Мазмұны кіріспе І тарау дене мәдениетінің пайда болуы


Дене мәдениетінің даму ерекшеліктері



жүктеу 1,02 Mb.
бет2/6
Дата28.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#6189
1   2   3   4   5   6

1.4. Дене мәдениетінің даму ерекшеліктері
Ежелгі Римнің тәрбие мәселесінде ұлдар қыздарды бөлек тәрбиелей бастады. Ұлдар әкелерімен бірге аң аулаумен, егін егіп, таза дене қимылы жаттығуларын еңбек арқылы жетілдіріп отырды. Қыздар үй шаруасын істеп шешелерінің қасында болды. Байлар ат жарысы, садақ ату, дротик лақтыру секілді ойындарын ойнап жатты, атта шабу, күймедегі жарыстарды өткізіп тұрды. Троялық ойындар ерекше болды: лабиринт бойынша жарыстар, атты жауынгерлер жарыстары болып жатты. Римдік тәрбие сарамандық бағытта болды.

Республикалық Римде (біздің эрамызға дейін ҮІ-І ғасырлар) құл иеленушіліктің дамуына және соғыстардың жиі болуына байланысты, тәрбие жүйесі рим әскерінің жасақталу міндеттерімен сәйкес құрылды. Бірақ, өзіндік экономикалық және саяси дамуы, әскери ұйымдастыру ерекшеліктері құл иеленуші Римнің дене тәрбиесінің әдістері мен түрлері грек жүйесінен өзгешеленуіне мүмкіндік берді. Рим мектептерінде (элементарлық, грамма-тикалық, шешендік) дене тәрбиесі болмайтын. Елдегі болып жатқан саяси-экономикалық ахуалдар өзінің септігін тигізді. Байлар байларды, кедейлер кедейленді. Катон - үлкен біздің эрамызға дейін ІІІ-ІІ ғасырларда өзін гимнастикалық жаттығуларымен үйреніп, баласын үйретіп әскерге жіберуге 17 жасынан даярлады. Онда найза, дротик лақтыру, суыққа, аштыққа, төзімділікке үйретіп, Рим әскерінде әскери-дене тәрбиесі мектебін өтті. Спартандық жүйе енгізілді. Әскерилер үшін Марс алаңында сайыстар өткізілді. Онда доп ойыны, дротик, диск лақтырды.

Ғалымдардың пайымдауынша, римдіктер спартандықтарға қарағанда, одан да өткір әр жауынгерді дайындау жүйесін жасаған. Жауынгерді үйрету өте қатаң болатын, онда барлық мүмкіншіліктерді сарқа пайдалануды үйрететін. Әртүрлі іс-қимылдар мен қару-жарақты қолдана білуден басқа, жүгіру, секіру, сырықпен секіру, тауға өрмелеу, күрес, жүзу т.б. секілді жаттығуларды орындау міндетті болатын. Оны тек жаңадан қызметке алынған жастар ғана емес, сонымен бірге, талай ұрыстарды басынан өткізген тәжірибелі жауынгерлер де орындауға міндетті болатын. Бұл дене қуатын арттырып, көңіл-күйді сергітетін. Бұндай жүйе кәсіпқой римдік әскер пайда болғанша өмір сүрді. Тек біздің дәуірімізге дейін ІІ ғасырдың аяғында әскерде арнайы жалдамалылар қызмет ете бастағаннан кейін ғана, бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтты. Бірақ, римдік бай жастар дене қимылы жаттығуларымен және ойындармен әрі қарай айналыса берді. Мұнда доп ойнау, қырдан сайға, сайдан қырға жүгіру, дротик пен диск лақтыру жаттығулары орындалды. Бірақ, бұл сабақтар ешқашан да ойын, жарыс түрлеріне айналған емес [7].

Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың соңында Римде әскери-құл иеленушілер диктатурасы орнады. Бұл рим қоғамының бірден бөлініп кетуіне әкелді. Бір шетінен, әбден байып, есірген бай-шонжарлардың аз ғана тобы, екінші шетінен - тұрмысы әбден жүдеген кедей халықтың өте үлкен тобыры болды. Әскери-дене қимылы даярлығын жоғалтып алған рим бай-манаптары жалдамалы әскерлерінің арқасында шат-шадыман өмір сүріп, қарапайым халықтың әбден ашу-ызасын келтірді. Әсем термаларда (шомы-латын орындарда) жылы суда мәз болып, уқалау қабылдап, жеңіл-желпі жаттығулар жасап рақат өмір сүрді. Цирктер мен амфитеатрларда әртүрлі қызықтарға батып жүрді. Осындай ойын-сауықтар арасында күймедегі ат жарыстар, күрес, жұдырықтасу, семсерлесу түрлері кеңінен танымал болды.

Сол кезде аш-жалаңаш қарапайым римдіктер «нан мен сауықты» талап етті. Ойын-сауық үшін үлкен амфитеатрлар мен цирктер салына бастады. Осылайша, біздің дәуірімізге дейін І ғасырда 50 мың көрерменге арналған Колизей амфитеатры салынды. Оның қалған қалдықтары осы күнге дейін сақталынған. Әртүрлі саяси топтар өздерінің мүдделерін астыртын орындап алу, алға қойған мақсаттарына жету үшін, қарапайым халықтың ойын-сауықтарға құмарлығын пайдаланып, әртүрлі қойылымдар көрсетіп жатты. Осындай мерекелер мен әртүрлі ойын-сауық іс-шаралары әсіресе, Цезарьдің билікке күресі кезінде көп қолданылды. Жеңіске, билік басына осындай жолмен жетіп алуға мүмкіндіктердің көп екенін байқаған Ежелгі Римнің басқа да императорлары қолдана бастады. Мысалы, император Нерон б.д.д 60 жылы Неронея мерекесін ұйымдастырды. Онда атлеттер мен күймеде шабу жарыстары өтті. Б.д.д. 86 жылы император Домициан Капитолиялық ойындарды ұйымдастырды. Онда дене қимылы жаттығуларын орындайтын атлеттермен қатар, музыкашылар, тақпақ айтушылар, ақындар өнер көрсетті.

Грек мәдениеті енгелі, римдіктер Олимпиадалық ойындарды өткізбекші болды. Бірақ, ол сәтсіздікке ұшырады. Рим байлары армия, құлдар ұстап өздері дене қимылы жатығуларын ұмыта бастады. Байлар кедейлер арасындағы алшақтық өсе берді. Көптеген кедейленген римдіктер әртүрлі ойындар мен қызықшылықтар өткізілуіне күш салды. Ол үшін көптеген цирк алаңдары мен амфитеатрлар салына бастады.

Римдіктер арасында гладиаторлық шайқастар ерекше орын алатын. Онда шайқастың әртүрлі түрлері (теңіз шайқастары - навмахийлер, жабайы аңдармен шайқастар) өткізілетін. Қызық қуушылар үшін бұндай қанды шайқастар - күнделікті көріністер еді. Гладиаторлар негізінде қолға түскен жау тұтқындары, құлдар, азаматтықтан айырылғандар және ақша үшін жанын қиятындардан тұратын еді. Гладиаторлық мектептің ең ірі, әрі белгілісі - Капуя қаласындағы мектеп еді. Онда Спартак құл езушілерге қарсы шығып тарихта өзінің атын қалдырды. Гладиаторларды дайындау үшін, арнайы мектептер ашылды. Оларды әртүрлі қару түрлерінде семсерлесу өнеріне баулыды. Гладиаторлардың өте ауыр жағдайлары олардың көтерілістерді ұйымдастыруына әкелді. Спартак бастаған құлдардың көтерілісі б.д.д. 74-71 жылдары болды. Бұл көтеріліс Рим империясын кәдімгідей әбіржітті. Спартак қарудың кез келген түрлерін тамаша меңгерген, төзімділігі мен күші өте жоғары болды. Ол гладиаторлардың жақсы дене қимылы дайындығын және олардың қарудың кез келген түрлерін тамаша меңгеруін пайдаланып, құлдарды құл иеленуші-аристократтардың езгісінен босату үшін көтерілісті ұйымдастырды. XX ғасырдың 20 жылдары Спартак есімімен спортшылар спартакиада атты жарыстар өткізе бастады.

Ежелгі Римде дене қимылы жаттығуларымен айналысудың пайдалылығы, адам денсаулығын үнемі бір қалыпта ұстап тұру үшін, оларды үнемі орындап тұру туралы Квинтилиан, Ювенал, Сенека секілді, ежелгі рим ғалымдары дене шынықтыру мен тәрбиесіне байланысты көптеген еңбектер жазған. Әсіресе, сол кездегі ақын Ювеналдың «Дені саудың - тәні сау» деген ұраны осы күнге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Осы жағдайлардың бәрі құл иеленушілердің дәуірін құлатып, қоғамның жаңа сатысына ауыса бастады [8].




ІІ ТАРАУ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ
2. 1. Спорт туралы ғылымның дамуы
Дене мәдениеті мен дене тәрбиесі, спорт саласында ғылым да өркендеді, әсіресе, И.П. Павлов еңбектерін теория мен сараманға кіргізу болды. Ғалымдар бұл салада көп еңбек сіңдірді. 40-шы жылдардың аяғында, 50-ші жылдардың басында соғыстан кейінгі зардаптарды жою, халық шаруашылы-ғын және мәдениетті қайта қалпына келтіру жұмыстары барлық сала секілді, дене тәрбиесі саласына да өз қиындығын әкелді. Елде ғылыми кадрлар, зерттеу жүргізетін құрал-жабдықтар, оларды жүргізетін қаражат мәселесі, бұқаралық дене шынықтыру және спорттық жұмыстардың ілімі, әдістемесі, техникасы мен тактикасы жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жетпеді. Елдегі сол кезде билік басында болған Компартияның қаулысынан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстарына біршама көңіл аударыла бастады.

Барлық ғылыми-зерттеу іс-қызметтерін одан әрі жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Әсіресе, КСРО ғылымдар академиясының және КСРО медициналық ғылымдар академиясының академик И.П. Павловтың физиологиялық еңбектерін зерттеу мәселелеріне арналған ғылыми сессия үлкен серпіліс әкелді. Аталмыш сессияның пікір алысу, жарыссөздерінде ұлы ғалымның дене тәрбиесінің жүйесіне енгізілген ғылыми жұмыстарында спорттың ілімі мен сараманына әкелер септігі жайлы сөз қозғалды. Пікір алысулар өткір, қызықты, кейбір авторлардың ғылыми еңбектері мен жұмыс-тарының кемшілігі көрсетілген сыни жағдайда өтті. Шынын айту керек, ол кезде барлық жердегі сияқты, ғылым саласында да қудалаушылық, репрессия сарыны әлі басылмаған еді. Соның әсерінен, кейбір ғалымдардың еңбектері-не сол кездегі «социалистік» көзқараспен қараған «коммунисшіл-белсенді», өз жұмыстарын білмесе де, қара күйе жағуға дайын кейбір топас ғалымдар-дың айтақтауымен «капиталистік өмірді көксеушілер, құйтырқылар», деген айыптаулар тағылды. Аты әлемге белгілі ғалымдар Н.А. Бернштейн, Ю.Е. Зеликсон, А.Д. Новиков, И.М. Саркизов-Серазини, Д.А. Крадман және т.б. ғылыми еңбектері әділетсіз құдалауға ұшырады. Оларға батыс ғылымы алдында қол қусырушылық, космосаясат, кейбір «білгіш» отандық ғалымдардың еңбектерін бағаламау секілді, айыптаулар тағылды. Бұндай жағдай ғылымның дамуына өз кесірін қатты тигізді. Тек 1956 ж. өткен СОКП ХХ съезіндегі Сталиннің жеке басына табынушылықты қатты сынға алғаннан кейін ғана, ғылым аясында шығармашылық жағдай жақсара бастады. Соның ішінде дене тәрбиесі және спорт саласында да көптеген ғалымдардың жақсы аттары қайта аталынды [9].

Соғыстан кейінгі жылдары елде кеңестік дене тәрбиесі жүйесінің ғылыми негіздерін құрайтын ғылыми мақалалар, еңбектер, жұмыстар саны көбейді. Профессор А.Н. Крестовниковтың «Дене қимылы жаттығуларының физиологиясы туралы очерктер» (1950 ж.), «Спорт физиологиясы туралы очерктер» (1955 ж.) еңбектері жарық көрді. Н.В. Зимкиннің «Күш, жыл-дамдық және төзімділіктің физиологиялық сипаттамасы» (1956 ж.) ғылыми еңбегі үлкен қызығушылық туғызды. Н.Н. Яковлевтің «Спорт биохимиясы туралы очерктер» атты монографиясында спортпен айналысу кезінде адам ағзасында болып жатқан биохимиялық процестері зерттелді. Сонымен қатар, спорт түрлері бойынша оқыту және жаттықтыру мәселелері де көтеріліп жатты. К.В. Градополовтың «Бокс» (1950 ж.), «Жеңіл атлетика» (1951 ж.), бұл еңбекті Д.А. Семенов, Г.В. Васильев, Н.Г. Озолин 1952 ж. редакциялады. Бұған қоса, П.Т. Кащуроның «Спорттық ойындар» (1953 ж.), А.Т. Брыкиннің «Гимнастика» (1950 ж.) еңбектері жарық көрді. Бұған қоса, Мәскеу (1959 ж.) және Ленинград (1960 ж.) дене шынықтыру институттарының ғылыми ұжымдары шығарған дене тәрбиесінің ілімі (алғашқысы 1953 ж. шыққан) оқулықтарын айтуға болады. И.М. Саркизов-Серазинидің емдік дене шынықтыру және спорттық уқалау, М.Ф. Иваницкийдің динамикалық және пластикалық анатомиясы, П.А. Рудик және А.Ц. Пунидің спорт психологиясы, С.П. Летуновтың спорттық медицинаға арналған оқулықтары дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің ғылыми негіздерін айтарлықтай байытты. 1951-1955 жылдары П.Ф. Лесгафттың бес томдық педагогикалық шығармалары, В.В. Гориневскийдің (1951 ж.) таңдаулы еңбектері ғылыми қоғам үшін маңызды оқиға болды. Күндізгі және сырттай аспирантурада ғылыми-педгогикалық кадрлардың дайындық аясы едәуір көбейді, қорғалған диссертациялық жұмыстарды саны өсті.

Дене тәрбиесі және спорт саласындағы кеңестік ғалымдардың еңбектері шетел ғылыми орталықтарына да әжептәуір үлгі болды, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстары көптеген шетелдік басылымдарда жарияланды.


2.2. Жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесі мен спорт
Соғыстан кейін мектептерде, кәсіптік-техникалық, арнайы орта және жоғары оқу орындарында әскери дайындық сабағы оқу бағдарламасынан алып тасталынып, дене шынықтыру пәні қайтадан кіргізілді. Бейбіт өмірге қайта өткен соң, дене тәрбиесі бағдарламалары қайта өңделді. Оқу орындарының штаттық кестесіне дене шынықтыру мұғалімі қызметі енгізілді, сабақтан тыс және мектептен тыс бұқаралық-спорттық жұмыстарын жақсартуға байланысты, жұмыстар атқарылды. Оқу орындарында да дене мәдениеті қызу қолға алынды. Міндетті түрде аптасына 2 рет дене мәдениеті сабақтары өтілетін болды. Оның бақылау шегіне - ГТО нормативтерін тапсыру жатты. Мектептердегі бұқаралық-спорттық жұмыстардың жаңа түріне - 1954 жылдан бері өткізіліп келе жатқан мектеп оқушыларының жазғы және ойындары, оқушылардың бүкілодақтық спартакиадасы енді. Бұдан басқа, балалардың дене қимылы дайындығы мен спорттық шеберлілігін арттыратын балалар және жасөспірімдер спорттық мектептері маңызды роль атқарды. Олардың саны жыл сайын өсе берді. Осындай спорттық мектептердің түлектерінің арасында кеңес спортының небір жұлдыздары, аты әлемге әйгілі, даңқты спортшылар шықты. Уақыт өте келе, аталмыш спорттық мектептердің түлектері сол кездегі ерікті спорттық қоғамдарда әрі қарай өнер көрсетті.

Сондай-ақ, жыл өткен сайын, еңбек резервтерін даярлайтын оқу орындарындағы дене тәрбиесі жұмыстары да жақсара түсті. Бұл оқу орындарында 1946 жылдан бері дене тәрбиесі сабақтары өздігінше пән ретінде бағдарламаға кіріп, оқу және өздігінше жұмыстардың негізгі түрлері анықталды, бағдарламалар және оқу құралдары жасалынды. Оқу сабақтары-нан басқа, таңертеңгілік гимнастика, оқу және жұмыс кезіндегі денешынық-тыру үзілістері, шынығу, серуендер тұрақты түрде орындалды. «Еңбек резервтері» спорттық қоғамының атсалысуымен бұқаралық дене шынықтыру және спорттық жұмыстар жақсы жолға қойылды. Еңбек резервтері жүйесіндегі барлық оқу орындарында дене шынықтыру ұжымдары құрылды, ЕҚД кешені нормативтерін тапсыру ұйымдастырылды. Дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына байланысты, барлық іс-шаралар оқу-өндірістік және оқушылардың саяси-идеологиялық аясында іске асырылды [10].

1947 ж. бастап, барлық жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мен спортты жақсарту мақсаттарында дене тәрбиесі және спорт кафедралары қайта қалпына келді, оқу бағдарламалары жасалды. Мектеп бағдарламасы секілді, бұл оқу орындарында да міндетті түрде өтілетін дене тәрбиесі сабақтары аптасына 2 сағат бөлінді. Уақыт өткен сайын, заман талаптарына сәйкес, дене тәрбиесі бағдарламалары жаңаланып, өзгеріп отырды. Бұдан басқа, спорттық жетілдіру факультативтері енгізілді. Жаңа бағдарламалар білімпаздардың дене қимылы дайындығына жоғары талаптар қойды. 1956 ж. бастап, барлық жоғары оқу орындарында: жеңіл атлетика (барлық ЖОО-лар үшін), шаңғы спорты, гимнастика, жүзу, велосипед спорты, спорттық ойындар және спорттың басқа түрлері (ЖОО-ның қалауы бойынша) секілді, спорттық мамандықтар енгізілді. Денсаулығы нашар, арнайы медициналық топқа жататын білімпаздар үшін, бөлек оқу сабақтары өтілді. Білімпаздардың денсаулығының және дене қимылы даярлығының жақсаруына, олардың спорттық-техникалық нәтижелерінің өсуіне, қысқы және жазғы демалыс кездерінде елдің ЖОО-лары ұйымдастырған спорттық-сауықтандыру лагерьлері үлкен роль атқарды.

Білімпаздар жарыстары да қызғылықты өтті. Олардың арасында спорттық-бұқаралық жұмыстар жоғары деңгейде болды. Осыған байланысты, білімпаздардың спорттық клубтары, қоғамдары ашыла бастады. 1957 ж. «Буревестник» атты білімпаздардың бірыңғай спорттық қоғамы ашылды. Ол білімпаздардың бұқаралығын және спорттық шеберлілігін одан әрі жетілдіру-ге, спорттық клубтардың ұйымдастырылуына үлкен септігін тигізді. Білім-паздардың бүкілодақтық спартакиадалары да дәстүрлі бола бастады. Бұнымен қоса, халықаралық жарыстарға да шыға бастады. Олар халықара-лық арена - Универсиадаларға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жүрді. Және де жастар мен білімпаздардың спорттық ойындарында, басқа да сайыстарға қатысып, ел мәртебесін көтеріп жүрді. Спорт түрлерінен кеңес құрама командалары қатарында көптеген білімпаздар болды. Олардың қатысуымен әлем, Еуропа біріншіліктерінде, ірі халықаралық турнирлерде, Олимпиадалық ойындарда жеңімпаз, жүлдегерлер қатарында болды.



Дегенімен, дене тәрбиесі және спорт жұмыстары қанша жақсы жолға қойылса да, сол кезеңдерде оқу, білім беру ұйымдарының, министрліктердің тарапынан жеткіліксіз көңіл бөлінуі, бағаламауы болып тұрды. Негізінде, спорт және дене тәрбиесі, соның ішінде, оқу орындарындағы дене шынықты-ру және спорт жұмыстары өздері өндіруші күштер болмағандықтан және де өндіріс пен экономикаға тікелей пайда әкелмейтіндіктен, бұл сала қаржылай тұрғыда қиыншылықтарға ұшырап, кенже қалып жүрді.
2.3. Кеңес спортының халықаралық ареналарға шығуы
Кеңес үкіметінің 1955 ж. қаңтар айында қабылдаған «КСРО халықта-рының Спартакиадаларын даярлау және өткізу» туралы қаулысы кеңестік дене шынықтыру және спорт ұйымдары арасында үлкен құлшыныс әкелді. Кең байтақ жердің барлық түкпірлерінде, одақтас республикаларда айтулы жарысқа даярлық жұмыстары басталып кетті. Спартакиада өз алдына келесі мақсаттарды қойды: ауыл мен қала тұрғындарының қалың бұқарасын дене шынықтыру мен спортқа жұмылдыру; спорт түрлерін дамыту мен спорттық көрсеткіштердің өсуі; қабілетті спортшыларды анықтап, олармен спорт түрлері бойынша КСРО құрама командаларын толықтыру; спорттық шебер-лілік тәжірибесімен алмасуды іске асыру; үздік спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың, педагогтардың спорттық жұмыстар аясындағы көрсеткіштерін сараманға енгізу; кеңес адамдарының Отанды қорғау және еңбекке дайындығы мен денсаулығын жақсартудың маңызды амалы ретінде КСРО-дағы дене шынықтыру мен спорт жұмыстарын насихаттау. КСРО халықтарының спартакиадасы төрт этаптан тұрды: бірінші этапта - зауыт пен фабрикалардың, мекемелердің, мектептердің және оқу орындарының, ұжымдық және кеңестік шаруашылықтардың, МТС, әскери бөлімдердің дене шынықтыру ұжымдарының мерекелері мен жарыстары, спорт түрлерінен спартакиадалары өтті. Екінші этапта - аудандар мен қалаларда, облыстарда, өлкелерде, автономдық республикалардың спартакиадалары, сонымен бірге, мектеп оқушыларының, еңбек резервтерінің, кәсіподақ, «Динамо», «Спар-так» ЕСҚ, Кеңес Әскері мен Флотының бүкілодақтық спартакиадалары өтті. Үшінші этапта - одақтас республикалардың, Мәскеу және Ленинград қалала-рының спартакиадалары өтті. Төртінші этап - 16 тамыз 1956 ж. өткен І КСРО халықтары спартакиадасы болды. Сол жылы спартакиаданың ашылу құрметіне Лужникиде Ленин атындағы Орталық стадион іске қосылды. Спорттың 22 түрінен 12 күн ішінде 9244 спортшы қатысқан КСРО халықта-рының спартакиадасы кең қанат жайып, 1959 ж. - 2-ші, ал 1963 ж. - 3-ші спартакиадалары өтті. Бұл жарыстардың тартысты өткені соншалық, онда 11 дүние жүзілік және еуропалық, 35 бүкілодақтық, 382 республикалық рекордтар жасалынды. Әр жарыс өткен сайын, қатысушы спортшылар саны да, спорт түрлері де көбейіп отырды. Кеңес елі тарқағанға дейін дәстүрлі өткен бұл жарыстарда кеңес денешынықтыру қозғалысының өсуін, дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдардың өзара достығына, байланыстарына, дене тәрбиесі жүйесінің нығаюына, материалдық базаның кеңеюіне, халықтың осындай жарыстарға бұқаралық түрде қатысуына, спорттық шеберліліктің жетілдіруіне үлкен ықпалын жасады.

Ұлы Отан соғысына дейін КСРО дүние жүзінде жалғыз социалистік ел еді. Шетелге шығу үшін, өте көп кедергілерден өту керек болды. Оның үстіне, 20-шы жылдардың аяғында басталған, 40-шы жылдарға дейін созылған репрессия әсері спортшыларға да кері әсерін тигізген еді. Шетелге шығып, ойламаған жерден жеңіліп қалса, шетелдік шпион деген жалаға қалатын. Бұған қоса, шетелдер де дүние жүзіндегі жалғыз жұмысшы-шаруа елі өкілдерін жек көретін, себебі, жұмысшы-шаруалық қозғалыс, төңкеріс алауы оларға да кері әсерін тигізер деген ойда еді. Халықаралық жарыстардағы менсінбеушілік те осындай әсерлерден туған еді [11].

Осының бәрін есептеген КОКП (Кеңес Одағының Коммунистік партиясы) басшылығы енді спортшыларды өз қазанында пісіре бермей, халықаралық жарыстарға шығуға мүмкіндік берді. Кеңес елі халықаралық байланыстарды экономикалық, мәдени, ғылым және спорт салаларында кеңейтуге күш салды. Халықаралық спорттық байланыстар халықтар арасында достық пен бейбітшілікті нығайтуға ықпал етті.

Кеңес спортшылары тығыз спорттық байланыстарды социалистік елдермен орнатуға құлшыныс танытты. Көптеген шетел мемлекеттерінің спорттық ұйымдары, дене тәрбиесі саласының мамандары дене тәрбиесінің кеңестік жүйесін өздерінде үлгі тұтты. Осындай жинақталған тәжірибемен алмасу үшін, кеңестік жаттықтырушылар, спортшылар, педагогтар мен дене шынықтыру мамандары шетелге шығып тұрды. Көптеген шетелдік білімпаздар кеңестік оқу орындарында білім алды. Мәскеу, Ленинград, Киев, Тбилиси дене шынықтыру оқу орындарының білімпаздары шетелдіктермен оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, ғылыми-әдістемелік әдеби-еттермен, білімпаздармен алмасып тұрды. Әсіресе, Африка, Азия, Латын Америкасының дамушы елдерінің спорттық ұйымдарымен қарым-қатынасы тығыз болды. Мысалы, кезінде кеңестік мамандар Кубада бокс мектебін ашып, сондағы спортшыларды жоғары деңгейде дайындағаны соншалық, дүние жүзілік рейтингіде Куба боксшылары ең жоғарғы орынды соңғы 25-30 жылдың ішінде ешбір мемлекетке бермей келе жатыр. Олардың Теофилио Стивенсон, Феликс Савон т.б. боксшылары аты аңызға айналып отыр.

Кеңес дене тәрбиесі және спорт ұйымдарының халықаралық байланыстары жылдан жылға артып келеді. Халықаралық байланыстардың аясы да кеңейіп жатты. Мысалы, 1958 ж. кеңестік спорттық ұйымдар әлемнің 63 елдерімен байланыста болса, жылдар өте олардың саны арта берді. Бірақ, кеңес спортының халықаралық жарыстардағы жеңіс жолдары өте ауыр болды, көптеген қол жеткізулермен қатар, кемшіліктер де болып жатты. Оның да сол кездегі объективті, субъективті себептері болды. Олардың себептері - спорттың материалдық базасын дамытуға қаржылай мүмкіндік-тер бола бермеді, құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, әсіресе, олардың сапасының төмендігі және санының аздығы, ең аяғы, жарыстарда киюге арналған кәдімгі спорттық киімдердің аздығы кері әсерін тигізді. Одан басқа, спорттың кейбір түрлерінен кеңестік спортшылардың жетістіктері мен дайындық әдістемесі әлемдік деңгейден төмен еді. Ондай мәселелерді шеше алатын кеңестік спорттық ғылымның мүмкіндіктері аз болды.

Бұған қоса, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысушы елдердің саны неғұрлым көп болған сайын, бәсеке деңгейі жоғары болатынын, шеберліліктің артатынын, жеңістің оңайға түспейтінін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Ал, саясаттың кесірінен, сол кездердегі дүние жүзіне ықпалын жасайтын екі мемлекет - КСРО мен АҚШ-тың өзара қитұрқы әрекеттер жасауының арқасында, капиталистік елдердегі өткен жарыстарға КСРО-ны қолдаған социалистік бағыттағы елдердің спорттық командалары, ал, социалистік елдерде өткен жарыстарға АҚШ-ты қолдаған елдердің спорттық командалары қатыспай, спорттық бәсекелестікті арттырмады. АҚШ бастаған халықаралық империализм елдеріне КСРО-ның спорт түрлерінен құрама командалары, спортшылары қатысудан бас тартып, өздерінің спорттық баптарын әрі қарай жетілдіре алмады, тәжірибе жинақтамады, объективті түрде өздерінің күштерін анықтай алмады. Оның үстіне, шетелге осындай жарыстарға, тәжірибе алмасуға шыққан спорттық делегациялардың мүшелерін арандатуға түсіп қалған, шпиондыққа шырмалып қалған, деген күдіктілік басым болып тұрды. Жарыс, күш сынасу арқылы өз шеберлілік деңгейін біле алмағаннан соң, спортшылардың да баптары жоғалды.

Дегенмен, кейіннен КСРО спортшылары халықаралық аренаға көптеп шыға бастады. Бұрын Сталин кезінде «егер жеңбесеңдер, сотталасыңдар» дейтіндей емес, кеңес спортшылары қандай да болмасын, жүлделі орындардан қалмайтын болды. Тіпті, соғыс уақыты кезінде футбол командасы Англияға жолдастық кездесу жасап қайтты. 1950-ші жылдардың соңынан бастап, спорттың басым көпшілігі түрлерінен кез келген жарыстарда жүлделі орындардан түспей келді.

Жалпы алғанда, КСРО кезінде дене мәдениеті, спорт дәуірлеп, жақсы жолға қойылды. Елдің ыдырауы сол кезде әжептәуір теріс ықпалын тигізіп, әр республика өз алдына дербес мемлекет болып, жылдар бойы қалыптасып келе жатқан дәстүрді бұзып, ыдырады. Ең соңғы рет тұтас команда болып, Барселона Олимпиадасында ТМД елдерінің біріккен командасы болып қатысып, одан кейін тарап кетті.


2.4. Дене мәдениеті халықтар тұрмысында
Бұрынғы буржуазиялық Ресейде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі екі жақты топтық күрестің ортасында болды. Реакционерлік топ өзінің мүддесін қорғаса, оған прогрессивті топ өзінің көзқарастарын қоя білді. Буржуазиялық басылымдар жастардың арасында саясат пен идеологияны патша және буржуазия теориясын қолдады. Реакцияшыл басылымдар мен әдеби қайнар көздер жастар арасында «таза спорт», «өзара байласымды үйлесімділік», деп желеу тауып, буржуазия мен патша үкіметіне таптық тұрғыда қызмет етуді уағыздайтын. Онымен қоса, буржуазия «адам - спорт-тық машина» деп, ғылымға қарсы ілімін насихаттайды. Онда спорт «ерік-жігері күшті» жеке тұлғаны қалыптастыру, оның қара топтың, бұқараның үстінен өз әмірлігін жүргізе алатындай етіп, дайындау қарастырылған. «Спорт», «Орыс скауты», «Орыс қаршығасы» журналдарында, «Ресейдегі скаутизм», «Орыс скаутизмі», «Орыстың күлдіргі әскері» кітаптарында сол кездегі құрылымды, орыс тағына берілгендік, дене тәрбиесі мен спорттың милитарландырылуын мақтап жазған.

Басылымдар кейде халықтың денсаулығының нашарлығын, тұрғын үйлердің гигиенасы мен жеткіліксіз тамақтану секілді жағымсыз көріністерге сипаттама бере отырып, оларды дене тәрбиесінің жоқтығынан осындай халге ұшырап отыр дегенге сайды. Олар осы ауыр жағдайларды туғызған негізгі әлеуметтік-экономикалық себептерді көрсеткен емес. «Күш және денсаулық» журналы (1909 ж.) сол кездегі жағдайды былай деп жазған: «Ресей ұсақталып бара жатыр, бұған себептер көп, бірақ, ең басты себеп - сапалы да, саналы спортқа негізделген дене тәрбиесінің жоқтығы. Ілмиіп қалған зиялылар, әлсіз, рахитпен ауыратын балалар, бұның бәрі - Ресейдегі спорттың нашар дамуының жемісі». Ресми буржуазиялық басылымдар отандық ғалымдардың ғылыми-ілімдік жұмыстарын менсінбей, шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарына жармаса берді.

Орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары, педагогтар, дәрігерлер, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің отандық үлгісін дамытуға бар күштерін салды. Шетелдік жүйелердің үлгілерін көшірмеді. Олар өздерінің ғылыми дәлелденген көзқарастарын жасауға тырысты [12].

Гориневский В.В. (1857-1937) дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін және спортын дамытуға, қоғамдық іс-қызметпен айналысып, көп еңбегін сіңдірген орыс демократы және гуманист. Оның ғылыми іс-қызметі ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары басталған. Ол өзін П.Ф. Лесгафттың шәкіртімін деп санаған. В.В. Гориневский үлкен біліми және әдістемелік жұмыстар атқарды. Басылымдарда, әдістемелік жиналыстарда, халықтық білім беру министрлігінде сөз сөйледі. Гориневскийдің төңкеріске дейінгі жұмыстары-ның ішінде «Дене қуаты жайлы білім беру» (1913 ж.) атап көрсетуге болады. Бұл басылымда ол шетелдік (неміс, қаршыға, швед) гимнастикалық жүйелерді ғылыми тұрғыда талдап, сынға алды. Балалардың денсаулығы жағдайына, мектептегі дене тәрбиесін дұрыс жолға қою мәселелерімен айналысты. Гориневский әскери гимнастикаға қарсы болды, мектептерде ойындардың енгізілуіне, жағдайы төмен ата-аналардың балаларына тегін тамақ беруді ұйымдастыруға, дене қимылы жаттығуларын орындау барысында медициналық бақылаудың болуына талаптарын қойды. Ол өзінің жұмыстарында дене қимылы жаттығуларының ағзаның жүрек-қан тамыры, сүйек, бұлшық ет жүйелеріне көп пайда келтіретінін көрсеткен. Оның ғылыми жұмыстары дене тәрбиесі аясынан шығып, спорттағы жаттықтыру мәселелеріне байланысты болған.

Дене тәрбиесінің ғылыми-ілімдік негіздемесін қалаушы, ғалым-гигие-нист Игнатьев В.Е. (1867-1927 ж.) үлкен жұмыстар атқарды. Оның «Дене тәрбиесі» (1912 ж.) жазған еңбегі - төңкеріс алдындағы Ресейдің ең маңызды кітаптарының бірі болып, әлі күнге дейін саналады. Оны оқушылардың денсаулық мәселелері және олардың дене тәрбиесінің түйткілдері көп алаңдататын. Игнатьев өзінің жұмыстарында дене қимылы жаттығуларымен айналысудың медициналық-биологиялық тұрғысынан негіздейтін, гимнасти-ка мен ойындардың ағзаның бұлшық ет, жүрек-қан тамыры, сүйек жүйелері-не әкелер маңызын көрсететін.

Аталмыш ғалымдармен бірге, А. Вирениус, В. Крамаренко, А Анохин, А. Крассуская және т.б. көзі ашық, көкірегі ояу ғалымдар болды. Олар да әртүрлі жиындарда ғылыми мақалалармен және әдістемелік нұсқаулармен сөз сөйлейтін. В Поллинидің «Жеңіл атлетика оқулығы» (1912 ж.), Б. Котова-ның «Олимпиадалық спорт» (1916 ж.), Н. Панинаның «Конькиде мәнерлеп сырғанау» (1910 ж.) жұмыстары дене тәрбиесі мен спорттың ілімі мен әдістемесіне үлкен маңызын тигізді.

Отандық дене тәрбиесінің және спорттың ілімі мен әдістемесінің дамуына көптеген дәрігер-ғалымдар, педагогтар, спорт майталмандары өздерінің үлесін қосты. Олардың еңбектерінде дене тәрбиесінің және спорттық жаттықтырудың ғылыми негіздері салынған еді.

Алғашқы қоғамдық дәуірде пайда болған, құл иеленушілер қоғамында біраз өзгерістерге ұшыраған, одан кейінгі дәуірлерде ойындары мен дене қимылы жаттығулары әжептәуір жетілдірілген Ресейдің қол астындағы бұратана халықтардың да дене қимылы жаттығулары, ойындары, ұлттық спорт түрлері дамыды.



Армения және Грузия халықтарының дене қимылы жаттығулары жүгіру, найза лақтыру, еңбек процесін көрсететін ойындарынан тұрды. Армяндарда - кох, грузиндерде - чидаоба күресі кең етек алған. Скиф және сармат тайпаларында қарудың әртүрлі түрлерін меңгеру болды. Қажетті жағдайда, қорғаныс қаруларын қолданса, керек жерлерінде шабуылдау қаруларын (садақ, қалқан, семсер, қылыш) қолдана беретін. Онан басқа, осы тайпаның адамдары атта шабу өнерін өте жетік меңгерген еді. Ол туралы әңгімелер де, аңыздар да бар. Сібір мен Орал халықтары да әртүрлі тұрмыстық жағдайда өмір сүріп, еңбек арқылы дене қимылы қасиеттерін, әскери істерді дамытып отырған. Еңбек процесі кезінде аңшылыққа арналған шаңғылар қолданылған. Себебі, бұл елдің ерекшелігі - аңшылықта болатын. Құралайды көзінен атқан мергендер - осы өлкенің адамдары. Жаттығудың халықтық түрлері украин казактарының әскери-дене қимылы дайындығы жүйесіне көп роль атқарды. Запорожье Сечіндегі казактар түрік және поляк езушілеріне, одан кейін патша әскеріне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде аталмыш қасиеттердің пайдасы тиді. Балаларды кішкентай жасынан бастап, атта шабуға, қару-жарақ түрлерін меңгеруге көңіл бөлінді. Іскерлікті, жылдамдық пен күштілікті, икемділік пен төзімділікті, ептілік пен ерлікті, қиын жағдайда жол тауып кетуді, пысықтықты дамытатын ойындар мен жаттығуларды үйрететін. Казактар арасында атта шабу, күрес, жүзу, жүгіру, қару-жарақпен жаттығулар түрлері кең етек алған. Тарихтан білетініміздей, Ресей қол астына өткен Орта Азия халықтары феодалдық дәуірде өмір сүріп жатқан. Сол кездегі халықтық ойындарға - бәйгенің түрлері: аламан, құнан, дөнен, тай жарыстар, аттарға байланысты, кез-келген жарыстар түрлері кірген. Шахмат ойыны кең танымал болды. Сол кездегі көрнекі ғалым, ақын Әлішер Науаиы (Навои) шахматты жақсы ойнаған деген деректер бар. Күрес, жүгіру, лақтыру, секіру секілді, ойын түрлері халықтық немесе діни мерекелер кезінде өтілетін. Түрікмендер мен өзбектер дарбаз деп аталатын, арқан немесе сым тартқан биікте қолына сырық ұстап, арқан бойы өтетін, онымен тұрмай, әртүрлі акробатикалық жаттығулар орындайтын. Одан басқа, бүркіт, қаршыға, ителгі, сұңқар т.б. аң аулайтын құстармен аңшылыққа шығатын. Кейбір бүркіттер қасқыр да ала беретін. Осындай құсбегілердің арасында жарыстар өткізіліп тұратын. Орал, Беларусь, Волга өзені бойындағы халықтар, Кубань, Балтық елдері халықтарының өздігінше дене қимылы жаттығулары мен ойындары болды. Мұнда жүгіруден жарыс түрлері, күрес, жұдырықтасу, секіру, би түрлері секілді ойындар кең танымал болды. Аталмыш ойындар дене қуаты қасиеттерін, ерлікті, батырлықты т.с.с. қасиеттердің дамуына атсалысты.

ТМД жерін мекендеген әр халықтың бұрынғы кезінде өз жері, экономикалық-саяси, мәдени дамуы, географиялық жағдайлары, салт-дәстүрлері, дене тәрбиесінің өздігінше түрлері болды. Олардың дене тәрбиесі мен спорты туралы қажетті ақпараттардан алуға болады.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау