол жеткізуге оолады.


3.2 Оңтүстік Қазақстан облысы кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде контрабанда және кедендік кұқық бұзушылықтарымен күрес бөлімінің қызметін талдау және жетілдіру жолдары

Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының бөлімінде тауарды кеден шекарасынан заңсыз орналастырумен байланысты әкімшілік істер қозғалады, ол әкімшілік кодекс бойынша қарастырылып сотқа жіберілді. Сонымен, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының оңды істеріне талдау жасасақ. Кеден ісі саласында құқық бұзушылық пен қылмысты анықтап, оның алдын алу үшін біраз істер атқарылуда. 2003 жылда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 250-бабы бойынша наркотикалық заттар контрабандасы мен басқада айналасына тыйым салынған заттарды анықтап қолға түсіруді қылмыстық іс қозғау 30%-ке ұлғайған. 2005 жылдың 12-айлық көрсеткішінде заңсыз наркотикалық заттар айналысының 12) фактісі анықталып 7 кг наркотикалық заттар 250-259 баптар бойынша қолға түсірілген.



Қылмыстық істер атқарылған жүмыстарды талдау бойынша

Кесте 3


Атауы

2001ж

2002ж

2003

2004

2005

Қозғалған қылмыстық істер саны:

80

72

54

51

54

209 - бап

16

22

20

20

21

214-бап

3

4

58

7

7

250-бап

16

20

11

12

13

259-бап

26

17

-

-

-

Басқада баптар

19

9

18

12

19

Контрабанда және әкімшілік құқық бұзушылықтармен күрес бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасы 2005 жылы анықтау бөлімінің көмегімен 68 қылмыстық іс қозғалды. Олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 209,214,250,259 баптары бойынша жүргізілді. Мысалы;

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 251-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бойынша Ахментаев Ш. Заңсыз ТОЗ-16 5,6мм, винтовкасын сақтап, тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды.

2) 250 және 259 баптарды 1-ші тармақтары бойынша Ташбулатова контрабандалық және заңсыз Зб0 гр марихуанна сақтап, тасмалдағаны үшін жауапқа тартылып, Сарыағаш аудандық соты тарапынан антестиялық актке байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды.

3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 209-бабы 02512207,0021 бойынша Зайтова Б. Деген азаматша контрабандалық, экономикалық контрабанда негізінде 2 млн. 940 мың теңге соммасындағы формалық фуражкаларды жеткізу кезінде қолға түсіріліп жауапқа тартылады.

4)Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 209-бабы 2001X23670 бойынша іс қозғалды. Оның себебі ТУ-154 ұшағы ішінен алтынан жасалынған бұйымдар табылған. 37-баптың 1-2 тармақтары бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Талдау жасай келе үстіміздегі жылда экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық іс қозғау азайды. Мұндай әсіресе кеден шекарасын кесіп өту кезіндегі тауарларды алып өту кезіндегі мәселелер бойынша айтуға болады. Бұған себеп тұлғалардың ҚР кедендік, әкімшілік, қылмыстық заңдарының шарттары жағдайынан адаптация болуы. Жалпы айтқанда көп тауар түрлері өте аз көлемде кедендік ережелерді бұзуда.

2005 жылғы кезеңмен салыстырғанда осы жылдың 1 жыл ішінде әкшшілік істердің сотқа тапсырылуы 0 %-ке өскен.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының соттық әкімшілік тәжірибесіне талдау жасалынған болатын. Онда кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2143 істің 1874 кеден органымен жэне 268 іс облыстық сотқа тапсырылғаны мәлімделген.

Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың "аса ауыр" түрі кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізуге байланысты құқық бұзушылық болып табылады. (жалған құжаттармен, кедендік бақылаудан жасыру т.б.).

Соттық тәжірбие көрсеткендей мұндай құқық бұзушылықтар жазаланбай калып қоюда немесе құқыққа қарсы жасалынған әрекеттер жазаға сәйкес келмейді.

Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының қозғалған ҚР Контрабанда және әкімшілік істер құқық бұзушылық туралы кодексінің 414 бабымен, яғни мәлімдеу мерзімін бұзғаны үшін Сарыағаш судьясы азамат Якубова Ф.К.қатысты әкімшілік істі тоқтату туралы заңсыз шешім шығарған болатын. Мұнда соттың қаулысында қарау жері, күні, уақытысы көрсетілмеген, ал қаулының тізімдеу бөлігінің мазмұны хаттамадағы құқықы бұзушылыққа сәйкес келмейді және судья істі тоқтады себебі құқық бұзушы өзінің әрекетінде айыптың жоқ екендігін көрсетеді, сондықтан бұл жерде құқық бұзушылық жоқ болады. Мұндай жағдайда осы процесске қатысушы кеден органы өзінің жағынан ұсыныстар ұсына алмады.

Кеден заңдылықтарын қолдануды оптимизациялау мақсатында және сондай-ақ олардың қоғамға қауіптілігін ескере отырып, мұндай әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлерін қарауға, осыған байланысты жауапкершілік ҚР әкімшілік істер туралы кодексінің 409 бабымен (декларанттың кедендік ресімдеу тәртібін бұзғаны үшін), 413 бабымен (тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеу тәртібін бұзу), 414 бабымен (ҚР кеден органдарына келен декларациясын, құжаттармен қосымша мәлеметтерді ұсыну мерзімін бұзу), 415 бабымен (ҚР кеден органдарына есеп беруді ұсынбау және есепке тұрғызу тәртібін сақтамау) кеден органдарының құзырына жатқызылады.

Әкімшілік кодекстегі қарама-қайшылықтар туралы сұрақтар және оған өзгерістер енгізу қажеттілігі бірнеше рет облыстық жиналыстарда, семинарларда көрсетілген болатын, сондай-ақ ҚР Облыстық кеден органына ұсыныстар жолданған болатын.



Есірткі заттары көбінесі сырттан келетіні және олардың кеден арқылы өтетіні белгіл. Кеденде есірткіге қарсы күрес жүргізу

996-2004 жж аралығында ұсталынған «ауыр» наркотикалық

Кұралдар. ОҚО –ы КБ



Аталуы

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Есірткі заттарды сақтау бойынша алынған барлық саны (кг)

3,7

6,4

0,273

94,9

3,2495

4,9563

22,935

16,1




Опйй

3,7

6,4

0,273

87,4

0,0795

0,0763

-

-

-

Марихуана

-

-

-

-

-

2,0107

19,435

-

6,364

Героин

-

-

-

7,5

2,8

2,83

3,5

16,1

18,360

Гашаш

-

-

-

-

-

0,0993

-

-

-

Морфин

-

-

-

-

0,370

-

-

-

-

Соңғы жылдары ОҚО КБД қызметкерлері кедендік бақылаудың тиімді шаралары мен техникалық кұралдарды пайдайану арқылы ҚР кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізіліп жатқан наркотикалық құралдар фактілері тәркіленіп 162 қылмыстық іс қозғалып, 366 кг наркотик алынды. 1996 жылдан бастап, ҚР кеден шекарасы арқылы «ауыр» наркотиктердің өткізілуі байқалуда: 1996 ж-3,7 кг опий; 1997 ж.- 6,4 кг опий; 1998 ж.- 273 гр опий; 1999 ж. - 7,5 кг героин, 87,4 кг опий; 2000 ж.- 2,8 героин, 79,5 гр опий, 370 гр морфин; 2001 ж.- 2,83 кг героин, 16,3 гр опий; 2002 ж.- 3,5 кг героин; 2003 ж.- 16,1 кг героин, 2004 ж, -2005 жылдары героин юкөп өткізілуде.

2005 жыл ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының есірткі заттарының контрабандасымен күрес бағыты бойынша есірткінің заңсыз айналысы туралы Да факті (айғақ) тіркелген болатын және онда 4кг 500гр. 17 млг есірткі алынған болатын (героин 2кг 5311 р 4млг, гашиш-9,93гр, марихуана-1959гр. 2» млгр), осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 250 бап жэне 259 бабы бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған. Мұнда 12 оқиға ішінде 4-де қызметтік іздестіру иттері пайдаланылған.

Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, басқа да құқық қорғау органдарымен берлесіп жоспарлы рейттік іс-шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде 40кг 661 гр 5 млгр мөлшерінде алынған есірткінің заңсыз айналысы туралы 9 фактісі анықталды.

Барлығы есірткінің заңсыз айналысы тур 21 факті анықталған, бұлар бойынша 45кг Ібігр, 67млгр алынған (марихуана-2010,7гр, героин-3141,04, анаша-40кг, ганили-9,93гр).

2001-2005 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының анықталған есірткілердің заңсыз айналыс фактілерін талдау.

Есірткілерді ұстау кезінде талдау жасалынған болатын, мұнда есірткі заттардың заңсыз айналысына қатысуымен тұлғалар, негізінен Қазақстан Респубикасы азаматтары болып табылады. Ұсынылған 27 тұлғаның 11-і Қазақстан Республикасы, 9-ы Өзтекстан Республикасы және 7-і Тәжікстан азаматтары болып отыр.

Айта кететін жағдай, соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысына героиннің тасмалдауы жоғарылады. Соңғы кезде Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында героин контрабандасының 4 фактісі анықталды, оның ішінде 3-і аса үлкен мөлшерде.

Мысалы:

2005 ж. 20 мамырда Контрабанда және әкімшілік құқық бұзушылықтың қызметкерлері "Мақтаарал" кеден бекеті аймағындағы "Термез-Ташкент" жолында БМВ-316 автокөлігі ұсталған болатын. Кедендік тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 514,28гр "героин"есірткі заты 4 целлофан пакеті табылған, бұл затты Тажікстан Республикасының азаматы Едігаров З.Н. алып өткен, элі қарай бұл затты Свердловск облысының территориясында сатпақшы болған.



2005 ж. 16 маусымда "Мақтаарал"кеден бекетінің жылжымалы (мобилді) тобының қызметкерлері Өзбекстан Республикасының азаматы Соламатин Г.К. ұсталған болатын одан салмағы (6,7ср "героин" есірткі заты табылып алынған болатын)

2002ж. 7 шілдеде Контрабанда және Әкімшілік құқық бұзушылық бөлімінің қызметкерлері және " Мақтаарал " кеден бекетімен ҚР азаматы Сманов А.А. ұсталған, ол салмағы 955гр. Героинді Өзбекстан Республикасынан контрабандалық жолмен алып өткен.

2002ж. 21 шілдеде Контрабанда және әкімшілік құқық бұзушылық бөлімінің қызметкерлері және Мақтаарал ауданында Өзбекстан Республикасының азаматы Абдуллаев Т.А. ұсталған, оған қызметтік іздестіру иттерін қолдана отырып салмағы 757гр героин есірткі заты табылды.

Есірткілердің заңсыз айналысын анықтаудың тиімді әдістерінің бірі арнайы дайындалған қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану болып табылды. Статистика бойынша есірткі заттардың заңсыз айналысы фактілерінің барлығы анықталған 80%-і, осы қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен анықталуда.

2005 ж. соңғы кезеңдерде қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып есірткілердің заңсыз айналасының 13 фактісі анықталған және жалпы салмағы 42кг 992гр. 4 млгр алынған —1367гр, марихуана 1614гр, анаша-40кг.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасы қызметінде 25 инспекторы -кинолог және 24 қызметтік-іздестіру иттері бар. Алматы қаласында ҚР Кеден Комитетінің Конологиялық орталығынад 10 адам оқып шықты және 2-і оқуын бітірді. Оқуын бітіріп шыққан инспекторын-кинологтарға квалификация берілуі, 1-не 1-класстың инспектор-кинологы, 1-не 2класстың инспектор-кинологы және 8-не 3 класстың инспектор-кинологы атағы берілді.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында қызметтік іздестіру иттерін өсіріп асырауға, үйретуге сонымен қатар барлық оңтүстік аймақтағы инспектор кинологтардың оқу сборларын жүргізуге арналған питомник құрылысы басталды. Осы обьектінің құрылғысына Шымкент қаласының әкімшілігі ауданы 2 гектрадай жер бөліп берген.

2004 жылды 2005 жылмен салыстырганды- 1-жыл ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының Контрабанда және әкімшілік құқық бұзушылық бөлімінің істелінген жұмысын қорытындылайтын болсақ бірқатар көрсеткіштердің жалпы төмендегенін байқадық. Яғни экономикалық контрабанда және әкімшілік құқық бұзушылық анықталуы, айыппұл соммасы мен тауарлар конфискациясының төмендеуі, бұл жоғарыда айтылғандай заңның өзгеруі және қазіргі жағдайға байланысты обьективті себептермен түсіндіріледі.




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау