46
Адам
Бауырдың
қызметтері әртүрлі:
ол асқорытуға,
зәр шығаруға
қатысады, онда
көмірсулар қоры да
сақталады
Қанды тазалау
Біздің ағзамыз жұмыс істегенде көптеген керексіз, кей'
де тіпті зиянды қалдықтар пайда болады. Оның үстіне,
ағзамыздың ішкі ортасына тұрақтылық тән: мысалы, қанда
судың және суда еріген тұздардың, қанттың, басқа да
заттардың мөлшері белгілі бір деңгейде болуы тиіс. Қан
құрамының тазалығы мен тұрақтылығын ерекше сүзгілер
жүйесі – ағзаның зәр шығару жүйесі қадағалайды. Ол жүйе
жұмыс істеу үшін біз су ішіп, су қорын үнемі толықтырып оты'
руымыз керек. Бізге тәулігіне шамамен 2,5 л сұйықтық қажет.
Ағзаның ең басты сүзгілерінің бірі – бауыр. Қоректік
заттарға байыған қан асқазан, ішек және кейбір басқа
мүшелердің капиллярларынан қақпа венасына жинала'
ды да, сол арқылы бауырға барады. Бұл жерде қақпа венасы
капиллярлар торына (синусоидтар) ыдырайды. Бауыр жасу'
шалары қаннан әртүрлі зиянды заттарды, қызметін атқарып
болған соң бұзылған эртроциттерді, микробтарды бөліп ала'
ды. Содан кейін олардың кейбіреуі ағзадан өттің құрамында
шығарылады, тағы біреулері заласыздандырылады, өзгелері
бауырдың арнайы жасушаларында уақытша жинақталады.
Қан осындай өңдеуден өткен соң ғана жүрекке бағыт алады.
47
Қан айналым жүйесі
Біздің бүкіл қанымыз бір тәулік ішінде бүйрек арқылы
шамамен 400 рет сүзгіден өтеді. Бұл кішкентай
мүшелердің орнын басу үшін, ғалымдар көлемі
шкафпен бірдей өте үлкен «жасанды бүйрек» аппа'
ратын жасады.
Бүйректің ішкі
құрылысы
бөлігін алып, оларды қасынан өтетін қан тамырларына береді.
Түтікшелерде қалдықтарға толы нағыз зәр ғана қалады. Зәр
бүйрек астауларына жиналып, несепағарлар арқылы қуыққа
қарай ағады.
Қуыққа шамамен 0,5 л сұйықтық сыяды. Қуықтың жұқа
қабырғалары бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуыққа зәр толған
кезде қабырғаларына қысым түседі де, миға белгі беріледі,
сонда біз әжетханаға бару керектігін түсінеміз. Қуықтың
қабырғалары жиырылады да, зәрді сыртқа шығарады.
Біздің ағзамыздың тағы бір маңызды
сүзгісі – қанды артық мөлшердегі
тұздардан тазалайтын бүйректер
жұбы. Олар белдің тұсында орналасқан.
Бүйректің ең басты сүзгілік құрылымы
нефрон деп аталады. Олардың саны
әр бүйректе 1 млн.! Нефрон өзіне
жалғасқан қан тамыршасынан ішінде
әртүрлі еріген заттары бар сұйықтықты
бірінші сүзіп алады. Бұл сұйықтық
алғашқы зәр деп аталады. Алғашқы
зәр бүйрек түтікшелеріне жиналады.
Оның қабырғалары алғашқы зәрден
пайдалы заттардың бәрін, судың басым
48
Адам
Мен ас ішкенде...
Өмір сүру үшін біз ас ішуіміз керек. Тамақтың
құрамындағы май, ақуыз және көмірсулар фермент
деп аталатын әсерімен арнайы заттардың неғұрлым
қарапайым заттарға айналады да, қанға сіңеді. Ағза
дененің өсуі мен жаңаруына арналған «құрылыс мате;
риалын» және өмір сүруге қажетті энергияны осылай
алады. Тамақты өңдеудің бұл күрделі үдерісі асқорыту
деп аталады, асқорыту жүйесінде жүзеге асады.
Асқорыту жүйесі
Ауыз қуысы
Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан
басталады. Мұнда тағам алдын ала
өңдеуден өтеді: тістердің көмегімен
ұсақталады және үш жұп сілекей бездері
бөліп шығаратын арнайы сұйықтық–
сілекеймен шыланады. Сілекейде
көмірсуларды ыдырататын заттар бар.
Сондықтан да бір үзім нанды ұзақ уақыт
шайнаса, дәмі тәтті болып кетеді: крахмал
қантқа айналады. Тіл тағамды араласты'
рады, содан кейін өңешке қарай итереді.
Сәбилердің алғашқы сүт тістері бірінен
соң бірі жарып шығады, ал 6'12 жаста олар
түсіп қалады да, орнына одан да мықты
тұрақты тістер шығады. Адамда 32 тіс
бар: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектердің
әрқайсысында 16 тістен орналасқан.
Әрбір тістің айналасы жақ сүйектің жиегін
жапқан қызыл иекпен қоршалған.
49
Мен тамақ жегенде...
Сүтқоректілерде ғана ерін бар, адам да сүтқоректіге
жатады. Аңдардың балалары да, жас сәбилер де
ана сүтімен қоректенеді. Еріннің басты қызметі –
қоректену.
Тістің шағын бөлігі – тіс сауыты ғана қызыл иектің сыртына
шығып тұрады, ал тіс түбірі жақ сүйектің терең ойығында – аль'
веолда жатады. Тіс дентин деген берік заттан тұрады, беткі
жағын ақ кіреуке ' эмаль (бұл біздің денеміздегі ең берік зат)
қабаты жапқан. Тістің қан тамырлары мен жүйкелері орналасқан
ішкі бөлігі пульпа деп аталады. Егер эмаль бұзылып, пульпа
қорғанышсыз қалса, тіс ауыра бастайды.
Адамның тістерінің пішіні әртүрлі. Алдыңғы жақта ұштары
аздап өткірленген күрек тістер тұрады. Күрек тістер қаттылау
тағамды қайшымен қиғандай бөліп алады. Сойдақ тістер күрек
тістерден кейін орналасқан. Қатты етті жұлып жеу үшін біздің
Тістің
құрылысы
бабаларымызға ірі де өткір сойдақ тістер
қажет болған, ал жұмсағырақ тамақпен
қоректенетін қазіргі адамда олардың
пішіні жағынан күрек тістерден көп айыр'
масы жоқ. Ауыз қуысының артқы бөлігінде
жалпақ, үстіңгі жағы аздап бұдырлау кел'
ген азу тістер бар. Олар диірмен та'
старындай жұмыс істеп, үзіп алынған
кесекті ұсақтап, қоймалжыңға айналды'
рады. Адам отыз'қырық жасқа келгенде
ауыздың ең түбінен, азу тістерден әрі ақыл
тістер де шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |