Мазмұны 1 Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ



жүктеу 0,74 Mb.
бет1/3
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6711
  1   2   3

Мазмұны
1 ПрОЕКТІЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ негіздеу.............................................................................................................3

    1. Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні....................................................................................................................4

1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.........................................................................................................21


1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар..................................................................................................................23

1.4 Концептуалды схема.......................................................................................33


2 Ақпарат жүйесін жобалау...........................................................36

2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны..............................................................36

2.2 Есеп қойылымы..............................................................................................36

2.3 Кіріс ақпараты.............................................................................................37

2.4 Шығыс ақпараты.........................................................................................39

2.5 Ақпараттық база.............................................................................................40

2.6 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы.................................................44


    1. Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы .....................................................................................................45
  1. Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала.....................................................................86


    1. Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу...........................................................................................86

    2. Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау.............................................................................................92


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................93

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................94

ҚОСЫМША.........................................................................................................96

КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалык қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.

Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.



Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы , мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік

кызметтер, фирманың мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттык заңдармен реттеледі.

«Кәсіпорын экономикасы» бағамен зерттелуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:



  • фирма меншік нысанына және салалық құрамында болуына
    қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының
    экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында
    фирманың тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық
    шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының
    деңгейіне байланысты болады;

  • нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылык
    тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа
    нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-
    жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. кажет етеді.

Қайбір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға кажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап

толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды кұрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс кұжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Дипломдық жобаны жазудағы басты мақсатым проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.

Диплом жұмысы кіріспеден, теориялык бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.



1 ПРОЕКТІЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1 Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның

маңызы

Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамысы туралы, жер, әнергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және әкономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді.



Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.

Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы әкономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады.

Бизнестің табысты дамуының шешуші әлементі - сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек.

Жоспарлау - болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, өйткені әкономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен әлсіз және күшті жақтарын сенуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.

Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.

Сонымен, бизнес-жоспар - бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған

мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал.

Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.

Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет:



  • әкономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр.,
    олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып
    көрген емес, сондықтан нарықтық әкономиа жағдайында оларды
    күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп
    біле алмайды;

  • шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі
    жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша
    көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады;

  • Инвестиция алу және әкономиканы көтеру үшін инвесторларға
    жоспарлардың өміршендігін және тиімділігін дәлеледеу керек;

Бизнес жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:

  • Болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму
    перспективасын айқындау;

  • Осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды
    бағалау және оларды товарды қолайлы бағамен сатудан түсетін
    түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығн
    анықтау;

  • өнімді өткізу алдында кезедсуі мүмкін кедергілерді алдын ала
    айқындау;

  • өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік
    беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау;

бизнес-жоспар қазіргі нарықтық әкономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.

Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.

Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:



1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас» бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.

  1. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға
    көмектеседі. Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге
    асырылуына негіз болады.

  2. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
    Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеумен
    тең. Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.

  3. Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс
    тұлғаларға жеткізіділеді, бұл қаржыландырылған көздерін тарту
    немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.

Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:

  • Сізге қанша ақша қажет?

  • Ол сізге қашан қажет болады?

  • Қаражат сізге не үшін қажет?

  • Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере
    аласыз?

Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.

5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз
оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда
табысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер
салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды
шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр елде, әр салада әртүрлі құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын инвестициялық жобаларды қүру ЮНИДО-ның ұсынған стандарттары бойынша жүргізіледі. Соның құрылымын қарастырайық. Негізгі тараулар келесідей:

  1. Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттары мен бизнес
    стратегиясын анықтау). Құрал-жабдықты қою және орналастыру
    мерзімдері;

  2. Жобаның алғы шарттары және идеясы;

  3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгілеу
    стратегиясы). Нарықтағы сұранысты бағалау;

  4. Жобаның орналасуы, құрылыс участкесі және қоршаған орта;

  5. Техникалық жабдықтау және технология. Жобаның базалық
    технологиясы;

  6. Өндірісті ұйымдастыр және басқару. Өндірістік процесс. Өндіріс
    көлемі. Өнімнің стандарттаы мен технологиясы;

  7. Қаржылық жоспар және инвестиция тиімділігін бағалау.
    Қаржылық бағалау негіздері (INPUT).

  8. Жобаның ел әкологиясына және әкономикасына тигізетін әсерін
    анықтау;


Енді тауарлардьщ әрқайсынына қысқаша сипаттама берейік.

Жобаның қысқаша сипаттамасы. Бүл тауарда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлері, заңгерлік тіркелген және орналасқан жері, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының мөлшері, құрылтайшылық құжаттарында келтіретін бірқатар маңызды деректер беріледі. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвестициялық жобаға қысқаша сипаттама беріледі. Жобаны жүзеге асыру мерзімі, оның құны және қаржыландыру көздері, жобаны жүзге асыру кестесі т.с.с. мәліметтер осы тарауда көрсетіледі.

Қажетті ақша құралдарына деген қажеттілікте 2 бағанға бөліп көрсеткен дүрыс: ақша қүралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздері. Бүл екі көрсеткіш арасындағы айырмашылық қажетті ақша құралдарының мөлшерін анықтап қана бермейді, сонымен бірге жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына ерекше көңіл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелді толық ақтайтындығына көз жеткізу қажет.

Жобаның алгышарттары және идеясы. Бүл тарауда үсынып отырған жобаны жүзеге асыру үшін қажетті алғышарттар қарастырылады. Компанияның бизнесіне қатысты қазіргі және потенциалдық мүмкіндіктерді келтіріп, оларды қалай жүзеге асыру ниетін көрсету керек. Жобаның басты идеясы қысқа әрі айқын түрде тұжырымдалуы керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудағы компанияның алдына қойға, мақсаты негізделеді. Бұл бизнес-жоспардың ең бастапқы негізін құрайды. өйткені потенциалдық инвесторлар үшін қазіргі және болашақтағы бизнестің соңғы нәтижесін нақты сандық көрсеткішпен бейнелеу керек. Қаншалықты ұсынылып отырған товар немесе қызмет түрінің бизнестегі компангияның мақсатарына қол жеткізуге жағдай жасайтындығы туралы айту керек.

Мақсат дегеніміз - бір уақыт аралығында қол жеткізуді көздеп отырған қызмет нәтижесі. Міндет - бірқатар сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын, берілген уақыт мерзімі ішінде қол жеткізілетін қажетті қазмет нәтижесі.



Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткізуді көздеп отырған жетістіктері ретінде белгілі бір иерархиялық тізбекте болуы мүмкін, нгемесе басымдықты мақсат бөлініп көрсетілуі мүмкін, немесе компания қызметінің әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берілуі мүмкін. Осы тарауда сондай-ақ, өндірілетін өнім ассортименті, жобаның жүзеге асырылатын жері, экономикалық тиімділігі, оның заңгерлік рәсімделуі, мемлекеттің жүргізіп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесімділігі туралы қысқаша мағлұматтар беріледі.

Нарьқтьщ талдау және маркентинг конңепңиясы. Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдйы жақсы білетіндігін көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсілдері және т.б.

Маркетинг жоспары фирма қызметін ішкі ұйымдастыру үшін, сондай-ақ серіктестер және инвесторлармен келіссөздер жүргізу кезінде қажетті құралдар болып табылады.



Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серіктестермен өзара арақатынастар негізнде қалыптастырады, оның мақсатты товарды бөліп тарату схемасы туралы, баға белгілеу, мен өткізудің ынталандыру әдістері туралы анық көрініс беру.

Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданылатын баға белгілеу стратегиясы, нарықтық мақсатты сегменттеріне таңдау, сату болжамдары, товарды бөліп тарату схемасы, клиеттерген сатудан кейін де қызмет көрсету, жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелері, дайын өнімді немесе товарды өткізу каналдары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, компанияның товарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткізуді ынталандыруда қолданылатын маркентингтік тәсілдері көрсетіледі. Жалпы маркетингтік концепциясына сипаттама беріледі.

Компания бұл тарауда потенциалдық инвесторларға өзінің нарыктағы алатын үлесін және ролін көрсетуі қажет. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өндірілетін товар немесе қызметті өткізу тұрғысынында қолданылатын маркентингтік әдістер мен тәсілдер кешені және бәсеклестермен күресу техникасы қажетті нарық үлесін жаулап алуға және анқты уақыт мезетіне өткізу көлемін нақты сандық шамаға жеткізуді қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуі керек.

Жобаның орналасуы, цүрылыс учаскесі және цоршаган орта. Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшін жерді таңдау туралы шешімді қабылдау негізделеді. Өнімді өндіру ісі жүзеге асырылатын қүрылыс үйлері, жер учаскелері қандай қағидаға сүйеніп алынғаны көрсетіледі.

Техникалық жабдықтау және технология. Бұл тарауда жоба шеңберінде қарастырылған ұснылып отырған товар немесе қызмет өндірудің технологиясы мен техникалық сипаттамалары келтіріледі. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.

Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, олардың өндірушілер туралы, құрал-жабдықтың жұмыс істеу режимі, техникалық-технологиялық линия жұмысы туралы мағлұматтар беріледі.

Өндірісті ұйымдастыру және басқару, ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент - бұл фирманың іскерлік кестесі, қызметінің құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары, кәсіпрорында басқаруды ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің өзара қызметін үйлестіру.

Іскерлік кесте - бизнес-жоспардың қажетті бөлігі. Мұнда өнімді өндіру, нарықты талдау, сатуларды ұйымдастыру сияқты шешуші іс-әрекеттердің уақыт кестесін бекіту қажет. Істі табыстылыққа жеткізетін мейлінше маңызды тапсырмаларды, оқиғаларды жазуға болады.

Басқару құрылымын қалыптастыруда мынаны есте сақтаған жөн: ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырудың техникалық шешім қабылдаудың ерекшелігі сол, компания қызметінің барлық кезеңінде адам факторы маңызды рөл атқарады. Жеке-дара және топтық мүдделер,

тәжірибе және дәстүр, жетекшілер мен мамандардың біліктілік және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын жобаны құрудың алғашқы кезеңдерінде ескеру қажет. Егер компания көлемі жағынан өте үлкен болмаса, шешуші мамандар мен жетекшілерді компанияны тарту үжымының тиімді жүмыс істеуіне кепілдік береді.

Сондай-ақ, бұл тарауда өндіріс процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, өндіріс көлемі, шығарылатын дайын өнімнің стандарттары мен технологиясы туралы ақпарат беріледі.

Қаржылық жоспар және инвестиция тиімділігін бағалау. Қаржылық багалау негізі (INPUTТ). Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті ағымдық және ұзақ мерзімді сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтау болып табылады. Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни оның шамасын, активтерінің көлемін және олардың қаржыландыру көздерін анықтаудан басталады.

Қаржылық жопарлаудың объектілері болып мыналар табылады: өнімді өткізуден түскен түсім, пайданың қалыптасуы және қолданылуы, шығындарды жабу көздері, бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.

Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлігінде жоспарланған пайда, әр тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлікті сатудан түскен түсімдер және т.с.с табыстар көрініс тапса, шығындар бөлігінде-салықтық төлемдер, несие үшін төленетін проценттер, сақтандыру шығындары, таза пайданы қорлануға жұмсау, резервтік қорлар бейнеленеді.

Кез-келген экономикалық есептеулер нәтижесі компанияны қоршаған ортадағы көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігі белгілі, яғни алуан түрлі ішкі және сыртқы тәуекелдер болады. Сондықтан қаржылық жоспарды кұру кезінде жасалатын есептеулер бірқатар шарттарға сүйеніп жүргізіледі. Экономика математика сияқты дәл ғылым емес, абстрактілі ғылым екені белгілі, сондықтан кез-келген экономикалық құбылысты қатып қалған дәл формула арқылы бағалау дұрыс емес, сондықтан экономикалық есептерді шешу кезінде математикалық әдістерді қолдану бірқатар пайымдауларға неғізделеді. Осы пайымдаулар ЮНИОДО үсыныстарында ІКРІІТ деп аталады. Ол жобаның негізделген мынадай параметрлерін қамтиды: өнімнің бағасы, салық ставкасы, инфляция деңгейі, несие бойынша проценттік ставка, дисконттау ставкасы, оптимистік және пессимистік варианттар бойынша өндірістің көлемі, тұрақты және өзгермелі шығындар арақатынасы, жарнама шығындарының мөлшері, жөндеу шығындарыньщ мөлшері, амортизация ставкасы және т.с.с.

Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигізетін әсерін анықтау. Бұл тарауда үсынылып отырған жобаның ел экономикасы және экологиясына тигізетін әсері негізделеді. Яғни жобаның барлық қатысушылар үшін әкелетін пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешімін қабылдаған потенциалдық инвесторларға келетін үтыс дәлелденеді. Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетін салдары көрсетіледі. Егер өндірістің табиғатқа теріс салдары болса, оларды жою немесе кері салдарын мейлінше төмендету шаралары, бұл шараларды қаржыландыру көлемі сияқты мәселелері де осы тарауда бейнеленеді.



    1. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты жобаны басқару жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

Бұл талаптар мыналар:



  • Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

  • Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

  • Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

  • Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

  • Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.




  • Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
1.3 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы.

Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

2-Кесте. Ақпараттық жабдықтау


Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар:

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды /2/.

Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:



  1. Ақпаратты алу.

  2. Ақпаратты түрлендіру.

  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:



  1. ақпаратты жинау және тіркеу;

  2. ақпаратты өткізу;

  3. машиналық тасығыштарды дайындау;

  4. ақпаратты өңдеу;

  5. ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

3-Кесте. Техникалық құралдар кешені


Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор


Перне тақтасы

Тышқан


Іntel, 1 MHz

128 Mb


10 Gb

17 дюймдік

105 батырмалы

2 баспалы



Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonіk

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:



  • Мәліметтерді басқаруда ;

  • мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;

  • деректі программалық әдістерін;

  • дискретті программалар әдістерін;

  • үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.



4-Кесте. Программалық жабдықтау

Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0

MS Offіce XP



Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

Вирусқа қарсы программа

Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.

Математикалық жабдықтау:

Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. «Есепке алу және талдауң ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:



  • Типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;

  • Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:

  • Математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;

  • ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;

  • Қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;

  • Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.

Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;

  • ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;

  • өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;

  • есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;

  • қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;

  • программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет.

Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) - АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.

БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:

- түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға
кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың
мүмкіндіктері;


  • қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл
    табысудың мүмкіндіктері;

  • МБ-да ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді жүргізудің
    мүмкіндігі;

  • Ақпаратты кодтаудың бір мәнділігі.

Ақпараттық жүйеде айналатын, барлық бөлімшелер жөніндегі ақпараттың үлкен көлемдерінің салдарынан пайдаланылатын бағдарламалық құралдар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • Операционды жүйе - Місгsoft Windows, Sегvег, Workstation.

  • Өңдеудің ортасы - Delрһі.

Математикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпаратты өңдеудің
математикалық әдістерінің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтыгы.
«Депозиттік операцияларды жүргізудің» АЖ-нің математикалық

қамтамасыздандырылуы нақты есептерді шығаруға және оның дұрыстығын бақылауға тиімді программаны дайындауға мүмкіндік береді,осы есептерді шешу үрдісінде ДЭЕМ жұмысын басқару және оның жұмысының дұрыстығын бақылау тиіс.



АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар болып мыналар табылады:

  • аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;

  • қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді,
    алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;

  • пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және
    бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын
    жадының көлемі мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы
    тиіс;

  • алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі:
    формулалық, кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.

ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:

1) қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;

  1. қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді
    максималды пайдарану;

  2. алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-
    схемалық және т.б;

Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:

  • ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;

  • қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін
    стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды
    пайдалану;

  • программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;

Лингвистикалык қамтамасыздандыруға койылатын талаптар

Лингвистикалық қамтамасыздандыру - бұл АЖ-нің әрекетінде есептеуіш техникасының құралдарымен АЖ қызметкерлердің тілдесуінде ақпараттық бірліктерді құру мен сәйкестендірудің, табиғи тілді калыптастыру үшін тілдік құралдардың жиынтығы.

Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:



  1. ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;

  2. мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;
    3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру

жүйесінің тіл құралдары;

Бағдарламалардың көптеген пакеттері бағдарламалаудың бірдей тіліне ие. Мұны бағдарламалау тілін таңдауда ескеру кажет. Бағдарламаларды кұру мен жүргізудің қарапайымдылығы болжалуы тиіс. Бағдарламалармен жұмыс кезінде мәліметтерді орнатуды, ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз ететін, мәліметтер анықтамалары мен сөздіктер жүйесі алдын-ала қарастырылуы керек.



1.4. Концептуалдьщ сызба нұсқасы

Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі әлементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.

Тұтас ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспатық құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық ішкі жүйелеріне кіретін пәндік салалар. Ал функционалдық ішкі жүйелерінің ролінде ЛЕЖ қолданылуы мүмкін.

Ақпараттың жүйенің жабдықтау бөлімі программалық, техникалық, ақпараттық жабдықтаумен берілген. Олар бөлек кестелерде берілген.

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімде мәліметтер базасынан Депозиттік бөлімінің қызметкерлері және басқа көздердің алынған ақпаратты қалай өңделетін және қандай құжаттар керек екендігі көрсетілген.

Қамтамасыз етуші бөлікті құрайды: техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ), математикалық қамтамасыздандыру (МҚ), бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ), ақпараттық қамтамасыздандыру (АҚ), лингвистикалық қамтамасыздандыру (ЛҚ) және ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру (¥Қ).



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау