Мазмұндамалар жинағы - сыныптарға арналған Көмек



жүктеу 34,12 Kb.
бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі34,12 Kb.
#41925
түріМазмұндама
  1   2   3
Мазмұндамалар жинағы 2- 3 сыныптарға арналған


Мазмұндамалар жинағы 2- 3 сыныптарға арналған
Көмек
Қыстың ашық күнінде Ернар, Айдын, Талғат үшеуі ауыл шетіндегі кішкентай көлшіктің жанына ойынға шықты. Олар қардан аққала жасап, бір-бірімен қар лақтырысып ойнады. Одан кейін үшеуі қатып жатырған көлшікке сырғанақ тебе бастады. Кенеттен көлдің мұзы жарылып, Айдын суға күмп ете түсті. Ол қорыққанынан айқайлап жіберді. Осы кезде Ернар мен Талғат жүгіріп келіп, оған қолдарын созып , судан шығарып алды. Бұл жағдайды естіген Айдынның анасы достарына рахмет айтып, « Міне, нағыз достық осындай болады!»- деді.
Сұрақтары:

  1. Жылдың қай мезгілі ?

  2. Балалар қайда ойынға шықты?

  3. Олар қандай ойындар ойнады?

  4. Айдын қандай жағдайға тап болды?

  5. Достары оған қандай көмек көрсетті?

  6. Айдынның анасы достарына ризашылығын қалай білдірді?

Қайырымдылық
Қыстың аязды күні. Бірінші сынып оқушылары, ағайынды Алдияр мен Әли жылы киініп, үйлерінен сабаққа беттеді. Олар әңгімелесіп келе жатырды. Олардың алдында аяғын жайлап басып, қолында таяғы бар қарт әже келе жатырған болатын. Кенет қарт әжейдің аяғы тайып, , құлап түсті. Мұны көрген Алдияр мен Әли сөзге келместен жүгіріп келіп, әжейді екеулеп тұрғызып, қолына таяғын ұстатты. Қарт әжей екеуіне риза болып, « Рахмет, айналайындар. Қайырымды екенсіңдер, » -деп бастарынан сипады.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: кенеттен, сөзге келместен
Сұрақтары:

  1. Алдияр мен Әли қайда келе жатырды?

  2.  Олардың алдында кім келе жатырды?

  3. Әжейге не болды?

  4.  Алдияр мен Әли не істеді?

  5.  Әжей оларға қалай алғыс білдірді?

Туған күн
Бүгін Аяулым үшін ерекше күн. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті.
Сұрақтары:

  1. Аяулым неге қуанышты?

  2. Анасы Аяулымның туған күніне арнап не пісірді?

  3. Оған қандай жазу жазды?

  4.  Әкесі Аяулымға қандай сыйлық жасады?

  5. Туған күніне тағы кімдер келді?

  6. Туған күн қалай өтті?


Қамқорлық
Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр.Түс мезгілінде оқитын Ажар мен Ақжол мектептен шығып, үйлеріне келе жатты. Олар біраз жүргеннен кейін жол бойында бүрісіп тұрған кіщкентай күшікті көздері шалып қалды.Екеуі күшікті аяп, үйлеріне алып кетпек болып келісті. Олар күшікті үйлеріне алып келіп, алдына сүт, тамақ қойды. Кішкентай күшік жылы жерде тамаққа тойып алып, бұйығып, ұйқыға кетті. Екі бала өз істеріне риза болып, бір-біріне жымыңдай қарады.

жүктеу 34,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау