Мазмұны кіріспе І тарау дене мәдениетінің пайда болуы



жүктеу 1,02 Mb.
бет6/6
Дата28.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#6189
1   2   3   4   5   6

ҚОРЫТЫНДЫ
Дене мәдениеті мен дене тәрбиесі, спорт саласында ғылым да өркендеді, әсіресе, И.П. Павлов еңбектерін теория мен сараманға кіргізу болды. Ғалымдар бұл салада көп еңбек сіңдірді. 40-шы жылдардың аяғында, 50-ші жылдардың басында соғыстан кейінгі зардаптарды жою, халық шаруашылы-ғын және мәдениетті қайта қалпына келтіру жұмыстары барлық сала секілді, дене тәрбиесі саласына да өз қиындығын әкелді. Елде ғылыми кадрлар, зерттеу жүргізетін құрал-жабдықтар, оларды жүргізетін қаражат мәселесі, бұқаралық дене шынықтыру және спорттық жұмыстардың ілімі, әдістемесі, техникасы мен тактикасы жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жетпеді. Елдегі сол кезде билік басында болған Компартияның қаулысынан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстарына біршама көңіл аударыла бастады.

Барлық ғылыми-зерттеу іс-қызметтерін одан әрі жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Әсіресе, КСРО ғылымдар академиясының және КСРО медициналық ғылымдар академиясының академик И.П. Павловтың физиологиялық еңбектерін зерттеу мәселелеріне арналған ғылыми сессия үлкен серпіліс әкелді. Аталмыш сессияның пікір алысу, жарыссөздерінде ұлы ғалымның дене тәрбиесінің жүйесіне енгізілген ғылыми жұмыстарында спорттың ілімі мен сараманына әкелер септігі жайлы сөз қозғалды. Пікір алысулар өткір, қызықты, кейбір авторлардың ғылыми еңбектері мен жұмыс-тарының кемшілігі көрсетілген сыни жағдайда өтті. Шынын айту керек, ол кезде барлық жердегі сияқты, ғылым саласында да қудалаушылық, репрессия сарыны әлі басылмаған еді. Соның әсерінен, кейбір ғалымдардың еңбектері-не сол кездегі «социалистік» көзқараспен қараған «коммунисшіл-белсенді», өз жұмыстарын білмесе де, қара күйе жағуға дайын кейбір топас ғалымдар-дың айтақтауымен «капиталистік өмірді көксеушілер, құйтырқылар», деген айыптаулар тағылды. Аты әлемге белгілі ғалымдар Н.А. Бернштейн, Ю.Е. Зеликсон, А.Д. Новиков, И.М. Саркизов-Серазини, Д.А. Крадман және т.б. ғылыми еңбектері әділетсіз құдалауға ұшырады. Оларға батыс ғылымы алдында қол қусырушылық, космосаясат, кейбір «білгіш» отандық ғалымдардың еңбектерін бағаламау секілді, айыптаулар тағылды. Бұндай жағдай ғылымның дамуына өз кесірін қатты тигізді. Тек 1956 ж. өткен СОКП ХХ съезіндегі Сталиннің жеке басына табынушылықты қатты сынға алғаннан кейін ғана, ғылым аясында шығармашылық жағдай жақсара бастады. Соның ішінде дене тәрбиесі және спорт саласында да көптеген ғалымдардың жақсы аттары қайта аталынды.

Соғыстан кейінгі жылдары елде кеңестік дене тәрбиесі жүйесінің ғылыми негіздерін құрайтын ғылыми мақалалар, еңбектер, жұмыстар саны көбейді. Профессор А.Н. Крестовниковтың «Дене қимылы жаттығуларының физиологиясы туралы очерктер» (1950 ж.), «Спорт физиологиясы туралы очерктер» (1955 ж.) еңбектері жарық көрді. Н.В. Зимкиннің «Күш, жыл-дамдық және төзімділіктің физиологиялық сипаттамасы» (1956 ж.) ғылыми еңбегі үлкен қызығушылық туғызды. Н.Н. Яковлевтің «Спорт биохимиясы туралы очерктер» атты монографиясында спортпен айналысу кезінде адам ағзасында болып жатқан биохимиялық процестері зерттелді. Сонымен қатар, спорт түрлері бойынша оқыту және жаттықтыру мәселелері де көтеріліп жатты. К.В. Градополовтың «Бокс» (1950 ж.), «Жеңіл атлетика» (1951 ж.), бұл еңбекті Д.А. Семенов, Г.В. Васильев, Н.Г. Озолин 1952 ж. редакциялады. Бұған қоса, П.Т. Кащуроның «Спорттық ойындар» (1953 ж.), А.Т. Брыкиннің «Гимнастика» (1950 ж.) еңбектері жарық көрді. Бұған қоса, Мәскеу (1959 ж.) және Ленинград (1960 ж.) дене шынықтыру институттарының ғылыми ұжымдары шығарған дене тәрбиесінің ілімі (алғашқысы 1953 ж. шыққан) оқулықтарын айтуға болады. И.М. Саркизов-Серазинидің емдік дене шынықтыру және спорттық уқалау, М.Ф. Иваницкийдің динамикалық және пластикалық анатомиясы, П.А. Рудик және А.Ц. Пунидің спорт психологиясы, С.П. Летуновтың спорттық медицинаға арналған оқулықтары дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің ғылыми негіздерін айтарлықтай байытты. 1951-1955 жылдары П.Ф. Лесгафттың бес томдық педагогикалық шығармалары, В.В. Гориневскийдің (1951 ж.) таңдаулы еңбектері ғылыми қоғам үшін маңызды оқиға болды. Күндізгі және сырттай аспирантурада ғылыми-педгогикалық кадрлардың дайындық аясы едәуір көбейді, қорғалған диссертациялық жұмыстарды саны өсті.

Дене тәрбиесі және спорт саласындағы кеңестік ғалымдардың еңбектері шетел ғылыми орталықтарына да әжептәуір үлгі болды, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстары көптеген шетелдік басылымдарда жарияланды.

Қазіргі таңда кеңес дене тәрбиесі және спорт ұйымдарының халықаралық байланыстары жылдан жылға артып келеді. Халықаралық байланыстардың аясы да кеңейіп жатты. Мысалы, 1958 ж. кеңестік спорттық ұйымдар әлемнің 63 елдерімен байланыста болса, жылдар өте олардың саны арта берді. Бірақ, кеңес спортының халықаралық жарыстардағы жеңіс жолдары өте ауыр болды, көптеген қол жеткізулермен қатар, кемшіліктер де болып жатты. Оның да сол кездегі объективті, субъективті себептері болды. Олардың себептері - спорттың материалдық базасын дамытуға қаржылай мүмкіндік-тер бола бермеді, құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, әсіресе, олардың сапасының төмендігі және санының аздығы, ең аяғы, жарыстарда киюге арналған кәдімгі спорттық киімдердің аздығы кері әсерін тигізді. Одан басқа, спорттың кейбір түрлерінен кеңестік спортшылардың жетістіктері мен дайындық әдістемесі әлемдік деңгейден төмен еді. Ондай мәселелерді шеше алатын кеңестік спорттық ғылымның мүмкіндіктері аз болды.

Бұған қоса, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысушы елдердің саны неғұрлым көп болған сайын, бәсеке деңгейі жоғары болатынын, шеберліліктің артатынын, жеңістің оңайға түспейтінін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Ал, саясаттың кесірінен, сол кездердегі дүние жүзіне ықпалын жасайтын екі мемлекет - КСРО мен АҚШ-тың өзара қитұрқы әрекеттер жасауының арқасында, капиталистік елдердегі өткен жарыстарға КСРО-ны қолдаған социалистік бағыттағы елдердің спорттық командалары, ал, социалистік елдерде өткен жарыстарға АҚШ-ты қолдаған елдердің спорттық командалары қатыспай, спорттық бәсекелестікті арттырмады. АҚШ бастаған халықаралық империализм елдеріне КСРО-ның спорт түрлерінен құрама командалары, спортшылары қатысудан бас тартып, өздерінің спорттық баптарын әрі қарай жетілдіре алмады, тәжірибе жинақтамады, объективті түрде өздерінің күштерін анықтай алмады. Оның үстіне, шетелге осындай жарыстарға, тәжірибе алмасуға шыққан спорттық делегациялардың мүшелерін арандатуға түсіп қалған, шпиондыққа шырмалып қалған, деген күдіктілік басым болып тұрды. Жарыс, күш сынасу арқылы өз шеберлілік деңгейін біле алмағаннан соң, спортшылардың да баптары жоғалды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. М. Тәнікеев. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тарихы. Алматы. 2002 ж.

  2. В.В. Столбов. Дене мәдениеті мен спорт тарихы. М. Просвещение. 1989 ж.

  3. В.В. Кукушкин. Барлығы да спорт туралы. М. Просвещение. 1983 ж.

  4. Б. Хавин. Барлығы да Олимпиадалық Ойындар туралы. М. ФиС. 1974 ж.

  5. В.А. Ивонин Дене мәдениеті қызметкерінің серігі. М. ФиС. 1981 ж.

  6. В.С. Кузьмах. Дене мәдениеті, спорттың әлеуметтік-экономикалық мәселелері. М. Просвещение. 1978 ж

  7. А.О. Романов. Халықаралық спорттық қозғалыс. М. ФиС. 1980 ж.

  8. В.И. Коваль. Халықаралық спорттық бірлестіктер, туристік ұйымдар. М. ФиС. 1984 ж.

  9. Анықтама. Олимпиадалық жұлдыздар. М. ФиС. 1984 ж.

  10. К. Ахметов. А. Царев. Спорттық Қазақстан. Алматы. 1979 ж.

  11. Б. Қаражанов. Қазақ дене тәрбиесі институты. Алматы. 1991 ж.

  12. А. Кулешов. Олимпиадалық күнделік беттерінен. М. ФиС. 1980 ж.

  13. Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы. Санат. 2000 ж.

  14. М. Тәнікеев. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. 16 бет. Қаз.ДТИ ғылыми еңбектері жинағы. 1956 ж.

  15. Дене мәдениеті теориясына кіріспе. М. ФиС. 1983 ж.

  16. Л.П. Матвеев. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. М. ФиС 1991 ж.

  17. Б.А. Ашмарин. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі. М.Просвещение. 1990 ж.

  18. Б.М. Шиян. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі. М.ФиС 1988 ж.

  19. В.М. Качашкин. Бастауыш мектептердегі дене тәрбиесі. М.ФиС 1983 ж.

  20. Т.Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі. Алматы. 1997 ж.

  21. М.Б. Сапарбаев. Дене мәдениеті мұғалімін даярлау. Алматы. 1992 ж.

  22. Ю.Ф. Курамшин Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. М. 2003 ж.

  23. Т.Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері.

Алматы. 1997ж.

  1. Б. Тойлыбаев. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде

халықтық педагогика элементтерін пайдалану. Диссертациялық жұмыс.

Алматы. 1994 ж.



  1. Дене мәдениетінің теориясы туралы очерктер. М. ФиС 1984 ж.

  2. Н.И. Пономарев. Дене мәдениетінің әлеуметтік жүйелері. М. ФиС. 1984 ж.



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау