Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет11/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

42

Адам

Жүрек ырғақты басқарушы деп аталатын синустық 

түйінді жұмыс істетеді. Бұл ерекше бұлшықет 

жасушаларының ұсақ шоғыры, онда ырғақты электр 

импульстері пайда болады да, жүрек бұлшықетінің 

жиырылуын тудырады. 



Жүректің 

көлемі – иесінің 

жұдырығындай

Қажымайтын еңбекқор 

Қанды тамырларға айдаудан талмай'

тын бірден бір мүше ол – жүрек. Бұл ең 

маңызды мүшелердің бірі, өйткені жүрек 

бірнеше минутқа ғана тоқтаса, адам өліп 

қалады. Жүрек кеуде қуысының орта'

сына қарай орналасқан. Қолды кеудеге 

қойғанда оның соғысын сезуге болады.  

Жүректің қабырғалары қалыңдығы 

бір елі болатын ерекше бұлшықет 

ұлпасынан тұрады. Жүректің іші қуыс әрі 

оң және сол жақ жартыға бөлетін тұтас 

қалқамен жабылған. Әрбір жартысы екі 

«бөлмеден» тұрады: төменгі жағында 



қарынша, үстінде – жүрекше. Бұл бөлмелер «көршілес»: олар 

өзара арнайы қақпақшалар (клапан) арқылы қатынасады. 

Клапандар қанның белгілі бір бағытта ғана ағуы үшін қажет. 

Венадағы қан жүрекшеге түседі, ол жиырылып, қарыншаға 

итереді. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасындағы кла'

пандар жабылып қалған кезде қарыншалардың жиырылу кезегі 

келеді, қанның артерияға қарай ағудан басқа жолы қалмайды. 

Оң жақ қарыншадан қан өкпеге қарай ағады, оттекке қанығып, 

оң жақ жүрекшеге қайтып оралады, бұл кіші қан айналым 



43

Қан айналым жүйесі  

Білезіктің 

ішкі жағынан 

ұстап көру 

арқылы 

тамыр 

соғысын 

өлшеуге 

болады. 

шеңбері. 

Сол жақ қарыншадан оттекке қаныққан қан бүкіл денеге та'

ралып, оң жақ жүрекшеге оралады, бұл үлкен қан айналым 

шеңбері. 70 жыл ішінде жүрек 2,5 млрд. астам рет жиырылып, 

шамамен 156 млн. литр қанды айдайтыны есептелген! Жүрек 

бұлшықеті осы орасан жүктемеге төзетін себебі, ол босаңси 

біледі: жиырылған кезде ғана жұмыс істеп, басқа уақытта дема'

лады. 

Қан бүйректен үлкен күшпен қысылып шығатындықтан, та'



мырлар ырғақты түрде кеңейіп, өне бойына толқын түрінде та'

райды, бұл тамыр соғысы (пульс) деп аталады. Жүрек неғұрлым 

жиі жиырылса, пульс те жылдамырақ болады. Дәрігерлер 

пациенттің жағдайын анықтау үшін тамыр соғысын өлшейді. 

Дені сау ересек адамның қалыпты тамыр соғысы – минуты'

на 60'80 рет, ал кішкентай балаларда одан көбірек. Белсенді 

қозғалыс кезінде, денеге көп күш түскенде немесе адам 

бірдеңеге қобалжыса, тамыр соғысы минутына 200 ретке дейін 

жиілейді, ал ұйықтаған кезде азаяды. 



44

Адам

Хабар жеткізу

Адамның денесінде ерекше заттарды – гормондарды бөліп 

шығаратын бірнеше бездер бар (оларды эндокриндік деп 

атайды). Гормондар бездерден дереу қанға түседі де, соның 

ағысымен ағзаға жылдам таралады. Олар көптеген мүшелерге 

және олардың тұтас жүйелеріне әсер етіп, жұмыс режимдерін 

өзгертеді.

Ашу мен қорқыныш гормоны деп аталатын адреналин гор'

монын бүйрекүсті бездерінің қыртыстық заты бөліп шығарады. 

Адреналиннің әрекеті бәрімізге де жақсы таныс. Бір нәрседен 

шошынған, ашу, ыза және басқа күшті сезімдерді бастан кеш'

кен адамның тыныс алуы мен жүрек қағысы жиілеп, қан қысымы 

жоғарылайды. Ал қан плазмасында бұл сәтте жасушалардың 

алатын негізгі қуат көзі – қанттың құрамы күрт артып кетеді. 

Осының бәрі адреналин әсерінің көріністері. Іс жүзінде қауіпті 

жағдайларда бұл гормон ағзаның қосалқы күш'қуатын қас'

қағым сәтте іске қосады. Сол'ақ екен біз не істеу керектігін 

шешеміз – бір жағымызға ыршып  түсу, зыта жөнелу немесе 

шабуылға тойтарыс беру. Бірақ біздің ағзамыз бұл әрекеттерге 

дайындалып үлгереді.



Қанына 

адреналин 

түскенде 

пайда 

болатын 

сезімнен 

көп адам 

рахат күйге 

бөленеді


45

Қан айналым жүйесі  

Бойы ең ұзын адам 1881 жылы дүниеге келген Виктор 

Махнов, оның бойы 275 см болыпты. Ал ең кішкентай 

адам ХІХ ғ. өмір сүрген әйел Полина Мастере – бойы 

59 см ғана. Мүсіндей нәзік әрі биязы бұл қыз циркте 

өнер көрсетіпті.



Гормон тапшылығының 

нәтижесі

  Ең маңызды эндокриндік без – ги;



пофиз мида орналасқан. Гипофиздің 

көлемі бұршақтай ғана, бірақ осы 

кішкентай без өзі бөліп шығаратын 

гормондар арқылы өзге эндокрин 

бездерінің барлығының жұмысын 

басқарады: оны эндокриндік жүйенің 

«дирижёрі» деп тегін атамаған. 

Гипофиздің тағы бір маңыздылығы, онда 

өсу гормоны түзіледі. Ол адам туа салы'

сымен ағзаның барлық жасушалары мен 

ұлпаларының өсуі мен дамуына ықпал 

етеді. Егер өсу гормоны тым көп бөлінсе, 

бала алып денелі болып өседі, тым 

аз бөлінсе, ергежейлі болып қалады. 

Қазіргі уақытта дәрігерлер өсудегі ауытқушылықпен күресу 

әдісін тапқан. Мысалы, өсу гормоны тапшы болғанда балаға жа'

санды гормон енгізеді де, бала құрбылары өсуі жағынан қуып 

жетеді. 


Ұйқы безінің бөліктерінің арасына көп мөлшердегі жасуша 

топтары – Лангерганс аралшалары қосылған. Олар көмірсу 

алмасуға әсер ететін инсулин мен глюкагон гормондарын 

бөліп шығарады: глюкагон қандағы қант деңгейін көтереді, ал 

инсулин төмендетеді. Инсулин жетіспеушілігінен қант диабеті 

деген ауыр науқас пайда болады.




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау