Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе



жүктеу 325,58 Kb.
бет23/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

Сөйлеу турлы жалпы ұғым
Адам озінің өмір кажетін өтеугс байланысгы басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бүл үшін сол үлттың, тілдің грамматикалык, ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сапа-сеземінің дамуында дыбысты тілдің иаііда болуыпыц мацьпы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы иотижесінде адам организмі анатомиялык. озгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына кабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды.
Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қағамдық ой-санасын дамытып жстілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Ескі казақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы үжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ак, адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды кимыл-әрекегке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі кызметі озара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы багытта жүріп отырады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жегкізуді сйлеу деп атайды Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін пікір алысу үшін кызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін практикалық тәжірибесін байтауы.
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дурыс кабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реаксия тудырады.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі — оның мәнерлігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Создің мазмұндылығы дегеніміз екішісі біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз — адамның сөйеу кезіндегі эмоциялык қалпын білдіре алуы, ягни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз куысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, сннтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы козғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, создік сигналдардың бөлшектенген элементерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздік мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады.
Франсуз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағьнда) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, козғалыс т. б.) бірлескен, қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сиапу-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сынарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып юсөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сұрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады, мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелеі, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл — парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылыми қарастырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.у жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қорамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауыз екі – фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді.

жүктеу 325,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау