Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бөлім. Iс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары



жүктеу 6,76 Mb.
бет12/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

4-бөлім. Iс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары
17-тарау. Күдіктіні ұстау
128-бап. Ұстауға негiз

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдіктіні ұстау – қылмыстық қудалау органының қылмыстың жолын кесу және күзетпен ұстау алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында немесе адамның бой тасалау не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп ойлауға негіздер болса, қылмыстық теріс қылық бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын iс жүргiзудің мәжбүрлеу шарасы.

2. Қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін болатын мына негiздердiң бiрi болған:

1) адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталған;

2) көрген адамдар (куәлар), оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаған адам ретінде көрсетсе не ол адамды осы Кодекстiң 130-бабында көзделген тәртiппен ұстаған кезде;

3) адамда немесе оның, өзiнің үстіндегі немесе оның тұратын үйiндегі киiмiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде;

4) жедел-iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында аталған адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы дәйекті деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін қылмыс жасады деген күдiкті адамды ұстауға құқылы.

3. Осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерді қоспағанда, адамдарды қылмыс жасады деген күдікпен ұстау кейінге қалдыруға болмайтын қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

4. Адамның қылмыс жасағандығына күдіктенуге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам бой тасалауға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жерi болмаған, немесе күдіктінің жеке басы анықталмаған, немесе сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш жіберілген жағдайда ғана ұсталады.

5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтірілген адамды ұстау мерзімі нақты ұсталған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс.


129-бап. Жеткізу

1. Жеткізу – адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы.

2. Адамның құқық бұзушылыққа қатыстылығы расталған жағдайда, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен ұстауды жүзеге асыруға құқылы, бұл ретте жеткізу мерзімі осы Кодекстің 131-бабының төртінші бөлігінде көзделген ұстаудың жалпы мерзіміне қосылады.

3. Жеткізу мерзімі аяқталған соң, бұдан әрі іс жүргізуге ұстау жағдайларын қоспағанда, адамға жеткізілгендігі туралы дереу анықтама беріледі.


130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды іс жүргізілмейтін ұстауға құқығы

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды, өзге де қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатында жәбiрленушiнi, сондай-ақ кез келген өзге де азаматты қылмыстық қудалау органына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін оны ұстауға және жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы бар.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда ұсталған адамға, ол қарсылық көрсеткен кезде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 34-бабында көзделген шектерде дене күшi мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар немесе қылмыстық iс үшiн маңызы бар заттар бар деп ойлауға негiз болса, оны ұстаған азамат ұсталғна адамның киiмiн тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билік органдарына беру үшiн ондағы заттарды алып қоюға құқылы.
131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды іс жүргізетінлік ұстау тәртiбi

1. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстаған кезде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы адамға қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғанын ауызша жариялайды, қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

2. Осы Кодекстің 129-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші ұстау хаттамасын жасайды. Күдікті тиісті өтініш жасаған кезде оның денсаулығының жалпы жай-күйін және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруына жатады.

Ұстау хаттамасында:

1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты;

2) күдіктіні кім ұстағаны, ұстау негіздері, себептері, орны, нақты ұстау және жеткізу уақыты (сағаты мен минутын көрсетіле отырып);

3) күдіктінің құқықтарын түсіндіру туралы мәліметтер,

4) жеке тінту нәтижелері,

5) ұсталған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер,

6) хаттама жасалған уақыт және орын, нақты ұсталған уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі.

Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қатысқан жағдайда, қорғаушы қол қояды.

Медициналық куәландыру өткізілген жағдайда, хаттамаға оның қорытындысы қоса беріледі.

3. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам ұстау хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде прокурорға жүргізілген ұстау туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

4. Күдікті соттың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуы мүмкін.


132-бап. Ұсталған адамды жеке тiнту

Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару немесе қару ретінде пайдаланылуы мүмкін заттар не ұстауға тыйым салынған және дәлелдеуде пайдаланылуы мүмкін заттар бар не ол өзiнiң қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысады деп ойлауға негіз болған жағдайларда немесе өзге де қажеттi жағдайларда осы Кодекстiң 255-бабында көзделгенқағидаларды сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тiнту жүргiзуге құқылы.


133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған адамды босатудың негiздерi

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адам, егер:

1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаса;

2) ұсталған адамға күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын немесе қамауға алу не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны қолдануға негiз болмаса;

3) ұстау осы Кодекстiң 131-бабының талаптарын айтарлықтай бұза отырып жүргiзiлген болса;

4) ұстау үшін заңды негіз болмаса, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.

2. Егер ұсталған кезден бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде ұсталған адамды ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауға санкция берілгендігі туралы сот қаулысы келiп түспесе, ұсталған адамды ұстау орнының бастығы оны өзiнiң қаулысымен дереу босатады және ол туралы iсті жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.

3. Осы баптың екінші бөлiгiнiң талаптарын орындамаған жағдайда ұсталған адамды ұстау орнының әкiмшiлiгiнiң басшысы заңда белгiленген жауаптылықта болады.

4. Ұсталған адам босатылған кезде оған оны кiм ұстағаны, ұстаудың жеткізудің негiзi, орны және уақыты, босатудың негiзi мен уақыты көрсетiлгенн анықтама берiледi.

5. Осы баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларда заңсыз ұстау барысында немесе одан кейін дереу ұсталған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу іс-әрекеттері нәтижесінде алынған деректер дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын деректер деп танылады.


134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды күзетпен ұстау тәртiбi

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 61-бабының екінші бөлігінің 9) тармағында және үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдарды күзетпен ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамамен айқындалады.


135-бап. Күдіктінің туыстарына оның ұсталғандығы туралы хабарлау

1. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам он екi сағатiшiнде ұсталған күдіктінің отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң қайсыбiрiне, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына күдіктiнiң ұсталғандығы және оның ұсталып отырған жері туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкiндiгiн күдіктінің өзiне беруге мiндеттi.

2. Егер ұсталған адам басқа мемлекеттiң азаматы болып табылса, онда Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның бірлескен бұйрығымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі арқылы сол мемлекеттiң елшiлiгi, консулдығы немесе өзге де өкiлдiгi жиырма төрт сағат ішінде хабардар етiлуітиiс.
18-тарау. Бұлтарпау шаралары
136-бап. Бұлтарпау шараларын қолдану үшiн негiздер

1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан бой тасалап жүр не iстi объективтi тергеуге немесе сотта талқылауға кедергі жасайды не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (екінші бөлігінің 15) тармағы), 171 (төртінші бөлігі), 175, 177, 178, 184, 253 (төртінші бөлігі), 260 (бесінші бөлігі), 282 (төртінші бөлігі), 292 (төртінші бөлігі), 293 (төртінші бөлігі), 294 (төртінші бөлігі)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген күдікті, айыпталушы адамдарға жасалған қылмыстың ауырлығы себебімен ғана бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.
137-бап. Бұлтарпау шаралары және қосымша шектеулер

1. Бұлтарпау шаралары:

1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхат;

2) жеке кепiл;

3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм басшылығының байқауына беру;

4) кәмелетке толмағанды қарауына беру;

5) кепiл;

6) үй қамағына алу;

7) күзетпен ұстау болып табылады.

2. Әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған жағдайда бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық ізге түсу құралдары қолданылуы мүмкін.

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық ізге түсу құралдарын қолдану және күдіктіге, айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады.

3. Электрондық ізге түсу құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқауынан тасалау шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол күдіктінің, айыпталушының баратын жерлері және оның жүріп-тұратын жолдары, сондай-ақ жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасылық жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс.

4. Электрондық ізге түсу құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі айқындайды.
138-бап. Бұлтарпау шараларын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар

1. Бұлтарпау шарасын және оның дәл осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқақайсысын қолдану қажеттiлігi туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеу туралы мәселенi шешкен кезде жасалған қылмыстың ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы, отбасылық жағдайы, денсаулығының жай-күйі, шұғылданатын кәсібінің түрі, мүлiктiк жағдайы, тұрғылықты жерiнiң бар екендігі және басқа да мән-жайлар ескерiлуге тиiс.

2. Осы Кодекстің 136-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Осы Кодекстің 136-бабында тізбеленген негіздер жоқ болса, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды.
139-бап. Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтарпау шараларын қолдану

1. Осы Кодекстiң 136-бабында көзделген негiздер болған ерекше жағдайларда және осы Кодекстің 138-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін күдіктiге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 180, 184, 253 – 265 және 269-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда – отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi адам ұсталған, содан кейiн күзетпен ұстауға қамалған болса, – ұсталған кезден бастап дәл сондай мерзiмде күдіктiнің әрекеттерін саралау туралы қаулы жариялануы тиiс. Егер осы мерзiмде күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса және жаряиланбаса, бұлтартпау шарасының күші дереу жойылады.

2. Күдіктіге оның әрекетін саралау туралы қаулы жарияланған кезде оған бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдану туралы мәселені сот осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың күдіктіні күзетпен қамауға санкция беру туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталысымен бұлтартпау шарасының күшін жою немесе айыпталушыны күзетпен ұстауға соттың санкция бергені туралы тиісті шешім келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізіп жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнің талаптары орындалмаған жағдайда күзетпен ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы заңмен белгiленген жауаптылықта болады.


140-бап. Бұлтарпау шараларын қолдану тәртiбi

1. Күдіктіге, айыпталушыға бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдік келтірген, айыпталған адамның жасаған қылмысы және осы бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері қамтылған бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады. Өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға оның көшірмесі тапсырылады және бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағымдану тәртiбi түсiндiрiледi.

Осы Кодекстің 139-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады.

3. Күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданған кезде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өздерінің дұрыс ұстауын қамтамасыз ету үшін оларға:

1) сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамға, прокурорға не сотқа олар белгілеген уақытта келу;

2) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеу;

3) қылмыстық процесті жүргізетін адамды, прокурорды тұрғылықты жерінің, жұмыс орнының өзгергені туралы хабардар ету;

4) белгілі бір адамдармен араласпау, және белгілі бір жерлерге бармау;

5) есірткіге немесе алкогольге тәуелділіктен емделу курсынан өту;

6) электрондық ізге түсу құралдарын өзімен бірге алып жүру міндеттерінің бірі немесе бірнешеуі жүктелуі мүмкін.

4. Алдын алу үшiн осы Кодекстiң 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылған күдікті, айыпталушы осы баптарда көзделген іс-әрекеттердi жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы күдіктіге, айыпталушыға тиiстi қаулының көшiрмесiн тапсыру кезiнде жариялануы тиiс. Осы Кодекстің 156-бабында көзделген іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасын бұзған жағдайда күдіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шараларының бірі таңдалады.


141-бап. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат

1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізетін органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен (елді мекеннен) кетіп қалмауы, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.

2. Зорлық-зомбылық жасау немесе оны қолдану қатерін төндірумен байланысты қылмыс жасалған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган жәбірленушінің жазбаша арызы бойынша күдіктіге, айыпталушыға жәбірленушіні іздестіруге, оның өзіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынғандығы туралы жазбаша түрде ескертеді.
142-бап. Жеке кепiл

1. Жеке кепiлгерлік сенiмге ие болған адамдардың күдіктінің, айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуін жауапкершілігіне алатындығы туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдерлердің саны екеуден кем болмайды.

2. Бұлтартпау шарасы ретiнде жеке кепiлгерлікті таңдауға кепiлгердің жазбаша өтiнiшi және өзіне қатысты кепiлгерлік берiліп отырған адамның келiсiмi бойынша ғана жол берiледi.

3. Кепiлгер жеке кепілгерлік туралы қолхат береді, онда ол өзi кепiлгер болып отырған адамға қатысты күдіктің мәні, күдікті, айыпталушы алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы қолданылған әрекетті жасаған жағдайда кепілгердің өзінен ақша өндіріп алудан тұратын жауапкершілігі түсіндірілгендігін растайды.

4. Кепiлгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлгерліктен бас тартуға құқылы. Бұл ретте бас тартылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодекстің 136-бабының бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, өзге бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс.

5. Күдікті, айыпталушы алдын алу үшiн жеке кепiлгерлік қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, сот әрбiр кепiлгерден осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуы мүмкiн.


143-бап. Әскери бөлiмше басшылығының әскери қызметшiлердi байқауы

1. Әскери бөлімшелер басшылығының әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын күдіктілерді, айыпталушыларды байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, өзге де әскерлерінің және әскери құралымдарының жарғыларында көзделген және ол адамның өзін дұрыс ұстап жүруін және оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуге қабілетті шараларды қолданудан тұрады.

2. Әскери бөлiмше басшылығына осы бұлтартпау шарасы таңдалған күдіктің мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмше басшылығы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға байқау орнатылғаны туралы жазбаша хабарлайды.

3. Алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы таңдалған іс-әрекеттi күдікті, айыпталушы жасаған жағдайда әскери бөлiмше басшылығы ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға дереу хабарлауға мiндеттi.

4. Өздерiне жүктелген байқау жөнiндегi мiндеттердiң орындалмауына кiнәлi адамдар заңнамада көзделген тәртiптiк жауаптылықта болады.

5. Осы бұлтартпау шарасы қолданылған кезеңде күдіктіні, айыпталушыны жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік немесе қарауыл қызметінде, гарнизон жасағының немесе бөлімшенің (бөлімнің) тәуліктік жасағының құрамында қызмет атқаруға жол берілмейді.


144-бап. Кәмелетке толмағанды қарауына беру

1. Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге лайық адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы мекеме әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың қайсы бiрiнiң кәмелетке толмағанның өзін дұрыс ұстауын және қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз ету, сонымен бірге оның үйден тыс жерде болуын шектеу, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз басқа жерге кетуіне жол бермеу жөнінде жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.

2. Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру олардың жазбаша өтiнiшi бойынша ғана мүмкiн болады.

3. Қарауына қабылдау туралы қолхат алынған кезде ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар, арнаулы мекемелер әкiмшiлiгiнің өкiлдерi кәмелетке толмаған жасады деп күдік келтірілген қылмыстың сипаты және қарауына алу жөнiндегi өздерiне қабылданған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы олардың жауапкершілігі туралы хабардар етiледi.

4. Қарауына кәмелетке толмаған балалар берiлген адамдар өздері қабылдаған мiндеттемелерді орындамаған жағдайда оларға осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу жазасы қолданылуы мүмкін.
145-бап. Кепiл

1. Кепiл күдіктінің, айыпталушының өзiнің не басқа адамның соттың депозитiне күдіктінің, айыпталушының сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын енгізуінен тұрады. Кепiл ретiнде басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлiк қабылдануы мүмкiн, оларға тыйым салынады. Кепiлдiң құндылығын және ауыртпалықтың жоқ екендігін дәлелдеу кепiлгерге жүктеледi. Аса ауыр қылмысты жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты кепiл қолданылмайды.

2. Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың, тергеу судьясының қаулысы бойынша ғана қолданылады.

3. Кепiлдiң мөлшерi күдіктің ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, қылмыстық әрекеттің сипаты, кепіл берушінің мүліктік жағдайы ескеріле отырып айқындалады және: онша ауыр емес қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен; абайсызда жасалған ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – үш жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен; ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасады деп күдік келтірген кезде – бес жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен; ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауға тиіс.

4. Қамауға алынбаған күдікті, айыпталушы, сотталушы не күзетпен ұсталмайтын басқа адам кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, қолданылған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей тиісті шотқа қаражат салуға және растайтын құжатты сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, сотқа табыс етуге міндетті.

5. Кепіл ретінде басқа да құндылықтарды, жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті ұсынған кезде кепіл беруші сол мерзімде оларды құқық белгілейтін құжаттармен бірге қылмыстық процесті жүргізетін органға табыс етуге міндетті.

Күдіктіге, ұсталған адамға осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда кепіл іс жүзінде енгізілгенге дейін тергеу судьясы осы Кодекстің 148-бабы жетінші бөлігінің тәртібімен күзетпен ұстау және үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданады.

Бұрын таңдалған күзетпен ұстау немесе үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын кепілмен ауыстырылған жағдайда күдікті, айыпталушы кепіл іс жүзінде енгізілгеннен кейін ғана күзетпен ұстаудан босатылады. Егер бұл кезде осы Кедексте көзделген күзетпен ұстау мерзімі өтіп кеткен болса, онда ол кепіл енгізілгенге дейін ұзартылады.

6. Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған кезде күдіктіге, айыпталушыға оның міндеттері және оларды орындамаудың салдары, ал айыпталушы, күдікті болып табылмайтын кепіл берушіге – адамның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетіні, айыпталатыны, жасаған әрекеті үшін заңда көзделген жазасы, күдіктінің, айыпталушының өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері және шақыру бойынша оның келуі, сондай-ақ осы міндеттерді орындамаудың салдары түсіндіріледі.

7. Кепiлдiң қабылданғандығы туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу туралы міндеттерінің түсiндiрiлгендiгi, ал кепiл берушiге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне өндіріп алынатыны туралы ескертiлгендiгi атап көрсетіледі. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші, ол басқа адам болған жағдайда қол қояды. Хаттама және соттың депозитiне кепiлдің салынғандығы туралы құжат iс материалдарына тіркеледі, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi тапсырылады.

8. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты кепіл тергеу судьясының осы Кодекстің 148-бабы сегізінші бөлігінің тәртібімен шығарылған қаулысына сәйкес салынған жағдайда күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерін және оларды орындамау салдарын түсіндіруді жүзеге асырады.

9. Егер, күдікті, айыпталушы өзіне жүктелген міндеттерді бұзбаса, бірақ күдіктіге, айыпталушыға неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылса, үкім немесе қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылса кепіл берушіге кепіл дереу қайтарылады.

Егер, күдікті, айыпталушы кепіл беруші болып табылған жағдайларда сот азаматтық қуыным, іс жүргізу шығындары және өзге де мүліктік өндіріп алу қажеттігі болған кезде кепіл тағдыры туралы мәселені қарай отырып, прокурордың өтініші бойынша кепіл затын не оның бір бөлігін өндіріп алу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Күдікті, айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші салған кепіл затын өндіріп алу оның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.

10. Күдікті, айыпталушы үшін кепіл салған адам күдіктінің, айыпталушының қылмыстық процесті жүргізетін органға келуі жөніндегі міндеттерді орындауын бұдан әрі қамтамасыз етуге жағдайы келмейтіндігі туралы жазбаша өтінішпен жүгінген жағдайда, егер күдікті, айыпталушы аталған міндеттерді бұзбаған болса, кепіл заты дереу қайталуға жатады.

Қылмыстық істі түпкілікті шешетін үкім немесе қаулы шығарылған кезде тиісінше сот немесе қылмыстық қудалау органы бір мезгілде кепіл затының тағдырын шешеді.

11. Күдікті, айыпталушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда прокурор тергеу судьясына кепілді мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы өтінішті жібереді.

Сот тиісті шешім қабылдайды, оған кепіл беруші осы Кодектің 107-бабының тәртібімен жоғары тұрған сотқа шағымдана алады.

12. Кепіл заты қайтарылған кезде кепіл берушіден кепілдің сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома өндіріп алынады.

13. Қеплі қолдану тәртібі, сотқа дейінгі тергеуді жүргізуге уәкілетті органдардың бірлескен бұйрықпен айқындалады.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау