Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-тарау. Іс жүргізетінлік мәжбүрлеудің өзге де шаралары



жүктеу 6,76 Mb.
бет14/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

19-тарау. Іс жүргізетінлік мәжбүрлеудің өзге де шаралары
155-бап. Іс жүргізетінлік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану үшін негіздері

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген қылмыстық істер бойынша тергеу, сот талқылауының тәртібін, сот үкімінің тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 18-тарауында көзделген бұлтартпау шарасының орнына немесе солармен қатар өзге де іс жүргізетінлік мәжбүрлеу шараларын: келу, алып келу, қызметінен уақытша шеттету, мүлкіне тыйым салу, жақындауға тыйым салу туралы міндеттемелерін қолдануға құқылы.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген жағдайларда жәбірленушіге, куәға және іске қатысушы басқа да адамдарға іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын: келу, алып келу, ақша өндіріп алу туралы міндеттемені қолдануға құқылы.
156-бап. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамға және сотқа келу туралы мiндеттеме

1. Күдіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолдану ұтымды болмаған кезде қылмыстық сот ісін жүргізудің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қылмыстық қудалау органы немесе сот күдіктіден, айыпталушыдан шақыру бойынша қылмыстық қудалау органына немесе сотқа уақтылы келу туралы, ал тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда ол туралы дереу хабарлау туралы жазбаша міндеттеме алуға құқылы. Келу туралы міндеттеме алған кезде күдіктінің, айыпталушының оны орындамауының осы Кодекстің 140-бабының төртінші бөлігінде көзделген салдарлары туралы ескертіледі.

2. Қылмыстық қудалау органына не сотқа келу туралы жазбаша міндеттеме жәбірленушіден және куәдан да алынуы мүмкін.

3. Келу туралы міндеттеме орындалмаған кезде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға осы Кодекстің 160-бабының тәртібімен ақша өндіріп алу және бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.

4. Келу туралы міндеттемені орындамаған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға осы Кодекстің 160-бабының тәртібімен ақша өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
157-бап. Күштеп әкелу

1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның, соттың дәлелдi қаулысы бойынша күштеп әкелуге (мәжбүрлеп әкелуге) ұшырауы мүмкін.

2. Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi: адамның келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбiрленушi шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы өздерiн шақырған органға хабарлауға мiндеттi.

3. Алып келу туралы қаулы күдіктіге, айыпталушыға, сондай-ақ куәға және жәбiрленушiге оның атқарылуы алдында жарияланады, бұл олардың қаулыға қол қоюымен куәландырылады.

4. Күштеп әкелуді түнгi уақытта жүргiзiлуге болмайды.

5. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар, он сегiз жасқа толмаған адамдар олардың заңды өкiлдерiне хабарланбастан, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң болып жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиiс науқас адамдар алып келуге жатпайды.

6. Алып келу туралы сот қаулысын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; прокурордың, анықтаушының, тергеушiнiң қаулысын анықтау, алдын ала тергеу жүргiзетiн орган немесе iшкi iстер органы орындайды.
158-бап. Қызметiнен уақытша шеттету

1. Сотқа дейінгі тергеу органы прокурордың санкциясымен немесе сот, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін күдікті осы қызметте қала отырып, тергеуге және iстi сотта қарауға, қылмысымен келтiрiлген залалды өтеуге кедергi жасайды немесе осы қызметте болуымен байланысты қылмыстық әрекетпен айнасыуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде қызметiнен шеттетуге құқылы.

2. Күдіктіні, айыпталушыны қызметiнен уақытша шеттету туралы қаулы оның жұмыс орны бойынша ұйым басшысына жiберiледi, ол оны алғаннан кейiнгi үш тәулiк iшiнде қаулыны орындауға және қызметiнен шеттету туралы шешiм қабылдаған адамға немесе органға ол туралы хабарлауға мiндеттi.

3. Қызметiнен шеттетiлген күдіктінің, айыпталушының, егер ол өзіне қатысты емес жағдайлар бойынша басқа қызметте iстей алмаса немесе басқа жұмысқа кiре алмаса, ең төменгі бір еңбекақы мөлшерiнен кем емес сомада ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыға құқығы бар.

4. Қызметiнен уақытша шеттетудің күші судьяның немесе прокурордың қаулысымен, сондай-ақ бұл шараның қажеттiгі болмай қалған кезде сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның қаулысымен жойылады.
159-бап. Ақша өндіріп алу

Осы Кодекстiң 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 144, 156 және 165-баптарында көзделген iс жүргiзу мiндеттерiн орындамағаны және сот отырысында тәртiп бұзғаны үшiн жәбiрленушiден, куәден, маманнан, аудармашыдан және өзге де адамдардан осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақша өндіріп алу қолданылуы мүмкін.


160-бап. Ақша өндіріп алудың қолданылу тәртібі

1. Осы Кодекстің 159-бабында аталған жағдайларда ақша өндіріп алуды сот қолданады.

2. Егер тиісті бұзушылыққа сот отырысы барысында жол берілсе, осы бұзушылық анықталған нақ сол сот отырысында сот жаза қолданылады, ол туралы сот қаулысы шығарылады.

3. Тиісті бұзушылыққа сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жол берілген болса, онда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам немесе прокурор бұзушылық туралы хаттама жасап, оны тергеу судьясына жібереді, ол оны сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктің ішінде қарайды. Сот отырысына ақша өндіріп алынатын адам шақыртылады. Бұзушылық жасаған адамның дәлелсіз себептермен келмей қалуы хаттаманы қарауға кедергі болмайды.

4. Судья хаттаманы қарау нәтижесі бойынша елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақша өндіріп алуды қолдану немесе оны қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі хаттаманы жасаған адамға және ақша өндіріп алу қолданылған адамға жіберіледі.

5. Сот ақша өндіріп алу қолданылған кезде қаулының орындалуын үш айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.


161-бап. Мүлiкке тыйым салу

1. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам үкiмдi азаматтық қуыным, басқа да мүлiктiк өндіріп алу немесе ықтимал мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде орындауды қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салу шараларын қолдануауға міндетті.

Азаматтық қуынымды қамтамасыз ету негіздері сот тергеуі кезеңінде туындаса, сот үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқылы.

Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен он күннен аспайтын мерзімге мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге құқылы.

2. Мүлiкке тыйым салу оның меншiк иесiне немесе иеленушiсiне арналып оған билiк етуге, ал қажет болған жағдайларда бұл мүлiктi пайдалануға тыйым салудан не мүлiктi алып қоюдан және оны сақтауға беруден тұрады.

3. Тәркіленуге жататын мүлікті қарап тексеру және сақтау тәртібі осы Кодекстің 221-бабында айқындалады.

4. Күдіктінің, айыпталушының немесе олардың іс-әрекеті үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген жағдайларда міндеттемелері қайта құрылымдауға жататын қаржы ұйымдарының кредиторлары болып табылатын адамдардың мүлкіне тыйым салу туралы азаматтық қуыным бөлігінде үкімді орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

5. Азаматтық қуынушы немесе прокурор қойған азаматтық қуынымды қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлiктiң құны қуынымның бағасынан аспауға тиiс.

6. Бiрнеше күдіктілердің, айыпталушылардың немесе олардың іс-әрекетiне жауап беретiн адамдардың әрқайсысынан тыйым салуға жататын мүлiктiң үлесiн айқындау кезiнде күдіктіге, айыпталушыға таңылған қылмысты жасауға қатысу дәрежесi ескерiледi, алайда, егер басқаларда мүлік болмаса, азаматтық қуынымды қамтамасыз ету үшiн тиiстi адамдардың бiрiнiң мүлкiне толық мөлшерде тыйым салынуы дамүмкiн.

7. Бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын заттарға, сондай-ақ тізбесі заңнамамен айқындалатын өзге де заттарға тыйым салуға болмайды.

8. Егербасқа адамдардағы мүлік күдіктінің, айпталушының қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде алынды не қылмыс жасау құралы ретінде немесе экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, засыз қарулы құралымды, қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылды не пайдаланылуға арналды деп ұйғаруға жеткілікті негіз болса, ол мүлікке де тыйым салынуы мүмкін.

Басқа адамдар күдіктінің, айыпталушының, сотталушының әрекеттерімен келтірілген зиян үшін заңға сәйкес материалдық жауаптылықты мойнына алған жағдайларда олардың мүлкіне де тыйым салынуы мүмкін.

9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалуы мүмкін деп ойлауға негіз болған жағдайда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам соттың санкциясын алғанға дейін прокурорды және сотты жиырма төрт сағаттың ішінде хабардар ете отырып, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасасуды тоқтата тұру туралы қаулы шығаруға құқылы.
162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі

1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам сот алдында күдіктінің немесе заң бойынша олардың іс-әрекеті үшін материалдық жауаптылықты мойнына алатын адамдардың мүлкіне тыйым салу туралы өтінішті қозғау туралы қаулы шығарыды.

Қаулыға өтініштің негізділігін растайтын, қылмыстық істің куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.

Қаулыда қылмыстың қысқаша мазмұны, саралануы, күдікті, айыпталушы немесе есі дұрыс емес адамның қылмысы немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексімен тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін жауапты адам туралы деректер, қуыным болған кезде тыйым салу ұсынылатын мүліктің құны, оның тұрған жері және мүлікке тыйым салу қажеттілігі туралы қорытынды қамтылады.

2. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның мүлікке және оның материалдарына тыйым салу туралы өтінішті қозғау туралы қаулысы тыйым салынуға жататын мүлік анықталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей прокурорға ұсынылуға тиіс.

3. Мүлікке тыйым салу туралы өтінішті қолдау туралы мәселені шешкен кезде прокурор мүлікке тыйым салу негіздерін қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті. Өтініш келіп түскеннен кейін алты сағат ішінде прокурор мүлікке тыйым салу туралы өтінішті қолдау және қаулы мен тиісті материалдарды сотқа жіберу туралы шешім қабылдайды немесе өтінішті қолдаудан бас тартады.

4. Мүлікке тыйым салу туралы өтінішті қолдаған жағдайда прокурор сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның қаулысымен келіседі, ал бас тартқан жағдайда дәлелді қаулы шығарады.

5. Мүлікке тыйым салу туралы өтінішті қолдаудан бас тарту туралы прокурордың қаулысына сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам жоғары тұрған прокурорға өзінің немесе өздеріне берілген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар осы Кодекстің 105-бабының тәртібімен шағымдана алады.


163-бап. Мүлікке тыйым салуға санкция беру тәртібі

1. Мүлікке тыйым салуға санкция беру құқығы аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген жағдайларда – аудандық және оған теңестірілген соттың судьясына тиесілі.

2. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның мүлiкке тыйым салу туралы прокурор қолдаған өтінішті қозғау туралы қаулысы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жері бойынша не күдіктінің, айыпталушының мүліктері анықталған жері бойынша сот отырысында прокурордың қатысуымен аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы және мүлік құнын айқындайтын маман қатысуға құқылы. Процеске қатысушыларға сот отырысының орны мен уақыты туралы сот уақтылы хабарлаған жағдайда олардың сотқа келмей қалуы сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.

Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.

3. Тергеу судьясы отырыстың басында қандай өтініштің қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін прокурор мүлікке тыйым салуға санкция беру қажеттігін негіздейді, содан кейін сот отырысына келген басқа да адамдар тыңдалады.

4. Тергеу судьясы мүлікке тыйым салуға санкция беру туралы өтінішті қарап, мүлікке тыйым салуға санкция беру не санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарады.

Мүліктің мүмкін болатын тәркіленуін қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу кезінде тергеу судьясы мүліктің күдіктіге, айыпталушыға тиесілі екенін немесе ол қылмыс жасау кезінде пайдаланғанын не қылмыс жасау арқылы алынғанын айғақтайтын нақты мән-жайларды көрсетуге тиіс.

Мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны туралы дәйекті деректер бар болған, бірақ бұл мүлікті анықтау мүмкін болмаған кезде тергеу судьясы құны бойынша баламалы басқа мүлікке тыйым салуға құқылы.

5. Мүлiкке тыйым салу туралы қаулыда тыйым салуға жататын мүлiк, сотқа дейінгі iс жүргiзу барысында оның қаншалықты анықталғаны, сондай-ақ азаматтық қуынымды қамтамасыз етуде тыйым салу жеткiлiктi болатын мүлiктiң құны, іс бойынша қорытынды шешім қабылданғанға дейін мүлікті сақтау орны туралы мәлімет көрсетiлуге тиiс.

Қажет болған кезде мүлікке тыйым салу туралы қаулы орындалуы үшін тиісті уәкілетті органға жіберілуі мүмкін.

6. Тергеу судьясының мүлікке тыйым салу туралы қаулысы сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамға, күдіктіге немесе қылмыспен немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін жауаптылықты мойнына алатын адамға, сондай-ақ прокурорға, азаматтық қуынушыға, жәбірленушіге жіберіледі.

7. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған тергеу судьясының шешiмi бойынша мүлiкке тыйым салуды сот орындаушысы жүргiзедi.

8. Мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы сот орындаушысы тізім жасайды, оның көшірмесі мүлкіне тыйым салынған адамға тапсырылады, бұл туралы тиісінше белгі жасалады.

9. Мүлiкке тыйым салған кезде мүлiктiң құнын айқындайтын маман қатыса алады.

10. Мүліктің меншiк иесi немесе иеленушiсі қандай заттарға бiрiншi кезекте тыйым салу қажеттiгiн ұсынуға құқылы.

11. Тыйым салынған мүлiк алып қойылуы не тергеу судьясының қалауы бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктiң, тұрғын үй-пайдалану ұйымының өкiлiне, осы мүлiктiң иеленушiсіне немесе өзге адамға сақтауға берiлуi мүмкiн, оларға мүлiктiң сақталуына жауапты екендігі ескертiлуге тиiс, бұл туралы қолхат алынады.

12. Банктердегi және кредиттік мекемелердегi шоттар мен салымдардағы ақша қаражаттарына және өзге де құндылықтарға тыйым салу кезiнде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегiнде тоқтатылады.

13. Мүлікке тыйым салуғақажеттілік жойылған кезде бұл шараныңкүші жойылады. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде тергеу судьясы санкция берген мүлiкке тыйым салудың күшін жою қылмыстық қудалау органының дәлелді қаулысы негізінде прокурордың келісімімен жүргізіледі.


164-бап. Мүлiкке тыйым салуға санкция беру не санкция беруден бас тарту туралы тергеу судьясының қаулысына наразылық білдіру және шағымдану

1. Күдіктінің, айыпталушының, олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықты мойнына алатын адамның мүлкіне тыйым салуға санкция беру немесе одан бас тарту туралы тергеу судьясының қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым берілуі, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін.

2. Аудандық немесе оған теңестірілген соттың тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуға санкция беруден бас тарту туралы қаулысының күші жойылған жағдайда облыстық немесе оған теңестірілген соттың мүлiкке тыйым салуға санкция беру туралы мәселені қарауы осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
165-бап. Жақындауға тыйым салу

1. Жақындауға тыйым салу күдіктінің, айыпталушының жәбірленушіні және іске қатысушы өзге де адамдарды қорғау мақсатында олармен араласуды шектеуден тұрады.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін адам күдіктінің, айыпталушының қорғалатын адамдарды іздестіруіне, қудалауына, оларға баруына, олармен ауызша, телефон арқылы сөйлесуіне және өзге де тәсілдермен байланыс жасауына тыйым салуға құқылы.

3. Жақындауға тыйым салу қылмыстық процесті жүргізетін органның прокурор санкция берген қаулысы негізінде немесе істі қарайтын соттың қаулысы бойынша қорғалуға жататын адамның өтінішімен қолданылады. Қаулыда іс жүргізетінлік мәжбүрлеудің осы шарасын қолданудың және жақындауға тыйым салу негіздері, сондай-ақ оның сақталуын бақылау жүктелетін орган көрсетіледі. Жақындауға тыйым салу туралы қаулының көшірмесі күдіктіге, айыпталушыға, қорғалатын адамға және бақылауды жүзеге асыратын органға беріледі.

4. Күдіктіге, айыпталушыға жақындауға тыйым салу бұзылған жағдайда оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіпте ақшалай айып салынуы және бұлтартпау шарасы қолдануы мүмкін.
5-бөлім. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
20-тарау. Қылмыстық процестегі азаматтық қуыным
166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық қуынымдар

1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жерлеуге, жәбірленушіні емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке жұмсалған шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық қуынымдар қаралады.

2. Қылмыстық iс бойынша қойылған азаматтық қуынымды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi.

Егер азаматтық қуынымға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодекспен реттелмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары егер олар қылмыстық іс жүргізу қағидаларына қайшы келмесе, қолданылады.

3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық қуыным бермесе немесе ол қойылғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беруге құқылы. Қуынушының азаматтық қуынымды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.

4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық қуыным жөніндегі шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында сол қуынымды сол адамдарға және сол негіздер бойынша беру үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.


167-бап. Азаматтық қуыным

1. Азаматтық қуыным қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның әрекетiмен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген адам не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеу басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.

Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда азаматтық қуынымды прокурор қоюға құқылы.

2. Азаматтық қуыным күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың іс-әрекетіне және есі дұрыс емес адамның іс-әрекетіне материалдық жауаптылықты мойнына алатын адамдарға қойылады.

Азаматтық қуыным берген адам азаматтық қуынушы деп, талап қойылған адам азаматтық жауапкер деп аталады. Аталған адамдар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізетінлік құқықтарды пайдаланады және азаматтық қуынушы мен тиісінше азаматтық жауапкерге қатысты осы Кодекте белгіленген іс жүргізетінлік міндеттерді мойнына алады.

Азаматтық қуынушы қылмыстық процестің кез келген кезеңінде азаматтық қуынымды өзіне қайтару туралы, ал сотта – оны қараусыз қалдыру туралы жазбаша мәлімдеуге құқылы. Азаматтық қуынушының аталған арыздарын қылмыстық процесті жүргізетін орган азаматтық сот ісін жүргізу нормаларына сәйкес қарайды. Азаматтық қуынымды қайтару немесе оның қуынымынан бас тартуын қабылдау адамдардың қылмыстық сот ісін жүргізудегі азаматтық қуынушы және тиісінше азаматтық жауапкер жағдайында болуын тоқтатуға әкеп соғады.

3. Қуынушы азаматтық қуыным берген кезде қылмыстық істе мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

4. Азаматтық қуынымның соттылығы ол қойылған қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.

5. Азаматтық қуыным азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын қуынымдарға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда берiледi.

6. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық қуынымға кедергі болмайды.

7. Азаматтық қуыным негізін және қуыным мөлшерін нақтылау қажет болған кезде адам қуынымды толықтыруға құқылы.

8. Артықшылықтарының немесе қылмыстық қудалаудан иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп тануға жатпайтын адамға азаматтық қуыным азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.


168-бап. Зиянды өтеудiң негiздемелерi, шарттары, көлемi және тәсілі туралы қағидаларды қолдану

1. Қылмыстық iсте қойылған азаматтық қуынымды қарау кезiнде зиянды өтеу негiздемелерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, халықаралық құқықтың нормалары және шет мемлекеттердiң заңнамасы қолданылады.
169-бап. Қуыным арызын қайтару, қуыным арызынан бас тарту

1. Азаматтық қуынушы қылмыстық процестің кез келген кезеңінде азаматтық қуыным арызын қайтарып алуға құқылы. Қуыным арызын қайтарып алу туралы өтініш жазбаша түрде берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер қуыным арызан қайтару туралы өтініш сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

Қуыным арызды қайтарып алу тиісті адамдардың азаматтық қуынушы және азаматтық жауапкердің жағдайында болуының тоқтатылуына әкеп соғады, бұл туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулы шығарыды.

Жауапкер қуыным арызын мәні бойынша қарауды талап еткен жағдайда сот оны қайтаруды қабылдай алмайды.

2. Азаматтық қуынушының қылмыстық iс бойынша сотқа дейiн іс жүргiзу кезеңінде қуынымнан бас тарту туралы өтiнiшi жазбаша түрде берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық қуынушының қуынымнан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

3. Сот қуынымнан бас тартуды сот талқылауының кез келген кезінде, бiрақ сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.

Сот қуынымнан бас тартуды қабылдағана дейін азаматтық қуынушыға қуынымнан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы дау бойынша нақ осы мәнде және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде сотқа қайта жүгінуді болдырмайтынын түсіндіруге міндетті.

4. Егер азаматтық қуынушының қуынымнан бас тарту әрекеті заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.


170-бап. Азаматтық қуыным бойынша шешiмдер

1. Қылмыстық істе азаматтық қуынымды қарау нәтижесі бойынша сот:

1) азаматтық қуынымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;

2) азаматтық қуынымды қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) азаматтық қуынушының қуынымын қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;

4) азаматтық қуынымнан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы;

5) азаматтық қуыным бойынша бітімгерлік келісімді немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы;

6) азаматтық қуынымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.

Іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық қуынымды толық қанағаттандырады.

2. Айыптау үкiмiн шығарған немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық қуынымды толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.

3. Қылмыстық iстi талқылауды кейiнге қалдырмай азаматтық қуыным бойынша егжей-тегжейлі есептi жүргiзу мүмкiн болмаған кезде сот азаматтық қуынушының қуынымын қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.

4. Ақтау үкімі қабылданған, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі қысқарту туралы қаулы шығарылған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекет анықталмаса не сотталушының немесе емесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешiлген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе, сот азаматтық қуынымды қанағаттандырудан бас тартады.

5. Сот бітімгершілік келісімді бекіткен, медиация тәртібімен бітістіруге қол жеткізілген не азаматтық қуынымнан бас тартуды қабылдаған жағдайларда сот азаматтық қуыным бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы шешім қабылдайды.

6. Сот қуынымы:

1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты ақталған;

2) жасаған әрекеттiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздер болмауына байланысты iс қысқартылған;

3) іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша қысқартылған;

4) азаматтық қуынушы бұл туралы өтініш берген жағдайларда қарамай қалдырады.

Азаматтық қуынымды заңда көзделмеген өзге де негіздер бойынша қарамай қалдыруға жол берілмейді.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау